Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Халықаралық туризмнің тарихы оқу-әдістемелік кешен.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
159.89 Кб
Скачать

Әдебиеттер:

Негізгі:

Вуколов В.Н. История и теория международного туризма.-Алматы, 2002.­221 с.

Ердавлетов С.Р. История туризма. Развитие и научное изучения. - Алматы, 2003. - 215 с.

Вавилова Е.В. Основы международного туризма: Учебное пособие. – М.Гардерики, 2005-160 с.

Воронкова Л.П. История туризма и госеприимства: Учебное пособие. – М.: ФАИР – ПРЕСС, 2004-304 с.

Накатков Ю.С. История туризма Казахстана. - Алматы, 2001. - 196 с.

Шаповал Г.Ф. История туризма. - Минск, 1999. - 303 с.

В.А. Квартальнов, «Теория и практика туризма», М., «Финансы и статистика», 2003

Гуляев В.Г. «Организация туристской деятельности», М.: Нолидж, 2006

Қосымша:

«Казахстан - 2030» Н.А.Назарбаев послание президента страны народу Казахстана Алматы

С.Р. Ердавлетов, «Основы географии туризма», Алма-Ата, 1992 г.

Квартальнов В.А. Ввдение в специальность, Москва 2002 – 119 с.

Квартальнов В.А. Туризм, Москва 2002 – 277 с.

Программа развития туризма в РК на 2003-2005 гг.

Интернет көздері

2007-2011 Жж. Арналған туризмді дамыту бағдарламасы.

http://dreamvouage.ru,

http://www.skitalets.ru

http://www.sportall.ru/catalog

www.gorsuv.ru.

http://reklama.rezultat.com

11-Дәріс тақырыбы :Әлемдік туризм индустриясының концепциялары және оның Қазақстан Республикасындағы маңызы.

Дәріс мақсаты: Әлемдік туризм индустриясының даму концепциялары

қазіргі кездегі жағдайы. Қазақстан Республикасындағы маңызы

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: Әлемдік елдеріндегі туризмнің дамуының қазіргі кездегі жағдайын ашу. Қазақстан Республикасындағы маңызын ашу.

Дәріс жоспары

1.Туристік индустрия - бүл әртүрлі өнеркәсіптердің өзара байланысқан жүйесі.

Дәріс тезистері

Туристік индустриядағы қызмет көрсету түрлері: турлар ұсыну жөніндегі қызмет көрсету, тұратын орындар беру жөніндегі қызмет көрсету, тамақтандыру жөніндегі қызмет көрсету, ақпараттық, жарнамалық қызмет көрсету, көлік қызметін көрсету, ойын-сауық, өзге де туристік қызмет көрсетулер.Туризм саласына сәйкес, жеке жиынтықты түсіну үшін, территориялық туристік шаруашылық бірліктің, мамандандырылған материалдық-техникалық базада орналасқан және кәсіпорындағы тауардың, туристік қызмет көрсетуді жүзеге асырудағы, қызметті және басқаруды бір бірлікке біріктіру.

Туристік қозғалысты басқару

Халықаралық туристік ұйымның ресми қабылдауында 1975 жылы Дүниежүзілік туристік ұйым болып бекітілді.

ЭКОСОС-тың келісімімен БҰҰ басты ассамблеясында ДТҰ үкіметаралық ұйым болып бекітілді.

Орналасқан жері – Мадрид (Испания).

ДТҰ-ның негізгі мақсаттары болып саналады:

- тіліне, дініне, жынысына, нәсіліне қарамастан құқықтарының сақталуын қадағалау және құрметтеу, жағдайы жақсаруын, бейбітшілікте болу үшін халықаралық қарым-қатынасты қамтамасыз ету және экономикалық даму құралы ретінде туризмді қолдау;

- дамушы елдердің туризм саласы бойынша қызығушылықтарын бақылау.

ЮНДТҰ-ның барлық мүшелері 3 топқа бөлінген:

  • нақты мүшелері (зайырлы мемлекеттер);

  • ассоциациялық мүшелер;

  • қосылған мүшелер

  • Ассоциациялық мүшелер ЮНДТҰ-ның кез келген мемлекеттік территориясы немесе топтар территориясы болуы мүмкін, олар өзінің ішкі саясатына өзіндік жауапкершіліксіз, ал қосылған мүшелер ЮНДТҰ-ның кез келген үкіметаралық немесе мемлекеттік емес ұйымдар, әсер етуші ұйымдар, туризмге қызығушылықты ұсыну, сонымен қатар коммерциялық ұйымдар және бірігулер, ДТҰ-ның толық қанды немесе қарым-қатынас қызметтері (Мысалы, автокомпания, қонақ үй, банктер, зерттеушілік институттар, баспа топтары және т.б.)

ЮНДТҰ құрамы келесідей:

  • басты ассамблея;

  • атқарушы кеңес;

  • хатшылық.

Бас ассамблея, ЮНДТҰ -ның жоғарғы органы нақты өкілеттен тұратын мүшелер. Кезекті жиналу сессиясы екі жылда бір рет, ал ерекше жағдайларда кезектен тыс сессия ұйымдастырылуы мүмкін.

ЮНДТҰ-ның мүшелер комиссиясы алты регионға бөлінген – мемлекет: Африка, Америка, Шығыс Азия және Тынық мұхит, Еуропа, Таяу және Орталық шығыс, Оңтүстік Азия.

Атқарушы кеңес бас ассамблеяның теңдік географиялық өкілділікті сақтай отырып сайланады, бес негізгі мүшеге кеңестің бір мүшесі тура келеді. Испания ЮНДТҰ орналасқан мемлекет ретінде кеңес мүшесіне кіреді. Сонымен қатар кеңеске дауыс беру құқығы жоқ, бірлескен және қосылған мүшелерден бір-бір өкілден кіреді. Атқарушы кеңестің кепілдемесіне сүйене отыра, бас ассамблея қайта сайлану мүмкіндігімен төрт жылға сайланады. Ол ЮНДТҰ-ның заңды өкілі болып табылады және өзінің жұмысында орынбасары мен жалпы сұрақтар бойынша координатордың көмегіне сүйенеді.

Бас ассамблея хатшысы мен кеңестің алдында жауапты, екі органында жарғыларын орындайды, кеңеске ЮНДТҰ-ның қызметі туралы баяндайды, сондай-ақ бюджет және жоба бағдарламаларын орындайды. Бас хатшы секретарь бірлескен және қосылған мүшелермен қарым-қатынасты қолдауға тапсырған жергілікті өкілдерді тағайындайды.

ЮНДТҰ туризм сұрақтары бойынша декларация қабылдаған. Олардың ішінде:

  • туризм және әлем туралы Манила декларациясы (1980 жыл);

  • Акапулька құжаты (1982 жыл);

  • туризм Хартиясы және туристің мінез-құлық кодексі (1985 жыл);

  • туризм жөніндегі Гаага декларациясы (1989 жыл).

Бас ассамблея екі жыл сайын ЮНДТҰ-ның қызметінің бағдарламасын қабылдайды. ЮНДТҰ жинақтайды және ақпараттың мәлімет банкін ұсынады.

Туристік инфрақұрылым дамуын мемлекеттік және салалық жоспарлау

Жер бетінің түпкір-түпкірінде туристік қызметті мемлекеттік және басқару ұйымдары жағынан әртүрлі деңгейде қолдаумен қамтамасыз етіледі. Ауқымды қарама-қарсылықты табу үшін әртүрлі мемлекеттегі туристік инфрақұрылымның даму жоспарын құрастырып көрейік!

Туристік қызметтен табысының басым бөлігін алатын елдердің туристік инфрақұрылымының дамуы, сол мемлекеттегі туризмнен түсетін пайдаға сәйкес деңгейде орналасқан (сол мемлекеттерге мынадай таулы елдер жатады: Швецария, Австрия т.б.; кішкене арал мемлекеттер: Бериз, Барбодос, Гваделупе т.б.). Бұл факторды былай түсіндіруге болады, негізгі табыс көзі - туризм және туристік инфрақұрылымның дамуы, көп елдер ең алдымен өздерінің пайдасын көздейді. Келесі мемлекеттер тобына туристік инфрақұрылымның даму негізінен жетілдірудің орта этабында орналасқан және туристік қызметтен басқа өз бюджетін толтыра алатын басымды қайнар көзіне ие мемлекеттер. Олар - Италия, Испания, АҚШ және т.б. мемлекет тарабымен туристік салаға өз уақытында назар аударған және олар ол салада берік артықшылығы бар, қосарлы дамитын жан-жақты экономикаға ие мемлекеттік қазынаға жақсы пайда әкелетін елдер.

Үшінші топқа туристік қызметте тұрған көптеген мемлекеттер жатады. Осы категорияға біздің мемлекетімізді жатқызуға болады және коммунистік жүйе құлаған соң пайда болған көптеген мемлекеттер жатады. Осы жерде туристік қызметке қажетті назар аударады, бірақ жылдар бойы құрылған экономикалық басқа нұсқалар әсер етеді.

Ұлттық туристік әкімшіліктер қызметі

Туристердің назарын отандық нарыққа аударту үшін ең басты назар өнімнің сапасы мен бағасында болу керек. Өнімнің сапасымен бағасының сәйкестігі - отандық туристік кәсіпорындардың басты сегменті, біздің азаматтарымызға қажетті ақпаратты жеткізе білу болып табылады. Шетелде демалуға ұсыныстар ағымы басым болады. Себебі, оларға төмен бағаға жоғарғы деңгейдегі қызмет ұсынған. Отандық туристік ұйымдардың көрсететін қызметтерінің сапасы мен бағасы сәйкес болу үшін бәрінен бұрын материалдық-техникалық базаны жаңалау мен жетілдіру қажет. Қазіргі таңда туристік бизнестің, отандық кәсіпорындардың деңгейі өздерін жаңаландыруға, қайта қалпына келтіруге, кеңейтуге толық қаржыландыру мүмкін емес екендігін көрсетеді. Осы жағдайда мемлекет тарапынан қаржылық көмектің өте қажет екені білінеді. Қаржылай көмек көрсету арқылы мынаған ие болады:

  • қаржының тез қайтуы (4-8 жыл);

  • шикізатты жұмсамай ұлттық табысты көбейту;

  • халықтың жұмыспен қамтылуы жоғарлауы;

  • валюта ағымының көбеюі.

Туризм саласында қатынасты реттейтін негізгі үкіметті функциялар: туристік қызметті бақылау және тепе-теңдігін сақтау, оның дамуы, мемлекеттік деңгейде маркетингтік зерттеулер, жоспарлау, құқықтық сұрақтар, қаржыландыру

Мемлекеттің туристерді қолдауда ұсынған негізгі шаралары:

  1. Туризм сферасының жөндеу жұмыстарына шетелден әкелінетін құрал-жабдықтары мен құрылыс материалдарына төленетін баж салығынан босатылуы.

  2. Капиталдық салым көлеміне байланысты туристік санаториялық саласының материалдық базасын инвестициялаудағы федеральді салықтардан жартылай немесе толық босатылуы.

  3. Туристердің материалдық-техникалық базасын жетілдіру мен дамуына жеңіл несиелер беріледі, (7-10% жылдық) төлемдерді 2-ден -10 жылға дейін кешіктіру.

Осы жағдайда мемлекетте туристік фирмалар ұтады. Себебі, халықаралық туризм әлемдегі ең пайдалы бизнес болып қала береді. Тағы басқа шаруашылық қызметінің саласы сияқты туризм индустриясы да күрделі жүйе болып табылады. Даму деңгейі елдің экономикасының дамуына тәуелді болады. Қазіргі таңда өндіріс дамыған елдерде 60% астам шетелдік туристерді қабылдау және 70-75% әлемдегі жасалатын сапаны құрайды. Еуропалық Одаққа кіретін елдерге 40% туристік кірісімдер және валюталық түсімдер құрайды.

Қазақстанда туризм - дамып келе жатқан сала. Барлық туристік қызметтің барлық саласында мемлекеттік құрылым негізінде, сонымен қатар жаңадан пайда болған турбизнестің жұмысының жаңа формаларын іздеу, ұсыныс сферасының кеңейуі, мамандандырудың тереңдеуі жүріп жатыр. Қазақстандық турфирмалар ұсынған қызметтердің сапасы мен бағасын қоярда көптеген жұмыс атқаруға тура келеді. Соларға көмек ретінде ҚР-ның туристік қызметінің негіздері туралы заңы және басқа нормативтік актілер, “халықаралық туристік қызметтің лицензиялануы туралы ” қаулы қабылданды.

Туристік қажеттіліктерді толығымен және жалпы қанағаттандыру, туристік индустрия объектілерінің және ұйымдарының, барлық жұмысының жабдықталған координациясының жиынтығын талап етеді.

Туристік жүйенің құрылымы

Туристік жүйенің құрылымын немесе өнеркәсіпті, кейінгі бейнеге қарап түсінуге болады

  1. Ойын-сауық өнеркәсібі, туроператорлардың немесе турагенттердің қызметі, тасымалдаушы, мерекелік экскуриялық-танымдық ұйымдар (туризм өнеркәсібі).

  2. Қонақжайлылық өнеркәсібі, қызмет көрсетудегі маңызды өнеркәсіптер, орналастыру өнеркәсібі, тамақ өнеркәсібі.

  3. Жаһандық компьютерлік байланыстар

Қонақ үй кәсіпорны барлық туристік өнімнің базасы болып табылады. Орналастырудағы қызмет көрсету барлық уақытта пакет құрамына кіреді. Тасымалдаушы саяхаттаудың негізгі бір бөлігі болып табылады, себебі ол қоршаған ортадағы орын алмастырудың белгілерін көрсетеді.

Туристік индустрия - бүл әртүрлі өнеркәсіптердің өзара байланысқан жүйесі. Яғни , туристерге көрсетілетін қызмет және туристерге қажетті тауарлар және керекті заттар шығаратын кәсіпорындар жиынтығы. Туристік саяхат барысында барлық қажетті талаптармен қамтамасыз етіледі. Туризмнің қарқынды дамуы экономиканың, шаруашылық өнеркәсіптің, ғылым және мәдениеттің, білімнің жүйесіне үлкен әсер етті.  Туризмді дамытудың мақсаты Астана қаласының тартымды туристік бет-бейнесін, ел орданың бәсекеге қабілетті туристік-рекреациялық саласын қалыптастыру болып табылады. 2000 жылдан 2005 жылдар кезеңінде Астана қаласына келу туризмінің көрсеткіштері 14,1-ден 31,9 мың адамға дейін, шығу туризмі – 6,9-дан 31,8 мың адамға дейін, ішкі туризм – 71,2-ден 187,7 мың адамға өсті. Туристік фирмалардың саны 2000 – 2005 жылдар бойы – 7-ден  54-ке дейін ұлғайды. Сонымен бірге басқа өңірлерден туристік фирмалардың 9 филиалы мен өкілдігі жұмыс істейді. Ұсынылған жұмыстар мен туристік қызметтердің көлемі  2000 жылы 1,9 млрд. теңгеден 2005 жылы 4,5 млрд. теңгеге ұлғайды. 2005 жылы туристік ұйымдардың қызметінен алынған кірістер 1,7 млрд. теңгені құрады. «Астананың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» атты мемлекеттік бағдарламаның қолданыстағы кезеңінде қонақүйлер саны 28-ден 63-ке дейін ұлғайды. Олардың 80%-дан астамын қосымша демалыс орындары мен сервис және тамақтандыру объектілері (мейрамханалар, дәмханалар) қамтиды. Астананың қонақүй кешенінің бір мезгілде 2,5 мың адамға дейін қабылдауға мүмкіндігі бар. Астана қаласында бос уақыт өткізетін, демалатын және туристер баратын объектілердің желісі кеңеюде.  

Проблемалары: кинотеатрлар (500мың тұрғын адамға небары2), ойын-сауық объект ілерінің саны жеткіліксіз, шетел туристерін тартуға мүмкіндік беретін этноорталық; тұрақты, сондай-ақ чартерлік шетелдік авиарейстер санының аздығы.Туризмді дамытуды көлік шығындарының жоғары болуы шектейді.Туристік  қызмет үшін мамандандырылған автокөлік кәсіпорындары жоқ; электрондық броньдау және сапарларды жоспарлау жүйесі жасалмаған;туристік өнім ретінде Астананың бейнелік мәні кешенді түрде ұсыну жүзеге асырылмайды;келуші және ішкі туризм қала экономикасы үшін маңызды мәнге ие индустрия ретінде қалыптаспаған;кадр және материалдық-техникалық ресурстары жоқ шағын туристік фирмалардың басымдығы туризм саласындағы инвестициялық салым дарды дамытуға ықпал етпейді;туристік қызметтің экономикалық тиімділігін кешенді объективті түрде есепке алу жоқ.

Бақылау сұрақтары :

Туристік объектінің мінездемесі.

Туристік объектінің рөлі.

Туристік инфрақұрылымның мағынасын айтыңыз.

Туристік саланың даму мағынасын ойланыңыз және айтыңыз.

ДТҰ-ның туризмдегі рөлін айтыңыз.

Туризмнің адамдар өміріндегі маңызы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]