- •Бекітемін
- •Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар жоғары мектебінің директоры, з.Ғ.К. Профессор Қыстаубай ө.С. ____________________
- •"____" __________________ 2014 Ж.
- •Модульдік пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •Пәннің оқу бағдарламасы
- •2. Курс оқытушысы туралы мәліметтер
- •3. Пәннің пререквизиттері мен постреквизиттері
- •4. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •5. Оқу сабақтарының графигі
- •6. Дәрістер мен семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
- •7. Соөж және сөж орындау және тапсыру графигі
- •8. Тәжірибелік сабақтарды оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •9. Халықаралық жария құқық пәні бойынша курстық жұмыстар тақырыптарының тізімі:
- •10. Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
- •11. Глоссарий
- •12. Білімді бағалаудың жалпы шкаласы
- •13. Оқу курсы барысында қолданылатын кейстер
- •14. Дәрістер тезисі
11. Глоссарий
№ |
Атауы |
Анықтама |
Ескертпе |
1 |
Агреман |
Елші лауазымы кандидатурасына тағайындалған мемлекеттің келісімі |
|
2 |
Патент |
Консулдың тағайындалуын және оның өкілеттіктерін куәландырушы құжат |
|
3 |
Экзекватура |
Болушы мемлекет тарапынан консулдың функцияларын атқаруға берілетін ерекше рұқсат |
|
4 |
ХҚ субъектісі |
Халықаралық құқық нормаларын қалыптастырушы халықаралық құқықтың ресми қатысушысы |
|
5 |
Императивтік нормалар |
ХҚ билік етуші нормалары |
|
6 |
Диспозитивтік нормалар |
ХҚ субъектілеріне осы норма шеңберінде өз қалауы бойынша әрекет етуге мүмкіндік беретін нормалар |
|
7 |
Суверенитет |
Бұл мемлекеттің ел ішіндегі және халықаралық қатынастардағы тәуелсіздігі |
|
8 |
Құқықмирасқорлық |
Халықаралық құқықтың бір субъектісінен екінші субъектісіне құқықтар мен міндеттерді беру |
|
9 |
Аутентика |
Әртүрлі тілдерді әзірленген халықаралық шарттың бірдей мағыналық түсінігі |
|
10 |
Депозитарий |
Халықаралық келісім мәтінінің түпнұсқасын сақтаушы мемлекет |
|
11 |
Преамбула |
Халықаралық келісім мәтініндегі кіріспе (кіріспе бөлім) |
|
12 |
Инкорпорация |
Халықаралық құқық нормаларын ұлттық құқық құрамына енгізу |
|
13 |
Апартеид |
Нәсілдердің жеке өмір сүру саясаты |
|
14 |
Экстрадиция |
Қылмыс жасаған тұлғаны бір мемлекеттен екінші мемлекетке ұстап беру |
|
15 |
Комбатант |
Әскери қақтығыстардың соғысушы заңды қатысушылары |
|
16 |
jus gentium |
халықтар құқығы |
|
17 |
Имплементация |
өз міндеттемелерін ұлттық құқықта жүзеге асыру, заңнамаларға халықаралық құқық нормаларын енгізу |
|
18 |
Трансформация |
Халықаралық құқық нормаларын ұлттық құқыққа айналдырудың бір түрі. Әдетте ол арнайы заң шығарумен халықаралық шарт нормаларының барлығына міндеттілігін көрсетеді |
|
19 |
Инкорпорация
|
заңнама мәтінін халықаралық шарт нормаларымен сәйкестендіру |
|
20 |
Рецепция |
ұлттық заңнаманың мазмұнын халықаралық-шарттық нормалардың мазмұнынымен сәйкестендіру |
|
21 |
Адаптация |
ұлттық заңнамағы өзгеріс енгізбей-ақ жаңа халықаралық-құқықтық міндеттемелерге сәйкестендіру |
|
22 |
Құқыққабілеттілік |
халықаралық құқық субъектісінің құқықтар мен міндеттерді иелену мүмкіншілігі. |
|
23 |
Әрекетқабілеттілік |
өз құқықтары мен міндеттерін жеке жүзеге асыру |
|
24 |
Деликтқабілеттілік |
жасаған құқықбұзушылығы үшін жауапкершілік арқалану |
|
25 |
Егмендік |
өзінің территориясында билік құру және халықаралық қатынастардағы тәуелсіздік |
|
26 |
Еркін қалалар |
ішкі өзін-өзі басқару құқығы бар қала-мемлкет |
|
27 |
Халықаралық шарт |
мемлекеттер арасында жазбаша түрде жасалған және халықаралық құқықпен реттелетін, бір немесе одан да көп құжаттардан тұратынына және атауына байланыссыз халықаралық келісім |
|
28 |
pacta sunt servanda |
шарттар орындалуы тиіс |
|
29 |
САНКЦИЯ |
құқық бұзушы мемлекетке қатысты қолданылатын мәжбүрлеу шалалары |
|
30 |
РЕТОРСИЯ |
мүддені бұзған екінші мемлкеттің әрекетіне қарсы мәжбүрлеуге бағытталған әрекет |
|
31 |
РЕПРЕССАЛИ |
бір мемлекеттің екінші мемлекетке заңды түрдегі мәжбүрлеу шарасы. Қарсы әрекет келтірілген залалға сай келуі тиіс. |
|
32 |
САТИСФАКЦИЯ
|
ар-намысы мен ожданына нұқсан келтірілген мемлекеттің талаптарын қанағаттандыру |
|
33 |
РЕСТОРАЦИЯ
|
Құқық бұзушы мемлекеттің бұрынғы жағдайды, материалдық объектіні қалпына келтіруі |
|
34 |
РЕПАРАЦИЯ |
материалдық залады ақшалай, тауарлай, қызметпен қайтару |
|
35 |
РЕСТИТУЦИЯ |
құқық бұзушылық әрекет болған кезге дейінгі жағдайды қалпына келтіру. Мысалы, территориядан алып кеткен мүлікті заттай қайтару |
|
36 |
КОМПЕНСАЦИЯ |
жіберілген пайданы есептегенде, келтірілген залалды қаржылай қайтару. Қазіргі таңда кең таралған санкциялардың бірі болып табылады |
|
37 |
СУБСТИТУЦИЯ |
жойып жіберілген материалдық меншікті басқа меншікпен алмастыру |
|