Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МетодАлгКП.doc
Скачиваний:
109
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.27 Mб
Скачать

3.1.5 Turbo Pascal программасының негізгі командалары

1. Turbo Pascal программасын іске қосу ОС Windows- та қарастырылған кез-келген стандартты іске қосу әдісімен жүзеге асады. (мыс, жұмыс үстеліндегі ярлык арқылы)

Бас меню командаларын таңдауға көшу үшін F1 пернесі қолданылады. Редактілеу режиміне қайту үшін Esc пернесін басу керек.

Анықтаманы алу үшін мына пернелер қолданылады:

F1- контектті-тәуелді анықтаманы алу;

Shift+F1- анықтамалар ішінен керектісін таңдау;

Ctrl+F1- Қажетті стандартты процедура, функция, стандартты тұрақты немесе айнымалы туралы анықтама алу.

2. Есептерді шешу барысында дәрісте көрсетілген программалар үлгісін қолдануға болады. Программа тексті Turbo Pascal ортасындағы тексттік редакторда теріледі.

Кезекті жолды толтырғаннан кейін келесі жолға өту үшін Enter пернесін басу керек.

Турбо Паскаль мəтіндік редакторының жиі қолданылатын командалары.

Курсорды жылжыту PgUp – бір парақ жоғары; PgDn – бір парақ төмен; Ноmе – жолдың басына; End – жолдың соңына;

Ctrl – PgUp – мəтіннің басына;

Ctrl – PgDn – мəтіннің соңына.

Редакциялау командалары

Backspace – курсордың сол жағындағы символды өшіру;

Del – курсор тұрған жердегі символды өшіру;

Ctrl – Y – курсор орналасқан жолды толығымен өшіру;

Enter – жолды курсор бойынша екіге бөлу;

Ctrl Q L – ағымдағы жолды қалпына келтіру (курсор осы жолдан кетпей тұрғанда ғана орындалады).

Мəтін блоктарымен (фрагментімен) орындалатын əрекеттер

Ctrl – К В – фрагмент басын белгілеу; Ctrl – К К – фрагмент соңын белгілеу; Ctrl – К Р – фрагментті баспаға жіберу.

Ctrl – Ins – фрагмент көшірмесін буферге алу;

Shift – Del – фрагментті буферге қиып алу;

Shift – Ins – буфердегі мəліметті курсор позициясына енгізу;

Ctrl – Del – фрагментті өшіру;

Alt – Backspace – соңғы əрекетті болдырмай тастау.

Ескерту. Фрагментті тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйде ұстап, əдеттегідей түрде белгілеуге де болады.

Программаның терілген текстін файлға жазыңыз. F2 пернесімен диалог терезесі шақырылады, мұнда файл атын беру қажет.

Программа қатесін тексеру

Программа текстін дайындағаннан кейін оны орындау керек, яғни оны компилотерлеу стандартты программалар мен функциялар кітапханасымен байланыстырып керек жағдайда, оперативті жадыға жүктеп және оған басқаруды беру қажет. Ол Alt+F9 пернелер комбинациясы арқылы жүзеге асырылады.

Егер программада синтаксистік қателер болмаса, онда іс-әрекеттер бірінен соң бірі орындалады және ол туралы кішкентай терезеде хабарланып тұрады. Жүктелген программаға басқаруды бермес бұрын жүйе экранға программаны орындау терезесін шығарады, ал жұмыс біткен соң экранда редактор терезесін қалыптастырады.

Егер жүйе қандай да болмасын қате тапса, онда ол жұмысын тоқтатып, редактор терезесін қалыптастырады және программаны жүктеу барысында қате табылған жолға курсорды қояды. Мұның барлығы жұмысты тиімді қылады, яғни программада табылған қатені түзеп, оның жұмысының дұрыстығына көз жеткіздіреді.

Программа нәтижесін алу

Ctrl+F9 пернесін басқан соң немесе Run командасы арқылы жүзеге асады.

Read (немесе readln) операторы бойынша берілгендерді енгізу процедурасы шақырылады және программа енгізуді күтуде тоқтатылады. Пернелер тақтасында керекті берілгендерді теріп, ENTER пернесін басу қажет.

ALT+F5 пернесінің көмегімен кез келген уақытта программаны қуу нәтижесінде экранда көрсетілген берілгендерді қарауға болады.

ЖЕКЕ ТАПСЫРМАЛАР НҰСҚАЛАРЫ

y = f1(x) және z = f2(y,a,b) функцияларының мәндерін есептейтін және шығаратын программа құру керек. Есептердің нұқсқалары 3.2-кестеде көрсетілген:

Кесте 3.2 Есептердің нұсқалары

Функция

y = f1(x)

Функция

z = f2(y,a,b)

Енгізу мәндері

x

a

b

1

2

3

4

5

6

3,5

1,8

3,7

8,2

2,2

8,2

8,1

0,8

1,2

4,7

7,6

8,1

3,4

82

2,5

-8

8,7

1,3

2,5

8,7

1,8

2,7

17

11

1

2

3

4

5

6

0,1

1,5

10

2,5

5

6,1

18

-3

8,1

3,7

-2

8,1

2

2

3

4,1

9

3,5

2,5

1,3

3,3

6,1

2,3

2,6

8

1,3

2,5

80

0,8

-2

6,1

8

9,2

-2

7,3

5,1

10

23

1,1

5,2

2,5

7,2

0,6

5

2,1

5

-2

0,7

2

8

4,3

-2

8,1

13

0,2

2

12

0,2

7,1

9

2,2

3,2

6,8

Бақылау сұрақтары

  1. Turbo Pascal тіліндегі бағдарлама, оның жазылу ережесі.

  2. Turbo Pascal тіліндегі бағдарламаның құрылымына тоқталыңыз.

  3. Бағдарламалаудың кезеңдерін атаңыз, олардың ерекшеліктері?

  4. Блок схема дегеніміз не? Блок схемадағы белгілеулерді айтыңыз?

  5. Блок схема арқылы бағдарламаның қандай құрылымда екендігі түсіндіріңіз.

  6. Оператор дегеніміз не?

  7. Программма құрылымы ?

  8. Программада Turbo Pascal тілінде айнымалылар қалай суреттеледі?

  9. Айнымалылардың қандай типтері болады?

  10. Меншіктеу операторының түрі қандай?

  11. Программада операторлар қандай символмен бір-бірінен бөлінеді?

  12. Қандай жағдайларда оператордан кейін нүктелі-үтір қойылмайды?

  13. Қандай процедура ақпаратты баспа шығару үшін қызмет істейді?

  14. Қандай процедура пернелер тақтасынан мәндерді енгізу үшін қызмет істейді?

  15. Қандай функциялар квадратты, түбірді, модульді, санның экспонентін немесе сандық мәндерді есептеу үшін қолданылады?

  16. Turbo Pascal тілінде қандай стандарттық тригонометриялық функциялар бар?

  17. Turbo Pascal ортасында программаны орындауға қалай жүктеу керек?

Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 3, 5