Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Электронды ашалар.docx
Скачиваний:
32
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
307 Кб
Скачать

3.2 Электрондық төлемдер

Электрондық төлемдер жүйесі қоғамның өте кең тобының өміріне тікелей ықпал етті. Көптеген дүкендер пластикалық карточкалар көмегімен сатып алуларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, қажетті сома тауарларға төлеу үшін сіздің шотыңыздан алынады. Коммуналдық қызметтер төлемі сияқты қайталанатын төлемдер айына бір рет сіздің шотыңыздан аудару арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады. Көптеген компаниялар, фирмалар, ұйымдар өз қызметкерлерінің банктік шоттарына акшаны тікелей аудару арқылы еңбек ақы төлейді. Жекелеген банктер өз клиенттеріне төмендегідей қызметті көрсетеді: клиент өзінің дербес компъютерін компъютерлік желіге қоса алады, ол жинақ шотындағы қаржыны ағымдағы шотына аударуға мүмкіндік береді.

Электрондық төлемдердің басты ерекшелігі сатып алынған тауарға төлем жасау процесі тапсырыс берушінің компьютері және тауар сатушысының Web-сервері арқылы жүргізіледі.

Электрондық төлемдер жүйесінің схемасы:

Қосымша А

Тауар сатып алушысы броузер арқылы, яғни программалық жабдық арқылы сатушы серверіне тапсырысты және тауар төлемін жасауға қабілеті туралы ақпаратты(электрондық чек, банктік карта) орналастырады.

Броузерден ақпарат сатушы серверіне беріледі, онда ол өңделіп және мәліметтер қорына қосылады.

Ақпарат сатушы серверіне түскеннен кейін осы сервердің программалық жабдығы тапсырыстың дұрыстығын тексереді, аутентификацияны жүргізеді және банктен ақшаны аударуға рұқсат алады. Ақшаны аударуға рұқсат алу

Интернет арқылы банкпен байланысқан шлюз арқылы іске асырылады. Шлюз әртүрлі хаттамаларды пайдаланатын екі желіні біріктіруге арналған программа. Бір желіден басқа желіге мәліметтерді беру үшін хаттамалардың үйлесімділігін қамтамасыз ету үшін осы мәліметтерді түрлендіреді.

Электрондық төлемдер жүйесінің соңғы этапы тауарға есеп-айырысу және авторизация(яғни сатып алушы шотынан сатушы шотына ақша аудару) болып табылады. [15]

Электрондық төлемдер жүйесіне келесідей талаптар қойылады:

1. Конфиденциальдығы - сенімділікті, яғни мәліметтерді жариялауға жатпайтындығын білдіреді. Транзакцияның құпиялылығы сатушыға хабарланатын банктік карта номері немесе шот номері құпия болып табылатындығын және тек заңды құқығы бар тұлғаларға ғана, мысалы банктік картаның эмитент-банкіне белгілі болуы қажет екендігінен көрінеді.

2. Ақпараттың бүтіндігі. Келісім туралы ақпарат бүтіндей сақталуы қажет, яғни ешкімге сатып алынған тауар және сауда сомасы туралы белгілі болмауы қажет.

3. Аутентификация(грек. аuthentios – түп нұсқа). Төлемге қатысушы басқа жақтың тұлғасын куәландыруды білдіреді. Бұл қолма қол емес ақшалармен есептесу кезінде, мысалы банктік картамен, сатушы сатып алушыдан фотосуреті бар жеке куәлігін көрсетуді сұрайтындығын немесе сатып алушының бар қол қою үлгісін салыстыратындығын білдіреді.

4. Авторизация – сатып алушының банктегі шотын тексеру. Авторизация сатушыға сатып алушының есептесуге қажетті сома мөлшері бар-жоқтығын тексеруге мүмкіндік береді.

5. Төлемдер бойынша операциялардың қорғалуы. Бұл Интернет желісіне ұрылардың(хакерлердің) ену жолына кедергілер жасауды және ақпараттардың құпиялылығы мен бүтіндігін сақтау тәсілдерін білдіреді.

Электрондық төлемдер жүйесі келесідей есеп-айырысу формаларын қамтиды:

1. Банктік карталар.

2. Электрондық чектер.

3. Цифрлық ақшалар.

4. Электрондық ақшалар.

Банктік карталар ірі және орта төлемдер кезінде қолданылады. Электрондық чектер мен цифрлық ақшалар шұғыл ұсақ төлемдер кезінде пайдаланылады. Ақша құралдарын электрондық аударуды білдіретін электрондық ақшалар көбіне ірі төлемдер үшін қолданылады.

Электрондық чек – төлемшінің өз банкіне ақшаны аудару туралы нұсқауы жазылған құжат( коммерциялық бағалы қағаз түрі). Электрондық есептік чек қарапайым қағаз түріндегі есептік чектің қасиеттеріне ие. Электрондық чекті сатып алушы әдетте электрондық пошта арқылы ақшалай төлемді алушы болып табылатын сатушыға береді.

Сатушы чекті банкке көрсетіп және сол бойынша ақшаны алады. Содан соң чек сатып алушыға қайтарылады және төлем жасалғандығының дәлелі Цифрлық ақшалар(digital cash) қағаз қолма қол ақшалардың электрондық аналогы. Олардың ақшалай белгілік түрі болады. Цифрлық ақшалар комплект, яғни купондар жиыны болып беретін цифрлар тізбегі. Бұл купондарды шығарған банк әр купонды цифрлық қолмен бекітеді. Цифрлық қол электрондық корреспонденцияны жіберушінің жеке кілтімен хабарды шифрлау жолымен арнайы қол қоюы.ретінде қалады. Сатушы сатып алушыға тауарды жеткізіп береді. Ақшаны алушының компьютеріне купонды бермес бұрын, банк оны өз цифрлық мөрімен куәландырады. Тауар сатып алушысы цифрлық қолма-қол ақша сақтаулы банкке қарамастан оның қайсыбір санын дүкенде жұмсағысы келсе, ол сатушыға қажетті купон санын жай ғана беруіне болады. Сатушы өз кезегінде бұл купондарды банкке тексеру және төлем үшін береді.

Электрондық ақшалар – бұл ақша қаражаттарын шоттан шотқа аудару, салымдар бойынша проценттерді есептеу және қағаз тасушылардың қатысуынсыз электр сигналдарын беру жолымен басқа да аударымдар. Электрондық ақшаларды төлемшіден ақша қаражаттарын аударуға рұқсат алуға мүмкіндігі бар және ақшаны алушымен төлем шарттары туралы келісім жасаған банктер мен ірі фирмалар қолданады. Банктер арасында ақшаны аудару қарапайым банктік желілерді пайдалану арқылы жүргізіледі.

Электрондық ақшаларды аударудың стандартты схемасы: қосымша В [19]

Интернеттегі электрондық төлемдер жүйесін 4 түрге бөлуге болады:

• Анонимді және анонимді емес жүйелер;

• Банктік карталарды және желілік өнімдерді пайдалану;

• Ақшаны электрондық тасушыда тікелей сақтауды қамтамасыз ететін төлемдер жүйесі;

• Банктік шотқа қашықтан енуді қамтамасыз ететін төлемдер жүйесі

Электрондық төлем жүйелерінің Еуропалық мәліметтері базасының бағалуы бойынша , 2002 жыл басында дүниежүзінде интернет - төлем жүйелерінің саны 150-ден асқан.

Интернеттің онлайндық және офлайндық режимінде төлемдерді жүзеге асыруда жаңа және дәстүрлі электрондық төлем жүйелеріне деген сұраныс пен қызығушылықтың артуының бірқатар себептері бар. Осындай себетерге келесілер жатады:

1)жаһандану. Әлемнің түкпір –түкпіріндегі өзара саудада қажет іскер адамдар мен клиенттердің саны өсуде.

2)Ақша нарығындағы бәсекелестіктің өсуі. Бәсекелестіктің өсуі ақша нарығына кірудегі реттеуші кедергілердің төмендеуімен, банкілік емес институттардағы төлем қызметінің белсенділігімен түсіндіріледі. Сондықтан банкілік емес институттар өздерінің қаржылық қызметінің аясын кеңейтіп, шығындарды азайтудың жолдарын іздестіруді жалғастырады. Нәтижесінде банкілер және басқа да қаржылық институттар төмендетпелі маржа жағдайында бұдан шығар жолды тапты.

3)Онлайндық сауданың елеулі өсімі. Фирмалық көтерме сауда секторында, клиенттің бөлшек сауда секторында да электрондық коммерцияның дамуы қауіпсіз әрі ыңғайлы онлайндық төлем әдістеріне деген сұранысты арттырады.

Бір магнитгі карта 2-3 жылға, ал чиптік 5 жылға дейін жарамды, елде салық органдарының жиі есеп беретін заңды тұлғалардың саны — 2,4 млн. Олардың әрқайсысының жоқ дегенде бір ағымдағы есепшоты бар. Әрбір заңды тұлға 2-3 жылда бір рет жаңа есепшот аша алады. [14]

Төлем жүйелерін жасап шығару мен оларды дамытуда коммерциялық банкілер негізгі рөлді атқарады. Коммерциялық банкілер бағдарламамен қамтамасыз етуге тапсырыс беріп, оны жасап шығаруды қаржыландырады. Қазіргі кезде SWIҒТ жүйесі бағдарламамен қамтамасыз етудің тәуелсіз жасап шығарушыларын ынталандырып, банк тарапынан бағдарламамен қамтамасыз етуді таңдауға ерік береді. Интернет-трейдинг бағдарламасымен қамтамасыз етуге сервистік қолдау көрсетіп, оны енгізіп, қолдануды үйреткені, электрондық поштаны бекіткені, қарапайым форма бойынша автоматты есептің электрондық стандартты үлгісі мен төлем жүйесінің қосымша қызметтері үшін коммерциялық банкілер комиссиялық пайыз ұстап қалады.

Коммерциялық банкілердегі төлем қызметінің бағасын орнатудың жаңа қағидаларын модельдеу 3-4-бөлімдерде сарапталған шешімдерге негізделеді. Ол жерде эмиссия мен карталық қызмет көрсетудегі карталық жүйенің комиссиясы бір жағынан ресейлік клиенттердің барлығына тиімді болса, екінші жағынан банк шығындарын жасырып тұрады. [5]