- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені Пәннің атауы: «қр кеден құқығы»
- •Мазмұны
- •1. Оқытушы туралы ақпарат:
- •6. «Қазақстан Республикасы кеден құқығы» пәні бойынша /20 сағат/ дәрістік сабақтардың жоспары
- •Тәжірибелік (семинар) сабақтардың тақырыптық жоспары /10 сағат/
- •8. Сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •9. Соөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •10. Әдебиеттер тізімі
- •Пәнді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы
- •Қр кеден құқығы (дәріс)
- •1. Кеден органдарының бірынғай жүйесінің түсінігі.
- •2. Кеден органдарының қызметінің негізгі бағыттары.
- •3. Кедендік инфрақұрылымның дамуы.
- •1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Кедендiк бақылау комитетiнің құрылымы
- •2. Комитеттiң негізгі функциялары мен құқықтары
- •3. Комитеттiң мүлкі
- •4. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру
- •2. Комитеттiң негізгі функциялары мен құқықтары
- •3. Комитеттiң мүлкі
- •4. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру
- •1. Кеден органдарының жұмыс тәртібі
- •2. Кеден органдарының құқық қорғау қызметі
- •3. Кеден органдары алған ақпаратқа көзқарас
- •4. Кеден органдарының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы
- •1. Кеден ici саласында міндетті төлемдер мен алымдардың алатын орны. Кеден Кодексіндегі бекітілген кедендік төлемдер, алымдардың сипаттамасы және олардың құқықтық реттеу актілері.
- •2. Төлеушілер, кедендік алымдарды төлеу мерзімдері мен тәртібі
- •3. Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өндіріп алу тәртібі
- •4. Тауарларды кедендік декларациялау
- •Глоссарий
- •Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқау
- •1. Емтихан сұрақтары
1. Кеден ici саласында міндетті төлемдер мен алымдардың алатын орны. Кеден Кодексіндегі бекітілген кедендік төлемдер, алымдардың сипаттамасы және олардың құқықтық реттеу актілері.
Кедендік баж – кеден органдары тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты өндіріп алатын міндетті төлем;
Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз ету – осы Кодексте айқындалатын уақыт кезеңі ішінде қолданыста болатын және Қазақстан Республикасының аумағында кедендік операцияларды жүргізуге байланысты тәуекелдерді өтейтін кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету;
Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету – кеден одағының кеден заңнамасында және осы Кодексте көзделген кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді кеден органдарының алдында орындау кепілдігінің тәсілі; Кедендік төлемдер мен салықтарға:
1) кедендік әкелу бажы;
2) кедендік әкету бажы;
3) Қазақстан Республикасының кедендік аумағына тауарларды әкелу кезінде өндіріп алынатын қосылған құн салығы;
4) кеден одағының кедендік аумағына тауарларды әкелу кезінде өндіріп алынатын акциз (акциздер);
5) кедендік алымдар (тауарларды кедендік декларациялау үшін, алып жүру үшін кедендік алымдар, алдын ала шешім үшін төлем) жатады.
Төлеушiлер, кедендiк баждарды есептеу тәртібі және төлеу, қайтару (есепке жатқызу) және өндіріп алу, есепке жазу мерзімдері, сондай-ақ оларды төлеу бойынша жеңілдіктер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында және (немесе) кеден заңнамасында айқындалады.
Төлеушілер, кеден органдары өндіріп алатын қосылған құн салықтарын, акциздерді есептеу тәртібі және төлеу, қайтару (есепке жатқызу) және өндіріп алу, есепке жазу мерзімдері, сондай-ақ оларды төлеу бойынша жеңілдіктер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалады.
Төлеушiлер, кедендiк алымдарды төлеу, қайтару (есепке жатқызу) және өндiрiп алу тәртібі мен мерзімдері, сондай-ақ оларды төлеу жөніндегі жеңілдіктер осы Кодексте айқындалады.
Кеден органдары алатын арнайы, демпингке қарсы және өтемдік баждар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді және, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, кедендік әкелу баждарын алу үшін осы Кодексте көзделген тәртіппен алынады.
Жеке тұлғалар жеке мақсаттары үшін өткізетін тауарларға қатысты осы бөлім осы Кодекстің 56-тарауына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.
Кедендік баж ставкалары мынадай түрлерге:
1) салық салынатын тауарлардың кедендік құнына пайызбен белгіленген – адвалорлық; 2) заттай көрінісіндегі физикалық сипаттамаларына (саны, массасы, көлемі немесе өзге сипататтамаларына) қарай белгіленген - өзіндік ерекше;
3) осы баптың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген түрлерді ұштастыратын құрамдастырылған болып бөлiнедi.
Тауарларды шығарумен, тауарларды кедендік алып жүрумен байланысты іс-әрекеттер жасағаны, сондай-ақ осы Кодексте белгіленген өзге де іс-әрекеттер жасағаны үшін кеден органдары өндіріп алатын міндетті төлемдер кедендік алымдар болып табылады. Кедендік алымдардың ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Кедендік алымдардың мөлшері кедендік алымдар белгіленген іс-әрекеттерді жасағаны үшін кеден органдарының шамамен алынған шығындарының құнынан аспауға тиіс.
Кедендік алымдарға:
1) тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымдар – төлеушіге қайтаруға жатпайды;
2) кедендік алып жүру үшін кедендік алымдар – бірнеше автомобиль көлік құралымен өткізілетін тауарларды кедендік алып жүру кезінде кедендік алым сомасы көрсетілген көлік құралдарының санына барабар бөлінеді;
3) алдын ала жасалған шешім үшін төленетін ақы – Кеден органының осы Кодекстің 79 және 91-баптарына сәйкес тауарларды сыныптау жөнінде және тауарлардың шығарылған елі туралы алдын ала шешім қабылдағаны үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде ақы өндіріп алынады.