ылмысты істі з ндірісіне абылдау туралы
.docxҚылмыстық істі өз өндірісіне қабылдау туралы
ҚАУЛЫ
Алматы қаласы 12 қаңтар 2015 жыл
Алматы қаласы, Бостандық ауданының ІІБ-ның ТБ-нің тергеушісі полиция лейтенанты С. Стамкулов азаматша А.Б. Ахметованың сотқа дейінгі тергулерінің бірыңғай тізіліміне 2015 жылдың 11 қаңтарда тіркелген арызын қарап,
АНЫҚТАДЫМ:
11.01.2015 ж. шамамен 17.00 сағатта Алматы қ., Бостандық ауд., ІІБ-на 21.08.1981 ж. туылған азаматша Ахметова Айман Болатқызы, Алматы қ., Бостандық ауд., Темирязева көшесі, 22-үй, 10-пәтер тұрғыныны, оның күйеуін 01.01.1967 ж. туылған Ермеков Арман Асқарұлын, қонаққа келген «Асқар» есімді бұрынғы жолдасы, ас бөлмедегі, үстел үстіндегі пышақты алып, екі-рет сұғу арқылы өлтіргені туралы хабарлама түсті.
Осы қылмыстың салдарынын Ахметова Айман Болатқызы асыраушысынан айырылды.
Бостандық ІІБ-ның бастығы осы қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергуді жүргізуді маған тапсырды.
Ахметова Айман Болатқызының арызында сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыру үшін толықтай себеп болуына байланысты, ҚР ҚПК 179, 180 бабтарының 2 бөлігін басшылыққа ала отырып,
ҚАУЛЫ ЕТТІМ:
-
Қылмыстық істі өз өндірісіме қабылдау және тергеуді бастау;
-
Арыз бойынша №15751503501112 қылмыстық іс нөмірін тағайындаумен сотқа дейінгі тергеуге кірісу;
-
Қаулының көшірмесін қадағалаушы прокурорға жіберілсін.
Алматы қаласы Бостандық ауданы
ІІБ-ның ТБ-ның тергеушісі
полиция лейтенанты С. Стамкулов