Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мазмны.docx
Скачиваний:
16
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
76.9 Кб
Скачать

Лизингтің негізгі түрлері

Шұғыл лизинг

Қаржылық лизинг

Қысқа және орта мерзімге жасалған келісімге сәйкес

Орта және ұзақ мерзімге жасалған келісімге сәйкес

Жалға берудің бірінші кезеңінде құрал-жабдықтардың жартылай амортизациясы келісім-шарт мерзімінің аяқталғанынан кейін құрал-жабдық қайтадан жалға берілуі мүмкін

Бірінші кезеңде құрал-жабдықтардың толық амортизациясы немесе құнының үлкен үлесін алатын болса

Лизингтік контрактідегі дәреже бойынша лизинг беруші құрал-жабдықтардың жөндеу жұмыстарына және сақтандыруға, техникалық қызметкөрсетуіне қатысуы қарастырылады.

Лизингтік контрактіде лизинг берушінің техникалық қызмет көрсету және басқа да қызметтеріне байланысты міндеттерін қарастырмайды

 

Келісім-шарттың жұмысын қалаған уақытыңызда тоқтатуыңызға болады

Келісі-шартты негізгі (базистік) мерзім ішінде жұмысын тоқтата алмайсыз

Құрал-жабдықтарды өндіруші компаниялар және олардың лизингтік фирмалардың филиалдары, сауда компаниялары ұсынады.

Банктер және олардың лизингтік фирмалардың филиалдары ұсынады.

 

Инвестициялауға ұқсас.

Капитал салымдарының ұзақ мерзімге несиелеуіне ұқсас.

Лизинг беруші меншік иесінің және тәукелділік мәселесін құқықтық реттеу сияқты міндеттерді өз мойнына алады. Жауапкершілігі және кепілділігі кәдімгі жалға беру келісіміне негізделіп жасалады.

Лизинг алушы өзіне меншік иесінің кейбір міндеттерін мойнына алады. Олар кездейсоқ жағдайдағы тәуекелділік, техникалық қызметкөрсетумен байланысты және т.б. бұл сату-сатып алу келісімінің негізінде құқықтық реттеуге ұқсас жасалады.

Осы лизингтердің отандық және халықарлық тәжірибеде қолданылатын мынадай түрлері бар:

Ішкі лизинг – бұл оның қатысушыларының бір елден болып келуімен байланысты сипатталды.

Халықаралық лизинг – бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды.

Сыртқы лизинг – экспорттық және импорттық болып бөлінеді. Экспорттық лизингте шетел лизинг алушы болса, импорттық лизингте шетел лизинг беруші болып табылады.

 

Лизинг түрлерінің классификациясы

  1. Келісім-шарттқа қатысушыларының құрамы бойынша

  2. Тікелей

                                               Үш жақты

  1. Жанама

                                                Көп жақты

  1. Мүлік түріне байланысты

  2. Жылжымайтын мүлік лизигі

  3. Жылжитын мүлік лизингі

  4. Өзін-өзі ақтау дәрежесіне байланысты

  5. Толық ақтайтын

  6. Жартылай ақтайтын

  7. Амортизация талаптары бойынша

  8. Толық амортизациямен

  9. Толық емес амортизациямен

  10. Қызмет көрсету көлеміне байланысты

  11. Таза

  12. Толық қызмет көрсету

  13. Толық емес қызметкөрсету

  14. Нарық секторына байланысты

  15. Ішкі

                                                    экспорт

  1. Сыртқы

                                                     импорт

  1. Салықтық және амортизациялық төлемдерге байланысты

  2. Действительный

  3. фиктивный

  4. Лизингтік төлемдерге байланысты

  5. Ақшалай

  6. Компенсациялық

  7. Аралас

  8. Заңды және жеке тұлғалардың лизингтік келісім-шартқа қатысуларына байланысты төмендегідей бөлінеді:

  9. Мемлекеттік органдар және кәсіпорындар

  10. Муниципалдық (жергілікті) органдар

  11. Жеке кәсіпкерлік (коммерциялық) фирмалар

  12. Коммерциялық емес ұйымдар

  13. Тұрғындар (азаматтар)

10. Атқаратын функцияларына байланысты лизингтік келісімдердің субъектілері рнтінде келесілер болады:

  1. Мүлікті сатушы – машиналар мен құрал-жабдықтарды өндіруші кәсіпорындар, сауда кәсіпорындары, фирмалар.

  2. Лизинг беруші – мүлік формасына байланыссыз лизингтік қызметтерді атқаратын заңды тұлға. Оның 4 негізгі типі бар:

  • ·Тәуелсіз лизингтік компаниялар

  • ·Банктер мен банктермен байланысты фирмалар

  • ·Құрал-жабдықтарды өндіруші фирмалардың лизингтік филиалдары

  • ·Басқа да лизинг берушілер. Олардың инвестициялауды қаржыландыру ресурстарының жеткілікті болуы керек. Мысалы, тәуелсіз брокерлер, олардың негізгі мақсаты: лизингтік келісімге қызығушылық білдіретін жақтарды және олар туралы мәліметтерді іздеу.

  1. Лизинг алушы

  2. Несие беруші

  3. Гарант т.б.

2005 жылғы шілдедегі ҚР «Қаржылық лизингі» туралы заңына сәйкес лизингтің негізгі үш түрі көрсетілген. Олар: оперативті, қаржылық, қайтарымды. Аталған лизинг түрлерінің кең тараған түрлерін қарастырып өтейік.

Оперативті лизинг– бұл ағымдағы жал келісімі, әдетте мұндай келісім мерзімі алынған мүліктің амортизация мерзімінен аз болып келеді. Сондықтан келісім бойынша белгіленген жалдық төлем мүліктің толық құнын өтей алмайды, нәтижесінде мүлікті бірнеше рет лизингке беруге тура келеді. Оперативті лизингтің негізгі ерекшелігі – лизинг алушының келісімді мерзімінен бұрын тоқтатуға мүмкіндігі бар. Сонымен бірге мұндай келісім мен алынған мүліктің ағымдағы жөндеу жұмыстарын және орнату, тағы да басқа қызмет түрін көрсетуі мүмкін. Сондықтан лизингтің бұл түрін кейде қызметтік деп атайды. Оперативті лизинг объектілері болып тез ескіретін құрал – жабдықтар (көшірме құралдары, әр түрлі оргтехникалар) кіреді. Жалпы оперативті лизинг талаптары лизинг алушыға тиімді, өйткені лизинг алушының келісімді мерзімінен бұрын тоқтату құқығы оған ескірген, тозған негізгі құралдарын жаңа технологиялық құралдармен ауыстыруға мүмкіндік береді.

Кемшіліктері : басқа лизинг түрлеріне қарағанда айтарлықтай жоғары жалдық төлем, алдын – ала аванс төлеу талабы, жалдық келісім шартта келісімді мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда айып пұл төлеу туралы тармақтың болуы.

Қаржылық лизинг – ұзақ мерзімді келісім, мұнда жалдау төлемінің есебінен мүліктің амортизациялық төлемдері толық төленеді. Мұнда келісімді мерзімінен бұрын тоқтатуға болмайды, сондай – ақ мерзімдік төлемдер – сатып алу, жеткізу шығындарын және пайданы қамтиды. Лизингтің бұл түрінде орнату, жалдаушыға техникалық қызмет көрсету жалдаушыға жүктеледі. Бұл келісімнің мерзімі біткенде, мүлікті жеңілдік бойынша немесе қалдық сомасы бойынша сатып алу қарастырылған.

Оперативті лизингке қарағанда қаржылық лизинг мүлік иесінің тәуекелін төмендетеді. Мәміле бойынша банктің ұзақ мерзімді келісімінің талаптарына ұқсас, яғни алынған мүліктің толық құнын төлеу, мерзімдік төлемдер (негізгі және пайыздық жағы, яғни мүлік құны мен пайда), келісімді орындай алмай жатса, жалдаушыны «банкрот» деп жариялау құнының болуы және т. б . Қаржы лизинг объктісіне тұрғын үй, өндірістің ұзақ мерзімді құралдары жатады. Қаржы лизингі қайтарымды және іскерлік  лизинг түрлерінің негізі болып табылады.

Қайтарымды лизинг – екі келісімді білдіретін жүйеден тұрады. Мұнда құрал – жабдық иесі өз мүлкін екінші жақ меншігіне сатады, сонымен бір мезгілде сатып алушыдан ұзақ мерзімді жалға алу келісімін жасайды. Мұндағы сатып алушыларретінде коммерциялық банктер, инвестициялық, сақтандыру, лизингтік компаниялар болады. Мұндай операциялардың нәтижесінде құрал- жабдықтың иесі ғана өзгереді, ал оны пайдаланушы бұрынғысынша өзгермейді. Инвестор шын мәнінде оның бұрынғы иесін несиелендіреді, нәтижесінде мүлікке меншік құқығын алады. Мұндай операциялар көбінесе кәсіпорын қаржылық жағдайын тұрақтандыру мақсатында іскерлік құлдырау жағдайында қолданылады.

Іскерлік лизинг – лизингтік келісімде үшінші жақтың (инвестордың) қатысуын қарастырады. Әдетте үшінші жақ банк, сақтандыру, инвестициялық компаниялар болады. Бұл жағдайда лизингтік компания құрал – жабдықтарды жалға алу туралы келісім шартқа алдын  - ала қол қоя отырып, қарыздың бір бөлігін төлеуді өз меншігіне алады. Алынған қарызды қамтамассыз етуші болып, алынған мүлік жүреді және болашақта жалгерлік төлемдер, сәйкесінше бір бөлігі жалгермен тікелей инвестицияға төленіп отырады. Сөйтіп лизингтік фирма салық артықшылықтарын пайдаланады, яғни құрал – жабдықтардың амортизациялық міндеттемелерін өтеу процесінде туындайтын қарыздар. Лизингтің бұл формасының негізгі объектілері - жоғары бағалы активтер, пайдалы қазба кен орындары, өндіруші салалардың құрал – жабдықтары және т.б.

Тікелей лизинг – мұнда жалгер, лизингтік фирма мен сатып алу жөнінде келісімге отырады, кейіннен жалға беру шартымен. Мұндай жалгерлік келісім шарт көбінесе тікелей өндіруші фирмамен жасалады. Өз өнімдерін лизинг арқылы ұсынатын ірі өндірушілер, яғни: IBM, XEROX, GATX, сондай ақ авиациялық, кеме жасаушы және автокөлік жасаушы ірі компаниялар жатады.

Сублизинг  бұл лизингтің түрі алынған құрал – жабдықты лизинг алушы (сублизинг беруші) үшінші жаққа береді (сублизинг алушыға) кәсіпкерлік мақсатта уақытша пайдалануға, яғни сублизинг келісім шартымен, әр айда төлеу міндетімен.