Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsii_AB_i_KN_kaz_RK_2 (1).doc
Скачиваний:
112
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
494.08 Кб
Скачать
  1. Агроөнеркәсіп субъектілерінің кәсіпкерлік белсенділігін дамытуды қолдау шаралары мен оларды қаржыландыру

14 - кесте – АӨК субъектілерін көктемгі егіс жұмыстарын өткізу үшін несиелеу

Атауы

Несиелеу мақсаты

Мерзімі

Сыйақы ставкасы

Займ сомасы

Кепілдік қамтамасыздығы

«А/ш-ғын қаржылай қолдау қоры» АҚ

Көктемгі егіс жұмыстарын өткізуді несиелендіру

2 ж. дейін

Займ сомасына қарай жылдық пайызы 12%

3 млн-нан артық емес

1) Екінші деігейлі банктердің кепілдемесі;

2) «ҚазАгроКепіл» АҚ кепілдемесі;

3) Астық қолхаттары бойынша өсімдік шаруашылығы өнімінің кепілдемесі;

4) Басқа да өтімдік қамтамасыздық түрлері

«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ

Көктемгі егіс жұмыстарын өткізуді несиелендіру

Тиісті қаржыландыратын жылдың 15 желтоқсанына дейін

1) екінші деңгейлі банктің және «ҚазАгроКепіл» АҚ кепілдемесі – займ сомасына қарай жылдық сыйақысы 8%;

2) астық қолхаттары бойынша өсімдік шаруашылығы өнімінің кепілдемесі, басқа да өтімді қамтамасыздық түрлері – займ сомасына қарай жылдық сыйақысы 12%.

Корпорацияның меншікті капиталының көлемінен 25% артық емес

1) Екінші деігейлі банктердің кепілдемесі;

2) Холдингпен келісе отырып, «ҚазАгроКепіл» АҚ кепілдемесі;

3) Астық қолхаттары бойынша өсімдік шаруашылығы өнімінің кепілдемесі;

4) Холдингпен келісе отырып, басқа да өтімдік қамтамасыздық түрлері

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуші кәсіпорындарды несиелік қаражатпен қамтамасыз етудің балама варианты «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ жарғылық капиталымен қатысуымен құрылған, 2001 жылдан бері жемісті жұмыс істеп келе жатқан ауылдық несие серіктестіктері (11 - кесте).

15 - кесте - Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді несиелендіру

Атауы

Мақсаты

Несие мерзімі

Сыйақы ставкасы

Займ сомасы

Кепілдік қамтамасыздығы

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ

Несие серіктестіктері жүйесі арқылы несиелендіру

- негізгі құралдарға 7 жылға дейін;

- айналым қаражатына 12 айға дейін.

Несиелік серіктестіктерге қатысушыларға жылдық пайызы 4%

Займ көлемі

Заемшының қажеттілігіне және кепілдіктің қамтамасыздық құнына, бірақ Корпорацияның меншікті капиталының көлемінен 25% артық емес

Корпорацияның кепілдікті қамтамасыз ету саясатына байланысты

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ

Шағын бизнесті несиелендіру

- айналым құралдарына 2 жылға дейін (өндіріс циклына байланысты);

- көктемгі егіс жұмыстарын өткізуді несиелендіру 18 айға дейін;

- инвестиция, негізгі құралдарға – 84 айға дейін;

- экспорттық кредиттік агенттер есебінен импорттық құрылғылар мен техникаларды қаржыландыру – 60 айға дейін.

Корпорацияның Несие комитетінің шешімімен, қаржыландыру көзіне байланысты 12пайыздан 20пайызға дейін

1 млн. теңгеден

430 млн. теңгеге дейін

Корпорацияның кепілдікті қамтамасыз ету саясатына байланысты

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ

Мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуді несиелендіру

84 айға дейін

Жылдық сыйақысы 9,5%

Бір заемшыға 8000-нан 40000 АЕК дейін

Корпорацияның кепілдікті қамтамасыз ету саясатына байланысты

  1. ҚР «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» заңының жүзеге асырылуы

1. Жыл сайын патентпен жеке кәсіпкерлік қызметінің түрлері көбеюде

2. 1999 ж. 1 октябрінен бастап шаруа (фермер) қожалықтарына бірыңғай жер салығы енгізілді

3. Бір жолғы талондар енгізілді

4. ШБС тіркеу және жойылу жеңілдіктері

ШБС жеңілдікпен тіркеледі, яғни ШБС, филиалдарын, уәкілдіктерін мемлекеттік тіркеу мерзімі өтініш түскен уақыттан бастап 3 күнде (заңды тұлғаларды 10 күнде) тіркеледі.

ШБС-нен мекен-жайы көрсетілген құжат талап етілмейді.

ШБС-нің Үкімет бекіткен Типтік жарлықпен қызмет етуі тіркеу құжаттарын дайындауды жеңілдетеді.

ШБС тіркеу төлемі – 5 АЕК (заңды тұлғаларға – 20АЕК).

5. ШБС салық жүйесіндегі жеңілдіктері

ШБС арнаулы салық жүйесінде қызмет етеді (жеке тақырыта толық қарастырылады).

6. ШБС қаржылық есебі.

«Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» заңына сәйкес ШБС бухгалтерлік есебі тиісті формалармен жеңілдетілген. Бірақ, аталған жеңілдіктер подакцизді өнімдерді (ішімдік және темекі) өндіру, өңдеу және сатумен айналысатын ШБС-не қолданылмайды.

7. Несиелік ресурстар.

ШБС - жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларды ынталандыру мақсатында, қаржылық қолдау көрсету мақсатында 2003 ж. «Микрокредиттік ұйымдар туралы» заң қабылданды. Аталған заңға сәйкес 1 қарыз алушығы 1000 үлесті АЕК-ке дейін несие беріледі.

ШБС-не 2 деңгейдегі банклерде шот ашу тегін жүргізіледі.

ШБС-не орта мерзімді несиелерді жеңілдік пайызбен беру мақсатында Астана қаласының шағын кәсіпкерлігін дамыту және қолдау бағдарламасы аясында жыл сайын «Астана-Финанс» ААҚ арқылы жергілікті бюджеттен маңызды бизнес-жобаларды несиелендіруге біршама қаражаттар бөлінеді.

8. Мемлекеттің қажеттілігіне өнімді сатып алу.

«Мемлекеттік қажеттілікке сатып алу туралы» заңына сәйкес ШБС біршама жеңілдіктер беріледі.

ШБС-нен нарықта кем дегенде 1 жыл өнімді өткізу тәжрибесінің болуына талап етілмейді.

ШБС-не конкурстық құжаттар тегін беріледі.

2004 жылдан бастап Үкімет тарапынан мемлекеттік қажеттілікке сатып алынатын тауарлар (жұмыс, қызмет) номенклатурасы бекітілді.

9. Лицензиялау.

ШБС-н лицензиялау қысқа мерзімде, яғни 10 күн аралығында, ал заңды тұлғаоарға – 1 ай.

ШБС құқығын қорғау мақсатында лицензия қызметін тоқтату немесе қайтарып алу тек сот арқылы шешіледі, ал басқа лицензиаттар қызметі – уәкілдік ұйым шешімімен тоқтатылуы мүмкін.

10. Жылжымайтын мүлікке құқық.

ШБС-не республикалық мемлекеттік меншіктегі пайдаланылмайтын ғимараттар, қондырғылар 1 жылға дейін жалға немесе сенімділік басқаруға берілуі мүмкін. 1 жыл өткеннен кейін келісім-шарт негіздері дұрыс орындалған жағдайда аталған мүліктер ШБС меншігіне тегін ауысады.

11. Мемлекеттің бақылау функциялары.

Жұмыскерлер саны 10 адамға дейін ШБС-ріне мемлекеттік бақылау ұйымдары тарапынан 3 жылда 1 реттен артық тексеріс болмауы қажет. Аталған шектеу салық ұйымдарына, қылмысты іс ұйымдарына қолданылмайды.

ШБС-не мемлекеттік тексеру ұйымдары тарапынан қаржылық-шаруашылық тексерулер жылына 1 рет жүргізілуі қажет.

Тексеру уақыты қысқартылған мерзімде, яғни 15 календарлы күн.

Тексеруші ұйымның ШБС-мен тексеруден 2 апта бұрын жазбаша хабарласуы қажет, құжатында тексеріс түрі, қарастырылатын сұрақтар көрсетіледі.

Жыл сайын тиісті мерзім аралығында текеріске мараторийлар қойылады.

ШБС-не қосымша жеңілдіктер:

  • Өндірістік бағыттағы және мамандарды дайындаумен айналысатын ШБС-рі жылжымайтын мүлік құқығын тіркеу төлемінен мемлекеттік тіркеу мерзімінен 3 жылға дейін босатылады

  • Өндірістік бағыттағы және мамандарды дайындаумен айналысатын ШБС-не (заңды және жеке тұлғалар) жер телімдерін сатып алу құнын немесе жал төлемін өтеу 3 жылға дейін ұзартылады

  • ШБС-ріне 2 деңгейдегі банклерде шот ашу тегін жүргізіледі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]