- •14.. X-XIII Ғылым мен мәдениет. Әл-Фараби, ж. Баласағұн, м.Қашқари, а.Яссауи.
- •15-Сұрақ Моңғол мем. Құрылуы. Шыңғысханның Қазақстан жеріндегі жаулаушылық жорықтары.
- •17.Ақ Орда және оның Қазақстан тарихында алатын орны.
- •20.Әбілхайыр хандығы (Көшпелі өзбектер мемлекеті)
- •21.Хіү-хү ғғ. Қазақстан экономикасы мен мәдениеті
- •22.Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі.Қазақ жүздері.
- •23.Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы.Керей мен Жәнібек,Бұрындық хандар.
- •24.Хyi ғ. Қазақ хандығы.Қасым,Хақназар,Тәуекел хандар
- •25.Хyiі ғ. Қазақ хандығы.Есім,Жәңгір,Тәуке хандар
- •26.Хyi – хyii ғғ қазақтардың шаруашылығы; қоғамдық құрылысы мен мәдениеті.
- •27.Жеті Жарғы – Қазақ халқының әдет-ғұрпы заңдар жинағы
- •29. Қаз. Ресейге қосылуы
- •31.Абылай ханның мемлекеттік қызметі
- •38. Хiх ғ. 60 – жж. Ортасында қазақ жерлерін Ресей империясының жаулап алуының аяқталуы және оның зардаптары.
- •39.Хiх ғ. 60-90 жылдардағы Қазақстандағы әкімшілік –саяси реформалар.
- •40.1868-1869Жж.Орал,Торғай облыстарындағы және 1870ж.Маңғыстаудағы қазақ көтерілістері.
- •41. Хiх ғ. Екінші жартысы мен хХғ. Басындағы Қазақстандағы Ресей империясының қоныс аудару саясаты.
- •42. ХХғ. Басындағы Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық және саяси жағдайы.
- •43.Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліс
- •44– Хх ғ. Басындағы Қазақстан мәдениеті.
- •45. Ақпан буржуазиялық – демократиялық ревалюциясы және патшалық жойылғаннан кейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы.
- •46.«Алаш», «Үш жүз» партияларының құрылуы.
- •47.1917Ж. Қазан ревалюциясы және Қазақстанда Кеңестер билігінің орнауы.
- •48.Түркістан (Қоқан) және Түркістан акср – нің құрылуы.
- •49.Алаш Орданың құрылуы мен оның қызметі.
- •51.Қазақ акср-дың құрылуы.
- •52. Жана экономикалық саясат
- •55.20Ғ. 20-30жж.. Қазақстандағы мәдени құрылыс.
- •56.1920-1930Жж. Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай. Жаппай қуғын-сұргін.
- •57.1941-1945 Жж Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың қатысуы және олардың өшпес ерліктері.
- •1941Жыл 22 маусым- фашистік Германия ксро-ға тұтқиылдан соғыс ашты.Ұлы Отан соғысы басталды.
- •58 Қазақстан- майдан арсеналы (1941-1945жж).
- •59. 1946-1964Жж. Қазақ кср – ның қоғамдық – саяси және әлеуметтік – экономикалық жағдайы.
- •60. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: қорытындылары мен зардаптары.
- •61. 1965-1985 Жылдардағы Қазақ кср-нің әлеуметтік- эканомикалық жағдайы.
- •62. Қазақстан қайта құру жылдарында.(1985-1991жж).
- •63. 1986 Ж. Желтоқсан көтерілісі және оның тарихи маңызы.
- •65. Ксро-ның ыдырауы: себептері мен салдары.Тмд-ның құрылуы.
- •67.( Казіргі кезеңде Қазақстандағы Әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылуы (1991-2012 жж.))
- •68..Казіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қоғамдық саяси омірі (1991-2013жж).
- •69. Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым және мәдениет (1991-2013жж).
- •70.Қазіргі Қазақстан территориясындағы діндер тарихы.
- •71.Қазіргі Қазақстан территориясындағы ислам мәдениетінің тарихы.
- •72. Казіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты (1991-2013 жж).
- •74. Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің тарихы.
- •77. Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспары: мақсаты мен міндеттері, іске асыру тетіктері.
- •78. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәріздері-елтаңба,әнұран,ту.
20.Әбілхайыр хандығы (Көшпелі өзбектер мемлекеті)
ХV ғасырдың 20-жылдарында Ақ Орданың ыдырауына байланысты Жошы әулетінің арасында феодалдық қырқыс басталады. Қазақстанның орталық, батыс және солтүстік-батыс аудандарында тәуелсіз иеліктер пайда болады. Осы тәуелсіз иеліктер тайпаларының билеушілерінен қолдау тапқан Әбілқайыр тартыста жеәіп шығып, 1428 жылы хан сайланады. Әбілқайыр – Жошы ханның бесінші ұлы Шайбани ханның ұрпағы. Шайбани ұлысы Орал тауының бөкутеріндегі Тобыл, Ырғыз, Жайық өзендерінің аралығындағы кең байтақ жерлерді жайласа, ал қыста Арал теңізі өңірінде, Шу, Сарысу өзендерінің бойында, Сырдарияның төменгі ағысында қыстаған. Осы ұлыстың билігі Әбілқайырдың қолына тигеннен бастап хандықтың саяси беделі көтеріледі. Тарихи жазба деректерде бұл жаңа құрылған хандықтың аты "Өзбек ұлысы", "Өзбек хандығы" немесе "Шайбани ұлысы", "Әбілқайыр ұлысы" деп аталады. Әбілқайыр хандығы батысында – Жайық (Орал), шығысында – Балқаш, оңтүстігінде – Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі ағысы, солтүстігінде – Тобыл және Ертіс өзендерінің орта саласы аралығын алып жатты. Хандықтың алғашқы кездегі халқының құрамы Батый ханның Шайбани ханға найман, бұйрық және қарлұқ тайпаларын қосып беруінен түркі тілдес болғандығы байқалады. Сондай-ақ Әбілқайырды хан сайлағанда жиырмадан астам тайпалардың өкілдері қатысқан. Олардың ішінде атақты қият, маңғыт, өкіреш, найман, үйсін,қоңырат сияқты басқа да көптеген түркі тілдес тайпалар болған. Ал "Тоқсан екі баулы өзбек" деген шежіреге қарағанда, Өзбек ұлысы немесе Әбілқайыр хандығы 92 ру-тайпадан тұрған. Тарихшы Рузбиханның жазуы бойынша, бұл хандық негізгі үш халықтан – шайбанилерден, қарақалпақтардан, қазақтардан тұрған. Олардың ішіндегі ең көбі және ержүректері қазақтар еді дейді. Әбілқайырды көптеген ру-тайпалардың өкілдері қолдап, хан сайлағанмен, оның құрған хандығының ішінде әлі де болса жер үшін, ел үшін, билік үшін талас-тартыс күшейіп тұрды. Сондықтан ол алдымен өзінің қарсыластары Махмұд-Қожа ханды, маңғыт әмірі Уақас биді жеңіп өзіне қаратады. ХV ғасырдың 40-жылдарында Балқаш өңірінің терісік батыс жағын өз иелігіне қосады. Әбілқайыр хан көп уақыты мен күш-жігерін жұмсаған жер Ақ Орда жерінің оңтүстік аудандары – Сыр өңірі мен Қаратау аймақтары болған. Бұл аймақта Ұрыс хан мен Барақ ханның ұрпақтары Жәнібек пен Керей сұлтандардың биліктері берік болған еді. Сұлтандарды Тоқа-Темір тұқымдары да қолдап отырған. Сондықтан Әбілқайыр хан бұларға қарсы жорыққа көп әскери күш жинап, жақсы дайындалған. Оның әскерінің құрамына он бестен астам ірі ру-тайпалардың әмірлері қосылған. Олардың ішінде қоңырат, ұйғыр, үйсін, өкіреш наймандардың көргнекті өкілдері болған. 1431 жылы Тоқа-Темір ұрпақтарына қарсы шайқас Екіретүп деген жерде болып, Әбілқайыр хан жеңіске жетеді. Хан көптеген дүние-мүлік олжалайды. Одан кейін Батый ханның астанасы болған Орда-базарды бағындырып, оны өзінің орталығы етеді. Оған дейін астана Тура қаласында болған. Әбілқайыр хан 1446 жылы Атбасар маңында Мұстафа ханды тас-талқан етеді. Бұл жеңістен кейін Сырдария мен Қаратау аймағындағы Сығанақ, Аркөк, Созақ, Аққорған, Үзкент сияқты экономикалық жағынан маңызды қалаларды басып алады. Бұл жолы Сығанақ қаласын өзінің орталығы етеді. Қаланың орналасқан жері Орта Азия мен Дешті Қыпшақ арасындағы тоғыз жолдың торабы – саудаға ыңғайлы жер болған.Әбілқайыр ханның бұдан кейінгі алдына қойған мақсаты Орта Азияның атақты қалаларын басып алу болса, одан соң Жетісу а ймағындағы Моғол хандығының жеріне шабуыл жасау еді. Ханның бұл ойы 1446 жылы Самарқанды алумен іске асырыла бастадйы. Алайда Әбілқайыр хандық құрған кезде оның халқының арасында әлеуметтік-экономикалық теңсіздік шиеленісе түсті. Хандық біртіндеп әлсірей бастады. Әбілқайыр 1456-1457 жылдары Сығанақ түбінде Үз-Темір тайшы бастаған ойраттармен соғыста жеңіліп қалады. Хан бұл аймақты тастап, Дешті Қыпшақ жеріне кетуге мәжбүр болған. Әбілқайыр хан өзінің жеңілісін ішкі алауыздықтар мен қайшылықтардың шиеленісуінен көріп, мемлекеттің күш-қуатын арттыруды қарастырады. Өзі күмәнданған щонжарларды жазалап, қатаң заң орнатуға тырысады. Өзіне бағынбай, Жетісу аймағына Моғол хандығының жеріне ауып кеткен Жәнібек пен Керей сұлтандарды жазалауды ойластырады. Осы ойымен 1468 жылы Моғол хандығына қарсы жорыққа шығады. Жорық кезінде Әбілқайыр хан Алматы маңындағы Аққыстау деген жерде қайтыс болады. Жорық нәтижесіз аяқталып, хандық мүлде әлсірейді. Қазақ хандығының құрылуымен Әбілқайыр ұрпақтары Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде билік жүргізу құқығынан айырылады.