Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тыныс алу.docx
Скачиваний:
130
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
279.61 Кб
Скачать

Қорытынды

Тірі организмнің тіршілік етуіне қажет аса маңызды қызметтерді белгілі бір орталықтар реттеп отырады. Тыныс алу осы қызметтердің бірі. Тыныс алудың жиілігі, тереңдігі оттегінің адамға қажет мөлшеріне және қандағы көмір қышқыл газ деңгейіне сәйкес өзгеріп отырады. Бұл сәйкестілік жүйке жүйесі арқылы реттеледі. Демек, тыныс алу үрдісін реттейтін нейрондар тобы (тыныс алу орталығы) сопақша мида орналасқан. Тыныс алу орталығының үстіңгі - артқы (дорзалды) жағында ромба ойығының төменгі бұрышына жақын көбінесе инспирациялық, ал астынғы - бауыр (вентрал) жағында экспирациялық және аздаған инспирациялық нейрондар орналасқан. Тыныс орталығының инспирациялық және экспирациялық бөлімдері арасында реципроктық (кері) қарым-қатынасы бар. Инспирациялық бөлім қозған сәтте экспирациялық бөлім тежеледі. Экспирациялық бөлім қозса, керісінше инспирациялық бөлімінің жұмысы тежеледі. Осы екі бөлімнің қызмет механизмі туралы әртүрлі пікірлер бар. Солардың бірі - Варолий көпіршесінде орналасқан пневмотаксикалық тыныс алу орталығының қызметі. Пневмотаксикалық орталық демалу және демшығару кезеңдерінің белгілі бір кезекпен реттелуін қадағалап отырады.

Орталық тыныс алу механизмі демді ішке тарту мен сыртқа шығару ырғақтылығының кезектесіп келуін қамтамасыз етіп қана қоймай, тыныс алудың терендігі мен жиілігін өзгерте отырып, өкпе вентиляциясын организмнің қажеттілігіне қарай бейімдей алады. Атмосфералық ауаның құрамы мен қысымы, қоршаған ортаның температурасы, дене еңбегі кезіндегі организмің жағдайының өзгеруі, эмоциональдық қозу және т.б. осы сияқты, сыртқы ортаның факторлары зат алмасу қарқындылығына әсер ете отырып әсіресе, оттегі пайдалану мен көмірқышқыл газын бөлу процесіне ықпал ете отырып тыныс алу орталығының функционалдық жағдайына да әсер етеді.

Басқа да физиологиялық процесстердің реттелуі сияқты, тыныс алудың реттелуі де кері байланыс принципі бойынша жүзеге асырылады. Былай болу себебі, организмді оттегімен қамтамасыз етіп, онда түзілген көмірқышқыл газының денеден шығарылуын реттейтін орталық тыныс алу механизмінің қызметі - өзі реттейтін процестердің физиологиялық жағдайымен анықталады. Қанда көмірқышқылының жинақталуы және оттегінің жетіспеушілігі - орталық тыныс алу механизмін қоздырушы фактор болып есептеледі.

Демді ішке алу, шығару, тыныс алу еттерінің жиырылуы арқылы іске асырылатыны белгілі. Тынысалу еттерін жиырылтатын жүйке нейрондары жұлын мен ми құрамына кіреді: диафрагмалық жүйке нейрондары жұлынның III-IV мойын сегментінің алдыңғы ашасында, ал қабырғааралық еттердің жүйке жасушалары жұлынның көкірек сегменттерінде орналасқан. Егер жұлын мен мидың түйіскен жерінен көлденең кессе, диафрагма еттері бұрынғысынша жиырыла береді, мұның арқасында тыныс алу тоқтамайды, бірақ қабырғааралық еттер тыныс алу үрдісіне қатыспайды. Демек, бұл тәжірибелер тыныс алу ми мен жұлын арқылы реттелетінін көрсетеді. Адам өз еркімен тынысын жиілете және тереңдеп алады, тіпті біразға дейін тоқтата да алады. Бұл да тыныс алу үрдісін реттеуге ми, әсіресе ми қыртысының қатысатының көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]