Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

junisov_kurilimdyk_geo_kz_2011l

.pdf
Скачиваний:
533
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
10.85 Mб
Скачать

Шөгінді

жыныстардың

қабаттылықты

бітімінің

қалыпта

жағдайлары

 

 

 

 

 

Л. Н. Ботвинкинаның зерттеулерінің қорытындысы бойынша шөгінді

таужыныстардың

бітімін

түзуші

қабатшалар

седиментация

процесі нəтижесінде қалыптасады.

 

 

 

Қабаттылықты туғызатын седиментацияның негізгі факторлары мыналар:

1)шөгіндінің түнбалану кезіндегі сортталуы (механикалық тұнба бөлікшелері, химиялық ерітінді кристалдары, коллоидты бөлікшелер, органикалық қалдықтар).

Ауырлық күшіне байланысты кез келген тұнба мөлшері мен салмағына қарай көлденең жəне параллель жатындануға тырысады. Мұнда жыныстар ішіндегі көлденеңді қабаттылық көбінесе, седиментацияның сыртқы факторлары кезеңділігіне, əсіресе жыл мезгіліне байланысты пайда болады;

2)тұнбалардың түптік қозғалыстарға байланысты шөгінделу ортасы түбінде өзара бөліне орналасуы: ағыстар (түптік жалдар мен ағыс иірімдері) жəне толқулар (əртүрлі мөлшерлі толқу иірімдері).

Бұл қозғалыстар нəтижесінде қиғашты жəне толқынды қабаттылықтар түзіледі.

3)диагенез кезінде шөгінделген кұрамбөлшектердің бөліктерінің өзара

бөліне

орналасуы мен

өзгеруі(оның ішінде

органикалық қалдықтардың

шіруі),

нəтижесінде

диагенетикалық

немесе

аралас

седимент-

диагенетикалық қабаттастық пайда болады;

 

 

 

4)

тірі организмдердің дамуы мен өсуі, олардың түбтікте жиналып

көбеюі (биогендік қабаттастықтың пайда болуы).

 

 

 

2.1.3 Қабаттылықтың пiшiндерi

Қабаттылықты зерттеу кезiнде қабаттардың сыртқы пiшiнi мен қалыңдығына ерекше көңiл бөлген жөн. Себебi олар шөгiндi түзу ортасының

жылжу бағытын көрсетедi. Қабаттылық төрт негiзгi пiшiндерге бөлiнедi: параллельдi, толқынды, қиғашты жəне линза тəрiздес (6-сурет ). Параллельдi қабаттылық қабаттасу беттерiнiң құрылысы жазықтыққа

ұқсас болып келедi. Ол шөгiндi жиналған ортаның аз қозғалғышты, тiптi

тыныш жағдайда болғандығын кепiлдейдi.

Мұндай

жағдайлар көлдер мен

теңiздердiң толқын əсерiнен төмен орналасқан, су қозғалысы аз байқалатын

бөлiктерiнде

кездеседi. Қабаттылықтың

қалыптасуының

негiiзгсебебi,

шөгiндi материалының мөлшерi мен көлемi.

 

 

 

 

Толқынды

қабаттылықта қабат беттерi толқындалып

иiлген

болып

келедi. Ол

су

қозғалысы бағытының

кезеңдiк

ауысуы

мен

қайталануы

жағдайында, яғни қайту мен толысу ағысы мен теңiз жағалауларындағы шымырлану кезiнде пайда болады, қиғашты толқынды қабаттылық эолды шөгiндiлер арасында, əсiресе бархандар қозғалысына перпендикуляр бағытта орналасады.

30

Қиғашты қабаттылық - қабат беттерi арасындағы қабатшалар əр түрлi бұрыштармен орналасады. Қабаттылықтың бұл түрi шөгiндi түзу ортасының бiр бағытты қозғалысы нəтижесiнде пайда болады, мысалы өзен, тасқын, теңiз, ауа ағысы.

Пайда болу жағдайларына байланысты қиғашты қабаттылықтың диагоналды, қиылысты, сына тəрiздi, көпқабатты қиғаш түрлерi бөлiнедi

6-сурет. Қабаттылықтың түрлерi ( Е. П. Брунс бойынша )

1- параллельдi;

2- линза тəрiздi;

3- толқынды;

4- 8 қиғаш қабаттылық;

4- диагональды ( уақытша тасқындар шөгiндiлерi );

5- қилысты ( теңiз ағысы кезiнде пайда болғандар );

6- сына тəрiздi ( эолды шөгiндiлер );

7- көпқабатты қиғаш ( өзен шөгiндiлерi );

8- диагональды ( атыраулық шөгiндiлер ).

Линза тəрiздi қабаттылық - сыртқы пiшiндерiнiң əртүрлiлiгi мен жеке қабаттар қалыңдығының өзгергiштiгiмен сипатталады. Мұндайда қабат

31

көбiнесе, сүйiрлене тарамдалады да жеке бөлiктер мен линзаларға бөлiнедi (7-сурет ).

7-сурет. Линза тəрізді қабаттылық, 1- құм; 2 - мұнай; 3 - саз.

 

Линза

тəрiiзд қабаттылық

су

немесе

ауа

ағыстар

қозғалыстарының күрт өзгеруi нəтижесiнде немесе бұрын пайда болған

қабаттар шайылуы, су қоймасы түбiнiң ой-қырлылығына байланысты пайда

 

болады. Кiшiгiрiм

линза

тəрiiздқабаттылық

толқынсыз

тыныш

су

қоймаларында iрi түйiртпектi

материалдардың

кезеңдiк келiп түсуiнен

қалыптасады.

 

 

 

 

 

 

 

Кейбiр жеке қабаттар

ұзақ қашықтыққа созылғаным, тенз арада

 

немесе бiрте-бiрте қалыңдығы азайып, жойылады немесе

сүйiрленiп

тамамдалады.

Қабаттың сүйiрленiп

тамамдалуының себептерi:нешөгiндi

 

түзiлудiң əркелкiлii,г

яғни

бiр жерде жүр,

iекпiншi жерде

тоқталуы,

 

жиылатын шөгiндiлер құрамының өзгеруi мен бұрын пайда болған қабаттың

 

шайылуы жатады.

 

 

 

 

 

 

Қабат

қалыңдығы

шөгi

iндтүзу

ортасының

қозғалысының

пəрмендiлiгiне жəне онда жиылатын материалдардың мөлшерiне тiкелей байланысты. Сөйтiп қалыңдығына байланысты қабаттылықты төрт тұрге бөледi: iрi - қабат қалыңдығы ондаған метрге; ұсақ - см өлшенедi; жiңiшке - қалыңдығы мм өлшенедi жəне микро қабаттарқалыңдығы микроскоп арқылы ғана байқалады.

32

2.1.4 Қабатталу жазықтықтары беттерiнiң құрылысы

Қабатталу жазықтықтары беттерiнiң құрылысы ерекшелiктерін зерттеу шөгiндi жыныстардың пайда болуы мен жатыс жағдайларын анықтауға көмектеседi. Мұндай ерекшелiктерге қазынды бедер белгiлерi,неалғашқы

жарықтар,

кебу

жарықтары (8-сурет),

əртүрлi организмдердiң өмiр

сүру

əрекеттерi

iздерi:

жаңбыр тамшылары

мен

мұз кристалдарының

таптары

жəне т.б. жатады.

 

 

 

 

Бедер

белгiлерi iшiнде, пайда болуына

байланысты желдi,ңағыстың

жəне толқынның (9а-сурет ) əсерiнен қалыптасқандар болып бөлiнедi.

 

Бедер белгiлерiнiң сырт көрiнiiсбiр-бiрiне бойласа созылған жəне ирелеңдей сағаланған бiлiкшелер немесе тарамдала жəне құстандайлана астасқан ойысшалар мен денешелер жұйесiн еске салады.

8-сурет. Сазды қабат бетіндегі кебу жарықшақтары

9 а-сурет. Атыраулық бөліктегі құмдағы шымырлану іздері

33

 

9 б-сурет. Шөгінді қабат бетіндегі организмдер іздері

 

Желдiң əсерiнен пайда болған

белгi планда салыстырмалы iрi

мөл-

шерiмен

жəне

бiлiкшелерiнiң доға

тəiрiздорналасуымен, ал

су

ағысы

бiлiктерiнiң мөлшерi кiшiлеу, жондары

шығыңқы жəне олар көлденеңдi

немесе

ағыс

бойы

орналасуымен

сипатталады. Толқынды белгiлердiң

бiлiкшелерi тiптi кiшi

мөлшерлi жəне

асимметриялық

орналасуларымен

ерекшеленедi. Белгiлер

қабаттың тек беткi бөлiгiнде

ғана

қалыптасуы

арқылы, бүкiл қабат бойында дамитын толқынды қабаттылықпен жəне сан иректiкпен өзгешеленедi.

Алғашқы жарықтар. Қабат бетiнде қазынды түрiнде сақталып əртүрлi тектi болып келедi. Олардың көбiсi кебу кезiнде пайда болған жарықтар, iшiнара су асты мен тондықтары кездеседi. Олар бөгде денелермен толып, қабаттасу беттерiнде бiлiкшелер мен бiлемделер i. түзедКолоидтық

ескiруiмен лайлардың түптiк ұйып қалуы əсерiнен пайда болған су асты жарықтары, көбiнесе жұлдызды топты бiлемдер қалыптасады. Қабатталу беттерiнде өте жиi пермьдiк құрлық жəндiктерi, крабтар, құрттар жəне т.б. бастап алуан түрлi жанжануарлар iздерiн кездестiремiз.

Геологтар үшiн, əсiресе қабаттар iшiндегi құмтастар мен карбонаттар беттерiнде жиi кездесетiн тегi əртүрлi иероглифтер (немесе гиероглифтер) деп аталатын бедерлi таптардың маңызы зор. Бұлар негiзiнен əртүрлi тұнбалардың еңбектеу белгiлерi, əлi де толық қатпаған лайлы шөгiндiлерде дамыған қалқулар мен жырулар жосасыныңiздерi. Келесi құмтасты немесе карбонатты қабат қалыптасқанда жоғарыда пайда болған кедiр-бұдырлық,

34

оның төменгi бөлiгiне iз болып түседi. Сөйтiп иероглифтер соңғы пайда болған қабаттың табанына тап болып басылады.

2.1.5 Қабаттылықтардың арақатынастық жағдайлары

Жеке қабаттар арасындағы байланыс жəне олардың өзiнен бұрын

қалыптасқан,

ортасымен қарым-қатынастылығына қарай шөгiндi жыныстар

жатысы (М.

В. Муратов

бойынша): трансгрессивтi, регрессивтi,

миграциялық сияқты үш түрге бөлiнедi

Осылардың iшiндегi ең кең тарағаны трансгрессивтiсi (10а-сурет). Ол жер бөлiгiнiң ұзақ уақыт ойыстанып төмендеуiнен соң салыстырмалы тез

көтерiлуi нəтижесiнде

пайда

болады. Мұнда

көне

шөгiндiлердiң үлесi

өздерiнен соң қалыптасып

бүкiл ауданды қамтыған жас шөгiндiлер

қарағанда, аз көлемдi болып келедi.

 

 

 

 

Сөйтiп ойыстар мен

иiндойыстардың орталық бөлiктерiнде

жас

шөгiндiлердiң

көнелер

үстiне

бiрте-бiрте

шөгiнделуiн

. байқай

Ойыстардың

шеткi жақтарына

қарай оның табанына қабаттардың төменгi

бөлiктерi емес жоғарғысы орналасады, ал, бұл жағдай көне негiздер үстiне

жас жыныстардың бiрден орналасуына əкеп соғады.

 

 

Регрессивтi жатыс типi.

Бұрын

пайда

болған

қабаттарға қарағанда

кейiнгiлердiң таралу ауданының бiрте-бiрте азаюы (10б сурет).

 

Мұндай

жағдай

ойыстардың

салыстырмалы

тез арадатөмендеуi

немесе отыруы мен олардың ұзақ уақыт бойы шеткi бөлiктерiнiң немесе өне бойының көтерiлуi жағдайында туады.

10-сурет Трансгресивтіi (а, қабаттар 1-4) жəне регресивті (б,қабаттар 7-5) кешіндер құрылысының сұлбасы.

Нүктелі жазықтық үйлесімсіздік беті (М. В. Мұратов бойынша)

Көтерiлу

су

қоймасының

бiртiндеп

қысқаруына, сөйтiп

оның

регрессивтi серия

 

қабаттарымен толтыруына

əкеледi. Регрессивтi

типте

қабаттың төменгi трансгрессивтi бөлiгi нашар көрiнiстi болады немесе тiптi байқалмайды, ал регрессивтiсi өте жақсы дамиды.

35

11-сурет. Орталық Қазақстандағы девон, таскөмір жəне пермь шөгінділеріндегі трансгресивті жəне регресивті сериялар

Трансгрессивтi мен регрессивтi жатыс типтерiн толық талдау шшiн фациялар таралуы мен қарым-қатынасын зерттеу қажет. Кейде трангрессивтi мен регрессивтi сериялар бiр қимада қосарланып келедi. Мысал ретiнде (11суретте көрсетiлген) Орталық Қазақстандағы девон, таскөмiр мен пермь шөгiндiлерií қимасын келтiруге болады.

Аталған аймақта ортаңғы мен жоғарғы девонда жəне турне заманында трангрессивтi серия қалыптасқан екен. Визе ғасырына келетiн жалпы регрессиямен байланысты қиманың жоғарғы бөлiгiнде трангрессивтi серия регрессивтiмен алмасады.

Миграциялық жатыстар типi шөгiндi қабаттардың бiр бағытта жиылу облысына қарай бiртiндеп ауысуымен ерекшеленедi (12-сурет ).

36

12сурет. Миграциялық кешiндер құрылысы ( М.Мұратов бойынша )

Қабаттар ойыстың бiр жағынан шегiнiп екi iншжақтың табанына

трансгрессивтi

түрде

орналасады. Кешеннiң өне

бойы

асимметриялық

құрылысқа

ие

болып, шөгiндiлердiң

құрамы

мен

қалыңдығының

өзгергiштiгiмен жəне бiр бағытты еңiстенуiмен

сипатталады. Бұл тип

алғашқы екеуiне қарағанда, сирек кездесiп,

ойыстардың

шеткi бөлiктерiнде

жер қыртысының тұрақсыз тiк бағытты қозғалыстарының нəтижесiнде қалыптасады. Ойыстың бiр шетi төмендеп трансгрессивтi қабат пайда болса, екiншi шетi көтерiлiп қабаттардың регрессивтi жатысы байқалады.

2.2 Шөгінді таужыныстардың кейбір ерекше жатыс пішіндері

Шөгінді таужыныстардың жоғарыда қаралған қалыпты жатыс пішіндерінен бөлек,біршама сирек кездесетін, бірақта өзіндік ерекшеліктерімен сипатталатын, сондықтан геологиялық зерттеулерде көңіл бөлуді қажет ететін бөлек жатыс пішіндері кездеседі. Оларға: кластикалық дайкалар, тектоникалық емес дислокациялар, суасты сырғымалық бұзылыстар, шөгінді брекчиялар мен кірікпелі горизонттар, рифтер жəне көмілген алювийлі мен делювийлі жарылымдар жатады. Бұлар негізінен жер қыртысының жоғарғы горизонттарында орналасқан, сөйтіп экзогендік процестермен тығыз байланысты, тек кейбіреулері ,ғанамысалы рифтер,теңіз жағдайындағы алғашқы шөгінді түзілу ерекшелігін көрсетеді.

Кластикалық дайкалар - сыйыстырушы жыныстарды тік бағытта

қиып өткен

жарықты

құрамы

мен тегі əртүрлі шөгінді жыныстар

толтыруынан

пайда

болатын

ұзыннан-ұзақ созылған. Көптегендене

жағдайларда дайканы түзуші жыныстар біршама мығым, мықты, денудация

процестеріне берік, сондықтан да дайкалар жер бетінде қатты бұзылған

қабырға түрінде көрініс береді.

 

 

 

 

 

 

Дайканы

құрастырушы

кластикалық

материалдар

ə,ртүрлібірақ

көбінесе олар құмтастар, нашар цементтелген құмдар, құмайттастар болып

келеді,. Ал дайканы сиыстырушы жыныстар да əртүрлі құрамды, мысалы,

кластикалық

дайкалар

граниттер

мен

гранит-гнейстер

арасын

жарықтарда өзінен жоғары орналасқан шөгінді жьныстармен толтыру арқылы

қалыптасқан. Олар базальттар,

андезиттер,

құм, доломиттер,

таскөмір

37

жаратылымдар арасында, əсіресе кремнилі(опок тəрізді,диатомды) саздар мен жіктастарда кездеседі.

Кластикалық дайкалардың мөлшері əр-алуан, ені бірнеше мм-ден3-5 дейін, көбінесе 10 см-1 м, тек некен-саяқ ірілері(300 м) кездеседі, ал ұзындығы бірнеше м-ден5-6 км, өте сирек 15 км. Олар 1,5 км тереңдікке

шейін бойлайды.

 

 

 

Суасты

сырғымалық

бұзылыстар. Суасты

шөгінділерінің

құрлымдарының бұзылуы шөгінді түзілу кезінде-ақ басталады. Олар спираль тəрізді бұралған жəне кесекті сығылулар, кішігірімді төңкерілген (еңкейген) жəне жантайған қатпарлық, тілтəрізімді мен бей-берекет жұғын қатпарлар, бірен-саран жарықтар түрінде болады. Олардың калыптасуы су айдынының түбіндегі еңіс жазықтықта жиылған шөгінділер жылжуынан туындайтын суасты сырғымаларымен байланысты. Шөгінді брекчияларға олистостромдар мен олистолиттер жатады.

Олистостромдар-құрамы ұсақ жұмырланған немесе бұрышты əктастар. кварциттер мен басқа таужыныстардан тұратын сазды құрылымсыз масса. Мұндай брекчияның қимадағы асты-үстінде кəдімгі бітімді құмтастар, сазтастар мен құмтастар орналасады.

Шөгінді қабаттардың кейбір гаризонттары арасында шашыранды түрде көне жыныстар құжбандары кездеседі, оларды кірікпелі гаризонттар дейді.

Ірі түбірсіз құжбандар олистолиттер деп аталады. Олардың көлденеңі ондаған, тіпті жүздеген метрлерге жетеді, əдетте құрамы осы сияқты ұсақ сынықты жыныстармен қоршалады. Кішігірім олистолиттер көбінесе дөңгелекті немесе сопақша, ал ірілері көлденеңі жүздеген метрлерге жететін жайпақты пішінді болады. Құрамы көбінесе, əктастардан тұрады.

Шөгінді брекчиялар Қазақстанда жиі кездеседі. Мысалы Қаратаудың төменгі таскөмір əктастары шөгінделерінің табанындағылар.

Рифтер. Шөгінді таужыныстар кəдімгідей көп тараған алғашқы жатыс

пішіндеріне

мығымды

əктасты массивтерден

құралған

рифтер

жатады.

Олардың сыртқы пішіндері күмбез, линза жəне саңырауқұлақ тəріздесті болып

келеді. Құрамы

коралды, мшанкалы, балдырлы

жəне т..бболады.

Су

организмдерінің колонияларының өсуі мен жойылуы рифтердің тік бағытта

бірнеше

мəрте

тарылып

немесе

кеңеюіне

себепшілік

. туғыз

Рифтердің

бұзылып,

үгілуі

оның

айналасы

əктасты

сынықтарымен

қоршалуына жағдай жасайды.

Шомбалды пішінді рифтерді биогермдер, ал қабаттасқандарын биостромдар деп атайды. Олар жер шарының мезозой мен кайназой шөгінділерінде жиі ұшырасады.

Көмілген алювийлі мен делювийлі шөгінділер, көбінесе, интрузивті массивтің морылу нəтижесінде пайда болады.

Пəрмеңді морылу (мүжіліп үгілу) жүрген кезде гранит бетінде қалың қабатты аллювий мен деллювий жиналады. Ол жер төмен түсіп теңіз трансгрессиясына ұшарағанда, олар шайылып қайта шөгінделіп қабатты құмтастардың пайда болуына əкеп соғады. Мұндай жағдай Орталық Қазақстанның орта девондық граниттері мен орта, жоғарғы девон қызыл

38

түсті құмтастары

арасында

жиі

байқалады. Кейбір жағдайда көмілген

 

брекчиялы

құрылысты алювий

мен

делювийді қателесіп тектоникалық

брекчия деп атағандары да бар. Сөйтіп картада бастырма мен жамылғылар

 

салынып,

олардың

гаризонталдық

ауысуы

біршама

қашықтықты

д

тұжырымдалды.

 

 

 

 

 

 

Бақылау сұрақтары:

 

 

 

 

 

1.Қабат пен қабаттылықтың анықтамасы.

2.Қабаттылық пішіндерінің сипаттамасы.

3.Қиғашты мен толқынды қабаттылықтардың өзгешеліктерін атаңыз?

4.Қабаттылық беттерінің белгілері.

5.Қабаттылықтар арақатыстылығы пайда болуының жағдайларын сипаттаңыз?

6.Олистолиттер мен олистостромдар дегеніміз не?

7.Кластикалық дайканың қалыптасуы жағдайлары?

8.Рифтерге мысал келтіріңіз.

2.3Үйлесімсіздіктер

2.3.1 Таужыныстары қабаттарының үйлесімсіз жатысы

Қабатты таужыныстардың жатыс арақатынастарының екі жағдайы болады. Біріншісі - стратиграфиялық горизонт түзуші үстіңгі кабат немесе кабаттар кешені, шөгінделу кезінде ешбір үзіліссіз, өзінен төмен орналасқан кабаттар үстінде орналасады. Ол қабаттардын шөгінделуінің үзіліссіз болғандығын, яғни бір-біріне үйлесімді жатқанын көрсетеді (14-сурет). Аталган қабаттар арасындағы заңды реттілік бұзылса, үйлесімсіздік пайда болады. Пайда болу себептеріне жататыңдар: а) шөгінді түзілуге ыңғайлы жағдайдың бұзылуы; б) бұрынғы пайда болган кейінгі денудациялык

процестер əсерінен шайылуы; в)

тектоникалық қозғалыстар күшімен кейбір

қабаттардың басқа жаққа ауысуы жатады.

 

Алғашқы

жағдайларда

үйлесімсіздіктің

стратиграфиялық, ал

соңғысында тектоникалық атты түрлері пайда болады. Кейбір авторлар (Л. В. Милосердова, А. В. Мацера, Ю. В. Самсонов, 2004) үйлесімсіздіктердің интрузивтік түрінде бөледі (13-сурет).

39

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]