- •Пәннің оқу бағдарламасы
- •Астана – 2013
- •2.1. Курсты жүргізетін оқытушы туралы мәліметтер
- •2.2. Осы курсты оқу үшін алдын-ала меңгерілуі тиіс пәндер:
- •2.3. Пәннің сипаттамасы
- •2.4. Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •2.5. Семинар сабақтарын жүргізудің тақырыптық жоспары
- •2.6. Соөж тапсырмаларын орындау тапсыру кестесі
- •2.7. Сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •2.8. Студент білімін бағалаудың жалпы шкаласы
- •2.9. Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі:
- •Рим құқығынан емтихан сұрақтары
- •1 Такырып. Рим құқығының ұғымы және негізгі белгілері
- •2 Тақырып. Рим құқығының қайнар көздері
- •1. Құқықтық қайнар көздерінің түсінігі және рим құқығындағы қайнар көздердің жалпы сипаттамасы
- •2. Рим құқығының қайнар көздерінің жекеленген түрлері
- •Римдегі азаматтық істер жүргізу
- •2. Формулярдық процесс. Формуланың құрамы. Экстраординарлық процесс.
- •4 Сұрақ. Рим құқығындағы қылмыстық сот өндірісі.
- •Рим жеке құқығындағы тұлғалар. Отбасылық қатынастар
- •1 Сұрақ. Құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік. Жеке тұлғалар
- •2 Сұрақ. Заңды тұлғалар
- •3. Агнаттық және когнаттық туыстық. Отағасының билігі.
- •4. Неке түрлері.
- •Римдегі меншік құқығы
- •Міндеттемелік құқық. Міндеттемелер туралы жалпы ілімдер.
- •Шарттық міндеттемелер: контрактілер және пактілер.
- •1. Келісім шарттың түсінігі және шарттарды жіктеу.
- •2 Сұрақ. Келісім шарттың мазмұны (шарттық міндеттеменің мазмұны)
- •3 Сұрақ. Квазиконтрактылар, пактылар және атаусыз контрактылар
- •Вербалдық (ауызша) контрактылар
- •Реалдық контрактылар
- •1 Сұрақ. Қарыз шарты.
- •2 Сұрақ. Ссуда және сақтау шарттары.
- •Консенсуалды келісім шарттар
- •1 Сұрақ. Сатып алу - сату шарты
- •2 Сұрақ. Жалдау шарты.
- •Деликттілік міндеттемелер.
- •1 Сұрақ. Деликттілік міндеттемелердің түсінігі.
- •2 Сұрақ. Жеке деликттердің түрлері
- •Тақырып бойынша сұрақтар:
- •Рим құқығында мұрагерлік құқығының қалыптасуы
- •3 Сұрақ. Мұрагерлік құқығының өзге институттары
Римдегі азаматтық істер жүргізу
1. Алғашқы сот процесінің тәртібі және түрлері. Легисакциондық процесстің ерекшеліктері. Манципация. Жеке құқықтағы талаптың ұғымы және түрлері
Тұлғалардың жеке құқықтарын бұзылудан қорғаудың соттан тыс нысанына негізінен өзін-өзін қорғау жатты, яғни, тұлғаның бұзылып жатқан немесе бұзылғалы жатқан өз құқықтарын өз күшімен, өз әрекетімен қорғау. Тұлғаның әрекеті өзін-өзін қорғау болып табылу үшін бірнеше талаптарға сай болуы тиіс:
Құқықбұзушылық зорлық-зомбылық сипатындағы әрекеттермен ұштаса отырып жасалса;
Өзін-өзі қорғау нақты құқықтарды қорғауға бағытталуы тиіс;
Өзін-өзі қорғау әрекеттері жәбірленуші тұлғаның өзімен ғана жасалса;
Өзін-өзі қорғау құқықбұзушылық орын алған сәтте жасалса;
Өзін-өзі қорғау нақты құқықбұзушылыққа қарсы бағытталуы тиіс.
Рим мемлекетінің дамуымен, тараптардың арасында теңдіктің болмауына байланысты дауды шешетін арнайы орган - сот пайда болды. Тарихи даму нәтижесінде сот өндірісі пайда болды және оның ең алғашқы нысаны легисакциондық сот өндірісі болды. Ол жеке талаптар бойынша пайда болған дауларды қарады. Ежелгі Римде өзінің құқықтары бұзылған тұлғалар әділеттік талаптары бойынша талап-арыз беру негізінде (талап қою) қорғайтындығын тәртіпке айналдырды. Сол замандардан бастап құқығы бұзылған әрбір Рим азаматы өзінің бұзылған немесе даулы құқын, болмаса заңды мүддесін қорғауды сұрап, сотқа жүгіне алды. Жеке құқықтарға байланысты сот процессі азаматтық процесс деп атала бастады. Сол кездің өзінде-ақ талаптың өзі заң тұрғысынан материалдық және процессуалдық болып екіге бөлінді. Олардың біріншісінің мәні талапкердің нақтылы фактімен заң негізінде талабы қанағаттандырылуы болса, ал екіншісінің мәні – сотқа оның шешімін шығару мақсатында жолданудың заңды немесе заңсыз екендігінде болған.
Сонымен бірге, азаматтық процесстің дамуына байланысты жеке сот ісін жүргізуде дәлелдеуді қажет етпейтін айқын ақиқаттар –презумциялар қалыптасты:
Істі жүргізетін судьяның беделі даусыз болды. Істі қарау барысында талапкер де, жауапкер де судьяға бағынуға тиіс болды;
Істі қарау барысында тек ғана шындыққа жанасатын фактілер қаралды және уақытты үнемді пайдалану қағидасы орын алды;
Іс бойынша шешім әділ болу керек;
Іс бойынша қабылданған шешімдегі талапты өтеу мөлшері талап-арызда көрсетілген сомадан аса алмаған;
Судья өз шешімдерін тек заңға сәйкес шығаруы тиіс;
Іс бойынша қабылданған шешім ақиқат деп қабылданған.
Сот өндірісінің ең алғашқы нысаны легисакциондық сот өндірісі болды. Легисакциондық терминінің өзі - заң сөздерімен бірдей, байланысты болу дегенді білдіреді. Сот ісін жүргізудің аталмыш түріне келесі белгілер тән болды:
Сот отырысында тараптардың тікелей қатысуы көзделген;
Жауапкердің процеске келуі талапкерге жүктелген;
Процесс екі сатыдан тұрды:
- Jus – бұл сатыда шешімді шығаруға дайындық жүргізілді, яғни, сот отырысы болатын уақыт, орын, оған қатысатын тұлғалар анықталды. In iure деп аталған бірінші сатыда тараптар дау туған затпен магистратқа келген. Арнайы таяқша – виндиктаны даулы затқа тигізіп, немесе даулы затқа қолын салып, арнайы қатаң бекітілген сөйлемдерді (формулаларды) айтқан. Кімде-кім сөздер мен фразаларды айтудан жаңылысатын болса, сол жеңілген болып есептеледі. Егерде тараптардың екеуі де қателеспейтін болса, ақшалай кепіл салатын. Кейіннен сот істі қарағаннан кейін жеңілген тараптың кепілі қазынаға аударылады да, жеңген тарап өзінің ақшалай кепілін қайтарып алатын. Осымен бірінші саты аяқталатын, претор істі мәні бойынша қарау үшін судьяны тағайындайтын.
- Judicium – екінші сатыда судья істің барлық мән-жайларын тексеріп, шешім шығарған. In iudicio деп аталған екінші сатысында претор тағайындаған судья істі мәні бойынша қарап шешім шығарған. Аталмыш процесске сәйкес шешім түпкілікті және шағымдануға жатпаған.
Процесске қатаң формализм тән болды, яғни, барлық процессуалды әрекеттер қатаң бекітілген нысандарда жүзеге асырылды.
Ежелгі Рим мемлекетінің даму кезеңдеріне сәйкес тиісті азаматтық процес түрлері тән болды. Рим мемлекетінің республикалық кезеңінде легисакциялық процесс болды, ал принципат кезеңінде формулярлы процесс орын алды, және абсолютті монархия дәуірінде экстраординарлы процесс қалыптасты.