Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпора_казяз_тексты.docx
Скачиваний:
17
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
33.6 Кб
Скачать

Информациялық процестердің классификациялануы

Информациялық процестер мазмұны және қолданылатын орнына қарай классификацияланады. Информациялық жұмыстың мазмұны негізгі, қосалқы, қызметші жұмыстардан құралады. Негізгісіне жататындар: информацияны жинап алу мен оны түрлендіру. Информацияны жинап алу қоршаған айнала мен басқарылатын объектілердің жағдайын сезу қабілеттігіне негізделген. Егер оларды жинайтын адам болса, онда оның сезім мүшелері, ал егер механикаландырылған болса, онда әртүрлі микрофон, фототетіктер, телекөрсеткіштер т.б информация қабылдап, беруші аспаптар болады. Сол көптеген хабарлардың түрлері адамдардың миында немесе есептеу техникаларында қолданылуға оңай біркелкі сигналдарға айналдырады. Информацияны жинау және түрлендіру әртүрлі уақыттарда әртүрлі кеңістікте болатындықтан, олар қосалқы жұмыстарда қажет болады. Қосалқы жұмысқа жататындар: а) информацияны белгілі бір түрде, бір уақытта байқап көру (таблода, есептеуші көрсеткішінде, дыбыс сигналы арқылы т.б); б) информацияны сақтап қою (әртүрлі сақтағыштарда); в) информацияны тасымалдау (бір жерден екінші жерге көшіру); г) информацияны мультипликациялау (өсіріп, көбейтіп, қайталап, күшейтіп т.б); д) информацияны сұрыптау (түрлеріне қарай классификациалау); е) информацияны іздеу (сақталған орнын белгілеу т.б) жатады. Қызметші жұмыстарға информацияны жинап алу, оны түрлендіру және тарату жұмыстарына жағдай жасаушы жұмыстар (электр энергиясымен т.б. жабдықтау, жарық беру, құралдармен қамтамасыз ету) жатады. Қолданылатын орнына қарай информация басқару, жобалау және реттеу жұмыстарында пайдаланылатын болып бөлінеді.

Ақпараттық жүйелер

Ақпараттық жүйе (АЖ) дегеніміз - қандайда бір объектіні басқаруға қажетті қоғамдық қойылған мақсаттарға жету барысындағы ақпараттарды жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу, іздеу және беру үшін қолданылатын құралдар, әдістер және қызмет көрсетушілердің өзара байланысқан жиыны. Ақпарат жүйесін жіктеуде оны келесі ішкі кластарға бөлуге болады: - ақпараттық–анықтамалық жүйелер; - ақпараттық-кеңес беретін жүйелер; - ақпараттық-қадағалаушы жүйелер. Ақпараттық-анықтамалық жүйелер ақпаратты жинап, оны адамның пайдалануы үшін дайындайды. Ақпараттық-кеңес беретін жүйелер объектінің күйі мен жұмыс тәртібі туралы ақпаратты беріп, нақты жағдай үшін қажетті ұсыныстар мен пікірлерді ұсынады. Ақпаратты– қадағалаушы жүйелерде мәліметтер, адамның қатысуынсыз ендіріліп, басқарылатын объектідегі үрдіс автоматты түрде реттеледі. Ақпараттық жүйелер термині автоматтандырылған жүйелер түсінігімен тығыз байланысты. (ААЖ) деп- ақпаратты өңдеу және басқару шешімдерін қабылдау үшін арналған ақпараттардың экономика математикалық әдістерімен модельдердің техникалық, бағдарламалық, технологиялық құралдардың және мамандардың жиынтығы.

Ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі

Ақпаратты қамтамасыз ету бағыныңқы жүйесі басқару шешімдерін қабылдау үшін уақытында қалыптастырудан және нақты ақпаратты беруден тұрады. 1) Ақпараттық қамтамасыз ету дегеніміз- құжаттамалар жүйесінің ұйымда циркуляцияланатын ақпараттық ағымдардың сызбасы жиынтығы және мәліметтер қорын тұрғызу әдістемесі. Құжаттамалардың унифисирленген жүйесі мемлекеттік, республикалық, салалық және аймақтық деңгейде құрылады. Ақпараттық қамтамасыз етудің негізгі міндеті-қоғамдық өндірістің әртүрлі саласындағы басқарылатын объектіні сипаттайтын динамикалық ақпаратты тұрғызып, ұдайы жаңартып отыру. Осындай мақсатта құжаттаудың унифисирленген жүйелеріне қойылатын талаптар орнатылған стандарттар әзіленеді. Ақпараттық ағымдар сызбасы ақпараттың қозғаушы маршрутын және алғашқы ақпараттың пайда болуымен нәтижелік ақпаратта қолданылатын орнын бейнелейді. 2) Техникалық қамтамасыз ету- ақпараттық жүйенің жұмыс жасауы үшін арналған техникалық жабдықтар кешені. Техникалық құралдар кешенін: кез келген модельдегі компьютерлер , ақпаратты жинау, өңдеу, беру, шығару құрылғылары, мәліметтерді беру құрылғылары және байланыс желілері, ақпараттың автоматты түрде алыну құрылғылары, эксплотацияық материалдар және тағы басқалар құрайды. 3) Математикалық қамтамасыз ету- ақпараттық жүйенің мақсаттарымен міндеттерін жүзеге асыруға арналған математикалық әдістер, модельдер, алгоритмдер және бағдарламалар жиынтығы, сонымен қатар техникалық құралдар кешенін қалыпты функциялауға жағдай жасайды. Математикалық қамтамасыз ету құралдарына: -басқару үрдістерін модельдеу құралдары; -басқарудың типтік есептері; -математикалық бағдарламалау, математикалық статистика,массалық қызмет көрсету теориялары және тағы басқалар жатады. 4) Бағдарламалық қамтамасыз ету- есептеу техникасын қолдау арқылы ақпарат жүйесіндегі мақсаттар мен есептерді жүзеге асыруды қолдайтын бағдарламалар жиыны. Жалпы жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етуге- ақпаратты өндеудің типтік есептерін шешу үшін арналған және қолданушыға бағытталған бағдарламалар кешені жатады. Олар ақпаратты өңдеудің үрдістерін басқару және бақылау, компьютердің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]