Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шынайы p-n-ауысуды вольтамперлік сипаттамасы.docx
Скачиваний:
437
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
234.89 Кб
Скачать

2.5 Диодтың түрлері мен белгіленуі

Диодтардың ерекшеліктері мен ВАС байланысты келесі түрлері ажыратылады.

1. Түзеткіш және детектірлеуші диодтар. Бір р – n өтпесіне негізделген, электр тоғын бір бағытта өткізетін, электрондық аспап, жартылай өткізгіш диод деп аталады. Жартылай өткізгіш диод айнымалы тоқты түзетуде, модуляцияланған радиосигналдарды детектрлеуде қолданылады. Жартылай өткізгіш диодтың вольтамперлік сипаттамасы тура кернеу кернеудің оң мәндеріне, ал кері кернеу теріс мәндеріне сәйкес келеді.

Жартылай өткізгіш диодтар құрылысына байланысты жазықтық және нүктелік болып екіге бөлінеді. Нүктелік диодта үшкір ұшын р -түрлі вольфрам мен n -түрлі жартылай өткізгіштің түйісу аймағында р – n өтпесі қалыптасады. Жазықтық диодтар бірнеше ондаған миллиамперден бірнеше жүздеген амперге дейінгі ток күшін өткізеді. Сондықтан оларды айнымалы тоқты түзету үшін қолданады.

Нүктелік диодтардың шамалары жазықтық диодтардың шамаларынан өзгеше болып келеді. Олардың тура кедергілерінің шамасы үлкен, ал тура тоқ күшінің ең жоғарғы мәні аз. Нүктелік диодтардың ерекше қасиеттерінің бірі, олар өте жоғары жиіліктер аймағында жұмыс атқаруға қабілетті. Сондықтан оларды жиіліктері жоғары радиосигналдарды детекторлеу үшін қолданылады.[1]

2. Стабилитрондар электрлік тесіп өту режимінде жұмыс істейді. Аспаб кері қосылғанда, минималдан Iмин максималға дейін Iмакс электрлік тесу жерінде кернеудің түсуі өте кішкентай болады да аспаб арқылы ағатын тоқ тұрақты деп есептеледі (13 сурет).

– тұрақтандыру кернеуі Uст;

– минималды және максималды тұрақтандыру тоқтары Imin және Imax;

– дифференциалдық кедергі Rd = dI/dU – электрлік тесіп өту жерінде;

– тұрақтандыру температуралық коэффициент αстΔT қоршаған ортаның температурасы өзгергенде, тұрақтандыру кернеуінің салыстырмалы өзгеруі ΔUст :

Тұрақтандыру температуралық коэффициенті, аспаб арқылы өтетін тоқ пен кернеуінен байланысты болады. Төмен кернеулерде (5,7 В тан төмен) Uст температуралық коэффициент кері таңбалы болады. Тоқ 10 мА таяу болғанда, ол –2,1 мВ/Сo тең болады. Кернеу 6 В тан жоғары болса,ол оң таң балы болады, коэффициент он танбалы болады егер тоқ өлшемі ( 10 мА) дәрежесі 6 мВ/Сo жетеді. Тоқ өлшемін аспаб арқылы таңдасақ, оның температуралық коэффициентің өзгертуге болады, тіпті оның нөлдік мәніне жетуге болады.

13 Сурет. Стабилитронның вас

Стабисторлар стабилитрондар тәрізді, кернеуді тұрақтандыруға арналған. Стабилитрондармен салыстырып қарасақ олар диодтын вольтамперлік мінездеменің тура бағытында жұмыс істейді.[12]

3. Шалаөткізгіш диод (орыс. Полупроводниковый диод) — бір электронды-кемтікті өткелі (р — n өткелі) немесе Шоттка өткелі (металл-шалаөткізгіш түйіспесі) бар екі электродты шалаөткізгіш аспап. Көбіне өткелдің бір жақты өткізгіштігі пайдаланылады және шалаөткізгіш диод тұрақты ток немесе төменгі жиілікті айнымалы тізбегіндегі әрекеті оның вольтамперлік сипаттамасы бойынша анықталады. Шалаөткізгіш диодтың бір жақты өткізгіштігі мен вольтамперлік сызықты емес сипаттамасы түзеткіштік, детекторлық, түрлендіргіштік диодтарда пайдаланылады. р — n еткелінің тесіліп-ойылуына байланысты құбылыстар негізінде стабилитрондар, ағынды-үшпалы-диодтар жұмыс істейді.[11]

4. Варикап (Varicap, vari (alle) - айнымалы және cap (a city) — сыйымдылық) — берілген кері кернеуге p – n ауысуының тосқауылдық сыйымдылыққа тәуелділігі сызықты болмайтын шалаөткізгіш диод. Варикапты Ge, Si және Ga-As материалдары негізінде жасайды. Варикаптың негізгі көрсеткіштері: номиналды (бастапқы) сыйымдылығы С0, сапалығы Q, температуралық сыйымдылық коэффициенті:

К= С/С t.

Радио электрондық құрылғыларда варикапты параметрлік күшейту, жиілікті көбейту үшін, сондай-ақ сыйымдылықты электрлік басқару мүмкіндігі бар тербелмелі контурдың резонансты жиілігін қашықтан жөне тез баптау үшін қолданады.[10]

5. Туннельдік диод. Туннельдік диодтардың жұмыс істеу шарты туннельдік әсерге негізделген. Келтірілген сипаттаманың 0-б бөлігінде тоқ тек туннельдік әсерге негізделген. Егер потенциалдар айырымын оң бағытта арттыратын болсақ, туннельдік тоқ шапшаң кемиді, р – n өтпесі арқылы кәдімгі инжекциялық тоқ жүре бастайды. в нүктесінде туннельдік тоқ мүлде жойылады да, ары қарай тек инжекциялық тоқ жүретін болады.