Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Документ Microsoft Office Word.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
99.84 Кб
Скачать

1. Имиджелогия пәні, өзге ғылымдармен байланысы.

Тұлғалық қарым – қатынастылық саласында адам баласы қоршаған ортада тартымдылықты  сезімге ие болуы үшін ерекше сипатты имиджді, келбетті құра білуі тиісті. Адам баласы өзі қоршаған орта мен өзі тарапынан сүйіспеншілікке ие болғаны туралы оң потенциалды сезінсе онда адам баласының ең биіктеу шыңы. Оның өміріндегі кульминациялық кезең. Имиджді өңдеу, жүйелеу, ғылым талпынысты, өзге ғылымдарменен байланыстылықты қажет етеді. Имиджелогияның теориялық және әдістемелік негізі - философиялық, педагогикалық, психологиялық ғылымдардың, этика мен эстетиканың шыңына талпынып жету. Имиджелогияның міндеті - имидждің қалыптасуындағы мазмұны мен ерекшеліктерін ашып көрсету, имидждің негізгі түрлерін анықтап, айшықтау, имидждеудің тиімділігін зерттеу, имидждеу тиімділігін жоғарылату тәсілдерін өңдеу, адам бойындағы шығармашылық ерекшеліктер мен мүмкіншілікті өмірде қолдана білу. Мәселе, имидждің жылжымалы күшінің дамуын анықтау мен осы процесстегі ішкі және сыртқы факторларын қатынастылығын, тұлғаның өз бетінше даму ролімен жолын анықтау. Ғылымның анықтауынша әлеуметті - экономикалық бағыттың қалыптасуына байланысты адамның имиджі де өзгереді, ол қоғамдық қарым - қатынастылыққа байланысты. Атап айтатын болсақ, алғашқы тұрмыстық қоғамда, тартымды образдың қалыптасуы еңбекпен тікелей байланысты болған. Құлдық қоғамда, құлдар құлдықты меңгерушілерге тікелей бағыну рухында тәрбиеленген. Шаруашылықтың феодальдық қоғамында, патриорхиялық дәстүрге сенімділікпен мәжбүрленген, «көлеңкелі үкімет билігі» мырзашылық еткен. Алайда, имидждің қалыптасуындағы класстық сипаттамалары өзгермеген: мырзашылық етуші класс, топ арнайы тәрбие мен білім алады, ол қарапайым адамдар тапшы білім мен тәрбиемен қанағаттанады. Социализм дәуіріндегі ғылымның дамуы, мырзашылық идеологияның тотаритарлық режим уәкілдері жүйесінде қолданылады. Қазіргі заманғы әлеуметті - экономикалық имиджелогиялық қатынастылықтар - демократиялық қоғамды құруда, адамдар арасындағы өзара қарым - қатынастылықтарды жетілдіруде, жалпы адамдық құндылықтармен принциптерде жаңаша имиджі құруда үлкен роль атқарады. Сүйкімді, тартымды образдың технологиясы нақтылай тарихи сипаттамаға иеленуде: ол қоғамның ерекше тұлғаның қажеттілігінде, қоғам талаптарының қанағаттана алу ерекшеіктері. Үшінші мың жылдықтың имиджелогиясы білімнің түрлі салаларының өзара қарым - қатынастылығымен сипатталады. Ол, бірнеше ғылым пәндердің алдыңғы қатарлы жетістіктері мен әдістемелерін қолдана отырып, эмпирикалық материалдардың қарқынды жинақталуымен ерекшеленеді. Имиджелогияның өзге әлеуметтік ғылымдармен жанасуы зерттеу, зерттеу обьектісінің жалпы қауымдастығыменен түсіндіріледі. Ол обьекті - адам. Зерттеу пәні, заты - тартымды, сүйкімді образды құру технологиясы. Тұлға мен қоғамның проблемаларын философия әзірлейді, оның міндеті әлеуметтік дамудың жалпылай заңдылықтарын анықтау.

 

 

Имиджелогия ның негізгі мән  -  мзмұнға  оқыту  салалары

Имиджелогияны дамытудағы психологиялық ғылымның мәні мен мазмұндылығы, тартымды, сұлу образды құру үшін адам психикасына түрлі бағытта әсер етумен түсіндіріледі.  Имиджелогия үшін психологияның барлық негізгі салалары құнды. Жалпы психология, обьекті туралы, оның психикалық қасиеттері мен оны оқыту әдістемелері жайында мәліметтер береді. Имиджелогия өзін - өзі жетілдіру мен білім алу заңдылықтарын зерттейді. Әлеуметтік психология тұлғаның әлеуметтік топтардағы іс -әрекеттілікті психикалық мүмкіншіліктерін, ұйымдасқан және ұйымдаспаған қоғамның психологиялық ерекшеліктерін зерделеп зерттейді.  Имиджелогия үшін - моральдық даму заңдылықтарын, шығу тегін этика ғылымы ретінде маңызды. Этиканың ерекше категориясы - жалпы адамгершілікті құндылықты тануға негізделген саналы идеал. Осы идеал (мұраттылық) - имидждеудің өзіндік бағдарламасы ретінде қызметтеледі. Яғни, барлық ұйымдар мен мекемелердің тәжірибелік іс - әрекеттері ой - саналы идеалмен жүйеленеді. Жеке тұлғаның ой - саналы және моралды дамуы мен аяқтан тұруын қалыптастыра, адамның саналы әлеміне әсер ету жолдары мен әдістемелерін анықтай отырып этикалық ғылым -имиджелогияның теориясы мен тәжірибесіне теңдессіз үлес қосты. Осы заңдылықтарды есепке алмай, ескермей қазіргі заманда тиімді ұжымда адам өзіндік ерекшелікті әлеуметтік тәжірибеге жүйеленген, ол ортада саналы - тәрбиелі күш басым. Іскерлі қарым -қатынастылық процесінде, адам шын жүзінде өз имиджін тексеруге мүмкіншілік алады, белсенді саналы жаттығудан өтеді. Этика саласымен зерттелетін әлеуметті - психологиялық өнегеліктің аспектілері: ұжымның тұлғаға өнегелі әсер етуі, ұжым имиджінің қалыптасуы. Имиджелогияның проблемалары эстетикалық талғамды тәрбиелеумен, тұлғаның шығармашылық мүмкіншіліктерін дамытумен байланысты. Имиджелогия - менеджменттің бір қатар маңызды теоретикалық және практикалық проблемаларымен әзірленеді. Имиджелогияның тұжырымдамалары әлеуметтік педагогика және психология, әлеуметтік - мәдени іс - әрекеттіліктің тараулары, балалармен сыныптан тыс жұмыстарын ұйымдастыруда, демалыс орталығымен жұмыс істеуде, радио жұмысында, теледидар, кино, театр, шоу - бизнес, спортта, саясатта қолдау табуда. Сонымен, имиджелогия ғылым ретінде барлық кешенді әлеуметтік ғылымдармен тығыз байланыста. Белгілі теоретик, имиджелогтар Г.Г.Почепцов, В.М.Шепель өз еңбектерінде іскер адамды, жекелей тұлғалық тартымдылық технологиясымен көру қондырғыларымен сәйкестендіреді.

Қазіргі заманғы менеджердің имиджін қалыптастыру және қолдану – өте қызық тақырыптардың бірі. Қазіргі кезде менеджер имиджін қалыптастыруда көптеген әдістер мен түрлі тренингтер бар. Бірақ бастапқы білімсіз және  жоғарыда қарастырған әдістерсіз имиджді қалыптастыру мүмкін емес. 0000  Сонымен, заманауи менеджер – мамандырылған басқарушы, яғни оның жауапкершілікті жұмысынан, фирма сәттілігінің басты құраушыларының бірі болып келеді.

Соңғы жылдары экономиканың жекелеген секторларының дамуына байланысты, фирма, кәсіпорындардың  менеджерлерінің рөлі арта түсуде. Менеджерге жиі өз фирмасының қиын сұрақтарын шешуге тура келеді,  олар көбінесе критикалық жағдайлар мен күтпеген перспективалардан тұрады. Менеджердің ерекше ісі болып,  адамдармен көп байланыс құруы есептелінеді. Осыған орай, психология, әлеуметтану, ұйымдастыру тәртібінің принциптерінің негіздерін білу қажет. Өз қоластындағылардан қадірлеушілікке жеткенней кейін, олардың ісін ең жақсы жолмен құрастырып, орнатуға тиіс.

Менеджердің профессионалдық ісінің сәттілігі оның жеке қасиеттерінен бағынышты болады. Ұйымдастыру мен іскери қасиеттер өте маңызды. Басқарудың тиімділігі менеджердің авторитет деңгейіне байланысты.

 

Жаңа үлгіні өмірге әкелу әсте оңай емес. Қырық ойланып, жүз толғануға тура келеді. Творчестволық шабыт жоқ жерде қарабайыр үлгі ғана жасалмақ. Сол себепті де нағыз шығармашылықпен жұмыс істейтін сән үлгілеушілерді жинадым. Дүниеде, оның ішінде Қазақстанда енді қайталанбайтын киімге ие болу мен үшін үлкен бақыт деп есептеймін. Жалғыз дана ғана киіммен жүру- аз бақыт емес. Ол жеке адамды басқалардан да дараландырып тұратыны анық. Жұртшылық қаншама шабытпен, ізденіспен, керек десеңіз қиналыспен келетін киімдердің қымбаттығын түсіну керек. Авторлық киім салонынан адам арылмауы – оны түсіну ғана емес, қолдау да болса керек. «Болмасаң да ұқсап бақ» деген қанатты сөз бар. Біз де әлемді мойындатқан және таңдай қақтырған, жалпақ дүниенің жұртын жақсы киіндіруде алдына жан салмаған «Пьер Карден», «Валентина», «Нина Риччи» фирмалар сияқты болғым келеді.Болуға ұмтыламын.

Модалық киімдер жасау, сән әлемінде өз дауысынды айту – басқалар ойлағандай әсте оңай емес. Оның шығармашылық шабытының толғағы өз алдына, қазіргі дүниеде бәрі заңдастырылуы керек. Кез-келген сәнді киімнің алдымен үлгісі қаралады. Ол үшін арнайы кеңестердің отырыстары да болады. Бар тірлік олардың батасымен де тынбақ емес. Енді әлгі үлгінің бүкіл конструкциясы жасалады. Жағасы, жеңі, тіпті түймесі мен тігісіне дейін талдау мен таңдаудан өтеді. Конструкциялық құрылымды бір детальға, тіпті шағын әшекей де таліне төмен баға берілсе, үлгінің жолдама алуына қауіп төнеді. Содан кейін барып оның бәрі қағазға түсіріледі. Түсінікті тілмен айтқанда, сипаттап жазылады. Кейде тіпті матамен, материалмен жақсы жұмыс істеп, одан неше түрлі құбылған киім шығаратын үлгілеушілер өз туындыларын қағаз бетінде сипаттап жазуға шорқақтау келеді. Мұны жаңа, тамаша ән шығарғанымен, оның нотасын түсіре алмайтын композиторлармен салыстыруға болады. Бірақ, өндірістің талабы бойынша сипатталып жазылуы керек. Керек десеңіз, көркемдік кеңестер көп ретте үлгінің өзіне емес, қағаздағы сипаттамаларын талдай береді. Өйткені, олар сол қағаздағы толық сипаттамаларды оқып отырып мұны қандай киім екенін көз алдарына әкеле алады. Мәселен, менің өзім де дәл осылай істеймін.

«Қазақ халық не кигісі келеді?» деген өте күрделі сұрақ. Оған жалпылама немесе жанама жауап бере салуға болмайды. Сондықтан үнемі халықтың қалай киінгісі келетінін, қандай үлгідегі киімдерді іздейтінін анықтаймын. Мода ешқашан ырғалып – жырғалуды көтермейді. Қазақта «таз тарағанша – той тарқап кетіпті» деген сөз бар.

Қазіргі заманда халықтың бірдей киінбейтінін ескерген жөн. Нарықтық қатынастар тұсында тұрғандардың көптеген әлеуметтік топтарға бөлінетіні белгілі. Мысалы, қарттар мен жастарды бірдей киіндіру мүмкін емес. Жастарға ұнаған киімді қарттар жағы ұдайы сынға алып отыратыны даусыз. Оның есесіне қарттардың киім киісіне жастар жағы күле қарайды. Сол себепті де әрбір үлгінің қандай әлеуметтік топқа арналатынына назар аударады. Әр маусым сайын моданың соңғы сөзін  айтуда көптеген өлшемдерді есептеймін. Бірде өте ұзын киімдер мода болса, жыл айналмай жатып сәнге қысқа, келте киімдер еніп жатады. Ендеше қанша ұзындықта немесе қысқалықта болуы керек, қаншалықты кең, қаншалықты тар болуы керек деген өлшемдерді де алдын ала зерттеймін.

Сән әлемі басқа өмірден бөлек дамыған емес. Қайта өмірдің бүкіл өлшемдері мен өрнектері осы модадан көрініс тауып отырады. Әсіресе, Қазақстан Республикасының модадағы жетістіктерінің бастауы, қайнары қазақ халқының мыңдаған жылдық дәстүрінде, тұрмысында жатыр. Міндетім – сол ежелгі дәстүрлер мен бүгінгі талапты ұштастыру. Қазіргі киімнің ең сәнді үлгілерінде қазақтың ұлттық ерекшеліктері, тым болмаса сол ерекшеліктің жұқанасы сақталуын қамтамасыз ету.

Ұлттық қайнарлар мен үшін сарқылмастай көрінеді. Одан осы заманғы кез-келген суретші – үлгілеуші өзінің қиялына қанат, ақылына азық таба алады. Біздің ұлттық бояуларға бай киімдерімізге Батыс елдерінің аса құмартатынын мен «Сымбат» модалар театрының талай елдегі қойылымдары барысында байқадым. Европаны бір бағындырсақ, ұлттық ерекшеліктеріміз бен дәстүрлерімізді көрсете отырып, сол дәстүріміз бен салттарымызды дамыта отырып қана таң-тамаша етерімізді ұғынған жөн.

Файольдің пікірінше, әкімшілік ету- жан-жақты ауқымын белгілейтін басқарудың бір бөлігі және де техникалық, қорғаныстық, бухгалтерлік, әкімшілік салаларын қамтиды. Осы қызметтер арасында әкімшілік әрекет ең маңызды есептелініп, оның элементтері: жоспарлау, басшылық ету, үйлестіру және бақылау анықталған. Сонымен қатар, А. Файоль тәжірбиесінде кең қолдану тапқан басқарудың 14 қағидасын жасап шығарды. Оларға енетіндер: жауапкершілік, жеке дара басшылық, иерархиялық басқару, жеке және жалпы мүдделер үйлесімділігі, мамандандыру, тәртіп,, әділеттілік,, ынта-ықылас, лауазымға сәйкестілік, қызметкерлер тұрақтылығы, орталықтандыру және т.б.

Классикалық мектептің өкілі Л. Урвик Файольдің  негізгі қағидаларын одан әрі дамыта отырып, әкімшілік қызметтің негізі элементтері ретінде: жоспарлау мен ұйымдастыруды, басшылық пен үйлестіруді, есеп беруді және бюджет жасауды атап көрсетті. Аталған элементтер күні бүгінге дейін бірқатар ғылыми зерттеулердің түп қазығы ретінде пайдаланып келеді. Сонымен қатар, Л. Урвик өз еңбектерінде ресми ұйым құрудың қағидаларын жасауға ерекше көңіл бөліп оларды тереңірек тұжырымдады. Оның пайымдауынша, ұйым қызметінің тиімділігіне қол жеткізуде бақылау өрісі мен құрылымының сәйкестілігі,  мамандандыру мен қызмет айқындылығы, құрылымды мұқият  ойластыру мен жауапкершілік шегін белгілеулің маңыздылығы өте зор.

Ұйымдағы басшылық, билік және құрылым құру проблеммаларына көңіл бөліп зеттеуде әкімшілік мектептің келесі өкілі М. Вебер ерекше орын алады. Ол әр түрлі ұйымдарды  талдай отырып, басшы ие болатын билік сипатына қарай ұйымдастырудың негізгі үш кезеңін, яғни харизматикалық, дәстүрлі, идеялды кезеңдерді ажыратып берді. М. Вебер  ұйымдастырудың аталған түрлерін зертей келе, үшінші кезеңге үлкен көңіл бөле отырып, «бюрократтық жүйе қағидаларын» жасап шығарды. Оларға:

  1. нақтылы кңбек бөлінісі;

  2. басқару деңгейлерінің жіктелуі (иерархиясы);

  3. міндеттер бірыңғайлылығымен үйлестіріле қажетті ресми ережелер және стандарттар жүйесін жасау;

  4. «әлеуметтік аралық» пен әділеттілік;

  5. жұмысқа қабылдауда қатаң талаптардың орын алуы жатқызылады.

Адамдық қатынастар мектебі және тәртіптілік тәсілі

20-ғасырдың орта шеніне қарай ғылыми басқару және әкімшілік мектептердің адам факторына жеткіліксіз көңіл бөлуіне жауап ретінде  жаңа бағыт- адамдық қатынастар мектебі пайда болды. Оның өзі классикалық көзқарастағы кемшілікті шешу мақсатында пайда болғандықтан адамдық қатынастар мектебін кейде неоклассикалық мектеп деп те атайды.

Адамдық қатынастар мектебінің көрнекті өкілдеріне: М. Фоллет, Э.Мэйо, Д. Макгрегор, Р. Блейк және т.б. жатқызылады. Бұл бағыттың негізгі қағидасы ұйымдағы бейресми таптардың рөлін анықтау, басқару тәжірбиесіндегі психологиялық және әлеуметтік тәсілдерді қолданудың жолдарын қарастыру болып табылады. М. Фоллет басқаруды «өзгелерді пайдаланып нәтишеге жету» деп анықтаған болса, ал Э.Мэйо еңбек тиімділіндегі психологиялық жағдай маңызын атай келе «бақытты жұмысшылар дегеніміз- тиімді жұмысшылар» деп тұжырымдады. Яғни осы мектеп өкілдерінің ұйғарымы бойынша басшылық қызметкерлерге көбірек көңіл бөліп қамқорлық жасаса, онда олардың қанағаттану сезімі де, еңбек өнімділігі де жоғары болады.

Тәртіптілк тәсіл, жалпы алғанда, ұйымдастыру тиімділігін арттыруда жеке адамдардың мүмкінділіктеріне ықпал ету, тиісті қатынастарды қалыптастыру мақсатын көздеді. Бастапқы өкілдері ретінде В. Герцберг, К. Арджерис, Л. Лайкерт. Олар өз зерттеулерінде мінез-құлық туралы ғылымды қолдануға әлеуметтік әрекеттестікті, басшылық пен билік, ынталандыру жүйелерін сипаттау бағыттарына баса назар аударды.

Басқару ғылымы мектебі Басқару теориясы мен тәжірбиесінің дамып жетілуінде қолданбалы және техникалық ғылым салаларының нәтижелері маңызды орын алады. Математика, статистика, кибернетика пәндері, сондай-ақ, операцияны зерттеу ғылымы басқару саласындағы міндеттер белгілеу және шешім қабылдауда тиімді әдіс-тәсілдер мен формаларды іздестіріп табуға және оларды кеңінен қолдануға жағдай тудырда. Қорыта айтқанда, басқару ғылымының қалыптасып дамуында маңызды орын алатын басқару ғылыми мектебінің қосқан үлесін мына сипатта атап өтуге болады:

  1. жобаларды ойластыру мен қолдану арқылы күрделі  басқару проблемаларын түсінуді тереңдету.

  2. күрделі жағдайда шешім қабылдайтын басшыларға  жәрдем ретінде сандық тәсілдерді дамыту.

Сандық, жүйелік, жағдайлық тәсілдер:

процестік тәсіл, яғни басқаруда өзара байланысты 4 түрлі функциялардың (жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация, бақылау) үздіксіз жиынтығы ретінде ұғыну.

жүйелік тәсіл- өзгермелі қоршаған орта жағдайында мақсатқа жетуде  ұйым қызметінің адамдар, құрылым, міндеттер және технология секілді элементтер жиынтығы беретін іс-әрекет түрінде қарастырылуы.

3 жағдайлық тәсіл- ұқйымдастыру мен басқару шараларының жағдайға байланысты өзгешелік пен дербес сипатта орындалуы. Басқаша айтқанда, мақсатқа жету мен міндетті орындауда қолданылатын басқару әдіс-нысандары ұйымда орын алған мүмкіндіктер мен қиындықтар турасында айқындалып қолданылады.