Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Электр жктемелеріні графиктері.docx
Скачиваний:
79
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
241.06 Кб
Скачать

1.24 Сурет – Тұтынушының активтік жүктемесінің тәуліктік графиктері:

а - типтік; б – аталған бірліктерде

демалыс күнінің графигі және т.б. Негізгісі әдетте жұмыс күнінің қысқы тәуліктік графигі. Оның максималды жүктемесі Ртах 100% қабылданады, және барлық басқа графиктердің ординаттары осы мәннің проценттерімен беріледі (1.25 сур.).

Активтік жүктеме графиктерінен басқа реактивтік жүктеме графиктерін пайдаланады. Реактивтік тұтынудың типтік графиктері сатыларының, абсолюттік максимумының ординаттары бар:

мұнда мәнімен анықталады, ол осы тұтынушы үшін алғашқы параметр ретінде берілу керек.

Толық қуаттың тәуліктік графигін активтік және реактивтік жүктемелердің белгілі графиктерін пайдаланып, алуға болады. График сатылары бойынша қуаттың мәндері өрнектермен анықталады (1.26 сур.)

(1.14)

мұнда- аталған бірліктердегі берілген сатының активтік және реактивтік жүктемелері.

В) Аудандық қс тәуліктік графиктері

Бұл графиктер электрэнергияны таратқанда желілердегі және трансформаторлардағы активтік және реактивтік қуаттардың шығындарын ескеріп анықталады.

Желілердің сымдарында және трансформаторлардың орамдарында токтың өтуінен пайда болатын қуаттың шығындары жүктемеден тәуелді айнымалы шамалар болады. Тораптағы қуат шығындарының тұрақты бөлігін трансформаторлардың бос жүріс шығындары негізінен анықтайды.

Таратудың тұрақты шығындарын , және тораптың і элементіндегі максималды режим үшін айнымалы шығындарын , (желіде,

трансформаторда) «Электр тораптары» курсынан белгілі әдістерді пайдаланып табады. ҚС жүктеме графигінің кез – келген сатылары үшін қосынды шығындар өрнектерден табылады

Sі – жүктеменің қосынды графигінің қарастырылатын n сатысына сәйкес келетін тораптың і элементінің жүктемесі; Si,тах — элементтің жүктемесі (желінің, трансформатордың), мұнда , анықталды.

1.27 сур. нақты торап үшін активтік жүктеме графигін тұрғызу тәсілі көрсетілген.

1.28 сурет – Энергия жүйесінің активтік жүктемесінің графиктері

1.29 сурет – Энергия жүйесінде жұмыс істейтін ЖЭО үшін активтік жүктеменің графиктері:

атүсіндіретін сұлба; б —генераторлық кернеудегі қуатты өндіру және тұтынудың графиктері; в — байланыс трансформаторларының жүктеме графигі

Г) Электрстанциялар жүктемесінің тәуліктік графиктері

Тұтынушылар жүктемесінің графиктерін және жалпы энергия жүйесіндегі электр тораптарындағы тарату шығындарын қосып, энергия жүйесі электрстанциялары жүктемесінің нәтижелік графигін алады.

Энергия жүйесі генераторлары жүктемесінің графигін электрэнергияның өзіндік мұқтаждарға қосымша шығынын ескеріп, шиналардан жіберілетін қуат графигінен алады (1.28 сур.). Электрстанциялар жүктемелерінің едәуір тербелістерінде өзіндік мұқтаждар тұтынуының айнымалы сипатын ескеру керек

мұнда Рi — станция шиналарынан берілетін қуат; Руст — генераторлардың орнатылған қуаты; Рс.н.мах — өзіндік мұқтаждарға кететін максималды шығын, 5.2 кест. деректерін ескеріп анықталады; 0,4 және 0,6 коэффициенттері өзіндік мұқтаж шығындарының тұрақты және айнымалы бөлігінің тиісті үлесін жуықтап сипаттайды Рс.н.мах.

Бөлек электрстанциялар арасындағы жүктеме жалпы энергия жүйесі бойынша жұмыстың максималды экономиялығын қамтамасыз ету үшін таралады. Осы ойларға байланысты, энергия жүйесінің диспетчерлік қызметі электрстанцияларға жүктеменің тәуліктік графиктерін тапсырады.

Электрстанцияның электр бөлігін жобалағанда энергия жүйесімен байланыстыратын трансформаторлар мен автотрансформаторлардың жүктеме графиктерін білу керек. ЖЭО – ң байланыс трансформаторлары және энергия жүйесінің мұндай график тұрғызу тәсілі 1.29 суретінде көрсетілген.

Генераторлар жүктемелерінің графигінен РГ жергілікті жүктеме тұтыну графигі мен өзіндік мұқтажға жұмсалатын электрэнергия шығынын Рс.н алып тастап, РТ талап ететін графигін алады.