Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kurstyk_zhumys_Zhazira.doc
Скачиваний:
27
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
351.74 Кб
Скачать

4. Диагностикалық препараттар

Диагностикалық иммундыбиологиялық препараттар жұқпалы ауруларда, аллергиялық жағдайда, ісіктерде, иммунопотологиялық көріністерде кеңінен қолданылады. Диагностикалық препараттардың әсер ету принципі иммунологиялық реакциялармен (антиген-антидене реакциясы; жасушалық реакция) негізделген, олар физикалық, химиялық, клиникалық тиімділікпен тіркелген.

Жұқпалы, жұқпалы емес аурулар үшін бірнеше жүз диагностикалық иммунды биологиялық препараттар жасалған. Солардың көмегімен АИТВ – инфекциясын, вирусты гепатитті, іш сүзегін, дифтерияны (күлді), қызылшаны және басқа да жұқпалы ауруларды; тағамдық, кәсіби және басқа аллергиялық түрлерді; қатерлі ісіктердің орналасуын (бауыр, өкпе, тік ішектің қатерлі ісіктері т.б.); ана мен ұрықтың иммунды қарым-қатынасы, жүктілік; алмастыру кезіндегі тіндер мен мүшелердің сәйкестігі; иммунды тапшылық жағдайларды анықтайды.

Иммунологиялық принциптерге негізделген диагностикалық препараттардың сезімталдығы мен арнайлылығы басқа әдістерге қарағанда жоғары. Моноклонды антидене мен тазартылған антигендерді қолдану диагностикалық препараттардың арнайлылығын одан жоғары арттырды [4].

5. Емдікпен алдын алу иммунды қан сарысуы мен препараттар

Биологиялық өндірісте емдік-профилактикалық қан сарысулары мен иммуноглобулиндер дайындалады, бұларды терапиялық қатаң телімділікке және ауруға күдікті адамдарда профилактикалық енжарлы иммундеу үшін инфекциялық ауру төну қаупі бар деген жағдайларда қолданады.

Сарысу препараттары – жануарлар мен адамдарды емдеуде және спецификалық профилактикасы үшін қолданылады. Оларға: қалыпты және телімді қан сарысулары, плазма, иммуноглобулиндер жатады.

Иммунды сарысуды сәйкес вакциналармен гипериммундалған (қарқанды иммундау) жануарлардың (жылқы, есек, қоян) қанынан немесе адамның иммундалған қанының (донорлы, плацентарлы, абортты қан қолданылады) алады. Гипериммундеудің бірінші сатысында жануарларға 1-2 рет вакцинаны егеді де, содан соң оларды уытты микробтың өндірістік штамының үдірісті түрде көбейтіп отыратын мөлшерімен ұзақ уақыт бойы егіп отырады. Иммунизация циклі аяқталған соң, жануарларды арнайы схема бойынша қансыздандырады. Бөлініп шыққан қан сарысуын жинап, оның тазалығын, зияндығын, белсенділігін анықтайды [6].

Иммундық қан сарысулары нақты бір ауру қоздырғышына үйлесімділігі бар антиденелердің көзі болып табылады. Олар ауруға шалдыққан малды емдеу үшін және аурудың алдын алу мақсатында жүргізіліп отыр. Қан сарысуы егілген организмде енжарлы иммунитет бірер сағаттан соң пайда болып, 12-14 күнге дейін созылады. Мал дәрігерлік практикасында шошқа тілмесіне, жануарлар мен терісі бағалы аңдардың Ауески ауруына, қозылардың анаэробты дизентериясы, мен қойлардың жұқпалы энтеротоксемиясына қарсы қан сарысулары қолданылады. Айта кететін жағдай, гетерологиялық қан сарысулары малдың анафилаксиялық естен тануын немесе сарысу ауруын тудыруы мүмкін.

Нативті иммунды сарысулардан балласты ақуыздарды алып тастау үшін және антиденелердің концентрациясын жоғарылату үшін әртүрлі физико-химиялық әдістерді (спиртті, ферментативті, аффинді хроматография, ультрафильтрация) қолдана отырып тазартады. Тазартылған және концентрацияланған иммунды сарысуды иммундыглобулин деп атайды.

Жануардың қанынан алынған иммунды сарысулы препаратты – гетерологиялық, ал адамның қанынан алынса – гомологиялық деп атайды. Сарысулы препарат белсенділігін антидене титрімен көрсетеді – антитоксиндер, гемагглютининдер, комплемент байланыстырушы вирусты бейтараптайтын және т.б.

Сарысулық иммунды препараттарды арнайы емдеу және жедел алдын алу үшін қолданады. Емдік және сақтандыру әсерінің негізгі механизмі бактериялар антиденелерінің, вирустардың, антигендердің, токсиндердің байланысы мен бейтараптануына әкеледі. Осыған байланысты вирусқа қарсы, антибактериалды, антитоксикалық иммунды сарысулық препараттар болып бөлінеді.

Сарысулық препаратты бұлшықет ішіне, тері астына, тамырға егеді. Препаратты еккеннен кейінгі тиімділік жылдам корінеді және 2-3 (гетерологиялық антиденелер) аптадан 4-5 (гомологиялық антиденелер) аптаға дейін созылады.

Гомологиялық сарысулық препараттар вирусты гепатит, қызылшаның алдын алу және емдеу үшін, ботулизмнің, сіреспенің,стафилококты және басқа инфекцияларды емдеу үшін кең түрде қолданады. Гетерологиялық сарысулық препараттар оларды енгізген кезде аллергиялық асқынулардың болу қауіптілігіне байланысты қатаң шектеулі түрде қолданады.

Денсаулық сақтау тәжірибесінде шамамен 2000-нан астам емдік қан сарысуларының препараттары қолданылады, оларды түрлі инфекциялық аурулармен ауырған адамдарды, жануарларды иммундеу арқылы алынады. Емдік қан сарысулары ұзаққа созылмайтын иммунитет түзеді. Вакцинаны енгізген жерде қандағы антиденелердің қорғанысы 12-24 сағаттан соң түзіледі.

Соңғы уақыттарда иммунды препараттар моноклонды антиденелердің негізінде алынады. Дегенмен, олар әлі де емдеу және алдын алу үшін кең қолданылмайды, тек диагностикалық мақсатта пайдаланылады [4].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]