Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6-Дріс кешені Е.doc
Скачиваний:
69
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
804.35 Кб
Скачать

2 Қаржылық есептілік бөлшектеу кезеңдері

Қаржылық есептілік жүйесінде бухгалтерлік баланс өзекті рол атқарады. Ол маңызды міндеттерді (функцияларды) орындайды. Бухгалтерлік баланс; біріншіден меншік иелерін, менеджерлерді шаруашылық ұйымын басқарумен, оның мүліктік жағдайымен таныстырады. Олар баланстан, меншік иесі неге иелік ететінін, яғни ұйым иелік етуге қабілетті материалдық кұралдар қоры сандық және сапалық қатынастарда қандай екендігін және бұл қорды жасауға кімдердің қатысқандығын біледі. Екіншіден, баланс бойынша, ұйым тақау уакытта нарықтық экономикада өсіп отыратын (акционерлер, кредиторлар, сатып алушылар, сатушылар) үшінші тұлға алдында өзіне алған міндеттемені орындай ала ма, соны анықтайды. Үшіншіден, актив және пасив баптарының мазмұны оны ішкі, сол сияқты сыртқы пайдаланушылардың пайдалануларына мүмкіндік береді. Бухгалтерлік баланс қаржылық есептілікшіліктің негізгі формасы болып санала отырып, есеп беретін күнге ұйым мүлкінің кұрамы мен құрылымын, ағымдағы активтердің өтімділігі мен айналымдылығын, меншікті капитал мен міндеттемелердің болуын, дебиторлық және кредиторлық борыштардың жай-күйі мен динамикасын, кәсіпорынның несие төлеу қабілеттігі мен төлем қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді. Баланс деректері ұйымның капиталды орналастыру тиімділігін, ағымдағы және алдағы шаруашылық қызметі үшін оның жеткіліктілігін, қарыз алу (заемдық) көздерінің мөлшері мен құрылымын, сондай-ақ оларды тарту тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Сөйтіп, бухгалтерлік баланс шаруашылық ұйымының қаржылық жағдайын талдау және бағалау үшін неғұрлым көбірек ақпарат беретін форма болып саналады.

Баланс акпараттары негізінде сыртқы пайдаланушылар аталмыш шаруашылық ұйымның әріптестермен қандай жағдайда дұрыс қарым-қатынас жасауға болатындығы: өз салымдары бойынша болуы мүмкін тәуекелдерді бағалауы, аталмыш кәсіпорыннын акцияларды және оның активтерін сатым алуының дұрыстығы туралы және өзге де шешімдер қабылдауы мүмкін. Баланстың маңызы соншалықты жоғары, өйткені қаржылық жағдайға талдау жасауды арнайы әдебиеттерде жиі түрде балансты талдау деп атайды, олардың неғұрлым маңызды міндеттері болып мыналар саналады: 1) баланстың өтімділігін талдау; 2) капиталдың пайдатілігін (рентабелдігін) бағалау; 3) ұйымның іскер белсенділік (шаруашылық) дәрежесін бағалау; 4) ұйымның нарықтағы тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігін бағалау.

Қаржылық есептілікті даярлау мен оны тапсырудың тұжырымдамалық негізінде, қаржылық есептіліктер бухгалтерлік есепті реттеудің екінші деңгейін білдіретін және барлық шаруашылық ұйымдарының орындауы үшін міндетті нормативтік-құқықтық құжаттар болып саналатын бухгалтерлік есеп стандарттарымен айқындалады.

«Қаржылық есептілікті топтастыру» №2 ҰҚЕС анықталады. Ол активтердің, капитал мен міндеттемелердің мәні мен түсінігін айқындайды, қаржылық есептіліктер көзінде оны ашып көрсетуге жататын ақпараттарға қойылатын талаптардан тұрады. Ұзақ мерзімді және ағымдағы активтердің, капиталдың және ағымдағы міндеттемелердің жиынтық сомалары бухгалтерлік баланста ашылып көрсетілуі тиіс. Баланста ағымдағы активтер мен міндеттемелерді анықтау және олардың жиынтық сомасын ашып көрсету, қаржылық есепті пайдаланушыларға ұйымның қаржылық жағдайын дұрыс бағалауға және негізгі басқарушылық шешім қабылдауға көмектесетін ақпаратты білдіреді.

Пайда мен зияндар туралы есеп беру қаржылық есептіліктің маңызды формасы болып саналады. Ол ұйымның барлық пайдаінің сомасын өз қызметін ұстап тұру үшін жұмсаған зияндарының барлық сомасымен салыстырудан тұрады, сонымен бірге оның баланстан өзгешелігі уақыт аралығындағы капиталдың қозғалысын, есепті кезендегі ұйымның қаржылық нәтижесін көрсетеді. Сондықтанда ұйым балансымен салыстырғанда бұл есеп беру талдаушы (аналитик) үшін неғұрлым маңызды және көбірек ақпарат беруші болып саналады. Ол ұйым табыс әкеле ме, әлде зиян шеге ме дегенді анықтау үшін пайда мен зияндар туралы толық деректердің көмегімен белгілі бір есепті кезендегі ұйым қызметінің нәтижелерін бағалауды қамтамасыз етеді.

«Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп» ҰҚЕС мен регламенттелетін ақша қозғалысы туралы есеп беру Қазақстан Республикасының шаруашылық ұйымдары үшін қаржылық есептіліктің жаңа формасы болып саналады. Бұл есеп беруде белгілі бір кезеңдегі ұйым қаражатының көздері анықталады және осы қаражаттардың қалай пайдаланылатындығы көрсетіледі. Есеп беру: аталмыш есепті кезеңдегі шаруашылық ұйымның жұмсалатын ақша қаражаттарын жабу үшін негізгі қызметтен алынатын қаржылардың жеткілікті ме екендігін анықтайды. Ол есепті кезеңдегі, операциялық, инвестициялық және қаржылық кызметтен түсетін ақша қаражаттарының түсуі мен кетуі туралы ақпараттармен қамтамасыз ете отырып, ақпаратты пайдаланушылардың ұйымның қаржылық жағдайындағы өзгерістерді бағалауына мүмкіндік береді. Басқалай айтсақ, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру - бұл, шаруашылық ұйымы қаражатты қайдан алады және оны қалай пайдаланатын-дығын көрсетуге мүмкіндік береді. Ақша қаражаты бул кассадағы және банк шоттарындағы қол ақшалар.

Пайда алу бойынша ұйымның негізгі қызметі мен инвестициялық және қаржылық қызметке жатпайтын өзге де қызмет операциялық қызмет ретінде түсіндіріледі.

Инвестициялық қызмет - бұл ұзақ мерзімді активтерді сатып алу және сату, өтелетін (қайтарылатын) несиелер беру және алу.

Қаржылық қызмет - бұл меншікті капитал мен несиелік қаражаттардың мөлшеріндегі және құрамындағы өзгеріс оның нәтижесі болып саналатын ұйым қызметі.

Ұйым қызметінің осы барлық түрлері ақша қаражаттарының түсуі мен кетуінің (шығуының) негізгі каналдары болып саналады.

4 «Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру» ҰҚЕС жеке-жеке олардың түсу және кету (шығу) каналдары бойынша ақша қаражаттарының қозғалысын ашып көрсетуді талап етеді. Осы ретте ұйымның операциялық қызметінеи түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы, төте немесе жанама әдістерді пайдалана отырып ашып көрсетілуі тиіс.

Төте әдіс - бұл ақша түсімдері мен төлемдерінің негізгі түрлері сол бойынша ашылып көрсетілетін әдіс. Бұл әдіс әрбір ақша операцияларының қызметтің кай түріне жататындыгын зерттеуге және оны анықтауға негізделген. Ол қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп берудің әрбір бабына түзетулер енгізу ретінде түсіндіріледі. Мұндай жағдайда, өнімдерді өткізуден ақша түсе бастайды, сол ақшалардан сатып алған тауарларға жұмсалған барлық ақша төлемдері, ағымдағы зияндар, несие пайыздары мен бюджетке жасалатын төлемдер және т.б. шегеріледі. Қорытындысында операциялық қызметтерден алынған ақша қаражаттарының сомасы шығарылады.

Жанама әдіс бұл таза пайда немесе зиян ағымдағы активтер мен міндеттемелердің, ақшалай емес операциялардың өзгерісіне, сондай-ақ соның алдындағы кезеңдермен салыстырғанда, инвестициялық және қаржылық қызметінің нәтижелері болып саналатын пайдаларге және зияндарға (шығындарға) түзетіледі. Бұл әдіс бухгалтерлік баланс мазмұнындағы және қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есеп берудегі ақпарат-тарға негізделген. Ол қаржылық-шаруашылық кызметінің нәтижелері туралы есеп берудің әрбір бабына түзетулер жасауды қарамайды. Осы әдіске сәйкес, таза пайда (зиян) сомасы оның алдындағы есепті кезеңдермен салыстыру бойынша есеп беріліп отырған кезендегі өзгерістер сомасына түзетіледі.

Біріккен (консолидированная) қаржылық есептілік - бұл міндетті тәртіпте негізгі (Бас) шаруашылық серіктестігі жасайтын және негізгі серіктестіктің есеп берушілігінің белгілі бір ережелері бойынша, оның барлық жергілікті және шетелдік шаруашылық серіктестіктерінің есеп берушілігімен біріккендігін білдіретін, шаруашылық серіктестіктері топтарының есеп берушілігі. Ол есепті кезендегі шаруашылық серіктестіктері топтарының мүліктік және қаржылық жағдайларын, сондай-ақ есепті кезеңцегі оның қызметінің қаржылық нәтижелерін сипаттайды.Біріккен (консолидированной) есеп беруді жасау мақсаты - акционерлерге, инвесторларға, кредиторларға, мемлекеттік басқару органдарына, олар тиісті экономикалық баға беріп, шешімдер қабылдай алуы үшін шаруашылық серіктестіктері топтарының қаржылық-шаруашылық қызметі туралы объективті ақпарат беру болып саналады. Өзінің құрамы бойынша біріккен (консолидированная) қаржылық есептілік кез келген дербес кәсіпорынның есеп беруіне ұқсас және өзіне: а) біріккен (коңсолидированный) балансты (№1 үлгі); б) пайда мен зияндар туралы біріккен есеп беруді (№2 үлгі); қызметтік түсіндірме. хатты енгізеді. Негізгі (Бас) шаруашылық. серіктестігінің қалауы бойынша біріккен (консолидированная) қаржылық есептілік өзге де мәліметтермен толық-тырылуы мүмкін.

Мүліктік және қаржылық жағдайлар, сондай-ақ қызмет нәтижелерінің жағдайы кәсіпорындар топтарының біртұтас болып көрінетіндей етіп таныстырылуы, біріккен (консолидированный) есеп берушілікке қойылатын жалпы талап болып саналады. Ал, бұл үшін бас және өзге де біріккен серіктестік топтарының есеп берулері бір күнге және бір валютада (өзінің құрылымы, құрамы және бағалануы бірдей бола отырып) жасалуы қажет, яғни біріккен қаржылық есептілікді жасау көзінде негізгі және еншілес серіктестіктердің есеп саясатының біртұтастық принципі сақталуы тиіс. «Біріккен қаржылық есептілік және еншілес серіктестіктегі инвестициялар есебі» ҰҚЕС да мұны талап етеді. Мәселен, аталмыш стандарттың 15 және 16-тармақтарында, біріккен есеп беруге енгізілетін негізгі серіктестіктердің қаржылық есептіліклері, әдетте бәрі сол бір күнге жасалады, ұқсас операциялар мен қаржылық-шаруашылық қызмет окиғалары үшін бірыңғай есеп саясатын пайдалана отырын даярланады. Есеп берудің бәрін бір күнге жасауды жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда, айырмасы үшін айдан аспайтын болса, әртүрлі есеп беру уақыттарына жасалған қаржылық есептіліклерді пайдалануға болады. Әртүрлі есеп беру күндеріне (уақыттарына) жасалған қаржылық есептіліклерді біріктірген кезде, осы уақыттар аралығында болған өзге оқиғалардың немесе түбегейлі операциялардың нәтижесі болып саналатын өзгерістерге түзетулер жасалады. Қаржылық есептілікді жасау бухгалтерлік есептің негізгі принциптеріне негізделеді, осы ретте, оның сапасы мен тиімділігін арттыруға әсер ететін оған қойылатын негізгі талаптар сақталуы тиіс.