Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Информатика силабус.doc
Скачиваний:
286
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
4.61 Mб
Скачать

11.2 . Деректерді енгізу және редактрлеу. Ұяшық адрестері

Ұяшықтардың адрестері. Excel программасында ұяшықтардың үш түрлі адрестері пайдаланылады: абсолюттік, салыстырмалы және аралас адрестер. Егер түрлі операцияларды орындау барысында операцияға қатысатын ұяшықтардың адрестері сәйкесінше автоматты түрде өзгеріп отыратын болса мұндай ұяшықтар салыстырмалы адресті болып есептелінеді. Әдетте (по умолчанию) Excel программасы іске қосылған кезде ұяшықтардың адрестері салыстырмалы адрестер болып тұрады. Ұяшықтармен жасалатын операциялар барысында ұяшықтың адресі тәуелсіз, өзермейтін болса мұндай ұяшықтарды абсолют адресті деп атайды. Ұяшықтың абсолют адресін көрсету үшін сәйкесінше жол және баған аттарының алдына доллар ($) белгісін қойып жазады (мысалы, $A$2). Мұны бірден жазу үшін ұяшықты белгілеп , <F4> пернесін басу тәсілі де қолданылады.

Аралас адресті деп ұяшықтың адресін көрсетуде салыстырмалы және абсолют адрестердің қатар қолданылған жағдайын айтады (мысалы, $A1, B$2). Ұяшықтардағы формулаларды көшіруде абсолют адрестер өзгермейді, салыстырмалы адрестер өзгереді.

Ұяшыққа формула жазу. Excel программасында ұяшыққа формула енгізу міндетті түрде «тең болады» (“=”) белгісінен басталады, ал енгізуді аяқтау Enter пернесін басумен бітеді.

Формулалар жазудың мысалдары: = 2*5^ 3+4 немесе =A1+Cos(5,282)

Ұзақ формулаларды жазуда программа терезесіндегі формулалар жолы деп аталатын жол ұяшықпен салыстырғанда қолайлырақ болады.

Формулаларды редакциялау. Ұяшықтағы формуланы редакциялау үшін әуелі ұяшық белгіленіп алынады да екі рет шертіледі немесе F2 пернесі басылады немесе формулалар жолындағы “=” белгісіне сырт еткізіледі. Редакциялау режимінде ұяшықтағы формула формулалар жолында толығымен көрініп тұрады, курсорды қалаған жеріңізге қойып өзгертулер нгізе беруге болады.

Ұяшықтағы мәліметтердің форматтарын тағайындау. Ол үшін қажет ұяшықты белгілеп алып сол ұяшықтың контекстік мәзірінен Формат ячеек немесе Формат→ Формат Ячейки командаларының бірі орындалады. Нәтижесінде Формат ячеек деп аталатын диалогтық терезе шығады, осы терезедегі жапсырмаларды пайдалана отырып әртүрлі сандық форматтарды, ұяшықтағы текстерді туралауды, ұяшықтың түрі мен шекара сызықтарын, қорғанысын және т.б. параметрлерін тағайындауға болады.

9 – Тақырып бойынша тест сұрақтары

1. Формат – Ұяшықтар (Ячейки) меню пункті көмегімен орындалмайтын әрекет нұсқасын көрсетіңіз...

A. жұмыс кітабының басқа парағына көшу;

B. сандар форматын өзгерту;

C. қаріп (шрифт) түрін өзгерту;

D. мәтінді ұя шеттеріне байланысты туралау;

E. мәтінді ерекшелей алмайды.

2. Файл меню пунктінің ішкі командалары арқылы мынадай әрекет орындалмайды:

A. құру (создать);

B. сақтау (сохранить), басқаша сақтау (сохранить как);

C. көшіру (копировать), қиып алу (вырезать), қою (вставить);

D. ашу (открыть);

E. дұрыс жауабы жоқ.

3. Қай программа кестелік процессорларға жатпайды:

A. FохРrо;

B. Lotus;

C. Ехсеl;

D. SuperСаlс;

E. Home.

4. Кестелік процессордың атқаратын қызметі:

A. кестелік мәліметтерді автоматты түрде өңдеу;

B. көлемді информация жиындарын басқару;

C. мәтіндер жасау және түзету;

D. суреттік мәліметтерді өңдеу;

E. сандар форматын өзгерту.

5. Электрондық кестенің негізгі элементі:

A. бағана;

B. ұяшық;

C. мәлімет;

D. жол;

E. кесте.

6. Электрондық кестедегі адрес ....

A. торлар блогының координатасын көрсетеді;

B. жолдағы мәліметтердің координатасын көрсетеді;

C. электрондық кестедегі ұяшықтың координатасын көрсетеді;

D. бағанадағы мәліметтердің координатасын көрсетеді;

E. формулалар қатарын көрсетеді.

7. Электрондық кесте ұяшығын мәліметтен тазарту үшін оны ерекшелеп алып, мына әрекет орындалады:

A. Жою (удалить) командасы;

B. Ауыстыру (заменить) командасы;

C. Delete пернесі басылады;

D. Енгізу (вставить) командасы;

E. жолдағы мәліметтердің координатасын көрсетеді.

8. Электрондық кестедегі мәлімет мынадай түрге жатпайды:

A. мәтін (текст);

B. сан (число);

C. оператор;

D. формула;

E. диограмма.

9. Microsoft Excel программалардың мына тобына жатады...

A. мәтіндік редактор;

B. диограмма;

C. кестелік процессор;

D. графикалық редактор;

E. операциялық жүйе.

10. Microsoft Excel мынадай командалар тізбегін орындау арқылы іске қосылады...

A. Іске қосу (Пуск) – Программалар – Стандартты – Microsoft Excel;

B. Іске қосу (Пуск) – Программалар – Microsoft Excel;

C. Іске қосу (Пуск) – Стандартты – Microsoft Excel;

D. Іске қосу (Пуск) – Стандартты – Программалар – Microsoft Excel;

E. Іске қосу (Пуск) – негізгі меню – Microsoft Excel.