Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9,16,17блімдер.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
54.81 Кб
Скачать

3. Мыналар:

1) акцизделетін тауарларды сатып алған немесе оны Қазақстан Республикасының аумағына импорттаған кезде Қазақстан Республикасының аумағында;

2) өзі өндірген акцизделетін шикізат үшін;

3) алыс-берістік акцизделетін шикізаттан дайындалған акцизделетін тауарларды беру кезінде төленген акциз сомалары шегерімге жатады.

Спирттің барлық түрлеріне, шикі мұнайға, газ конденсатына акциз сомалары шегерімге жатпайды.

4. Салық кезеңінде акцизделетін тауарлар дайындауға нақты пайдаланылған акцизделетін шикізат көлемі негізінде есептелген акциз сомасына шегерім жасалады.

5. Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін шикізатты сатып алу кезінде төленген акциз сомаларының шегерімі мынадай құжаттар:

1) акцизделетін шикізатты сатып алу-сату шарты;

2) төлем құжаттары немесе акцизделетін шикізатқа төлем жасалғанын растайтын бақылау-кассалық машинаның чектерін қоса бере отырып, кіріс-кассалық ордерге түбіртек;

3) акцизделетін шикізат ұсынудың тауар-көлік жүкқұжаттары;

4) акциздің сомасы бөлек жазып көрсетілген шот-фактура;

5) купаж парақтары (алкоголь өнімін өндіру кезінде);

6) өндірісте акцизделетін шикізатты есептен шығару актісі болған кезде жүзеге асырылады.

6. Өз өндірісінде акцизделетін шикізат үшін төленген акциз сомаларының шегерімі мынадай құжаттар:

1) төлем құжаттары немесе акциздің бюджетке төленгенін растайтын өзге де құжаттар;

2) купаж парақтары (алкоголь өнімін өндіру кезінде);

3) өндірісте акцизделетін шикізатты есептен шығару актісі болған кезде жүзеге асырылады.

7. Қазақстан Республикасының аумағына акцизделетін шикізаттың импорты кезінде Қазақстан Республикасында төленген акциз сомаларының шегерімі мынадай құжаттар:

1) акцизделетін шикізатты сатып алу-сату шарты;

2) төлем құжаттары немесе кедендік декларациялау кезінде акциздің бюджетке төленгенін растайтын өзге де құжаттар;

3) Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше емес мемлекеттердің аумағынан акцизделетін шикізат импорты кезінде импортталатын акцизделетін шикізатқа арналған жүктің кедендік декларациясы немесе Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан тауарларды әкелу және олардың импорты кезінде жанама салықтардың төленгені туралы өтініш;

4) купаж парақтары (алкоголь өнімін өндіру кезінде);

5) өндірісте акцизделетін шикізатты есептен шығару актісі болған кезде жүзеге асырылады.

8. Алыс-берістік акцизделетін шикізаттан Қазақстан Республикасының аумағында дайындалған акцизделетін тауарларды беру кезінде төленген акциз сомасы да мынадай құжаттар:

1) алыс-берістік акцизделетін шикізаттың меншік иесі мен қайта өңдеушінің арасындағы алыс-беріс шикізатын өңдеу туралы шарт;

2) төлем құжаттары немесе алыс-берістік акцизделетін шикізат меншік иесінің акцизді бюджетке төлегенін растайтын өзге де құжаттар;

3) акцизделетін шикізатты босатуға арналған жүкқұжаты немесе қабылдап алу-беру актісі болған кезде шегерімге жатады.

9. Акцизделетін тауарларды өндірушілер Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін шикізатты сатып алу немесе оның импорты кезінде төлеген акциз сомалары осы шикізаттан дайындалған акцизделетін тауарлар үшін есептелген акциз сомасынан асып түскен жағдайда, мұндай асып кету сомасы шегерімге жатпайды.

 292-бап. Акциз төлеу мерзімдері

1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, акцизделетін тауарларға акциз есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 20-нан кешіктірілмей бюджетке аударылуға жатады.

2. Алыс-берістік шикізат пен материалдардан өндірілген акцизделетін тауарлар бойынша акциз өнімді тапсырыс берушіге немесе тапсырыс беруші көрсеткен тұлғаға берілген күні төленеді.

3. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шикі мұнайды, газ конденсатын өнеркәсіптік қайта өңдеуге беру кезінде акциз олар берілген күні төленеді.

4. Шарап материалын және сыраны қоспағанда, осы Кодекстің 279-бабының 2) тармақшасында белгіленген акцизделетін тауарларға акциз есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейін төленеді.

5. Салық органдарының тиісті белгіні қою жолымен тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акциздің төлену фактісін растауы не растаудан дәлелді бас тартуы Қазақстан Республикасының Үкіметі көздеген тәртіппен жүзеге асырылады.

 293-бап. Акциз төленетін жер

1. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында аталған жағдайларды қоспағанда, акциз төлеу ол төленетiн объектiнiң орналасқан жері бойынша жүргізіледі.

2. Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын акциз төлеушілер акцизді салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша төлейді.

3. Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан акцизделетін тауарлар импортталған жағдайда акцизді төлеу акциз төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша жүргізіледі.

 294-бап. Салық төлеушілердің құрылымдық бөлімшелер, салық салуға байланысты объектілер үшін акциз  есептеу мен төлеу тәртібі

1. Құрылымдық бөлімшелер, сондай-ақ салық салуға байланысты объектілер салық кезеңі ішінде жүргізген акциз салынатын операциялар бойынша акциздің есеп-қисабы (бұдан әрі бөлім бойынша - акциз бойынша есеп-қисап) жеке жасалады.

Акциз бойынша есеп-қисап негізінде құрылымдық бөлімше, сондай-ақ салық салуға байланысты объектілер үшін төленуге жататын акциздің сомасы айқындалады.

2. Акциз төлеушілер құрылымдық бөлімшенің, салық салуға байланысты объектінің орналасқан жері бойынша салық органына акциз бойынша есеп-қисапты осы Кодекстің 296-бабында белгіленген мерзімде табыс етуге міндетті.

Бір салық органында тіркелген салық салуға байланысты бірнеше объектісі бар акциз төлеушілер барлық объектілері үшін акциз бойынша бір есеп-қисапты табыс етеді.

3. Ағымдағы төлемдерді қоса алғанда, құрылымдық бөлімшелер, салық салуға байланысты объектілер үшін акциз төлеуді акциз төлеуші заңды тұлға тікелей өзінің банк шотынан төлейді немесе ол құрылымдық бөлімшеге жүктеледі.

4. Дара кәсіпкерлер салық салуға байланысты объектілер үшін төленуге жататын акциз бойынша есеп-қиспаты салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша табыс етеді.

 295-бап. Салық кезеңі

Акцизге қатысты күнтізбелік ай салық кезеңі болып табылады.

 296-бап. Салық декларациясы

1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, әрбір салық кезеңі аяқталған соң акциз төлеушілер өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына акциз жөніндегі декларацияны есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей табыс етуге міндетті.

2. Акциз төлеушілер декларациямен бір мезгілде акциз бойынша есеп-қисапты табыс етеді.

3. Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан акцизделетін тауарларды импорттаушы салық төлеушілер орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына импортталған акцизделетін тауарларды есепке қабылдаған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, осы Кодекстің 276-20-бабының 5-тармағында белгіленген нысанда және тәртіппен, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны ұсынуға міндетті. Осындай декларациямен бір мезгілде осы Кодекстің 276-20-бабының 3-тармағында көзделген құжаттар ұсынылады.

Бұл ретте импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация және тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш осы Кодекстің 276-20-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларда салық органына ұсынылмаған болып саналады.

 40-тарау. АКЦИЗДЕЛЕТІН ТАУАРЛАРДЫҢ ИМПОРТЫНА САЛЫҚ САЛУ

 297-бап. Импортталатын акцизделетін тауарлардың салық базасы

Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы импортталатын акцизделетін тауарлардың зат түріндегі көлемі, саны ретінде айқындалады.

 298-бап. Импортталатын акцизделетін тауарларға акциз төлеу мерзімдері

1. Кеден одағына мүше емес мемлекеттердің аумағынан импортталатын акцизделетін тауарларға акциздер, осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында кедендік төлемдерін төлеу үшін айқындалған күні кеден iсi мәселелері жөніндегі уәкiлеттi орган белгілеген тәртіппен төленеді.

2. Акциз маркаларын, есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейін осы Кодекстің 653-бабына сәйкес таңбалануға жататын импортталатын акцизделетін тауарларға акциз төленеді.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған акцизделетін тауарлардың нақты импортын жүзеге асыру кезінде акциз сомасы нақтылануға жатады.

3. Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған акцизделетін тауарлар бойынша (таңбаланатын акцизделетін тауарларды қоспағанда) акциздер импортталған акцизделетін тауарлар есепке қабылданған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей төленеді.

Таңбаланатын акцизделетін тауарлар бойынша акциздерді төлеу осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде жүргізіледі.

4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына импортталуы акциздерді төлемей жүзеге асырылған акцизделетін тауарлар, оларға байланысты төлеуден босату немесе төлеудің өзге тәртібі ұсынылғандардан өзге мақсаттарға пайдаланылған жағдайда, осы акцизделетін тауарларға осы Кодекстің 280 және 297-баптарында белгіленген тәртіппен және акциздердің ставкалары бойынша акциздер салуға жатады.

 299-бап. Акцизден босатылған акцизделетін тауарлардың импорты

1. Жеке тұлғалар кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген нормалар бойынша импорттайтын акцизделетін тауарларға акциз салынбайды.

2. Мынадай импортталатын акцизделетін тауарлар:

1) жол бойы бағытында және аралық аялдама пункттерінде халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын көлік құралдарын пайдалану үшін қажетті акцизделетін тауарлар;

2) кеден одағының кеден шекарасы арқылы өткізгенге дейін бүлінуі салдарынан бұйымдар және материалдар ретінде пайдалануға жарамсыз болып қалған акцизделетін тауарлар;

3) шет елдің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкімшілік-техникалық персоналы қатарындағы адамдардың, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, жеке пайдалануы үшін әкелінген акцизделетін тауарлар акциз төлеуден босатылады. Аталған тауарлар Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес акциз төленуден босатылады;

4) кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімін қоспағанда, кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген кедендік рәсімдер шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында босатылатын акцизделетін тауарлар;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнім (бальзамдардан басқа) акциз төлеуден босатылады.

16-БӨЛІМ. ОЙЫН БИЗНЕСІ САЛЫҒЫ

 59-тарау. ОЙЫН БИЗНЕСІ САЛЫҒЫ

411-бап . Төлеушілер

Мынадай:

1) казино;

2) ойын автоматтары залы;

3) тотализатор;

4) букмекерлік кеңсе қызмет көрсетулер жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар ойын бизнесі салығын төлеушілер болып табылады.

 412-бап. Салық салу объектілері

Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде:

1) ойын үстелі;

2) ойын автоматы;

3) тотализатор кассасы;

4) тотализатордың электронды кассасы;

5) букмекер кеңсесінің кассасы;

6) букмекер кеңсесінің электронды кассасы ойын бизнесіне салық салу объектілері болып табылады.

 413-бап. Салық ставкалары

1. Салық салу объектісінің бірлігінен ойын бизнесіне салық ставкасы:

1) ойын үстеліне - айына айлық есептік көрсеткіштің 830 еселенген мөлшерін;

2) ойын автоматына - айына айлық есептік көрсеткіштің 30 еселенген мөлшерін;

3) тотализатор кассасына - айына айлық есептік көрсеткіштің 125 еселенген мөлшерін;

4) тотализатордың электронды кассасына - айына айлық есептік көрсеткіштің 125 еселенген мөлшерін;

5) букмекер кеңсесінің кассасына - айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 75 еселенген мөлшерін;

6) букмекер кеңсесінің электронды кассасына - айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 75 еселенген мөлшерін құрайды.

2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген салық ставкасы Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және салық кезеңiнiң бірiншi күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш мөлшерi негiзге алына отырып айқындалады.

414-бап. Салық кезеңі

Ойын бизнесі салығы үшін салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.

 415-бап. Салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімі

1. Ойын бизнесі салығын есептеу, егер осы баптың 2-тармағында  өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 412-бабында айқындалған әрбір салық салу объектісіне тиісті салық ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі.

2. Салық салу объектілері  айдың 15-iн қоса алғанға дейiн пайдалануға берілген кезде, ойын бизнесі салығы белгіленген ставка бойынша, 15-інен кейін белгіленген ставканың  1/2 мөлшерінде есептеледі.

Салық салу объектілері айдың 15-іне дейін шығып қалған кезде, ойын бизнесі салығы белгіленген ставканың 1/2 мөлшерінде, 15-інен кейін белгіленген ставка бойынша есептеледі.

3. Ойын бизнесі салығы есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген орны бойынша бюджетке төленуге жатады.

 416-бап. Ойын бизнесi салығын төлеушiлердiң қосымша төлемi

1. Қосымша төлем ойын бизнесi саласындағы қызметтен алынған табыстың сомасы осы баптың 2-тармағында белгiленген табыстың шектi сомасынан асып түскен жағдайда есептеледi.

2. Ойын бизнесi салығын төлеушiлер үшiн салық кезеңi iшіндегі табыстың шектi мөлшерi:

1) казино қызметiнен - айлық есептiк көрсеткiштiң 135000 еселенген мөлшерiн;

2) ойын автоматтары залы қызметiнен - айлық есептiк көрсеткiштiң 25 000 еселенген мөлшерiн;

3) тотализатор қызметiнен - айлық есептiк көрсеткiштiң 2500 еселенген мөлшерiн;

4) букмекер кеңсесi қызметiнен - айлық есептiк көрсеткiштiң 2000 еселенген мөлшерiн құрайды.

3. Осы баптың 2-тармағында белгiленген табыстың шектi мөлшерi Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және салық кезеңiнiң бірiншi күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш мөлшерi негiзге алына отырып айқындалады.

4. Қосымша төлемді есептеу мақсатында салық кезеңі үшін ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған табыс сомасы мен құмар ойынына және (немесе) бәс тігуге қатысушыларға төлем сомасы арасындағы оң айырма осындай қызметтен алынған табыс болып танылады.

 417-бап. Қосымша төлемді есептеу және төлеу тәртібі

1. Қосымша төлем табыстың шекті мөлшерінен асып түсетін сомаға осы Кодекстің 147-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы қолдану арқылы есептеледі және ол есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың  25-інен кешіктірілмей төленуге жатады.

2. Ойын бизнесі салығын төлеушілер ойын бизнесі саласындағы қызметтің бірнеше түрін жүзеге асырған кезде қосымша төлем ойын бизнесі саласындағы әрбір қызмет түрінен алынған табыстан бөлек есептеледі.

3. Осы Кодекстің 411-бабында көрсетілмеген және ойын бизнесі саласына жатпайтын кәсіпкерлік қызметтің  өзге де түрлерін жүзеге асыру кезінде ойын бизнесі салығын төлеушілер қызметтің көрсетілген түрлері бойынша кірістер мен шығыстардың бөлек есебін  жүргізуге және жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте бюджетпен есеп айырысу жүргізуге міндетті.

 418-бап. Салық декларациясын табыс ету мерзімі

Ойын бизнесі салығы бойынша декларация есепті тоқсаннан кейінгі  екінші айдың 15-інен кешіктірілмей жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретiнде тiркеу есебi бойынша салық органына табыс етіледі.

17-БӨЛІМ.  ТІРКЕЛГЕН САЛЫҚ

 60-тарау. ТІРКЕЛГЕН САЛЫҚ

 419-бап. Осы тарауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы тарауда қолданылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:

1) бильярд үстелі - торлары (жақтауларда саңылаулары) бар және оларсыз бильярд ойынына арналған арнаулы үстел;

2) ойын жолы - боулинг ойынына арналған арнаулы жол (кегельбан);

3) ұтыссыз ойын автоматы - ойындар өткізу үшін пайдаланылатын арнаулы жабдық (механикалық, электрлі, электронды және өзге де техникалық жабдық);

4) карт - қорапсыз, дифференциалсыз және дөңгелектерінде серпінді аспа жоқ, жұмыс көлемі 250 текше сантиметрге және ең жоғары жылдамдығы сағатына 150 километрге дейін жететін екітактілі двигательді, көлемі шағын жарыс автомобилі.

 420-бап. Төлеушілер

Тіркелген салықты төлеушілер:

1) ұтыссыз  ойын автоматтарын;

2) ойын өткізуге пайдаланылатын дербес компьютерлерді;

3) ойын жолдарын (боулинг (кегельбан);

4) картты (картинг);

5) бильярд үстелдерін (бильярд) пайдалана отырып, қызмет көрсетулерді жүзеге асыратын  дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар болып табылады.

 421-бап. Тіркелген  салық салу объектілері

Мыналар:

1) бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы;

2) біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы;

3) ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер;

4) ойын жолы;

5)  карт;

6) бильярд үстелі тіркелген салық салу объектісі болып табылады.

 422-бап. Тіркелген салықтың ставкалары

1. Айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың ең төмен және ең жоғары базалық ставкаларының мөлшері:

Рет №

 

Салық салу объектісінің атауы

 

Тіркелген салықтың базалық ставкаларының ең төменгі мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

Тіркелген салықтың базалық ставкаларының ең жоғары мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

4

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

12

2.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

18

3.

Ойын өткізу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

1

4

4.

Ойын жолы

5

83

5.

Карт

2

12

6.

Бильярд үстелі

3

25

 1-1. Салық ставкасы Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және салық кезеңiнiң бірiншi күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш мөлшерi негiзге алына отырып айқындалады.

2.  Қызметін бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жүзеге асыратын  барлық салық төлеушілер үшін жергілікті өкілді органдар бекітілген базалық ставкалар шегінде бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілейді.

 423-бап. Салық кезеңі

Тіркелген салық үшін салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.

 424-бап. Тіркелген салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімі

1. Тіркелген салықты есептеу, егер осы баптың 2-тармағында  өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 421-бабында айқындалған әрбір салық салу объектісіне тиісті салық ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі.

2. Салық салу объектілері айдың 15-iн қоса алғанға дейiн пайдалануға берілген кезде тіркелген салық  белгіленген ставка бойынша, 15-інен кейін белгіленген ставканың  1/2 мөлшерінде есептеледі.

Салық салу объектілері айдың  15-іне дейін шығып қалған кезде тіркелген салық белгіленген ставкасының 1/2 мөлшерінде, 15-інен кейін белгіленген ставка бойынша есептеледі.

3. Тіркелген салық есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген орны бойынша бюджетке төленуге жатады.

4. Осы Кодекстің 420-бабында аталмаған кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыру кезінде тіркелген салықты төлеушілер қызметтің осындай түрлері бойынша  кірістер мен шығыстардың бөлек есебін  жүргізуге және жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте бюджетпен есеп айырысу жүргізуге міндетті.

 425-бап. Салық декларациясын табыс ету мерзімі

Тіркелген салық бойынша декларация есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретiнде тiркеу есебiнiң орны бойынша салық органына табыс етіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]