Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Путеводитель ТПР каз.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
363.01 Кб
Скачать

4. Ішкі тәртіп ережелері, білім алушылардың құқықтары мен міндеттері

СМЖ/ЭМЖ. 07.ПД.07 – «Ішкі тәртіп ережелері туралы» сәйкес, білім алушылар оқу процессін кредиттік оқыту технологиясы бойынша ұйымдастыру ережелерімен танысу міндетті.

  • кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережелерімен танысуға;

  • оқу пәндеріне тіркелу және қайта тіркелудің бекітілген мерзімдерін сақтауға міндетті.

Білім алушы университет жарғысын және ішкі тәртіп ережелерін сақтауға міндетті.

Білім алушылар оқу пәндерді ЖОЖ сәйкес игереді.

Білім алушы ЖОЖ жоспарланған және сабақ кестесі бойынша қойылған пәндердің барлығына қатысу міндетті. Кейбір ерекше жағдайдаларда, университет әкімшілігінің келісімімен білім алушыға жеке график бойынша сабаққа қатысуға рұқсат етіледі.

Оқуын одан әрі қарай жалғастырғысы келмейтін білім алушы өз еркімен оқудан шығуға құқылы.

Университет жарғысына енгізілген міндеттерді және ішкі тәртіп ережелерін бұзған білім алушыларды университет әкімшілігі тәртіп жөніндегі жазаға тартуға және оқудан шығаруға құқылы.

5. Студенттерді оқу пәндеріне тіркеу және қайта тіркеу тәртібі

5.1 Кредиттік технология бойынша оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері

Бакалавриат білім беру бағдарламасы 4 жыл бойына жүргізіледі. Оқу процесін аяқтаудың міндетті шарты білім алушының міндетті және таңдау компоненттері бойынша бекітілген барлық кредиттерді толықтай меңгеруі болып табылады. Жоғарғы оқу орындары дайындау бағытына байланысты және сапалы білім беру қызметін ұйымдастыру мақсатында қосымша элективті пәндерді өз бетінше таңдайды.

Барлық оқу мерзімінде студент 128-ден кем емес кредиттерді меңгеруі тиіс. Тәжірибелердің барлық түрлері жалпы кредит көлеміне кіреді.

Академиялық таңдау еріктілігі – бұл білім берудің кредиттік жүйесінің негізгі артықшылықтарының бірі; білім алушы оқытушыларды таңдаумен қатар өзінің білім алу траекториясын қалыптастыруға мүмкіндік алады. Осыған байланысты студенттер өз эдвайзерлерінің көмегімен білім беру процесінің мазмұнын және ұйымдастырылуын айқындайтын білім алушының жеке оқу жоспарын толтырады.

Эдвайзер (Advizor) – білім алушының мамандығы бойынша академиялық тәлімгер қызметін атқаратын оқытушы. Эдвайзер білім алу траекториясын қалыптастыруға (жеке оқу жоспарын құруға) және оқу кезеңінде білім беру бағдарламасын меңгеруге атсалысады. Эдвайзерлер білім алушының академиялық мүддесін көрсетеді және оқу процесін ұйымдастырудың ақпараттық материалдарын дайындау мәселелерін шешуге қатысады. (Жеке оқу жоспары, элективті пәндер каталогы, ақпар-кітапша және т.б.)

Тьютор (Tutor) – оқытылатын оқу пәнін меңгеруге көмектесетін тұлға.

Тьютор ретінде сабақтарды жүргізетін, міндетті компоненттегі пәндермен қатар таңдау пәндерін меңгеруге көмек көрсететін оқытушылар бола алады.

Тьютор әрбір білім алушының курсты меңгеру процесін бақылап, жеке орындалған тапсырмаларды және семинар жұмыстарын бағалап отырады, қажет болған жағдайда білім алушыларға көмек көрсетеді және кеңес береді. Сонымен қатар тьютор нақты курсты меңгеру кезіндегі жағдайға жалпы сараптама жүргізеді.

Бірінші курс студенттері үшін алғашқы оқу жылының басында ұйымдастыру аптасы жүргізіледі. Бұл кезеңде бірінші курс студенттері факультетпен, факультет деканатымен, кафедра құрамымен, топ тәлімгерлерімен, эдвайзерлерімен, кітапхана және университет музейімен танысады. Осы кезеңде кафедралар таңдау бойынша пәндердің, тьюторлар мен дәріс оқитын оқытушылар презентациясын жүргізеді. Пәндердің презентациясы студенттерге аталған мамандық бойынша оқу траекториясын дұрыс таңдауға және өзінің жеке оқу жоспарын құрастыруға көмектеседі. Жүргізілген презентациялар қорытындысы бойынша студенттер университеттегі барлық оқу кезеңіне элективтік пәндерді және берілген оқу жылына барлық пәндер бойынша оқытушыларды таңдайды. Пәндерге тіркелу университеттің тіркеу бөлімімен жүргізіледі.

Кредиттік технология бойынша білім берудің еркін траекториясын қалыптастыру, сонымен қатар оқу жоспарының икемділігін қамтамасыз ету мақсатында университетте тьютор кеңесшілер мен эдвайзерлердің академиялық қызметі ұйымдастырылған. Осы арқылы білім алушылар мемлекеттік жалпы білім беру стандартында анықталған кәсіби компетенцияларды меңгеруге толықтай мүмкіндікке ие бола алады.