- •ҚазГзу гуманитарлық заң колледжі
- •3. Мәдениет мектептері
- •Алғашқы қауымдық мәдениет
- •1. Алғашқы қауымдық мәдениет ерекшеліктері
- •2. Әлеуметтік ұйымдасудың қалыптасуы.
- •3. Алғашқы қауымдық діни көзқарастар
- •Қазақстан территориясындағы тас дәуірінің археологиялық мәдениеттері
- •Алғашқы қауымдық мораль
- •Көне Шығыс өркениетінің ерекшеліктері
- •Ежелгі Египет өнерінің түрлері мен жанрлары
- •Ежелгі Египет мәдениетінің әлемдік мәдениетке ықпалы
- •Көне кезең мәдениеті
- •Көне Рим мәдениеті
- •Көне Греция
- •Ортағасырлар мәдениеті
- •2. Европалық ортағасырлар мәдениеті.
- •Қайта өрлеу мәдениеті және Жаңа кезең мәдениеті
- •1. Қайта өрлеу қайнар көздері
- •2. Ренессанстың гуманистік дүниетанымы.
- •3. Қайта өрлеу дәуірінің әдебиеті мен театр.
- •Жаңа заман мәдениеті
- •19 Ғасыр мәдениеті
- •19 Ғ. Басының сәулет және мүсін өнері.
- •2. Сыншыл реализ жүйесі.
- •19 Ғасыр мәдениетіндегі индивидуализм
- •1. Импрессионизмнің негізгі өкілдері
- •2. Постимпрессионизмнің негізгі өкілдері
- •19 Ғ. Орыс мәдениеті
- •19 Ғ. Бірінші жартысындағы орыс ғылымы
- •19 Ғ. І жартысындағы орыс әдебиеті.
- •19 Ғ. І жартысындағы орыс өнері.
- •19 Ғ. Іі жартысындағы әдебиет.
- •19 Ғ. Іі жартысындағы орыс көркемсуреті.
- •19 Ғ. Іі жартысындағы музыка.
- •19 Ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
- •19 Ғасырдағы халық ағарту ісі.
- •19 Ғ. Ақындары.
- •19 Ғ. Қазақтардың музыка өнері.
- •Модернизмнің негізгі бағыттары
- •20 Ғасырдағы Батыс мәдениеті
- •20 Ғ. Әдебиеті
- •20 Ғасырдағы Ресей мәдениеті
- •20 Ғасырдағы Қазақстан мәдениеті.
- •20 Ғ. Басындағы қазақ әдебиеті.
- •Буддизмнің шығу тегі және оның негізгі бағыттары
- •Христиан дінінің шығу тегі және оның негізгі бағыттары Жоспар
- •1. Христиан дінінің пайда болуы
- •2. Жаңа Өсиеттің мәні мен маңызы
- •3. Қасиетті Үштік туралы христиан ілімі
- •4. Шығыс христиандық.
- •5. Католицизм.
- •6. Протестантизм.
- •Исламның шығу тегі және оның негізгі бағыттары Жоспар
- •2. Құранның шығу тегі, маңызы мен формасы
- •3. Мұсылман ілімі
- •4. Исламдағы діни заң.
- •5. Исламның бағыттары
20 Ғасырдағы Батыс мәдениеті
20 Ғ. Әдебиеті
20 ғасырдың әдеби ағымдары көркемсурет ағымдарына жақын болды.
Ғасыр басындағы әдебиет әлемі – контрастілерге толы, қираған адамдар тағдырына толы болып табылады.
Поэзияда бұл – П.Элюар, Л.Арагон, И.Бехер, Ф.Гарсиа Лорка; прозада – Франц Кафка («Процесс», «Бекініс»,» «Америка») және Роберт Музиль («Қасиеттерсіз адам»).
Ғасыр ортасындағы әдебиет әлі де дағдарыс кезеңін басынан кешірді.
Әдебиетте маңызды орынды экзистенциалистер алды: Ж.П.Сартр, А.Камю, А.Мальро, С.де Бовуар, Г.Марсель, Ж.Ануй, Д.Болдуин, У.Голдинг.
Осы кезеңге Б.Шоу, Г.Уэллс, Р.Олдингтон, Д.Б.Пристли шағырмашылығы жатады.
Ғасыр ортасына керемет американдық жазушы Эрнест Хэмингуэйдің шығармашылығы жатады («Фиеста», «Қош бол, қару!», «Карт және теңіз»).
20 ғасыр аяғындағы әдебиет постмодерн ағымымен байланысты (Л.Кавани, П.Позолини, П.Гринуэй, У.Эко, М.Кундер).
Кинематограф
1895 жылы ағайынды Огюст және Луи Люмьер синематографты ойлап тапты (пленканы проекциялық фонармен қосты) және алғашқы документалды фильмдердің авторларына айналды («Поездың келуі», «Су құюшы»).
Ғасырдың басында Петербург технологиялық институтының профессоры Б.Л.Розинг электронды-сәулелі трубканы (кинескопты) ойлап тапты, кейін әлемді тұңғыш болып лабороториялық жағдайларда бірнеше метр қашықтықта бейнені бейнелеуді жүзеге асырды.
Ғасыр басында түрлі кинематографиялық жанрлар: детектив, комедия, вестерн, шым-шытырық фильмдер пайда болды.
20 жылдары Д.Гриффит пен Т.Инс сияқты американдық режисерлер арқасында кино бұқаралық өнерге айналды.
Ч.Чаплинмен жасалған фильмдер әлемдік кино өнерінің алтын фондын құрады («Алтын лихорадка», «Цирк», «Иық»).
Ресейде 20 жж. С.Эйзенштейн, В.Пудовкин, А.Довженко секілді танымал режисерлер қызмет етті.
1927 ж. «Уорнер бразерс» киностудиясында бірінші дыбысты фильм – «Джаз әншісі» фильмі жасалды, режисері А.Кросленд.
Ресейде бірінші дыбысты фильмдер 30-жж. басында пайда болды – «Өмірге жолдама», режисері Н.Экк және «Қарсы келе жатқан» режисерлері С.Юткевич, Ф.Эрмлер.
Кинематограф шедеврлері әр түрлі елдерде пайда бола бастады: Италия (Феллини, Антониони), Франция (Годар, Лелуш, Бессон), Германия (Херцог, Фасбиндер, Вендерс), Англия (Гринуэй), Россия (Тарковский, Параджанов).
20 Ғасырдағы Ресей мәдениеті
20 ғ. басында орыс көркем мәдениетінде декаденттік ағым кең тарады (азаматтық идеалдардан, санаға сенімнен бас тарту, индивидуалистік ой толғауларға ену).
Модернизм белгілері орыс өнерінде символизмде, акмеизм мен футуризмде көрініс тапты.
Символистердің көркем және публицистикалық органы «Таразы» журналы болды. Оның беттерінде орыс символистерінің әртүрлі теоретикалық, философиялық, эстетикалық тамырлары бейнеленді.
Бұл бағыттың өкілдері Д.Мережковский, Ф.Сологуб, З.Гиппиус, В.Брюсов, К.Бальмонт («аға символистер»), А.Белый, С.Соловьев, В.Иванов, А.Болк («кіші символистер»).
Акмеизм жақтаушыларының символистерден ерекшелігі, олар нақты болмысты дәріптеді (А.Ахматова, С.Городецкий, М.Зенкевич).
1910-1912 жж. орыс әдебиетінде футуризм ағымы пайда болды.
Футуристік топтар ішінде ең маңыздысы,кейін кубофутуризм деп аталған, өзінің құрамына келесідей ақындарды біріктірді: Д.Бурлюк, В.Хлебников, А.Крученых, В.Каменский, В.Маяковский.
Футуризмнің бір түрі эгофутуризм болды, өкілі И.Северянин.
Футуристер тобында «Центрифуга» деп аталатын топтың мүшелері Н.Асеев пен Б.Пастернак болды.
Футуризм нигилистік бағыттың ең жоғарғы деңгейі болды.
20 ғ. басында орыс философиясы жоғары өрледі.
Бұл кезеңнің ең жарқын фигурасы Владимир Соловьев болды.
Оның «Адамқұдай» концепциясы кең тарап, орыс діни философиясының әрі қарайғы даму бағытын анықтады.
Кеңес кезеңінің мәдениеті.
КСРО-ның өмір сүруі кезеңінде социалистік қоғамды құру туралы утопистік идея бірқатар маңызды және нақты мақсаттарға жетуге мүмкіндік берді.
Бірінші кезекте, бұл жалпыға бірдей сауаттылық пен ғылым мен техниканың дамуы болды.
1905 ж. Ресей халқының 30 % сауатты болды, 1939 ж. бұл көрсеткіш 90 %-ға, ал 1970 ж. – 100 %.
Қатаң идеологиялық негізге қарамастан, социалистік реализм шеңберінде көптеген жетіктіктерге қол жеткізілді: фильмдер түсірілді, кітаптар мен өлеңдер жазылды.
Орыс жазушылары Нобель сыйлығының лауреаттары атанды: Б.Пастернак (1958 ж.), М.Шолохов (1965 ж.), А.Солженицын (1970 ж.), И.Бродский (1987 ж.).
Шетелдік орыс мәдениеті
Қазан революциясынан кейін орыс интеллигенциясының көп бөлігі елден кетіп, шетелдік орыс мәдениетін қалыптастырды.
Шетелдік орыс мәдениетінің ерекшелігі – ол революцияға дейінгі Ресейдің құндылықтарын сақтап қалды.
Орыс эмиграциясының үш толқынын бөліп қарастырады.
Бірінші толқыны – революциядан көп ұзамай Ресейден кеткен адамдар. Бұл – азамат соғысы кезінде европаға қашқандар және 20жж. кеңес билігімен күштеп шетелге қуғынданғандар, дворяндар мен интеллигенция. Барлығы 10 млн.-нан аса адам. Олардың ішінде В.Набоков, И.Бунин, З.Гиппиус, С.Рахманинов, И.Стравинский, В.Нижинский сияқты мәдениет қайраткерлері.
Эмиграцияның екінші толқыны Ұлы Отан соғысымен байланысты.
Үшінші толқын – 1960-1980 жж. КСРО-дан кеткендер (А.Солженицын, В.Аксенов, И.Бродский, А.Синявский, С.Соколов, М.Шемякин).