Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
informatika.docx
Скачиваний:
27
Добавлен:
14.03.2016
Размер:
79.67 Кб
Скачать

56. Excel-де диаграмма құру

Кесте түрінде берілген мәліметтердің көрнекі түрде бейнеленуі диаграмма деп аталады. Диаграмма – сандық шамалар мен олардың арақатынастарын геометриялық тәсілдермен көрсете отырып, шартты түрде кескіндеу. Диаграммалар стандартты және стандартты емес болып екіге топтасқан. Диаграмманы тұрғызу үшін диаграмма шебері қолданылады. Диаграмма шебері – диалогтық терезелер көмегімен қажетті мәліметтерді біртіндеп ала отырып, диаграмма құруды және оны жұмыс парағына орналастыруды қамтамасыз ететін Excel программасының іс-әрекеттері тізбегі. Диаграмма шебері Кірістіру(Вставка) – Диаграмма командасымен немесе стандартты аспаптар тақтасындағы батырмасымен жүктеледі. Диаграмма шебері төрт қадамнан тұрады. 1-қадамда диаграмма түрінде тұрғызылатын мәліметтер орналасқан ұяшықтар ерекшеленеді. 2-қадамда сұқбаттасу терезесіндегі диаграмма түрлерінің ішінен тек біреуі таңдап алынады. 3-қадамда диаграмма атауы, x және y осьтерінің аттары жазылады. 4-қадамда мәліметтердің кайда орналасатынын көрсетіп, оларға түсіндіру мәліметтерін (түсініктеме - легенда) жазу керек. Егер нәтижеге көңіліңіз толмаса, қайтадан алдыңғы терезеге Кейін (Назад) батырмасы арқылы оралуыңызға болады. Диаграмма шебері арқылы диаграмма түрі таңдап алынғаннан кейін, Excel оның ішіндегісін де өзгертуге мүмкіндік береді. Диаграмманы түзету үшін оны тышқанды екі рет шерту арқылы ерекшелеп аламыз. Диаграмма оның элементтері деп аталатын бірнеше бөліктерден тұрады: диаграмманы тұрғызу аймағы, диаграмманың өз аймағы, түсініктеме мәлімет (легенда), тақырып, мәліметтер белгілеулері, мәліметтер. Дөңгелек диаграммалар - жиі пайдаланылатын график түрі. Олар бір бүтіннің құрама бөліктерін немесе пайызын бейнелеуге өте ыңғайлы.

57. Microsoft Power Point презентация шебері.

MS Power Point программасы презентациялық материалдар дайындауға арналған программа. Бұл программада кадаскоптарға арналған жұқа пленкаларда, қағазда үлестiлiлетiн материалдар, компьютер экранында көрсетуге арналған презентация құруға мүмкiндiк бар. Power Point программасында жасалатын презентация – слайттарға таңдалынған тақырыптың мазмұнын ашатындай материалдарды (суреттер, текстер, дыбыстық мәлiметтер, видио жазбалар) енгiзiп,оларды рет-ретiмен көрсету болып табылады.. Слайд- бет немесе парақ деген мағынада қолданылады. Презентация құру барысында анимациялық эффектiлердi кеңiнен қолдануға болады. Анимация – объектiлердi қимыл-қозғалысқа келтiру.

58.Компьютер құрылғылары. Принтер, сканер.

Принтер (ағылыми prіnter) — мәтіндік не графиктік ақпаратты қағазға, пластикке шығаруға арналған құрылғы, ЭЕМ-ның ақпарат басып шығаруға арналған перифериялық құрылғыларының бір түрі. Баспа таңбаларын басу әдістеріне қарай Принтерлер матрицалық, сия құюшы ағыстық, (струйный), лазерлік, жарықаласыдиодтық, жылулық, сублимац., т.б. болып бөлінеді. Принтердің негізгі техникалық сипаттамаларына оның айыру қабілеті, басу жылдамдығы, материалдардың шығындылығы, фото басу мүмкіндігі, т.б. жатады. Айыру қабілеті бір дюймге келетін нүктелер санымен (қысқаша dpі) анықталады. Ағыстық Принтерлерде бұл шама 600 dpі-ден 4800 dpі-ге дейін, кейбір модельдерде одан да жоғары болады. Лазерлік, жарықаласыдиодтық принтерлердің айыру қабілеті әдетте 600 — 1200 dpі болады. Шығындылығы мен басу жылдамдығы жағынан лазерлік және жарықаласыдиодтық принтерлер ағыстық принтерлерден тиімдірек. Матрицалық принтерлердің шығындылығы аз болғанымен, басу сапасы, жылдамдығы жағынан жоғарыда айтылған принтерлерден нашар.

Компьютерге мәтінді немесе бейнені енгізу жиі кездеседі. Көп жағдайда мәтінді енгізу пернетақтаның көмегімен жүзеге асырылады, бірақ бұл көп еңбек пен уақытты қажет етеді. Қолданушылар қазіргі кезде сканер құрылғысын пайдаланады. Сканер – электронды механикалық құрылғы. Сканерді планшетті, барабанды және қолмен басқарылатын деп бөлуге болады. Планшетті сканер бейнені оригиналдан ғана сканерлейді. Барабанды сканер факсте қолданылса, ал қолмен басқарылатын сканер оригиналды кез-келген бағытқа айналдырады. Сканерді қолданушылар өз үйінде де қолдана алатын деңгейге жетті. Саудада сканерлердің түрлі модельдері кездеседі. Олар бағасымен, программамен жабдықтауымен, интерфейсімен және технологиясымен бір-бірінен айрықшаланады.Барлық түрлі сканердің жұмыс істеу принциптері бірдей. Сканерленетін объект фотоқабылдағышқа келіп түседі. Түрлі-түсті сканердің ақ-қара түстен еш айырмашылығы жоқ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]