- •Дипломдық жобаға
- •5В073800 – Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы
- •Кафедра меңгерушісі
- •Дипломдық жобаны орындауға тапсырма
- •Кестесі
- •Аңдатпа
- •Аннотация
- •Мазмұны
- •1.1 Илемделетін өнім сортаменті және негізгі орнақтың қолданылуы
- •1.2 Жабдықтар құрамы және олардың сипаттамасы
- •1.3.2 Слябтарды илемдеуге дайындау
- •2 Негізгі және қосымша жабдық ншпс 1700 техникалық сипаттамасы
- •2.1 Тұғырды беріктікке және қатандыққа есептеу әдістемесі
- •2.2 Жұмысшы және тіреу біліктерді есептеу әдістемесі
- •2.2.1 Жұмысшы және тіреу біліктерін есептеу
- •2.3 Қыспақ механизмді есептеу
- •2.4 Қорытындылар
- •3 Слябтарды қыздыру уақытын есептеу
- •3.1 Әдістемелік пештің қолданылуы
- •3.2 Пеш құрылымын және жылулық жұмысының сипаттамасы
- •3.3 Пештің жылулық жұмысының негізгі жылутехникалық сипаттамалары
- •3.4 Әдістемелік пештердің футеровкасы
- •3.5 Пештің жылулық жұмысының және құрылымының жаңа даму бағыттары
- •4 Apm Shaft модулінде бұраманың жалпы есептеуі
- •4.1.1 Цилиндiрлі секцияларын құру
- •4.1.2 Біліктің қиықжиек секциясын құру
- •4.3.1 Көлденең күштің тапсырмасы
- •4.4 Білік материалдардың параметрлерінің берілуі
- •4.5 Есептеуді жүргізу
- •4.6 Есептеу нәтижелерін қарастырылуы
- •4.7 Орнақтың тіреу білігін есептеу
- •4.7.1 Цилиндрлі секциясын құру
- •4.9.1 Көлденен күштердің берілуі
- •4.11 Тіреу білігінің есептеуін жүргізу
- •4.11.1 Есептеу нәтижелерін қарастырылуы
- •5 Экономикалық бөлімі
- •5.1 Кәсіпорынның жұмысын ұйымдастырудағы орындалатын негізгі есептеу жұмыстары мен бастапқы мәліметтер
- •5.2 Өндірістік үй мен құрылыстар
- •5.3 Айналым қаражатты есептеу
- •5.4 Жұмысшылардың жалақы қорын есептеу
- •5.5 Шығындардың кешенді статьялары
- •5.6 Жабдықтарды күту мен пайдаланудағы шығындарды есептеу
- •5.7 Өзіндік құнды есептеу
- •6 Еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік
- •6.1 Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар сараптамасы
- •6.2 Ұйымдастыру іс-шаралары
- •6.3 Еңбекті қорғаудағы техникалық қауіпсіздік шаралары
- •6.4 Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету
- •6.5 Желдету
- •6.6 Жыл мезгілінің жылы кезеңінде қалыптайтын цехта, жылу артығы бойынша керекті ауа алмасуды анықтау
- •6.7 Санитарлы-гигиеналық іс-шаралар
- •6.8 Микроклимат көрсеткіштерінің қолайлы және ықтимал мөлшері
- •6.9 Жарықтандыру. Табиғи жарықтандыру
- •6.10 Ыстықтай қалыптау жұмыс орындарында шудың жіберілетін деңгейінің санитарлық нормалары. Шуды белгілеу және қолдану аймағы
- •6.12 Өрт кезінде түтіннен қорғау
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
5.3 Айналым қаражатты есептеу
Айналым қаражатының басты элементі - шикізат,былайша айтқанда,материалдар.Бұл жұмыста өңделетін өнімге қажетті материалды ғана есептейміз.Материалдар екі топқа бөлінеді - негізгі және көмекші.
Негізгі материал.Кәсіпорынның негізгі материалға қажетті көлемін есептеу әдісі 5.2 - кестеде келтірілген.
5.2 – кесте - Негізгі материалға жұмсалатын қаржының мөлшерін есептеу
Көрсеткіштердің аталуы |
Белгісі |
Есептеу әдісі |
1 Негізгі материалдың аты,маркасы |
Болат 10кп |
|
5.2 - кестенің жалғасы - Негізгі материалға жұмсалатын қаржының мөлшерін есептеу
Көрсеткіштердің аталуы |
Белгісі |
Есептеу әдісі |
2 Өнімнің бірлігіне жұмсалатын материалдың: а)қара салмағы,кг; ә)таза салмағы,кг. |
Сқ=5,85 Ст=3,9 |
|
3 Бағдарламаға жұмсалатын материалдың көлемі,тоннамен |
Мк=83,07 |
Мк=Q·Сқ=14,2·5,85=83,07 |
4 Материалдың бір тоннасының бағасы,мың тг. |
Бм=50 |
|
5 Бағдарламаға жұмсалатын материалдың жалпы сомасы,мың тг. |
Шм=4154 |
Шм=Мм·Бм=83,07·50,0=4154 |
6 Өнім бірлігінің қалдығының салмағы,кг |
Кс=1,95 |
Кс=Сқ-Ст=5,85-3,9=1,95 |
7 Бағдарлама бойынша барлық қалдықтың салмағы,тоннамен |
Тк=27,69 |
Тк=Кс·Q=1,95·14,2=27,69 |
8 Қалдықтың бір тоннасының сату бағасы,мың тг. |
Бс=5 |
Бс=0,1·Бм=0,1·50,0=5,0 |
9 Қалдықтарды сатқан кездегі келетін табыстың мөлшері,мың тг. |
Тм=138,45 |
Тм=Тк·Бс=27,69·5=138,45 |
10 Бағдарламаға жұмсалатын негізгі материалдың құны мен қалдықтар құныны,мың тг. |
Шт=4015,5 |
Шт=Шм-Тм=4154-138,45=4015,5 |
Көмекші-материал. Көмекші материалдарға ағындағы жөндеуге, жабдықтарға күнделікті қызмет атқаруға көмектесетін басқа да материалдар жатады. Қажетті көмекші материалдың мөлшерін негізгі материалдың шамасынан 2 пайыз көлеміндей алуға болады:
4402·0,02=88,04 мың тенге
5.4 Жұмысшылардың жалақы қорын есептеу
Кәсіпорында орындалатын жұмыстардың күрделілігіне сәйкес түрлі разрядқа жататындығынан жұмысшылар негізінде алты разрядқа бөлінеді.Жалақыны есептеу үшін жұмысшылардың разрядын есептеп шығару керек.Мысалы,кәсіпорында негізгі жұмысшылардың орта разряды - төртінші разряд,көмекші жұмысшылардың разряды - екінші разряд болсын.
Разряд коэффициенттері:
Төртінші разрядтікі - 2,06;
Екінші разрядтікі - 1,47.
Әр уақытта халықшаруашылығы бойынша минималдық еңбек ақының мөлшері туралы статистикалық мәлімет бойынша ай сайындық минималдық сағаттық еңбек ақының мөлшері мына формула бойынша есептеліп отырады:
Асм=Еа мин/Жқ·Кс, (5.2)
мұндағы Асм - минималдық сағаттық еңбек ақының мөлшері,тенгемен;
Еа – елдегі минималдық еңбек ақы,тенгемен;
Жқ – бір айдағы жұмыс күндерінің саны;
Кс – бір жұмыс күніндегі сағаттардың саны.
Мысалы,елдегі минималдық еңбек ақы 9750 теңге болса,айдың ішіндегі жұмыс күні – 22,жұмыс күніндегі сағаттың саны 8,онда минималдық сағаттық тарифтік еңбек ақының мөлшері:
Асм=9750/22·8=55,4 теңге,
Төртінші разряд бойынша сағаттық тарифтік еңбек ақының мөлшері:
Еа=55,4·2,06=114,124 теңге,
Екінші разряд бойынша сағаттық тарифтік еңбек ақының мөлшері:
Еа=55,4·1,47=81,438 теңге,
Негізгі жұмысшылардың еңбек ақылары- жалақылардың кесімді нысаны бойынша есептеледі,былайша айтқанда,өндірілген өнімнің көлемі бойынша.Есептеу формуласы:
Етк=Q·Тт·Ст, (5.3)
мұндағы Q – өнімнің бағдарламасы,данамен (40000);
Тт– технологиялық процестің ұзақтылығы,сағатпен (6,4);
Ст– разряд бойынша сағаттық тарифтік еңбек ақының мөлшері,теңгемен (114,124).
Онда:
Етк=40000·6,4·114,124=29215744 тг.
Кәсіпорында жұмысшыларға тарифтік еңбек ақымен қатар бірнеше түрлі төлемдер жасалады,сол төлемдердің мөлшері тарифтік еңбек ақыдан орта есеппен негізгі жұмысшыларға 6-7 пайыз шамасында болсын,сонымен қатар сыйлықтың шамасы 30 пайыз болсын.Жұмысшыларға демалысқа шыққанда қосымша еңбек ақы төленеді,оның мөлшері жылдық жалақысынан 9 пайыз болсын.Сонда негізгі жұмысшылардың айлық еңбек ақылары:
Жнж=Етк+0,07Етк+0,30Етк+0,09Етк=1,46Етк, (5.4)
Жнж=1,46·29215744=42654986,24тг.
Көмекші жұмысшылардың еңбек ақылары – жалақылардың мерзімді нысаны бойынша есептеледі,былайша айтқанда,неше сағат жұмыс атқарғанына сәйкес төленеді:
Етм=Жк·Уқ·Ст, (5.5)
мұндағы Жк – көмекші жұмысшылардың саны,(1);
Уқ– уақыттың жылдық нақты қоры,сағатпен (2030);
Ст– разряд бойынша сағаттық тарифтік еңбек ақының мөлшері,теңгемен (81,438).
Етм=·81,438·2030=165319,14тг.
Көмекші жұмысшыларға тарифтік еңбек ақыларына қосымша түрлі төлемдер жасалады.Үстеме төлемдердің мөлшері жылдық тарифтік еңбек ақыларынан 4-5 пайыз шамасында,сыйлық -25 пайыз мөлшерінде болады.Демалысқа шыққан кезде қосымша еңбек ақы төленеді,оның мөлшеріжылдық тарифтік еңбек ақыдан 9 пайыз шамасында.Сонда көмекші жұмысшылардың айлық еңбек ақылары мына формула бойынша есептеледі:
Еаж=Етм+0,05Етм+0,25Етм+0,09Етм=1,39Етм, (5.5)
Еаж=1,39·165319,14=229793,6 тг
Еаж=229793,6/12=19149,5 тг
Қызметкерлердің еңбек ақылары-олардың жалақылары орындап отырған жұмыстарының күрделілігіне қарай төленеді,былайша айтқанда берілген категорияларымен байланысты болады.Мысалы,кәсіпорында техника инженерлері мамандықтарына қарай орта есеппен бірінші категорияға жататын болсын,инженер–экономистер және есеп шот қызметкерлері – екінші категорияға жатсын,сонда:
техника инженерлердің тариф бойынша жылдық еңбек ақылары мына формуламен есептеледі:
Еитж=Титж·U, (5.6)
мұндағы Ти – техника инженерлерінің саны (1);
U – орта разряд бойынша орта айлық тарифтік еңбек ақыларының мөлшері;
Сонда:
U=9750·3,53=34417,5
Еитж=1·34417,5=34417,5тг.
Техника инженерлерінің 1 жылдық еңбек ақылары:
Еитж=34417,5·12=413010 тг
Қызметкерлердің басқа топтарының жалақылары да осы әдіспен есептеледі,есептеуде ең бірінші мәселе – қызметкерлердің әр тобының орта категорияларын анықтап,осы категорияның сағаттық тарифтік еңбек ақыларын мәліметтер бойынша есептеп шығару керек.
Кәсіпорындарда мамандарға да сыйлық төленеді,ол сыйлықтардың мөлшері алып отырған еңбек ақыларынан 30-40 пайыз мөлшерінде болады,сонда:
- техника инженерлерінің жылдық еңбек ақылары мына мөлшерде болады:
Wитж=Еитж(1+40%/100)=1,40Еитж, (5.7)
Wитж=1,4·413010=578214тг.
кіші қызметкерлер – вахтерлер,тазалаушылар т.б.,олардың разрядтары бірінші разрядқа жатады,сондықтан тарифтік коэффициенттері 1,18.Бірінші разрядтың сағаттық тарифтік еңбек ақысының мөлшері:
Ст=Асм·1,18, (5.8)
мұндағы Асм – елдегі сағаттық минималдық еңбек ақы (55,4 теңге).
Ст=55,4·1,18=65,372
іші қызметкерлердің жылдық жалақыларының мөлшері мына формуламен есептеледі:
Wкк=Ккс·Ае·12, (5.9)
мұндағы Ккс – кіші қызметкерлердің саны (1);
Ае– орта айлық еңбек ақылары (9750·1,18);
12–жылдағы айлардың саны.
Wкк=1·9750·1,18·12=138060 тг.