Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Geotekhnika2_Aibek.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
42.71 Кб
Скачать

3. Табиғи негіздіктегі таяз іргетасты жобалау

Іргетастың салынатын тереңдігі төмендегі факторларға байланысты анықталады:

– ғимараттар және имараттардың құрылымдық ерекшеліктері

– құрылыстық алаңының инженерлік – геологиялық жағдайы

– топырақтардың мезгілдік тоңу тереңдігі

Топырақтардың нормативтік тоңу тереңдігі мына формуламен анықталады:

dfn = d0 (3.1)

dfn = 30 = 175 см

Мұндағы: – коэффициент, аудандық климатына байланысты, тапсырмада берілген.

d0 – тоңу тереңдігі, см, топырақтардың түріне байланысты қабылданады. d0 =30

Саздақтар мен саздарға – 23

Құмдақтар, ұсақ және шаңды топырақтарға – 28

Гравийлі, ірі және ірілігі орташа құмдарға – 30

Ірі сынықты топырақтарға – 34

Топырақтардың мезгілдік тоңуында есептік тереңдігі мына формуламен анықталады:

df = kn * dfn (3.2)

df = 0,6 ∙ 175 = 105 см

Мұндағы: kn – коэффициент, үйлердің, ғимараттардың және имараттардың жылулық режиміне байланысты қабылданады, kn = 0,6

Топырақтардың мезгілдік тоңуына байланысты іргетастың табанының орналасу тереңдігін мына формуламен қабылдаймыз:

d = df + 0,25 м (3.3)

d = 105+ 0,25 = 130 см = 1,3 м

3.2 Іргетастың табанының алаңын анықтау

Жүктелген іргетастың алаңы мына формуламен анықталады:

А = (3.4)

А = = 3,24 м2

Мұндағы: N0 –іргетас кесіндісіне тік түсетін есептік жүктеме (күш),

N0 =1210 кН;

R0 – іргетас табанының астындағы топырақтың есептік шартты кедергісі, R0 =400 кПа;

γорт – орташа меншікті салмағы (іргетас пен оның кемеріндегі топырақтың), кН/м3, γорт = 20 кН/м3;

d – іргетас табанының орналасу тереңдігі, м, ( жер бетінен деңгейінен немесе планировка жасалған белгісінен), d =1.3м;

Ұстын (тіректер) астындағы шаршы іргетас үшін: b = l = ( l – іргетас ұзындығы)А = b b=A= 1,8 м

3.3 Іргетас табанының астындағы топырақтың есептік кедергісін анықтау

Негіздіктегі топырақтың есептік кедергісі, кПа, мына формуламен анықталады:

R = ( Mγ ∙ b ∙ γ ∙ Kz + Mq ∙ d ∙ γ’ + Mi ∙ c) (3.5)

R = ( 1,34 ∙ 1,8 ∙ 19,7∙ 1 + 6,34 ∙ 1,3 ∙ 19,7 + 8,55∙ 2) = 227 кПа

А = = 6,02 м2

b = = 2,4м

Мұндағы: γс1, γс2, k, Kz – коэффициенттер = ;

Mγ, Mq, Mi – коэффициенттер, топырақтың ішкі үйкеліс бұрышына(φ) байланысты, кесте (3.3 – тен) қабылданады.

b – іргетас табанының ені, b=1,8 м;

γ – іргетас табанының астындағы топырақтың меншікті салмағының мағынасы, γ =19.7кН/м3;

γ’ – іргетас табанының үстіндегі топырақтың (d аралығында) меншікті салмағының мағынасы, γ’=19.7 кН/м3;

с – іргетас табанының астындағы топырақтың тұтасуы, c=2кПа;

Кесте – 3.3

φ, град

Mγ

Mq

Mi

32

1,34

6,34

8,55

33

1,44

6,76

8,88

34

1,55

7,22

9,22

35

1,68

1,71

9,43

36

1,81

8,24

9,47

37

1,95

8,81

10,37

38

2,11

9,44

10,8

φ=31 град болғанда, Mγ= 1,34; Mq= 6,34; Mi = 8,55.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]