Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Р- ы орау органдары.doc
Скачиваний:
242
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
947.71 Кб
Скачать

14 Тақырып. Қр-нда құқықтық қамтамасыз етуді ұйымдастыру

  1. Нотариат, оның міндеттері, негізгі мақсаттары мен өкілеттіктері.

  2. Нотариустар жүзеге асыратын қызметтер.

Нотариат даусыз құқықтар мен фактілерді растау, құжаттарды, олардың үзінділерін куәландыру, құжаттарға атқарушылық күш беру және азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында заңда көзделген басқа да іс әрекеттерді және заңда көзделген тәртіппен орындау жүктелген мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар жүйесін білдіреді.

Нотариаттық қызмет сотпен тығыз байланысты. Бұл сот пен нотариаттың азаматтық айналымда субъективтік құқықтарды қорғау және заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі ортақ міндеттерімен түсіндіріледі. Азаматтық іс жүргізуде құқық туралы дауларды қарайтын соттан айырмашылығы нотариат азаматтық құқықтарды заңдық тұрғыда бекітуге және болащақта оның ықтимал бұзылуын болдырмауға бағытталған функцияны орындайды, осылайша нотариат қызметі алдын алу сипатына ие. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, олардың заңды мүдделерін қорғау нотариучтың заңда көзделген нотариаттық іс әрекеттерді жасауы арқылы жүзеге асырылады.

Нотариаттық іс әрекеттер олардың бағыты бойынша топтастырылады:

  1. даусыз құқықтарды куәландыруға бағытталған нотариаттық іс әрекеттер;

  2. даусыз фактілерді куәландыруға бағытталған нотариаттық іс әрекеттер;

  3. борыштық және төлемдік құжаттарға атқарушылық күш беру жөніндегі нотариаттық іс әрекеттер;

  4. мұралық мүлікті қорғауға, мүлікті иеліктен айыруға тыйым салуға және құжаттарды сақтауға қабылдауға шаралар қолдану жататын нотариаттық қорғау әс әрекеттері.

Нотариаттық іс әрекеттер, егер бұл әрекеттер алдын ала заңмен белгіленген ережелерге сәйкес жасалған жағдайда, даусыз құқықтар мен мүдделерді тиімді қорғауды әрі күзетуді қамтамасыз етеді. Нотариаттық іс жүргізуге қатысушылар арасында табиғаты бойынша құқық қатынасы болатын нотариаттық ресімдік, іс жүргізушілік мазмұнды қамтитын өзара құқықтары мен міндеттер туындайды. Осы құқық қатынастарына қатысушылардың құқықтары мен міндеттері, бір жағынан нотариаттық іс әрекет жасау кезінде азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауды кепілдік береді, ал екінші жағынан нотариаттық функцияларды іске асыруды қамтамасыз етеді. Нотариаттық функция тек бір ғана нотариаттық қызмет көрсетумен шектелмейді. Фактілерді, құжаттардың көшірмелерін куәландыру және азаматтар мен ұйымдарға қатысты басқа да нотариаттық іс әрекеттер үшінші адамның құқығына, мемлекеттік және қоғамдық мүдделерге қысым көрсетпей жасалады, яғни басқа да адамдардың құқықтары мен мүддесі, заңдылық пен құқық тәртібі қамтамасыз етіледі.

Нотариус мынадай нотариаттық іс әрекеттер жасайды:

  1. мәмілелерді куәландырады;

  2. шаруашылық серіктестіктерінің құрылтай құжаттарын куәландырады;

  3. мұрағалық мүлікті қорғауға шаралар қабылдайды;

  4. мұраға құқық туралы куәліктер береді;

  5. ерлі зайыптылардың және ортақ бірлескен меншік құқығындағы мүлкі бар өзге адамдардың ортақ мүліктегі үдеске меншік құқығы туралы куәліктер береді;

  6. мүлікті иеліктен алуға тыйым салады және салынған тыйымды алып тастайды;

  7. құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын куәландырады;

  8. құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландырады;

  9. азаматтың тірі екендігі фактісін куәландырады;

  10. құжаттардың бір тілден екінші тілге дұрыс аударылғанын куәландырады;

  11. заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Нотариаттық іс әрекеттерді мемлекеттік атынан мемлекеттік нотариат кеңселерінде жұмыс істейтін немесе жеке практикамен айныластын нотариустар, сондай-ақ атқарушылық билік органдары мен консульдық мекемелердің олардың құзіретіне сәйкес лауазымды тұлғалар жасайды.

Нотариат туралы заңның 1 бабына сәйкес, заңмен белгіленген жағдайлар мен шектерде нотариаттық іс әрекеттер жасауға мыналардың құқықтары бар:

  1. мемлекеттік нотариат кеңселерінде жұмыс істейтін нотариустар (мемлекеттік нотариустар) мен жеке практикамен айналысатын нотариустар (жеке нотариустар);

  2. жергілікті атқарушы органдардың нотариаттық іс әрекеттер жасауға уәкілетті лауазымды тұлғалар;

  3. ҚР атынан консульдық қызмет атқаратын адамдар;

  4. заңмен нотариаттық іс әрекеттер жасауға уәкілетті өзге да адамдар.

Нотариаттық органдардың өкілеттіктері бойынша:

  • даусыз фактілерді куәландыру (мәмілелер, құжаттардың көшірмелері мен олардың үзінділерінің дұрыстығын, қолдардың түпнұсқалығын куәландыру және т.б.);

  • даусыз құқықтарды куәландыру (ортақ бірлескен меншікке үлесіне меншік құқығы туралы куәлік беру);

  • құжаттарға атқарушылық күш беру (вексельдерге наразылық жасау);

  • нотариаттық қорғау іс әрекеттері (мұралық мүлікті қорғауға шаралар қабылдау, құжаттар мен бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау және т.б.);

  • өсиеттерді куәландыру;

  • сенімхаттарды куәландыру;

  • құжаттардың көшірмелері мен олардың үзінділерінің дұрыстығын куәландыру;

  • өтініштердегі қолдардың түпнұсқалығын куәландыру;

  • мұралық мүлікті қорғау жөнінде шаралар қабылдау.

Нотариаттық органдардың аумақтық құзіреті кейбір нотариаттық іс әрекеттер үшін олардың белгілі аумақта жасалуын жорамалдайды. Олардың орны заңмен анықт айқындалған және оларды кез келген басқа жерде жүргізу мүмкіндігін алып тастайды. Мысалы, тіркеуге жататын мүлікті иеліктен алу немесе кепіл туралы мәмілелер мүліктің орналасқан жері бойынша куәландырылады.

Аумақтық әділет органының құрылымдық бөлімшесі қалалардағы, аудандардағы мемлекеттік нотариат кеңсесі болып табылады. Ол заңды тұлға болып табылмайды және осы орган бекіткен ереженің негізінде әрекет етеді. Әр облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағындағы нотариаттық палата заңмен белгіленген тәртіппен тіркелетін заңды тұлға болып табылады.

Нотариаттық палата жеке практикамен айналысатын нотариустардың құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру және қорғау үшін, сондай-ақ нотариаттық іс әрекеттер жасау кезінде нотариат туралы заңдардың орындалуына бақылау жасау үшін құрылатын коммерциялық емес, кәсіптік, өзін өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Конституция Республики Казахстан. Алматы: "Жети Жаргы", 1997.

  2. Послание Президента страны народу Казахстана "Казахстан-2030".- "Казахстанская правда", 11 октября 1997 год.

  3. Указ Президента Республики Казахстан от 28 марта 2002 года № 827 "О дальнейших мерах по реализации Стратегии развития Казахстана до 2030 года" // САПП Республики Казахстан, 2002 г., № 9, ст.65; "Казахстанская правда" от 30 марта 2002 года № 068-069.

  4. Государственная программа правовой реформы в Республике Казахстан (основные направления). - // Постановление Президента Республики Казахстан от 12 февраля 1994 года, № 1569. - САПП Республики Казахстан, 1994, № 9, ст.91.

  5. Закон Республики Казахстан "Об органах юстиции" от 18 марта 2002 года, № 304. - // Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2002, № 6, ст. 67; "Казахстанская правда" от 22 марта 2002 года, № 062-063.

  6. Закон Республики Казахстан "О квалификационной коллегии юстиции" от 11 июля 2001 года, № 234.

  7. Закон Республики Казахстан "О нотариате" от 14 июля 1997 года, № 155 -I.- // Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г., № 13-14, ст.206.

  8. Назарбаев Н.А. Наша Конституция - это осознанный выбор народа Казахстана. - "Казахстанская правда" от 30 августа 2002 года

  9. Бекбергенов Н.А. Правоохранительная система в Республике Казахстан" (учебное пособие). - Астана: "Фолиант", 2000.

  10. Ибрагимов Х.Ю. Правоохранительные органы. Алматы, "Данекер", 2000.

  11. Темирбулатов С.Г. О некоторых вопросах конституционной законности. // Закон и время, 1996, № 4.

  12. Сулейменова Г.Ж. Суд и судебная власть. Алматы., 2001.

  13. Алиев М.М. Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау органдары. Астана., 2004.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]