Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ебек орау блімі.doc
Скачиваний:
25
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
176.13 Кб
Скачать

5.2 Қауіпті және зиянды факторларды азайту нормалары

Санитарлы ережелер және нормалар СанЕН N 1.01.2004.01 ЭЕМ жұмысты ұйымдастыру шарттарының 5.2.6 тарауындағы, жұмыс орны аяққа арналған тіреуіштермен жабдықталмағаны анықталды.

Істелетін жұмыс сипаты эргономикалық талаптарға сай болуы керек.

Жұмыс үстелінің құрылымы электронды есептеуіш машинамен жұмыс істегенде тиімді жұмыс позасын қамтамасыз етуі керек, шаршауды болдырмау және дене бітімінің бұзылмауы үшін мойынның және арқа еттеріне күш түсіруді азайту мақсатында дене қалпын өзгертіп отыруға мүмкіндік туғызуы керек. Отыратын орындық көтерілетін-бұрылатын және оның артқы бөлігінің биктігі, көлбеу бұрышы бойынша да реттелетін болуы керек. Сонымен қатар орындық арқасы мен отыратын жердің аралығы қалаған жағдайға келтірілетіндей болуы тиіс [3].

Орындық арқасы, отыратын беті және басқа элементтері жұмсақ болғаны жөн, жылжымайтындай, электрленбейтіндей, кірден тез тазартуға болатындай болғаны қолайлы.

Видеомонитор экраны пайдаланушы көзінен қолайлы 70-80 см, 50 см-ден кем емес қашықтықта болуы керек. Әріптер, сандық белгілер мен символ-дар мөлшері де есепке алынады.

Үстелдің жұмыс істеу бетінің биіктігі 60-80 см шамасында реттелетіндей болуы керек; ондай жағдай мүмкін болмайтын жағдайда үстел бетінің биіктігі 72,5 см-ден кем болмауы тиіс.

Жұмыс үстелі аяқтар үшін 60 см биіктіктен кем болмауы тиіс; ені – 50 см-ден кем емес, тереңдігі тізе деңгейінде – 45 см-ден кем емес және созылған аяқ мөлшерінде – 65 см-ден кем болмауы керек.

Жұмыс орнын ені 30 см-ден, тереңдігі 40 см-ден кем емес, биіктігі 15 см шамасындағы және тірек бетінің көлбеу бұрышы 20-қа дейін болатын аяққа арналған тіреуішпен қамтамасыз ету ұсынылады.

Перне тақтасын мүмкіндігінше биіктігі бойынша реттеп отыруға болатын арнайы бетке орналастырған жөн, немесе пайдаланушы жағынан қарағанда үстел бетінің қырынан 10-30 см қашықтықта орналастыру керек. Перне тақтасының монитордан қашықтығы 30 см-ден кем болмауы керек.

Электронды есептеуіш машина және дербес компьютермен жұмыс істеудегі еңбек режимі мен демалыс еңбек түрі мен категориясына байланысты ұйымдастырылуы керек. Еңбек ету ауыр-лығы мен қауырттығына қарай 3 категорияға бөлінеді; олардың әрқайсысы өз алдына 3 топқа жіктеледі:

А тобы – электронды есептеуіш машина экранынан алдын-ала сұранылған ақпараттарды есеп-теу бойынша жұмыс;

Б тобы – ақпаратты енгізу жұмысы;

В тобы – электронды есептеуіш машина мен ауызекі сөйлесу режиміндегі шығармашылық жұ-мыс.

Берілген бағдарламамен жұмыс істеу В тобына жатады.

Жүргізілген зерттеу негізінде келесідей талаптарға сәйкес келмеушіліктер анықталды:

  • бөлмеде ауа ылғалдатқышы жоқ;

  • салқындатқыш жоқ;

  • кей жағдайларда шу деңгейі нормадан асады;

  • жұмыс орнында аяқ тіреуіші жоқ;

Жоғарыдағы айтылған сәйкес келмеушіліктерді жою немесе азайту үшін төмендегідей шаралар қарастырылады:

  • бөлмеде ауа ылғалдатқышын қолдану қажет;

  • салқындатқыш орнату керек;

  • шу көздерінің бірдей жұмыс істеуін шектеу немесе процессор салқындатқыштарын шу деңгейі төмен түріне алмастыру;

  • жұмыс орнына ені 30 см, тереңдігі 40 см шамасындағы, биіктігі 15 см реттелетін және бұрылу бұрышын өзгертуге болатын аяқ тіреуішін орналастыру керек.

Әрбір компьютерде жұмыс атқарып жатқан адам, мейлі ол маман болсын, немесе бірінші рет компьютерде отырса да, міндетті түрде техника қауіпсіздігін сақтауы керек. Жұмыс кезінде монитордың жарық шығаратын құбыры жоғары кернеуде болады. Аппаратураны, сым жүйелері мен мониторды дұрыс қолданбасаңыз, электр тоғынан қатты зақымдануға және аппаратураның күйіп кетуіне әкеп соғады [2].

Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар төмендегідей:

  • Дербес компьютерді іске қосу кезінде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесіз жалғанғанына көз жеткізу керек;

  • Жұмыс жасау кезінде сымдардың дұрыс жалғанғандығына ерекше көңіл бөлінуі керек.

  • 60-70 см қашықтықта бүкшімей, еңкеймей, денені тік ұстап, жұмыс істеу қажет, үнемі көзілдірік киіп жүретіндерге көзілдірікпен ғана жұмыс істеу керек.

  • Дисплейде 20 минут жұмыс істеген соң, 5 минут демалған жөн.

  • Жұмыс үстелінің құрылымы жұмыс істейтін бетке қолданылатын құрал-жабдықтардың ыңғайлы орналасуын қамтамасыз ететіндей болуы керек. Бұл жерде олардың саны, ерекшеліктері (монитордың, жүйелік блоктың, перне тақтасының өлшемдері) ескерілуі тиіс.