Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казак тілі.doc
Скачиваний:
213
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
1.09 Mб
Скачать

Сөйлемнің түрлері

Сөйлем құрылысына қарай жай сөйлем, құрмалас сөйлем болып екіге бөлінеді.

Бір ғана ойды білдіріп, бір ғана интонациямен айтылатын сөйлем жай сөйлем деп аталады да, екі я одан да көп жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз.

Мысалы: Өзі мықтап жүдепті. Тар қапастан шыққанмен, бірақ сағы сынбаған. (Ә.Н.).

Бірінші сөйлемде өзінің мықтап жүдеуі туралы бір ғана ой айтылса, екінші сөйлемде (ол) тар қапастан шықса да (бір ой екінші оймен жалғасып) сағы сынбау туралы (қарсылықты мәндегі күрделі ойға ұласып кеткен) күрделі ойды білдіріп, құрмалас сөйлем болып тұр. Ол айырмашылық бұл сөйлемдердің интонациясынан да байқалады.

Жаттығу Оқыңыз. Көшіріп жазыңыз, сөйлемнің түрлерін ажыратыңыз.

Батыр қыз.

1943 жылы Невель қаласының түбінде айқас басталады. Мәншүк сол жақ аяғын оқ жұлып кеткенін сезді.

Батыр қыз юбкасын тісімен жыртып, аяқтың қалған тұқылын орап таңды. Ол еңбектеп “Максимнің жанына келіп, қайтадан оқ жаудырды. Фашистер қырғынға ұшырап, кейін шегінеді. Осы кезде Мәншүктің басына оқ тиеді. Мәншүк осылай қаза тапты. Мәншүк Маметованың ерлігін үкімет аса жоғары бағалады. Оған Кеңес Одағының Батыры деген атақ берді. Невель қаласының ең көрнекті көшелерінің бірі Мәншүк есімімен аталады.

Елін сүйген батыр қыздың ерлігі келешек ұрпаққа үлгі.

(М. Хакімжанова)

Жаттығу Оқыңыз. Орыс тіліне аударыңыз

Барлық білім кітапта.

Кітап – сенің шын досың, өмірлік серігің. “Мектепте оқу керек, ал мектептен шыққан соң, одан да көп оқу керек”,-дейді Д.Писарев.

Кітап арқылы сан адамнын жүрегін көресің. Алуан адамнын жан сырын білгеніңді алғаш сұрап білетін ғалым досың да – кітап. Кітап – көп ақылдың құйылған көзі.

(Ө. Тұрманжолов)

Хабарлы сөйлем

Айтылу мақсаты хабарлау, суреттеу, баяндауды білдіретін сөйлемнің түрін хабарлы сөйлем дейміз.

Мысалы: Күн еңкейді. Оңтүстіктен ақырын ғана майда жел білінді. Еңкейген алтын күннің лебі денеге жібек торғындай жұмсақ тиді. ( С.С.)

Хабарлы сөйлем интонациялық жағынан көтеріңкі басталып, бәсеңдеп бітеді. Сөйлем соңында жазуда нүкте (.)қойылады.

Сұраулы сөйлем

Жауап алу мақсатымен сұрай айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз.

Мысалы: Ғани, сен қайда асығып барасың?

Сұраулы сөйлемдер мынадай жолдармен жасалады.

1. Сөйлемде сұрау есімдігінің қолданылуы арқылы. М: От неге жақпайсындар? От қайда, отын қайда? (Ғ. Мұстафин)

2. ма, ме, ба, бе, па, пе, ша, ше шылауларының қолданылуы арқылы. М: Жерім жаман ба? Мен жаман ба? Келесің бе?

3. –ғой, -қой, - ау, -еу шылауларының, ә, сірә сияқты оқщау сөздердің, болар, шығар, қайтеді, білемін деген көмекші сөздердің сұрау жоспары? ия, осы.

4. Сұрау интонациясы арқылы. М: - Япырай, ие бермей кетпесе?

Бұйрықты сөйлем

Біреуге бұйыру, тілек-өтініш ету мақсатында айтылған сөйлемді бұйрықты сөйлем дейміз.

Бұйрықты сөйлемде интонация біркелкі бола бермейді: бірде хабарлы сөйлем интонациясымен айтылса, бірде лепті сөйлем интонациясымен айтылады да, соған сәйкес сөйлем соңында нүкте (.) я леп белгісі (!) қойылады.

М: Күрек-шоттарын ала келсін. Бар! Шап. Жиып кел тегіс!-деді.

(М.Әуезов)