Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хал.туризм даристер.doc
Скачиваний:
43
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
457.22 Кб
Скачать

14.1.Қазақстандағы туризмның даму кезеңдері

14.2. Қазақстанның Ресей империясына кіруі кезеңіндегі ұйымдасқан саяхаттардың дамуы

14.3. Қазақстандағы туризмның даму кезеңдері

Қазақстанда рекрациялық туризм онша даму деңгейіне жетпеген. Бірақ мүлдем төмен деп те айта алмаймыз. Себебі Қазақстанның территориясының қай аймағына қарамасаң да рекрацияға қолайлы ресурстар табылады, бірақ сервистің қызмет көрсетуі халықаралық стандарттар деңгейіне сәйкес келмейді. Егер дүниежүзілік стандарттарына жауап беріп жатса онда көптеген шетел валютасын тартуға мүмкіндіктер туар еді. Себебі Қазақстанның табиғаты басқа елдердікіне қарағанда таза да, жаңа және де емдік қасиеттері мол жерлері көп. Мәселен: Оңтүстік Қазақстан облысында: Сарыағаш, Барыс, Арман және тағы басқа, Көкшетау қаласы маңындағы көптеген рекрациондық аймақтар, Алматы облысы территориясындағы санаторилер барлығы-барлығы еліміз Қазақстанның дамына өз үлестерін аз да болса да қосып отыр.

Осындай мол ресурстарды болашақ біздер бүкіл әлемге әйгілі етіп, дамытып, шетел валютасын тарту арқылы еліміздің экономикасын одан әрі даму деңгейіне жеткізуіміз керек.

Қазіргі таңда рекрациялық туризімнің дамуының ортақ тенденцияларын анықтай білу қажет. Оған келесі тенденцияларды жатқызуға болады:

-Рекрациялық сұраныс көп ауданға дем алу орындарын жақындыту.

-Азаматтардың аз уақыт ішінде дем алуына жағдай жасау.

-Ұлттық және табиғи парктерді ұйымдастыру, және де орман, гидропарктерді ұйымдастыру, себебі, бүкіл жыл мезгілдерінде туристер табиғатта активті дем алуы үшін.

-Жаңа демалу формалары мен түрлерін ойлап табу.

-Туристік рекрациямен айналысатын фирмалардың қызметін жылдың барлық уақытында тұтынуға мүмкін ету керек.

Бұл ретте туризм саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында мынадай мәселелерді шешу қажет:

халықаралық бизнес-қоғамдастықтың Қазақстанның туристік мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыру және осы бағытта шетелдік ұйымдармен, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің Қазақстан Республикасының инвестициялық имиджін арттыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобы арқылы ынтымақтастықты дамыту;

туристік-этнографиялық кешендер түріндегі объектілердің құрылысы, бос уақытты өткізу және ойын-сауық индустриясы желісін құру жөніндегі жобаларды шетелдік және отандық даму институттарының инвестициялауына жәрдемдесу;

Шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры мен басқа да отандық даму институттарының мүмкіндіктері мен ресурстарын тарту арқылы туристік және жәдігерлік өнім индустриясын құру және дамыту жөнінде шаралар қабылдау;

сырттан келушілер туризмін дамыту үшін неғұрлым тартымды, әлемдік стандарттарға сәйкес келетін туристік инфрақұрылым объектілері бар аудандар салудың өңірлік бас жоспарларын әзірлеу;

киіз үйлер дайындайтын кәсіпорындарды қалпына келтіру және жаңаларын салу, ұлттық қолөнерді қайта жаңғырту, жаңа жұмыс орындарын ашу.

Инвестициялау институтын дамыту тиімділігі бұл бағытта жүйелі мемлекеттік саясат жүргізуге және туризм инфрақұрылымын дамыту жөніндегі мемлекеттік, жекеше және туристік қоғамдық ұйымдардың күш-жігерін шоғырландыруға байланысты болады.

Шығыс Қазақстан облысының бірегей туристік әлеуеті бар. Туризм дамуының күшті жақтары болып табылатындар: ыңғайлы географиялық жағдай (Еуразия орталығы), Ресей Федерациясымен, Қытай Халық Республикасымен және Монғолиямен шекаралас ынтымақтастық, ұлан-ғайыр аумақ және табиғат ландшафтының сан алуандығы, бірегей рекреациялық ресурстар, бай мәдени-тарихи мұра, сондай-ақ көрші мемлекеттердің шекаралас өңірлерінде қазақ диаспорасының тұруы. 2006 жылы облыста 55 туристік фирма тіркелген. Туризм дамуының басым бағыттарынан келіп-кету бағыттарын және ішкі бағыттарды бөліп көрсетуге болады. Облысымызда болып қайтқан туристер негізінен Ресей Федерациясынан, Германиядан, Қытайдан, Франциядан туыстарына барып қайту мақсатымен, іскерлік мақсаттармен, сондай-ақ демалу ж әне танымдық мақсатпен келді. Облыс аумағында 15 санаторийлер, емделу пансионаттары және демалу базалары жұмыс істейді. Қонақ үй шаруашылығы 38 қонақ үйінен тұрады, оның 5-уінің мейрамханалары бар, 16-сының мейрамханасы жоқ және 17-сі аз уақыт тұруға арналған. Объектілер санының өсуі және олардың толығуының тұрақтылығы байқалады. Облыс аумағында 670 тарихи-мәдени мұра ескерткіштері, сондай-ақ туристік жағынан қызықты бірнеше ондаған бірегей табиғат объектілері орналасқан. Облыс шегінде бірнеше маңызды рекреациялық аймақтар айқындалған: Бұқтырма жағалауы, Сібе көлдері, Алакөл көлі, Катон-Қарағай ауданы және

Жоғарыда аталған рекреациялық демалу аймақтарының экологиялық жағдайының проблемаларын шешу байсалды қырдан келуді талап етеді. Мысалы, «Голубой заливтің» Орталық аймағындағы, Алакөл көлі мен Сібе көлдеріне жақын аумақтардағы антропогендік жүктеме өте жоғары және қоршаған ортаға айтарлықтай зиян әкеледі. Бұл аумақтарда көптеген құрылыстар санитарлық және су қорғау нормаларының талаптары ескерілмей тұрғызылған. Жер бөлу қатаң келісімсіз және құрылыстың бас жоспарлары әзірленбей жүзеге асырылған. Бұл жағдайды тексеру арнайы түгендеу зерттеулерін қажет етеді, соның негізінде осы аймақтар құрылысын қайта ұйымдастырудың бас жоспары әзірленетін болады, оларды пайдаланудың және жағдайды бақылаудың бірыңғай жүйесі құрылатын болады. Осы бағытта біршама жұмыстар жүргізілуде.

Бұқтырма жағалауы, Алакөл көлі және Сібе көлдері рекреациялық аймақтарының сызбалары жасалды. Осы аймақтардағы жерлерді мемлекеттік қордан алып, рекреациялық мақсаттағы жерлер санатына жатқызу жүзеге асырылды. Құрылысты және оларды пайдалануды реттеу жөнінде шараларды қабылдау үшін осы аумақтардағы объектілерді түгендеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс комиссиясы құрылды. ШҚО-да табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы қолда барларын ұтымды, ұқыпты игеру және оларды кейіннен ақылмен игеру және болашақ ұрпақ үшін сақтау қажеттілігінен туындауы қажет. Шығыс Қазақстан облысының табиғи кешені және оның құрамдас бөлігі, мәдени-тарихи ескеркіштері өзінің туристік мүмкіншілігі жөнінде бірегей. Географиялық және саяси ерекшелігіне байланысты ол экологиялық таза қалпын сақтап қалды. Шығыс Қазақстан аумағы шөлдерімен, даласымен, тайгасымен, тауларымен, өзендерімен, көлдерімен табиғи ландшафтар спектрімен бай.

Альпинистер мен тау туристеріне Белуха тауына саяхат ұсынылады. Туризмді дамыту жөніндегі негізгі бағыттар: экологиялық туризм, панта емі, саноториялық, қорықтарда болу (экосоқпағы), ауыл үлгісіндегі демалыс, альптурлар, рафтингтер, арнайы турлар: геологиялық, археологиялық, орнитологиялық. Катонқарағай ауданында туристарға радон ваннасын қабылдаумен денсаулық курсын ұсынатын «Рахман көздері» санаториясы, «Долина царей» пантамен емдеу демалыс базасы орналасқан. Зайсан ауданында туризмнің мына бағыттары әзірленген: шоп-турлар (Қытай), балық аулау туры, этнотурлар және маршруттар: сауыр тауларын, «Сауыр және Тарбағатай жоталарының тау етектерін» суретке түсіру; аңшылық турлар: «Қасқыр аулау», «Марал- тау ешкісі» құрама аңшылығы, Зайсантохты». Алматы облысының аумағы солтүстігінде Балқаш қаласы арқылы Сарыар-қаның оңтүстік сілемдерімен солтүстік щығысында Тарбағатай жотасымен, Барлық майлы тауларымен (Алакөл қазаншұңқырымен бөлінген), шығысында Жетісу (Жоңғар) қақпасы, Борохоро, Боротола жоталары арқылы Қытаймен, оңтүстік шығысында солтүстік Тянь-Шаньнің (Ұзынқара) жотасымен және Күгей Алатауымен, оңтүстігінде Іле Теріскей Алатауымен және Кіндіктас тауларымен, батысында Жусандала үстірті арқылы Шу-Іле тауының Айтау т.б. аласа таулар мен тауаралық аңғарлар шектеседі. Солтүстік батыста Балқаш қаласы арқылы Бетпақдала қиыршықтасты шөлді өңіріне ұласады.

Әнші құм - Іле өзенінің арғы жағында, солтүстік шығыс Алматыда таңғажайып табиғат құбылысы бар. Жұрттың айтуы бойынша бұл - Әнші құм. Ол ашық түсті құм түстерінен, сонымен қатар Жоңғар Алатауының Үлкен және Кіші Қалқан бөктерінің көлеңкесінен ерекше түске ие болады. Құмнан тұратын таудың ұзындығы 1,5 км, ал биіктігі 120 м. Бархан Қалқан шатқалының ортасында орналасқан. Әнші құмды тамашалауға туристер жиі келеді, олар үшін барханның 2 және 3 төбелеріне шығу өте қызықты, өйткені бұндай биіктіктен Іле өзені мен Алатау тауларының таңғажайып көріністерін тамашалауға болады.

Шарын каньоны Алматы облысының шығысында, Алматы қаласынан 163 км қашықтықта орналасқан. Каньонның аумағы 154 км. Осыдан 25 миллион жыл бұрын осы аймақты үлкен көл алып жатқан, кейіннен бұл көл тартылып, шатқалдық бүкіл тетіктерінен 200-300 м су шайып өткен. Бұл атақты Шарын өзені. Жалпы кантонның биіктігі 300 м, мұнда 300 миллион жыл өмір сүрген, сонау карбон кезіндегі жәндіктер қалдықтары бар. Сонымен қатар Шарын каньонын «Долина замков» те атайды.

Қазан үңгірі Іле Алатауының солтүстік бөктерінде орналасқан, бұл Шымбұлақ шаңғы базасынан 3 километр қашықтықта. Бұл үңгір Қазақстан территориясындағы ең үлкен үңгір болып есептеледі, оның ұзындығы 1390 км, ал ені 1-3 метр, биіктігі 8-10 метр. Қазан үңгір мореналары биіктеген сайын ені кішіреюде, оның кейбір жерлерінде мұзды қалыптасулар бар. Қазіргі кезде үңгір тұрғылықсыз болып табылады, бұған себеп оның орналасуы: теңіз деңгейінен 3300 метр биіктікте және қауіпті лавалы жерде орныққан, сондықтан бұл жерде туристік саяхаттар жасауға тиым салынады.

Қапал – Арасан санаторийі бұрынғы Талдықорған облысында орналасқан., нақтырақ айтатын болсақ ол Талдықорған қаласынан 300 шақырым жерде, Қапал деген ауылда орналасқан. Жалпы бұл демалыс орны облыстағы ең танымал санаторилердің бірі. Қапал – Арасанда тек қана әсем табиғат емес, сонымен қатар қазақтың емді сусындарымен емдеу әдістері жүреді. Санаторийде адамды физиологиялық қана емес сонымен бірге психологиялық тұрғыдан да қалпына келтіріп, сауықтыру жұмыстары жүргізіледі. Мұнда шұбат, қымыз, сүттен жасалған әртүрлі тағамдармен ем жұмыстары жүргізіледі.

Алма – Арасан санаторийі Алматы қаласында орналасқан. Жергәләкті санаториде халықтың емдеу салалары қолданылады. Жылына Алма – Арасанға тек Алматы облысынан 5000 жуық демалушылар келеді. Облыс ішіндегі ең танымал демалу орны болғаннан кейін, жоғарғы технологиялық шаралар, тәжірбиелер қолданылады.

Есік обасы - Алматының шығысында 50 км жерде, Іле Алатауы баурайында. Есік обасының салынған кезі б.з.д. 6 ғ. деп есептеледі. Оны 1969—1970 жж. зерттеген археолог К. Ақышев. Обаның диаметрі 60, биіктігі 6 м. Топырақ үйіндісінің астында екі қабыр — орталықтағы және бүйірдегісі бар. Орталық қабыр тоналған. Бүйірдегісі аман жетті. Жерленген 18 жасар ханзада. Ол киіндіріліп, қару-жарақ таққан күйінде жерленген. Ыдыс-аяқтар, бүйіріне 26 таңбадан тұратын екі жол сөз жазылған күміс тостаған жатыр. Өліктің басына биік былғары қалпақ-дулыға кигізілген, оның сыртына алтын бұтақтарына құстар қонған, сирек ағашты тау бейнеленген. Дулығаның төбесіне тәж ретінде титімдей арқар бейнесін қойған. Марқұмның мойнына ұшы барыс бастарымен безендірілген алтын өңіржиек салынған, құлағына бирюзадан салпыншағы бар сырға тағылыпты. Екі саусағында алтын жүзіктері бар. Белбеуінің оң жағына қызыл түсті ағаш қынапты, ұзын сессер ілініпті. Семсер темірден, оралмалы-орам бедері бар сабы имектев. Сол жағына ақинақ-қанжар ілінген. Есік қорғаны Сақ- Скиф кезеңінің ең маңызды ескерткіші ретінде саналады. Қорған б.э.д. 4-ші ғасырға жатқызылады. Қорғанда жалғыз адам сақ дәстүрлеріне сәйкес жерленген; ол Ұлы Құшан империясының бір үлгісі болуы мүмкін. Алтын Адамның бас киімі оқ тәріздес және үстінде платинкалармен өрнектелген сауыт сайман. Оның белбеуі мен қару-жарағы түгелдей алтын. Костюмді Сақ іскері аңдық стильде 4,000 алтын орнаменттермен өрнектеп жасаған. Оның қаруы (Ақинақ)екі жағынан алтынмен қапталып, 21 алтын аң бейнесімен өрнектелген «Аң» стилінде жасалған шедевр; Алтын Адамның көшірмесі Алматы және Астана мұражайларында тұр.

Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

1.Мемлекеттік бағдарлама мақсаттары қандай?

2. ҚР демалыс-курорттық орталықтары?

3. Туризм инфрақұрылымының дамуы?

Ұсынылатын әдебиеттер:

І. Вуколов В.Н. История и теория международного туризма. Алматы-2002.

2. Биржаков М.В. Введение в туризм.СПб Герда-1999.

З. Долженко Г.П. История туризма в дореволюционной России и СССР.Ростовно-Дону, 1988

4.Ердавлетов С.Р. Истрия туризма. Развитие и научное изучение.Алматы-2003

5. Накатков Ю.С.История туризма Казакстана. Алматы-2001

6. Шаповал Г.Ю.История туризма. Минск-1999.

7. Соколова М.С, История туризма.Минск-2002

15 дәріс - 2 сағат.

Тақырыбы: Халықаралық туристік ұйымдар және олардың туризм дамуындағы ролі.

Мақсаты: Халықаралық туристік ұйымдар және олардың туризм дамуындағы роліне сипаттама беру.

Жоспар:

1.Халықаралық туристік ұйымдар

2. Халықаралық туристік ұйымдардың туризм дамуындағы ролі.

3.IATA - халықаралық авиатасымал үшін бүкіләлемдік ұжым.

Туристік байланыстар халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі құрамдас бөлігі, сондықтан да халықаралық ұйымдардың, сондай ақ жеке мемлекеттердің үкіметтерінің басты назар аударарлық нысаны болып табылады. Халықаралық туризмнің көптеген мәселелері қазіргі кезде мемлекеттер аралық деңгейде шешілуде, сондықтан да бұл бірқатар халықаралық туристік ұйымдардың, соның ішінде үкіметтер аралық деңгейдегі ұйымдардың құрылуына негіз болды. Мұны барлық елдер үшін бірдей туризмнің жалпы қолайлы саясатын халықаралық-құқықтық реттеу мәселелері талап етеді.

Халықаралық туризмді хұқықтық реттеу көп жақты негізде ең алдымен БҰҰ шеңберінде жүзеге асырылады. Оның негізгі міндеті Халықаралық ынтымақтастықты және ұлтаралық достық қарым-қатынастарды дамыту болып табылады. БҰҰ шеңберінде халықаралық туризмді хұқықтық реттеудің басты сұрақтары бойынша негізгі халықаралық конвенциялар жасалып, қабылданды. БҰҰ туризм саласында кадрлады дайындау бойынша бірқатар халықаралық семинарлар мен коллоквиумдарды ұйымдастырушы және Халықаралық туризм саласындағы статистикалық есеп әдістемесін жасауды жүзеге асырушы болып табылады.

Әртүрлі елдер арасындағы туристік және көліктік ұйымдарының біріге отырып жасаған әрекеттерін келістіру қажеттігі экономикалық-әлеуметтік-мәдени байланыстардың дамуына байланысты 20-жылдардың басында-ақ біліне бастады. Осыған байланысты 1925 жылы туризмді үгіттеудің ресми ассоциацияларының Халықаралық конгресі құрылды. 1927 жылы ресми туристік ұйымдардың Халықаралық конгресі, ал 1930 жылы туризмді үгіттеу мен ресми туристік ұйымдардың Халықаралық одағы құрылды.

1937 жылы аталған үш ұйым негізінде Парижде ресми туристік ұйымдардың Халықаралық одағы (РТҰХО) құрылды. Бул ұйымның мүшелері үкіметтік ұйымдар, сондай-ақ ұлттық туристік ұйымдар ретінде оладың ұлттық үкіметімен мойындалған үкіметтік емес ұйымдар да болды.

1969 жылы БҰҰ-ның Бас ассамблеясының резолюциясымен үкіметтік емес РТҰХО үкіметаралық Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ) болып құрылды. Ол халықаралық туризмнің экономкалық, әлеуметтік, мәдени және саяси

Жеке мемлекет жағдайларында, өмірінде және халықарлық қатынастың бір бөлігінде, халықарлық туризм әлеуметтік-экономикалық қатынастың бір көрінісі болғанымен, әр мемлекет қабырғасында және де халықаралық деңгейде бұл салаға байланысты артықшылықтар бар.

Жалпы туристік ұйымдарды келесі белгілер бойынша жіктейді:

1) Ұлттық-территориялық. Мұның өзі 3-ке бөлінеді: халықаралық, ә) аймақтық б) ұлттық. Олардың қыметтері аталған бағыттарда анықталады.

2) Қоғамдық-мемлекеттік белгілері бойынша үкіметтік, қоғамдық, жеке болып бөлінеді.

3) Іс-әрекеттік белгілері бойынша: реттеушілік, жабдықтаушылар, рыноктағы агенттер, жобаны ұйымдастырушылар, кеңесшілер, машықтандыру ұйымдары, баспагерлер, кәсіби ассоциациялар, саудалық және тұтынушы үйымдар.

4) Қызмет саласы бойынша: көліктік (әуежайлық, автобус, автомобильді және круиздік), турагенттер, туроператорлар, жергілікті кәсіподақтар).

Енді халықаралық туристік ұйымдарға тоқталайық. Алғашқысы: Дүнежүзілік туристік ұйым (Would Tourism Organisiation).

ДТҰ-әлемде ең танымал және ең әйгілі ұйым болып саналады. 1975 жылы 2 қаңтарда БҰҰ-ның Генералды Ассамблеясында халықаралық үкіметтік стандартқа сай жаңа ұйым болып құрылды. Қазіргі уақытта ДТҰ-ның 140-тан аса мүшесі бар. 1977 жылдан бастап штаб квартирасы – Мадрид қаласы.

Жалпы үшінші мыңжылдықтың табалдырығында туризм саласы әлемің көптеген елдерінің индустриясында ең позицияға ие болып, жаңа жұмыс орындары жандана бастады. Тіпті кейбір елдерде бұл сала бюджетті қажетінше толтырып отырады. Бірақ біздің ғасырдың жаңа, жанданған саласы дамығалы көптеген әлеуметтік, экономикалық мәселелер пайда бола бастады. Осындай мәселелерді жан-жақты шешу жолында ДТҰ барлық елдерді туризм саласында «бір жағадан-бас, бір жеңнен-қол» шығарып қызмет етуге шақырып отыр.

ДТҰ-ның пікірі бойынша туризм – қазіргі қызметтердің ең белсенді түрлерінің бірі, кедейшілікпен күрес жолындағы тиімді жолдардың бірі болып саналады. ДТҰ-ның мақсаттары:

- Халықаралық және ішкі қатынаста әлемдік туризмнің қабілеттілігін кеңейту, түсінішпеушілікті жою, адамдардың тұрмыс-тіршілігін жақсарту;

- Өмір сүру бағытын жақсарту, шетелдік туристік ұймдармен байланысқа шығуға көмектесу, көлік жолдарын кеңейту;

- Саяхат кезінде адамдардың ғылыммен, мәдениетпен, тікелей қатынаста болуына жағдай жасау;

- Туристтерді қабылдау мүмкіндігі бар елдерде осы саланы дамыту;

- Елдер арасындағы қызметті дамытуда халқаралық агенттер ролін атқару;

- Әр түрлі туроператорларды біріктіріп, олардың қызметін жақсы жолға қою;

- Жоғарыда аталғандардың барлығын тиімді жолмен жүзеге асыру.

Ал ДТҰ-ның жұмысының бағдарламасы келесі бағыттар бойынша анықталады.

Даму мақсатындағы әріптестік. ДТҰ-ның болашақтағы ең басты тапсырмаларның бірі – туризм саласындағы дамушы елдер арасында туризмге қатысты барлық технологияларды тарату. Және де ДТҰ БҰҰДБ ПРООН –ның (Программы развития Организаций Обьединенных Наций) орындаушы аген ті болып табылады.

Туризмді дамытудағы сапасы бойынша ДТҰ әр түрлі тәжірибелік компоненттерді біріктіріп, туристік өнімдердің жағдайлары мен сапасын жақсарту.

Туризмге қажетті кадрлар дайындауда ДТҰ-ның мақсаттары мен міндеттері өзіне мүше елдердегі оқу орындарында жоғары кәсіби мамандарды даярлауды қолға алып, сол үшін қажырлы еңбек ету.

Туризмді тиянақты дамыту бойынша ДТҰ-ның басты мақсаттары болашақ ұрпақтың жақсы ғұмыр кешуіне арналады.

Туризм және технология.

Жаңа ғасырдағы жаңа ақпараттық технология бойынша ДТҰ-ның басты жұмысы ақпараттық технологияларды туризм сферасында қалыптастыру,осы салада дамыған және дамушы елдердің арасындағы айырмашылықты азайту. Яғни барлық елдерге барынша бірдей қолайлылық жасау.

Енді ДТҰ-ғы ең жоғары органдардың жұмысына тоқталайық:

Жоғарғы органы – Генералды Ассамблея. Ассамблея әрбір екі жыл сайын кезекті сессияларын өткізеді. Бұл отырыста ұймның алдағы мақсаты,жұмыс жоспарлары,бюджеттегі кейбір ауқымды мәселелер қаралады.Төрт жылда бір рет ұйым өздерінің бас секретарларын тағайындайды.Және де Ассамблея сайлаушы делегаттардан құралып,делегаттар қатары нақты және қаумдасқан мүшелерден тұрады. Генералды Ассамблеяның негізгі қызметтері:

- ДТҰ-ның президенті мен вице президентін таңдау;

- Ұйымның бүкіл бағдарламаларының жұмысын бекіпу;

- Ұйымның орындаушы советінің мүшелерін,секретарларын таңдау;

- Халықаралық ұйымдардың және басқарушылардың, жеке меншік ұйымдардың келісуімен өкілеттілікті бөлу және бекіту;

Аймақтық өкілдер.

ДТҰ-ның аймақтық өкілдері Африкада.Америкада,Азия мен Тынық мұхиты аймақтарнда Таяу Шығыс және Еуропада тікелей қызметтерін атқарады.Олар сол аймақтарда ұлттық туристтік салаларға дем беріп,олардң дамуна жағдай жасайды.

Орындаушы кеңес - Дүниежүзілік туристік ұймның басқарушы органдарының бірі және осы ұйымдағы бюджет мәселесіндегі жұмыстарға жауапты. Осы жұмыстарға жоспар құрып, жылына екі рет өз отырысын өткізеді. Ұйым 27 мүшеден тұрады, яғни ДТҰ-ға кіретін әрбір нақты бес елге бір орын тағайындалады. Испанияда ДТҰ-ң штаб квартирасы орналасқандықтан, бұл ел орындаушы кеңестен бір орынға ие болады.

Жалпы 1980 жылдан бастап 27 қыркүйекте «Бүкіләлемдік туризм күні» аталып тойланнып келеді. Жыл сайын осы мейрамда жаңа ұрандар айтылады. Мысалы 2003 жылы айтылған ұран: «Туризм – кедейшілікпен күрестегі ең қажетті фактор және әлеуметтік саланы жаңа жұмыстармен қамтамасыз етудегі сала».

Әуе көлігінің халықаралық қауымдастығы (International Air Transport Associаtion - Iata)

IATA - халықаралық авиатасымал үшін бүкіләлемдік ұжым. Ұжымның 1919 жылы негізі салынып, 1945 ж 2-дүниежүзілік соғыс аяқталған соң оның жұмысы қайта жанданды. Сонымен қатар IATA-халықаралық рейстерді жүзеге асырып, авиациялық компаниялардың кәсіби қауымдастығын ұсынып отыр. Ұйымның жоғарғы органы - Бас Ассамблея. Жыл сайын президент пен орындаушы комитет осы Ассамблея шаңырағында тағайындалып отырады. Мақсаты – Азаматтық авиациядағы халықарлық ұйымдардың саясатын шынайы түрде жүзеге асыру.

IATA – адамдардың әлемнің бір нүктесінен екінші нүктесіне орын ауыстыруына жағдай жасау, хаттар мен жүктерді ауқымды түрде тарату, әр түрлі дәрежедегі әуе сапарларын кеңейту болып табылады.

Кеңістіктегі тариф бағасын ретке келтіру осы ұйымның ең басты атқаратын жұмыстарының бірі. Тариф бағасын бір ауыздан бүкіл халықаралық авиокомпаниялар арасында әр елдің үкімет басшыларымен келісе отырып бекітеді. «Әркім өз-өзіне қожа» дегендей әрбір ел ұйым бекіткен шарттарды яғни тарифтерге бағынуға, не болмаса оны қабылдамауды өзі шешеді. Тіпті ол тарифтерден үзілді-кесілді бас тартып, өзіне тиімді шарттарды енгізуі мүмкін. Міне, IATA осы келіспеушіліктерді мүмкіндігінше болғызбауға, болған жағдайда оны ымырашылықпен шешуге ат салысады.

IATA мүшесіне 259 әуе компаниялары кіріп, халықаралық деңгейдегі әуе жолдарында әр-түрлі тасымал жасайды. Әлемдегі ең әйгілі әуе компаниялардың бірі - «Аэрофлот». Бұл әуе компания 1989 жылдан IATA-ның мүшесі. Ресейдегі басқа да әуе компанияларды мысалға келтіретін болсақ, олар: «Трансаэро», «Пулково», «Домоделдовское ПО», «Внуковское авиалинии».

IATA мүшесі болу үшін әуе компаниялары үнемі халықаралық деңгейде жүк тасымалдауға кепіл бола алатын сертификат иемденуі тиіс. Ол сертификатты әуе компания Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымына мүше елде орналасса ғана ала алады.

IATA-ның қызметін жер шарында үш үлкен аймаққа бөледі:

1) Солтүстік және Оңтүстік Америка, Тынық мұхитынан Шығысқа қарайғы аймақ.

2) Еуропа, Африка және Таяу Шығыс.

3) Азия, Аустралия және Тынық мұхитынан Батысқа қарайғы аймақ.

Ұйымның атқаратын қызметі:

- Техникалық салада ұйым техникалық аспектілермен халықаралық ұшу жолындағы ұйымдардың талаптарын,байланыс жүйесін реттеп отырады;

- Заңгерлік саласы. Бұл салада ұйым қызметі конвенцияларда, агенттік келісімдерде, халықарлық басқарушылардың бітімінде көзге түседі;

- Қаржы. Қаржылық қызметке талдау жасау, тариф саясатындағы үйлесімділік, есептеу жүйесінің автоматтандыруы секілді қызметтер осы салаға кіреді.

- Агенттік жұмыс. Агенттіктерді билет сату бойынша аккредиттеу, мамандар даярлау.

- Қауіпсіздік қызметі. Жолаушылардың қауіпсіздігін толыққанды түрде қолға алу, әуе жолындағы ұшақтардың қауіпсіздігін сақтау.

Азамматтық авиацияның халықаралық ұйымы. (International civil Aviation organisаtion).

Бұл ұйым 1944 Чикаго конвенциясында БҰҰ-ның көмегімен дүниеге келді. ICAO әуе көлігіндегі индустрияда барлық елдердің тең дәрежеде болуына негізделген. Ал ұйым алдындағы басты міндет – халықаралық нормалар мен стандарттаға сай маманданған және экономикалық тиімділігі жоғары жүк тасымалдаушы әуе компанияларын қамтамасыз ету, дамыту.

Ұйымның алға қойған мақсаттары :

- Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бүкіл әлемде халықаралық азаматтық авиацияны дамыту және деңгейін көтеру;

- «Әуе коридорларын» кеңейту немесе жаңасын жасау. Халықаралық азаматтық авиацияға қажетті барлық жағдайлар жасау;

- Әуекөлігі төңірегіндегі адамдардан түскен талап – тілектерді мүмкіндігінше жылдам орындау;

- ICAO-ға мүше елдер құқығы толығымен сақталады және халықаралық әуекомпанияларды басқаруға сол елдердің мүмкіншілігі мол екндігіне елдердің көзін жеткізу;

- Ұшу қауіпсіздігін насихаттау;

- Халықарадық авиацияның дамуына себепкер болу.

ICAO-ның 200-ге жуық мүшесі бар. Сонымен қатар ICAO басқа ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Оларға мыналар кіреді:

1) Халықаралық ақпараттық одақ;

2) Бүкіләлемдік метерологиялық ұйым;

3) Халықаралық қатынастар одағы;

4) Почталық одақ;

5) Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы;

6) Халықаралық теңіз ұйымы.

Енді әлемдегі халықаралық ұйымдарға да кезек берелік. Себебі олардың белгілі бір дәрежеде маңызы бар. Экономикалық достастық және даму ұйымы (Organization for Economic Coopertion and Development-OECR).

Бұл ұйымның 1960 Париждегі келісімде мақұлданып, 14 желтоқсанда негізі қаланды. OECR мынадай мақсаттар мен бағыттарды жүзеге асыру үшін құрылды:

- OECR-ге мүшелікке кіретін экономикалық дамуымен өсу деңгейін жоғары дережеге жеткізу және мүшелік құрамындағы елдердің жағдайын қаржы бөлу арқылы жақсарту болып табылады .

-Аталған ұйымға мүше елдер мен ұйымға кірмеген елдердің экономикалық дамуына жақсы жағдайда ықпалын тигізу.

- Әлемдік сауданы жан-жақты дамыту;

OECR мүшелігіне енетін елдер:

Аустралия, Австрия, Бельгия, Канада, Финляндия, Фтранция, Германия, Греция, Исландия, Ирландия, Италмя, Япония, Люксембурк, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, Португалия, Испания, Швеция, Швейцария, Туркия, Ұлыбритания Корольдігі, АҚШ.

OECR-дің туристтік комитеті мүшелікке енетін елдер аумағында туризмді дамытуда қызмет етеді. Туркомитет «OECR мүше елдердегі туристтік саясат және халықаралық туризм» атты есебінде құрылған статистикалар мен есептерді бақылайды.

Азия және Тынық мұхиты елдерінің туристтік қауымдастығы. (Pacific, Asia Travel Association-PATA)

Қауымдастық 1951 жылы Азия мен Тынық аймағы бағытында құрылған. Ұйымға барлығы Азия мен Тынық мұхитынан 34 ел мүше. Олар осы бір кең аймақта туризм саясатты дамытудағы үлкен жетістіктерге жету жолында бас қосты. Ұйым жұмысы туризмді зерттеу, дамыту, білім беру,маркетинг салалары арқылы қозғалысқа келтіру. Оның үстіне PATA халықарылық ұйымдар арсында ең жақсы орындаушы атағын иемденді.

Қауымдастық мүшелері бір-бірінен идея алмастырып, маңызды мәселелер шешу жолында, Азия мен Тынық мұхиты туризмінің болашағы туралы бірқатар өзекті істерді бірігіп шешуге ат салысады. Қауымдастық құрылғаннан бері өзіне мүше елдердегі маркетинг, зерттеу, білім беру және де басқа туризммен байланысты салаларға құнды жаңалық көзі болды.

PATA–ның қызметімен ұзақ уақыт жоспары жыл сайынғы қауымдастықтың конференциясы тексеріліп, бағаланып отырады.Ұйымның маркетинг, зерттеу, менеджмент секілді бірқатар комитеттері ұйымның жоспарын жүзеге асырады.

Маркетинг саласы аймақ ішіндегі саяхат жасайтын индивидуалды туристерге бағытталған.Тартымды туристік бағыттарды іске асырып, оларды кең бағытта туристік нарыққа шығаруда маркетинг комитеті де қарап жатқан жоқ. Зерттеу жұмысы PATA–ның жыл сайынғы туризмді зерттеу конференцияларында қуатталады.

Қауымдастық секретариаты Сан-Францискода орналасқан. Қызмет көрсетудегі негізгі офистер Тынық мұхиты аймағында – Сиднейде Америка-Еуропалық Сан–Францискода, Азия аймағында – Сингапурда орналасқан.

Келесі тоқталатын ұйым ол – Халықаралық қонақ үйлер ассоциациясы. Ол 1946 жылы 18 наурызда Лондонда Швейцар қоғамының қонақ үй басшыларының бастамасы бойынша құрылған. Бұл ұйым Халықаралық қонақ үй ассоциасиясы жұмысшылар одағы мен және халықаралық қонақ үй одағымен біріктірілген. Халқаралық қонақ үй ассоциасиясының мүшелер саны 145 ел бойынша 4500 – ге жетеді.

Ассоциация мақсаты: бүкіл әлемдік ұлттық қонақ үйлер арасында қарым-қатынасты дамыту, өз мүшелерінің жеке және кәсіби мүдделерін қорғау, халықаралық туризм және әлемдік қонақ үй индустриясының мәселелерін қарастыру, халықаралық қаржылық квалификациялық жүйелердің құрылуын, ақпараттық және анықтамалық материалдармен қаржылық есептерді реттеуге көмектесу.

Ұйымның жоғары органдары: Кеңес, президент, секретериат, атқарушы комитеттерден құралады. Мұндай комитеттерге мыналар жатады: жоспарлау және қаржы, саяхат және сауда, курортағы демалу ұйымы, ақпарат және байланыс, құқықтық, оқу және квлификациясын жоғарылату.

2005 жылғы деректерге сай Қазақстан ТМД елдер арасында ДТҰ-ға мүше жалғыз ел. Осыған орайластырып, 2006 жылы мамырда Еуропа комиссия мүшелері Алматыда бас қосты. Бұл ДТҰ-ның 44 мәжілісі. Еліміз туризм саласын мықтап қолға ала бастаған соң шетелдік белгілі компаниялармен туризмнің кластерлік үлгісін дамыту үшін келіссөздер жүргізді.

Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

1.ДТҰ негізгі мақсаттары?

2. БҰҰ-ның орталығы, штаб пәтері?

3. РАТА қызметі?

Ұсынылатын әдебиеттер:

І. Вуколов В.Н. История и теория международного туризма. Алматы-2002.

2. Биржаков М.В. Введение в туризм.СПб Герда-1999.

З. Долженко Г.П. История туризма в дореволюционной России и СССР.Ростовно-Дону, 1988

4.Ердавлетов С.Р. Истрия туризма. Развитие и научное изучение.Алматы-2003

5. Накатков Ю.С.История туризма Казакстана. Алматы-2001

6. Шаповал Г.Ю.История туризма. Минск-1999.

7. Соколова М.С, История туризма.Минск-2002

Тақырып №18.

Дүниежүзілік туризм индустриясының даму концепциялары және оның ҚР маңызы.

Жоспар: