Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
biletter.docx
Скачиваний:
44
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
712.41 Кб
Скачать

15Билет

1. Таратушы тордың бір бөлігінен өтетіт судың мөлшерін анықтау кезінде оған әр түрлі көлемде су алатын үйлер қосылатынын және олардың алатын су мөлшері тәулік тіпті сағат сайын өзгеріп отыратынын ескерген жөн. Су алыну алынбасын тұтынушылардың өз еркінде болғандықтан, ол үнемі құбылып тұрады. Сондықтан, тіпті шағын мекенжай үшін де бөліктердегі шығынды есептеу өте қиын жұмыс.

Магистраль торабын есептеу жұмыстарын жеңілдету мақсатында қала су құбырларын жобалаған кезде құбырларға берілетін су құбыр ұзындығы бойынша бірқалыпты шығындалады деп есептелінеді. Профессор Н.Гениевтің ұсынысы бойынша әр бір бөліктерден бөлініп шығатын су көлемі оның ұзындығына пропорционал болады. Бұл жағдайда бір метрге қатысты алынатын меншікті шығын келесі формуламен анықталады.

Qмен=

Мұндағы: Q-есепті мерзімдегі тұтынушылар алатын толық су шығыны, л/с; -жоғары шоғырланған шығындар жиынтығы;- магистраль құбырларының жалпы ұзындығы,м.

Бұдан әр бөлікке қатысты шығынды, былайша айтқанда жол жөнекей шығынды анықтауға болады.

мұндағы: l — қалалық су құбыр бөлігінің ұзындығы.

Қарастырылып отырған бөліктерден оған қатысты жол жөнекей шығынынан Qжол тыс төменгі құбырларға баратын «өтпелі» Qөтп шығын өтеді. Іздеп отырған шығын келесі формуламен анықталады

Qізд =ΣQжол+ΣQөтп.

2.

3.Жол бойы біркелкі шығындалатын жол-жөнекей шығынды екі түйін шығынымен алмастырамыз. Алмастырғанда құбырдың сипаты өзгермейді. Кез келген түйіннің шығыны (Qтүй) сол түйінге жалғанған учаскелердің жол-жөнекей шығындарының қосындыларының жартысына тең болады, яғни:

Qтүй=0.5∑Qжол1-m.

Әрине, жоғарыда қабылданған жорамал шарттар құбырды есептеуде нақты мәндерден алшақтатуы мүмкін, бірақ олар су құбыры торабының есептеу мәселесін әлдеқайда жеңілдетеді.

Түйіндік шығынды анықтау

Түйіндер

Түйінге қосылған учаскелер

Жол- жөнекей шығындардың қосындысы, л/с

Шоғырланған шығын, л/с

Q түйін л/с

1

2-3,2-13

1,8+1,9

1,8

2

3-4,3-14,3-2

1,1+1,9+1,8

2,4

3

4-3,4-5,4-15

1,1+1,2+1,9

2,1

4

5-4,5-6,5-16

1,2+1,2+1,9

2,1

5

6-5,6-7

1,2+1,9

1,5

16Билет

1.Жаңбыр суын әкету. Жаңбыр су торабының есебі.

Жаңбыр канализациясының негізгі атқаратын міндеттері елді мекендердегі, өнеркісіп орнындағы жаңбыр суын суаттарға алып кету. Үй ішіндегі жаңбыр жүйелері үйдің шатырларында пайда болатын жаңбыр суын алып кетуге қолданылады. Сыртқы жаңбыр жүйелері жер асты құбырларынан және жаңбыр қабылдағыштардан тұрады. Сыртқы жаңбыр канализациясы үш түрлі болады: ашық, жабық және аралас.

Алматы қаласында жаңбыр суымен еріген суды әкететін жабық жаңбыр жүйесі жоқ. Бұл су қазіргі кезде жүйесіз бытырап әкетіледі. Су әкету бессейіндерінің жаңбыр суы жер бедерін пайдаланып арықтармен, науалармен, жыралармен әкетіледі. Су әкету бассейіндерінің жаңбыр суымен еріген суды әкететін жабық жаңбыр жүйесі жоқ. Бұл су қазіргі кезде жүйесі бытырап әкетіледі. Су әкету бассейіндерінің жаңбыр суы жер бедерін пайдаланып арықтармен, наулармен, жыралармен әкетіледі. Бірен-саран үлкен және Кіші Алматы өзендеріне, Көктем, Қарасу т.б. басқа өзендер түседі. Арықтар толып жетіп жолдың көлік жүретін бөліктермен төмен жерлерде салынған үйлер, ғимараттар су астында қалуы мүмкін.

Сондықтан жоғарыда айтылған жағдайларды ескере отырып қазіргі кезде Алматы қаласының абаттандыру дәрежесіне сай жабық жаңбыр жүйесін салу қажеттігін ескеру керек. Келешекте Алматы қаласы толық бөлінген канализация жүйесімен жабдықталатын болады. Кварталдар ішінде жаңбыр қабылдағыштардың санын азайту және жаңбыр жүйелерінің құбырларының диаметрін кішірейту үшін квартал аралық тораптарды ашық науа түрінде салған тиімді болып саналады.

Қала ішіндегі үлкен өндіріс орындарында пайда болған жаңбыр суын жергілікті қондырғыларды тазартып сол өндірісте техникалық су жүйесінде пайдалану көзделеді.

Жаңбыр суының көлемін өлшеу жаңбыр өлшегіштер қолданылады. Олардың екі түрі болады: Жай жаңбыр өлшегіштер, автоматты жаңбыр өлшегіштер.

Тәулік ішінде жауған жаңбырдың көлемін жай жаңбыр өлшегіштермен өлшейді. Егер тәулік ішінде жауған әр жаңбырдың ұзақтығын және көлемін өлшеу керек болса автоматты жаңбыр өлшегіштер қолданылады. Олар жаңбырдың қарқынын, ұзақтығын, көлемін өлшейді. Жаңбыр суының тәулік ішіндегі орташа көлемі жаңбыр канализациясының есебі үшін жеткіліксіз. Сондықтан жаңбыр ұзақтығы, көлемін және әрбір жауған кезеңнің бөлінуін білу керек. Мұндай белгілерді автоматты өлшегіш құралдармен білуге болады.

Жаңбырды толық сипаттау үшін жаңбырдың ұзақтығын, қарқынын және қайталанылуын білу керек. Жаңбырдың қарқыны деп белгілі ауданға, белгілі уақытқа түсу қарқынын айтамыз. Жаңбырдың қарқыны екі жолмен табады.Жаңбыр суына құбырдың толып кетуі аралығы деп канализация жүйелерін толтыра кететін өте үлкен қарқынды жаңбырдың қайталану аралығын айтамыз.

Елді мекендерді, қалалардың жаңбыр жүйелерін жобалау кезінде жердің бедеріне байланысты елді мекендердің жаңбыр жүйелері бірнеше зонадан тұру ымүмкін. Зоналар бір-бірінен жаңбыр жүйелерінің түрімен немесе жер бедерімен байланысты бөлінеді.

Жаңбыр суын әкететін каналдар мен құбырлардың өлшемін анықтау үшін жүйелерге түсетін жаңбыр суының есептік шығынын білу қажет. Бұл шығын қабылданған жаңбырдың есепті ұзақтығына, қарзқынына , жабын коэффициенті мен су жинау бассейініне байланысты болады. Жаңбыр канализациясының гидравликалық есептегенде бассейіннің ең ұзын коллекторынан бастап есептейді. Кейбір жағдайда бассейін коллекторының барлық ауданы емес, тек бір бөлігінің ғана есепті шығыны алынады. Есептелген есептік шығын бойынша диаметрді, ылдилықты , шаруашылық-тұрмыстық жүйе үшін қолданылған әдіс бойынша жылдамдық қабылдаймыз. Бірақ жаңбыр жүйесінің толу дәрежесі толыққа жақын болуы керек. Гидравликалық есептеу деректеріне сүйене отырып, шаруашылық –тұрмыстық су әкету жүйесін жобалағандай жаңбыр коллекторының бойлық профилін салады.

Жаңбыр қабылдағышты көшелердің жүрінді бөлігінің барлық төмен жерлеріне орналастыру өте тиімді.Олар СНиП бойынша түбі шұңқырсыз жобаланады. Жаңбыр қабылдағышқа су түсуі алдында тордан өтуі керек. Жаңбыр қабылдағыштан су диаметрі 250 мм болатын қосылғыш құбыр бойымен жабық коллекторға құйылады. Олар керегелерден, стакандардан және түйіннен тұрады. Жаңбыр қабылдағыштар тік бұрышты өлшемдері 0,6*0,9 м немесе дөңгелек диаметрі d=0,8 м болады.

Жартылай бөлінген жүйеде ластанған суды әкету үшін екі бөлек торап тартылады. Бірінші торап тұрмыстық және өндірістік суды әкетеді, ал екінші торап жаңбыр суын әкетуге арналады. Тұрмыстық және өндірістік суды және жаңбыр суының ең лас бөлігін тазалау ғимараттарына әкету үшін негізгі коллектор қолданылады. Жаңбыр суының шығынының лас бөлігі бөлу камераларында бөлінеді. Көлденең коллекторға түскенге дейінгі тұрмыстық, өндірістік судың және жаңбыр суының шығындары бөлек есептелінеді. Тұрмыстық және жаңбыр тораптарын гидравликалық есептеу әдістеріне сәйкес жүргізіледі. Ал, көлденең коллектор тұрмыстық, өндірістік және жаңбыр суының ең лас бөлігінің қосынды шығындарына есептелінеді. Жартылай бөлінген жүйенің есепті учаскелеріндегі ластанған судың қосынды шығынын тапқаннан кейін гидравликалық есептеу жүргізіледі.

Жартылай бөлінген жүйедегі су бөлу камералары негізгі коллектордың қималарын және барлық су әкету жүйелерінің құнын азайту үшін, қатты қарқынды жаңбыр жауған кезде жаңбыр суының бір бөлігін суатқа тастау үшін қолданылады.

Сыртқы жаңбыр суын әкету жүйесі қаланың және өндіріс орнының аймағынан пайда болған жаңбыр суы мен қар суын ұйымдастырып тез әкетуге бағытталған. Егер көшелердің аумағы суды жерге сіңірмейтін болса ол жерлерден пайда болған суды тез алып кетуге тиісті ылдылықпен көшелік науалар орналастырылады. Сыртқы жаңбыр суын әкету жүйесіне кейде өндірістік тазалау суда келіп түсуі мүмкін.

Сыртқы жаңбыр суын әкету жүйесі ашық, жабық және аралас түрлі болып келеді. Бірінші кезекте ашық каналдар мен науалар қолданылады. Ал келесі екінші жағдайда пайда болған жаңбыр сулары авто жолдарда және тратуарларда орналасқан жаңбыр қабылдағыш арқылы қабылданып құбыққа түсіп арықарай жер асты құбырларымен әкетіледі. Ал үшінші жағдайда жаңбыр суы бір кезек ашық каналдармен әкетілсе келесі кезекте құбыр арқылы әкетіледі.

Жоғарыда аталған жаңбыр суын әкету түрлерінің барлығында су өз бетімен ағу қарастырылады. Жер бетінің релефіне байланысты өте сирек жағдайда сорғы қолдануы мүмкін.

Тұрғын үйлердің және өндіріс орнының төбе жабынтығынан ағатын жаңбыр суына көбінесе ішкі жаңбыр су жүйесі қолданылады.

Жаңбыр су көлемін есептегенде жаңбыр суының қаншалықты көлемде жауғанын ескере отырып оның сол аумақтан тез әкетуі ескеріледі. Жаңбыр су көлемін қарапайым және өз бетімен жазатын аспаптар арқылы анықтауға болады.

Жаңбыр суының толық сипаттамасын оның ұзақтығы, қарқындылығы және қайталану саны арқылы есептеуге болады.

Жаңбырдың жауу ұзақтығы сағатпен немесе минутпен өз бетімен жазатын аспаппен анықталады. Жаңбыр суының қарқындылығы бір уақыттағы бір бетттегі жаңбыр суының саны. Қарқындылық қабатты және көлемді болып бөлінеді.

Қабатты қарқындылық келесі формуламен анықталады.

I=h/t мм/мин

Көлемді қарқындылық келесі формуламен анықталады.

Q=166,7i л/(с*га)

Жаңбыр су құбырын есептеу үшін алдын ала есепті жаңбыр су көлемін білу керек. Осы мақсатпен жаңбыр суының қарқындылығы мен есепті жаңбырдың жауу ұзақтығына байланыс орнатқан жөн.

Бүгінгі таңда жаңбыр қарқындылығын есептеу үшін келесі шарттарға бағынады.

-15 жылдан кем емес орташа жылдық жаңбыр қалыңдығының мәліметтерін білу керек,

- метеорологиялық станцияның бақылауының көп жылғы мәліметтері болуы керек.

Жалпы жаңбыр қарқындылығы келесі формуламен анықталады.

Мұндағы:

t-жаңбырдың жауу ұзақтығы, мин

p-тораптың бір жолғы толуы, жыл

q20 - жаңбырдың жауудың 20 минтық қарқындылығы, жылына бір рет қайталанады

n және C-ауданның географиялық орналасуына байланысты қабылданатын шамалар.

2.Өндіріс орнындарының су әкету жүйелеріде жалпы және бөлек ағызатын болып бөлінеді. Өнеркәсіп орнына канализация жүйесін таңдаудың зор маңызы бар. Себебі кәсіпорныдарының әрқайсынан құрамы , қасиеті және шығыны әртүрлі сарқынды су шыгуы мүмкін. Су әкету жүйесін таңдағанада келесі мүмкіндіктерді ескерген жөн:

  • Сарқынды судың әрбір жеке түрін біріктіріп және бөлек тазарту;

  • Сарқынды су құрамындағы бағалы заттарды бөліп алу және пайдалану

  • Өндіріс мұқтажына тазаланған тұрмыстық және жаңбыр муын қолдану;

  • Өндірістік суды ауыл шаруашылығын суландыруға пайдалану;

  • Айналмалы су жүйесінде өндірістік сарқынды суды тазартпай ақ немесе жартылай тазартып қайта қолдану немесе басқа өндірістің цехтың техникалық қажетіне тарату.

Жалпы ағзатын жүйені өнеркәсіп орны шағын, шығарылатын сарқынды су құрамы жағынан тұрмыстық сарұынды суға жақын болған жағдайларда қолданады. Жалпы ағзатын жүйеде бір ғана су әкететеін тораб болады. Барлық цехтан шығатын өндіріс сулары тұрмыстық және жаңбыр сумен қосылып тазарту құрылымыдарына бірге аңызылады.

Өнеркәсіп орындарының кейбір жеке цехтарының сарқынды суларынада науалы ластаушылар болуы мүмкін. Сондықтан оларды су әкету жүйесіне тастау алдында жергілікті қондырғылардан өткізу керек. Мысалы: жүнді өңдеу фабрикасының сарқынды суында майлар және талшықтар кездеседі. Бұл ластағыш заттар жергілікті тазалау қондырғыларында ұсталып қалады. Өндіріс суын толық айналымы бар бөлек ағызатын жүйесін өндірісітік сарқынды су шығыны көп, ал өзен суының шығыны аз кезде қолданады. Өндіріс қажетіне жағбыр, қар және тұрмыстық суларды тазартып пайдалануға болады. Жүргіліген есептеулер бойынша бұл тазартылған сулар өндірістің суға деген сұрансынсын 50 % дейін қанғаттандыраы. Өндіріс орнының су әкету жүйесін бағалаған суды айналмалы суды, таза суды қолданудың коэфициенттерін ескеру қажет.

Айналмалы су коэффициеті:

Кайн= qайн/(qайн+qтаза)

Таза су коэффициенті:

Кайн=(q таза -q с.тас ) /q таза

Соңғы жылдары өндіріте су айналымы өсіп келеді. Айналмалы судың қолданылуы қара және түсті металлургия саласында -0,8 химия өнеркәсібінде-0,83, целлюлоза-қағаз өнеркәсібінде -0,65 болды.

3. Мекенжайлардың қайсында болмасын (қала ауыл өнеркәсіп орындары) судың көлемі мен сапасына әртірлі талаптар қоятын тұтынушлар кездеседі.

Жоғарыда айтылғандай суды елді мекендерде шаруашлықы ауыз су мұқтажына абаттандыру өндіріс өрт қажеттеріне қолданады. Мекенжайдың түріне және тұтынушылық жағдайларға байланысты мекенжай көлемінде көп мақсатты «бірлескен» су құбыры немес жеке тұтынушылар масатын көздейтін «бөлінген » су құбырлары құрылуы мүмкін. Қаларалда әдетте барлық тұтынушыларға су бір құбырдан беріледі. Осы су құбыры қаладағы өнеркәіпорындарына да су бере алады.

Суды көп өнеркәсіп орындарында қала құбырынан бөлінген жеке өндірістік жүйені қабылдаған тиімді. Кейбір өнеркәсіп мекемелерінде бұл әртірлі сападағы және сипаттағы тораптар болуы мүмкін. Өндірі орындары қала аймағынан тысқары жатып, жұмысшы поселкаысмен бірге жеке бір өнеркәсіптік аймақты құратын болса, онда-шарушылық ауыз су мұқтажына суды ала құбырынан ал өндіріс үшін суды оның көлеміне байланысыты қаладан немесе жеке жүйеден алуға болады. Сонымен өнеркәсіптерде су құбырларының жекелеген немес бірлескен түрлері кедесуі мүмкін.

Өртке қарсы істелетін жұмыстар, әдетте, шаруашылық –ауыз су суымен жабдықтайтын жүйеге жүктелінеді, өйткені олар қала немесе өндіріс орындарында жақсы таралған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]