Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
64465265151564.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
442.88 Кб
Скачать

4. Бағаны тіркеу

Баға тіркеу базалық кәсіпорындармен мемлекеттік статистикалық есептілік «Өндіруші кәсіпорынның өнеркәсіп өнімдері және өндірістік сипаттағы қызмет бағалары туралы ессебі» 1-КБ формасын толтыру арқылы жүзеге асырылады.

Есептілікті толтыруда төлем құжаттарында көрсетілген ақпарат қолданылады. Оларға: келісімшарттар, төлем талаптары, тіркеме қағаздар, сенім хаттар, шот-фактуралар және басқа да құжаттар жатады. Базалық кәсіпорында есептік айдың 14 мен 19 аралығында өткізілген, өндірілген өнімге (көрсетілген қызметке) баға тіркеледі. Егер белгіленген мерзімде өнім өткізілмеген, қызмет көрсетілмеген болса осы күнге жақын күннің ақпараты қолданылады. Тек кей жағдайларда ғана тұтынушымен келісімге отырған келісім шарттағы баға тіркелуі мүмкін, тек ол осы есептік айға тән болуы шарт немесе қоймаға берілген дайын өнім бағасы тіркелуі, ал қызметтер бойынша қызметтің көрсетілгеніне байланыссыз оның белгіленген тарифі (ақысы) көрсетіледі.

Есептілік бланкісінде баға өнімге, қызметке қосылған құн салығынсыз және акциздерсіз, сауда және өткізудің үстеме бағасынсыз, өнімнің өндірушіден тұтынушыға дейінгі қозғалысына байланысты көлік және басқа да шығындар есебінсіз, яғни өндірушінің кәсіпорны қақпасынан шыққан баға тіркеледі.

Бағаны тіркеу жыл бойына ерекшелігі өзгеріссіз қалатын, бір типті және біртекті тұтынушыларға жеткізу шарттары болатын өкіл-тауарларға (қызметтерге) жүргізіледі. Дайын өнеркәсіп өнімінің таңдалған нақты түрлеріне баға тіркеуі олардың өткізу арнасына байланысты – республиканың ішкі рыногында (ҚР), ТМД елдерінде және ТМД-дан басқа елдерге дифференциалды түрде тіркеледі.

Өндірістік сипаттағы қызмет түрлеріне оларды орындауға белгіленген тарифтер (ақы) болмаған жағдайда бағаны анықтаудың шығындық әдісі қолданылады. Яғни, баға белгіленген өлшем бірлігіне қайта есептелген жұмсалған шығынның бірлік құны ретінде есептеледі. Мұнда қызметті көрсетуде қолданылған шикізат (өнім) құны есепке алынбайды, тек кей қызмет түрлерінде шығарып тастауға мүмкін болмайтын жағдайда ғана (мысалы, құбырмен тарату) есепке алынады.

Қазақстан Республикасының «Табиғи монополия және реттелетін нарықтар туралы» Заңына сәйкес табиғи монополия саласына жатқызылатын өндірістік сипаттағы қызметтерге баға (тарифтер) Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің аумақтық бөлімшелерімен орнатылады және реттеледі. Оларды базалық кәсіпорында күшіне енген бұйрық (жарлық) бойынша бекітілген (реттелетін) тарифтерді тіркеу арқылы жүзеге асырылады. Бұл:

1) магистраль құбырларымен мұнай және (немесе) мұнай өнімдерін тасымалдау бойынша;

2) магистраль және (немесе) тарату құбырлары бойынша газ немесе газ конденсатын тасымалдау, сақтау, газ таратушы қондырғыларды және олармен байланысты газ таратушы газ құбырларын пайдалану бойынша;

3) электр энергиясын тарату және (немесе) жеткізу бойынша;

4) жылу энергиясымен қамтамасыз ету және (немесе) тарату, жеткізу, өндіру бойынша;

5) электр энергиясын тұтыну және желіге өткізудің техникалық диспетчеризациясы бойынша;

6) электр энергиясын өндіру-тұтыну балансын ұйымдастыру бойынша;

7) су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйесінің қызметтері.

Электр энергиясын жеткізу аймақтық және аймақ аралық деңгейдегі желілермен жүзеге асырылады. Бірінші жағдайда оны тасымалдау бойынша тариф барлық аймақтар үшін бірдей (қашықтығына байланыссыз) болса, аймақ аралық деңгейдегі желілермен тасымалдау тарифі оның шығынын құрайтын барлық құраушылар бойынша бекітіледі.

Аймақтық электр энергиясымен қамтамасыз ететін ұйымдардағы электр энергиясын өткізу тарифі тұтынушылар санаттарына – халыққа және заңды тұлғаларға жіктеліп бекітіледі. Олар тәулік зоналары, пайдалану қуаттылығына, сонымен қоса салалық (өнеркәсіптік кәсіпорындарға, ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілерге, халыққа және т.б.) және аумақтық (облыстағы аудандарға) қағидаттары бойынша айырмашылығы болуы мүмкін. Баға тіркеуіне аймақтағы электр энергиясына бекітілген барлық тариф түрлері қатысады.

Ауаны баптау және бумен қамтамасыз ету қызметтеріне бағаны (тарифті) тіркеу өндірілген жылу энергиясына және ыстық суды таратуға жеке-жеке тіркеледі. Ыстық сумен қамтамасыз ету тарифтері тұтынушылар санаттары бойынша жіктеліп бір Гкал-ына тіркеледі.

Суды тарату және өңдеу, жинау және кәріз жүйесі бойынша қызметтерге баға (тариф) тіркеу ұқсас жолмен жүргізіледі. Ауыз су, ішуге жарамсыз су және ақаба су өнім болып табылады және оларға баға өткізілген көлемдегі текше метріне тіркеледі. Суды тарату қызметтеріне тарифтер тұтынушылар санаттарына байланысты тіркеледі, ағымды суды тазарту – жіктелмейді.

Тауар, қызметтің нақты түріне баға тіркеуде «типтік модель» таңдалған жағдайда баға ретінде базалық кәсіпорынмен ағымды айдағы оны өндіруге жұмсалған шығындар сомасы – электр энергиясының шығындары, материалдар, еңбекақы, сонымен қоса пайда тіркеледі.

Өнеркәсіптік өнімге және өндірістік сипаттағы қызметтерге баға серпінін нақты көрсету үшін келесі бағалар тіркелмеуі қажет:

- базалық кәсіпорынға тән емес сату шарттары мен өте жоғары немесе өте төмен деңгейдегі бағалары орнатылған бір реттік тапсырыс бағалары;

- келісімнің мерзімге аяқталғанда орнатылатын «фьючерстік келісім» типті, келісім-шарт, контракт бойынша бағалар;

- қолма-қол ақшалай есеп айырысумен жүрмейтін келісім-шарттар және керісінше, натуралды түрде сыйлық ретінде төленетін келісім-шарт, келісімдер, «бартерлік келісім» типті бағалар;

- бір кәсіпорынның бөлімшелерінің арасында коммерциялық операцияларда қолданылатын трансфертті бағалар.

Өндіруші кәсіпорынның өнеркәсіп өнімдері және өндірістік сипаттағы қызметтеріне баға ақпаратын жинауда қолданылатын статистикалық нысан бос бағаналардан тұрады. «Атауы» және «коды» бағаналарына өнім және қызмет түрелерінің тізбесіне байланысты жазба енгізіледі. «Сипаттама» бағанасында нақты өкіл-тауар (қызмет) және ерекшелігі көрсетіледі.

Кез-келген баға өзгерісі немесе баға құрушы факторлар әсерінен және басқа да себептерден өзгерген бағаның жаңа деңгейі тіркеледі. Іріктелген өкіл-тауарға бағаны көрсеткен кезде сәйкестілік қағидасын сақтаған абзал. Бір өкіл-тауарға (қызметке) баға тіркегенде олардың:

- біртекті өлшем бірлігі;

- өзгеріссіз қалатын сапалық сипаттамасы (спецификациясы);

- өзгермейтін өткізу арнасы болуы шарт.

Өкіл-тауар (қызмет) нақты бағасы Тізбедегі бекітілген өлшем бірлігіне тіркелуі қажет. Стандартты өлшем бірліктері статистикада қолданылатын жіктеуіштер жүйесіне сәйкес жасалған. Алайда өндірілген тауарлардың жеке түрлерін сатуда басқа өлшем бірлігі болуы мүмкін: кірпіш – шартты мың дана немесе текше метр, құбырлар – тонна немесе метр. Нақты өткізілген өнімнің өлшем бірлігі Тізбеге сәйкес келмеген жағдайда бағаны белгіленген өлшем бірлікке ауыстыру қайта есептеу коэффициентін қолданумен жүргізіледі. Бұл процедура базалық кәсіпорынның мамандарымен есептілікті толтыру барысында жүргізілуі мүмкін.

Мысалы, ұйым құрылыс кірпішінің 1 данасын 26 теңгеден сатады. Статистикалық нысанды толтыруда белгіленген өлшем бірлік – текше метрге бағаны қайта есептеу қажет. Ол үшін 1000 дана = 2,63 текше метр айналдыру коэффициентін және шартты көлемі 1000 дана деп ала отырып, «Құны» бағанасында нақты өлшем бірлігіне 26 мың теңге деп есептейміз. Осы белгіленген өлшем бірліктегі құнды қолдана отырып, 1 текше метріне бағаны есептейік: 26000/2,63=9 886 теңге.

Өкіл-тауар

Бағасы, теңгемен

Шартты көлемі

Құны, теңгемен

Нақты өлшем бірлігі

дана

26

1 000

26 000

Белгіленген өлшем бірлігі

текше метр

9 886

2,63

26 000

Статистикалық тәжірбиеде жиі қолданылатын бір бірліктің екінші бірлікке қайта есептеу коэффициенттері 4-қосымшада келтірілген.

Қажет болған жағдайда өкіл-тауардың (қызметтің) нақты орамдағы бағасын белгіленген өлшем бірлікке қайта есептеуге болады. Қайта есептеу мына формула бойынша жүргізіледі

, мұндағы

Ps - белгіленген өлшем бірлігіне баға;

Pn - өкіл-тауардың нақты орамына бағасы;

qs – белгіленген өлшем бірліктегі салмағы (саны);

qn - өкіл-тауардың нақты орамдағы салмағы.

Мұндай қайта есептеуді қолданғанда белгіленген өлшем бірлігінің салмағы мен нақты орамдағы салмақ салмақты өлшеудің бірдей өлшеуішінде: тонна, килограмм, литрі және т.с.с. болғанын ескеру қажет. Мұндай қайта есептеу процедурасы базалық кәсіпорындарының мамандарымен есептілікті толтыруда жүргізілуі қажет.

Статистика органдары кәсіпорынның алдыңғы айдың мәліметтеріне қарағанда айрықша өзгерген баға туралы мәліметтер алған жағдайда бұл өзгерістің туу себебін анықтауы қажет. Бағаның өзгерісін екі фактор бойынша айқын белгілеу қажет – инфляциялық және сапалық. Индексті есептеуде тек бір ғана фактор – инфляциялық ғана есепке алынады. Бағаның сапа жақсаруына (төмендеуіне) байланысты өсуі (төмендеуі) жалпы баға өзгерісінен алынып тасталуы қажет. Тіркелетін өнімнің технико-экономикалық параметрлері өзгерген жағдайда кәсіпорынның маманымен бірге жаңа модификацияланған тауар бағасы өзгерісінің алдыңғысымен салыстырғанда қаншалықтысы сапа өзгерісіне байланысты екенін анықтау, яғни жаңа бағаны қайта есептеу коэффициентін анықтау қажет.

Мысалы, наурыз айында ені 110см мақта-мата матасының 1 метріне бағасы 120 теңгені құрады, ал сәуір айында ені 120см болатын осындай матаға метріне 140 теңге құрады. Бұл жағдайда баға индексін екі кезеңді тура салыстырумен есептеген (140/120=116,7%) дұрыс болмайды (себебі бұл маталар сапалық көрсеткіші – ені бойынша сәйкес емес). Матаға баға индексін есептеу үшін сәуір айында тіркелген бағаны (140 теңге) наурыз айының шарттарына, яғни басқа еніне қайта есептеген жөн: 140х(110/120)=128,4 теңге. Сәйкес ендегі сәуірде наурызға қарағанда матаның баға индексі: 128,4/120=107,0%-ды құрайды.

Өкіл-тауарларға ақталмайтын баға өзгерісін анықтау және болдырмау мақсатында базалық кәсіпорындармен берілетін баға туралы ақпаратты логикалық бақылау қажет. Баға деңгейін бақылау төмендегідей жүргізіледі:

1) өкіл-тауарларды өткізу арналары арасында – экспорттық жеткізілім бағалары ереже ретінде ішкі рынок бағаларынан жоғары;

2) басқа базалық кәсіпорындардағы ұқсас өкіл-тауарлар бағасымен салыстыру;

3) өкіл-тауарлардың өзара қабылданған (белгілі) пропорцияларына сәйкес. Мысалы, майлылығы 6% сүт майлылығы 3,2% сүттен қымбат, АИ-95 бензині АИ-80 бензинінен қымбат және т.б.

Өнеркәсіптік өнімге және өндірістік сипаттағы қызметтерге бағаны тіркеу кезінде бағалық ақпараттың уақытша болмайтын кездері кездеседі. Жеткіліксіз өкіл-тауар (қызмет) бағаларын есептеуде келесі есептеу тәсілдерін қолдану ұсынылады.

1-мысал. Есепті айда бір немесе бірнеше өкіл-тауарларға бір (немесе одан көп) өткізу арнасы бойынша есепті айдың бағасы болмаған жағдайда «шартты» бағаны төменгі тәртіппен анықтайды:

- өткізу арнасы бойынша бар өкіл-тауарлардың есепті айдағы алдын-ала салыстырмалы бағалық есептеледі;

- есепті бағасы болмаған өкіл-тауардың өткізу арнасы бойынша бағасы есептелінген алдын-ала салыстырмалы бағалыққа көбейтіледі (баға * белгісімен айрықшаланады).

1-мысал

Кәсіпорын коды

Өкіл-тауар атауы

Өкіл-тауар коды

Тауар, қызмет сипаттамасы (түрі, маркасы, сұрып, құрамы, өлшенген орамасы)

Өткізу арнасы

Бағасы

Салыстырмалы бағалық

есепті айда

өткен айда

051010220 Энергетикалық тас көмір,

тонна

39745710

энергетикалық көмір

01

көмір ГЖ 5 метр, күлділік.-26,21%

ҚР

2238,68*

2236,00

1,0012

энергетикалық көмір

02

көмір ГЖ 5 метр, күлділік.-26,21%

ҚР

1071,00

1071,00

1,0000

15845215

энергетикалық көмір

01

көмір ГЖ 5 метр, күлділік.-26,21%

ҚР

3125,00

3500,00

0,8929

энергетикалық көмір

02

көмір ГЖ 5 метр, күлділік.-26,21%

ҚР

2793,70*

2790,35

1,0012

03

көмір ГЖ 5 метр, күлділік.-26,21%

ҚР

1470,85

1308,54

1,1240

Орташа геометриялық баға

1984,61

1982,23

1,0012

ҚР өткізу арнасы бойынша есепті айдағы бар бағалар бойынша алдын-ала салыстырмалы бағалық:

In=

«Шартты» бағалар:

- 01 өкіл-тауары бойынша = 2236,00 х 1,0012 = 2238,68*

- 02 өкіл-тауары бойынша = 2790,35 х 1,0012 = 2793,70*

ҚР өткізу арнасы бойынша есепті айдың түпкілікті орташа бағасы =

== 1984,61

ҚР өткізу арнасы бойынша өткен айдың орташа бағасы =

== 1982,23

ҚР өткізу арнасы бойынша есептік айдағы салыстырмалы бағалық =

= 1984,61 / 1982,23 = 1,0012

2-мысал. Егер есепті айда өткізудің бір (немесе одан көп) арнасы бойынша барлық өкіл-тауарлар бойынша түр тармақшасында есепті бағалар жоқ болып, бірақ өнім түрін қалыптастыратын басқа (екіден көп) түр тармақшалары бойынша ақпарат бар болса, онда «шартты» бағаларды есептеу төмендегідей тәртіпте жүргізіледі:

- есепті айдың бағасы бар түр тармақшаларында өткізудің сәйкес арнасы бойынша бар бағалар бойынша есепті айдағы алдын-ала салыстырмалы бағалық есептеледі;

- өткізу арнасы бойынша есепті бағасы жоқ өкіл-тауарлар бойынша түр тармағында өткен айдың бағалары өткізу арнасы бойынша алынған алдын-ала салыстырмалы бағалыққа көбейтіледі (баға ** белгісімен белгілейді).

2-мысал

Кәсіпорын коды

Өкіл-тауар атауы

Өкіл-тауар коды

Тауар, қызмет сипаттамасы (түрі, маркасы, сұрып, құрамы, өлшенген орамасы)

Өткізу арнасы

Бағасы

Салыстырмалы бағалық

есепті айда

өткен айда

072915210 Қорғасын кендері, тонна

39771542

қорғасын кені

01

қорғасын – 68%, өңделмеген, ПК-21

ҚР

3000,00

2985,00

1,0050

қорғасын кені

02

қорғасын-45%, өңделмеген, ПК-20

ҚР

2100,00

2100,00

1,0000

қорғасын кені

03

қорғасын-29%, өңделмеген

ҚР

2000,00

1890,00

1,0582

00251640

қорғасын кені

01

Қайта өңделген, қорғасын, 48-62%

ҚР

3250,00

3200,00

1,0156

қорғасын кені

02

Қорғасын,58%, ластикалық.

ҚР

2800,00

3000,00

0,9333

Орташа геометриялық баға

2581,56

2577,39

1,0016

072915220 Қорғасын қойыртпалары, тонна

39771542

қойыртпа

01

Қорғасын – 87%; алюминий-1,2%, араласқан

ҚР

1800,00

1800,00

1,0000

01254351

Қорғасын қойыртпалары

01

Қорғасын – 75%, марганец-11%, өңделмеген

ҚР

2000,00

1850,00

1,0811

қойыртпа

02

Қорғасын қойыртпасы – 77%

ҚР

2200,00

2000,00

1,1000

Орташа геометриялық баға

1993,31

1881,44

1,0595

Кәсіпорын коды

Өкіл-тауар атауы

Өкіл-тауар коды

Тауар, қызмет сипаттамасы (түрі, маркасы, сұрып, құрамы, өлшенген орамасы)

Өткізу арнасы

Бағасы

Салыстырмалы бағалық

есепті айда

өткен айда

072915230 Қорғасын қойыртпасындағы қорғасын, тонна

05812035

Қорғасын қойыртпасындағы қорғасын

01

Қорғасын 81%, марганец- 2,5%

ҚР

3273,37**

3200,00

1,0229

Қорғасын қойыртпасындағы қорғасын

02

Қорғасын – 77%

ҚР

3580,25**

3500,00

1,0229

01254351

Қорғасындағы қорғасын

01

Қорғасын 65%, алюминий-1%

ҚР

3017,64**

2950,00

1,0229

02

Қорғасын, алюминий, марганец

ҚР

3171,08**

3100,00

1,0229

Орташа геометриялық баға

3254,21

3181,27

1,0229

Алдын-ала салыстырмалы бағалық =

=

ҚР өткізу арнасы бойынша 072915230 түріндегі 01 өкіл-тауарына баға = 3200,00 × 1,0229 = 3273,37**

ҚР өткізу арнасы бойынша 072915230 түріндегі 02 өкіл-тауарына баға = 3500,00 × 1,0229 = 3580,25**

ҚР өткізу арнасы бойынша 072915230 түріндегі 01 өкіл-тауарына баға = 2950,00 × 1,0229 = 3017,64**

ҚР өткізу арнасы бойынша 072915230 түріндегі 02 өкіл-тауарына баға = 3100,00 × 1,0229 = 3171,08**

3-мысал. Егер өткізу арнасы бойынша өнім түрінде барлық өкіл-тауарлар бойынша бағасы жоқ бір түр тармақшасы болса, онда есептеуді 100% деңгейінде жүргізеді.

3-мысал

Кәсіпорын коды

Өкіл-тауар атауы

Өкіл-тауар коды

Тауар, қызмет сипаттамасы (түрі, маркасы, сұрып, құрамы, өлшенген орамасы)

Өткізу арнасы

Бағасы

Салыстырмалы бағалық

есепті айда

өткен айда

051010200 Энергетикалық тас көмір, тонна

39745710

энергетикалық көмір

01

көмір ГЖ 5 метр, күлділік-26,21%

ҚР

2236,00***

2236,00

1,0000

энергетикалық көмір

02

көмір ГЖ 5 метр, күлділік-26,21%

ҚР

1071,00***

1071,00

1,0000

15845215

энергетикалық көмір

01

көмір ГЖ 5 метр, күлділік-26,21%

ҚР

3500,00***

3500,00

1,0000

энергетикалық көмір

02

көмір ГЖ 5 метр, күлділік-26,21%

ҚР

2790,35***

2790,35

1,0000

03

көмір ГЖ 5 метр, күлділік-26,21%

ҚР

1308,54***

1308,54

1,0000

Орташа геометриялық баға

1982,23

1982,23

1,0000

4-мысал. Жыл ішінде өткізу арнасы бойынша жаңа өкіл-тауар пайда болған жағдайда орташа бағаны есептеу мынадай тәртіпте жүзеге асырылады:

а) егер есепті айда тауар шағын тобында қандай да бір өткізу арнасы бойынша жаңа өкіл-тауар (3 тұтынушы) пайда болса, онда осы айда оның бағасы өткізу арнасы бойынша орташа баға мен салыстырмалы бағалықты есептеуге қатыспайды, тек базада сақталады;

б) екінші айда жаңа өкіл-тауар бойынша баға есептеуге қосылады және салғастырымдылық үшін жаңа өкіл-тауардың өткен айдағы осы тауар шағын топшасында өткізу арнасы бойынша орташа баға есептеледі.

4-мысал

Ақпан

Қаңтар

Салыстырмалы бағалық

Энергетикалық тас көмір

сатып алушы ел- 398

тұтынушы1

1200,00

1105,00

1,0859

тұтынушы2

980,00

920,00

1,0652

тұтынушы 3

1000,00n

-

-

398 бойынша орташа баға

ОРГЕОМ(1200:980) = 1084,44

ОРГЕОМ(1105:920) = 1008,27

1,0755

Наурыз

Ақпан

Салыстырмалы бағалық

Энергетикалық тас көмір

сатып алушы ел- 398

тұтынушы1

1200,00

1200,00

1,0000

тұтынушы2

980,00

980,00

1,0000

тұтынушы 3

1200,00

1000,00n

1,2000

398 бойынша орташа баға

ОРГЕОМ(1200:980:1200) = 1121,66

ОРГЕОМ(1200:980:1000) = 1055,53

1,0627

Статистикалық есептілікті толтыруға жауапты қызметкерлермен іскерлік байланыс орнатылады, ұсынылатын ақпараттың қажеттілігі мен маңыздылығы, оны пайдалану мақсаттары, есепті толтыру және ұсыну тәртібі, сондай-ақ деректердің дер кезділігі мен нақтылығы үшін жауапкершілік түсіндіріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]