- •Сальіқ қызметінің құрылымьі және мәртебесі.
- •Салық қызметінің негізгі міндеттері мыналар:
- •Бас маман-бас салық инспекторының міндеттері
- •911.00 Формалы өтініштерді қабылдау мен өңдеу және патенттерді беру;
- •Салық Комитетінің сипаттамасы
- •Қазақстан республикасының алматы қаласы алмалы ауданы бойынша салық басқармасы
- •Акциздерді Әкімшіліктендіру бөлімі
- •Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты мен тағайындалуы
- •Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар
- •Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар
- •Программалық жабдықтау
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер:
Бас маман-бас салық инспекторының міндеттері
-
Бөлім бастығының тапсырмаларын уақтылы және тиісті түрде орындалуын қамтамасыз ету;
-
Жетекші салықтар бойынша Қазақстан Республикасының салық және басқа заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныс енгізу;
-
Жетекші салықтар бойынша мемлекеттік бюджет түсімін көбейту жөніндегі ұсыныстарды енгізу және қорларды анықтау;
-
Жетекші салықтарды жинауға әкімшілік жүргізуді жақсарту бойынша ұсыныстар мәліметтерін талдау негізінде әзірлемелер жасау;
-
Мемлекеттік органдар мен салық төлеушілердің салған сұрауына жауап беру;
-
Мемлекеттік органдар және салық төлеушілермен түсінік жұмыстарын жүргізу;
-
Бөлім бойынша мәліметтерді ұсынумен қоса 2-Н есебін құрастыруға қатысу;
-
Бөлім бастығына анықтама, ақпарат, сонымен қатар басқа да құжаттарды дайындау;
-
Бюджет түсімінің болжамының орындалуы туралы апта сайынғы есептілікті құрастыру;
-
Камералдық бақылау, ЖК әңгімелесу және консультация беру;
-
Дербес есепшоттарды жүргізуге бақылау жүргізу;
-
911.00 Формалы өтініштерді қабылдау мен өңдеу және патенттерді беру;
-
Салық есептілігі формаларын қабылдау, тіркеу және енгізу. Қабылданған және ҚСЕ-ке енгізілген саны бойынша мәліметтерді ұсыну;
-
Табыстары туралы анықтамаларды беру;
-
Салық басқарманың басшылығын қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;
-
Болжаулы деректердің орындалуы туралы мерзімді есептілікті құрастыру;
-
Бөлім бастығы болмаған кезде оның міндеттерін атқару;
-
Әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактілері анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау және құқық бұзушылық табылған сәттен бастап заңнамада белгіленген мерзімде іс бойынша барлық материалдармен қоса қаулыны ресімдеу үшін заң бөліміне жіберу.
-
Жетекші салықтар бойынша мемлекеттік бюджет түсімін көбейту жөніндегі ұсыныстарды енгізу және қорларды анықтау және 103101 БЖК орындалуы бойынша талдау жасау;
-
Мемлекеттік қызметтер көрсету;
-
Алмастыратын инспектор- бас салық инспектор
Салық Комитетінің сипаттамасы
Қандай да болмасын әрбір ұйымдар жұмыс жүргізу үшін өздерінің жалпы заңдарын шығарып, соның негізінде жұмыс ұйымдастырып, басқарып отырады. Сол сияқты Салық инспекциясының да өзіне тиісті жалпы ережелері, заңдары бар. Осы заңдарда, ережелерде аталмыш ұйымның қызметтері мен міндеттері туралы айтылады және де құрылымдық бөлімдерге қойылатын талаптар да айталады.
Әрбір салық комитетінің басқармасы үш негізгі бөлімдерден тұрады:
-
Талдау және болжау бөлімі.
-
Төлемдерді есепке алу.
-
Ірі салық төлеушілердің мониторингі бөлімі.
Бұл басқарманың негізгі міндеттері мен қызметтері:
-
Салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуі бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Салық Комитетінің белгілеген есеп берулерді құру және ұсыну.
-
Болжамдық көрсеткіштердің орындалуына талдау жасау және салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуінің динамикасын көлемі және соммасы бойынша көрсету, Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Салық Комитеті жүргізген мемлекеттік бюджетіне және қалалық, аудандық Маслихаттың жергілікті бюджетіне кіріске алу жөніндегі қолы.
-
Салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін есепке алуды жүргізу және ұйымдастыру.
Басқарма болжамдардың орындалуына талдау жасайды және ауытқу динамикасын анықтайды. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Салық комитетінің белгілеген есеп берулер бойынша жедел және басқа да есеп беру түрі бойынша жұмыс жасайды. Осы есеп берулерде салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін соммалық және ауытқу динамикасын көрсетеді. Салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсу жайлы мәліметтерді Қазынашылық пен бірігіп салыстырады және алғашқы құжаттарды талдайды. Салық төлеушілердің мониторингі есеп беру түрі бойынша аудандық Салық комитеттерінен есеп берулерді жинайды. Салық төлеушілердің хаттарын, өтініштерін және үндеулерін қарайды және салық заңнамаларын жасауға қатысады.Есепке алу бөлімі бұл Қазақстан республикасының Қаржы министрлігінің Салық комитетінің белгілеген нұсқаулары бойынша есеп берулерді ұсынады. Ұйымдардың дер кезінде салы төлеуін және салық қызметкерлерінің төленген салық соммаларын салық қоймасына уақытында енгізуіне бақылау жасап отырады. Сонымен бұл бөлім Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің құрылымдық бөлімдеріне методикалық көмек көрсетеді.
1-кесте Қазақстан Республикасының мемлекетінің бюджетінің құрылымы
|
1995 ж |
1996 ж |
1997 ж |
1998 ж |
1999 ж |
2000 ж |
2001 ж ІІ жарты-на дейін |
Салықтан түсім |
105170 |
146874 |
175027 |
187896 |
225391 |
468340 |
288086 |
Соның ішінде заңды тұлғалар дың табысына |
35270 |
41446 |
40285 |
38271 |
54759 |
163529 |
101799 |
Қосылған құн салығынан |
33259 |
53905 |
58801 |
81007 |
89030 |
115159 |
68893 |
Акциз |
6308 |
10892 |
16737 |
18853 |
18956 |
19285 |
11371 |
Жеке тұлғалардың табысынан |
28802 |
31280 |
41266 |
30127 |
35329 |
51016 |
31251 |
Мүлік салығы |
1872 |
5902 |
13068 |
14625 |
15210 |
14763 |
11051 |
Жер салығы |
2659 |
3449 |
4870 |
5013 |
4644 |
5506 |
2560 |
Әлеуметтік салық |
- |
- |
- |
- |
7463 |
99082 |
61161 |
Салықтан басқа да түсімдер |
|
- |
- |
- |
- |
- |
- |