Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

tursynova_memlekettik_umk_kz_2011

.pdf
Скачиваний:
49
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
625.73 Кб
Скачать

 

Қызметтік хатты жазудың қалыптасқан тəртібі бар. Ол тəртіп

қашанда сақталуы керек. Хат мынандай бөліктерден тұрады:

 

 

 

аты-жөні.

1. Хат жолданып отырған мекеменің аты мен адресаттың

Алдымен

жолданып

отырған

мекеменің,

келесіаты

жолға

адресаттың

лауазымы, аты-жөні жазылады.

Ер адамға мырзаға, əйел

адамға

ханымға

деп

жазуға

болады немесе

лауазымын ғана

көрсетуге . болады

Мысалы: Республикалық «Егемен

Қазақстан»

газетінің

редакторына;

Алматы қаласының №54 орта мектебінің директорына, т.б.

 

 

 

 

2.

Кіріспе

сөз. Ресми

кіріспе

сөздің

көпшілікке

қабылданған

стандарт формалары бар. Кіріспе сөзді жұмсартып қолданған жөн. Кіріспе сөз

мекеме, ұйымға да, ұйым басшысына да жеке дара айтыла береді.

Мысалы:

Құрметті Т.Т.Садақбаев мырзаға!

 

 

 

 

 

 

 

 

Егер сіз мекемеге хат жаза отырып, хатқа сол мекемедегі нақты бір

тұлғаның

назар аударғанын қаласаңыз, оң жақ бұрышына, жеке жолға

Аспандияр Өмірбеков мырзаның назарына, В.М. Сағымбаева ханымға, т.б.

деп жазуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Хаттың

жалпы мазмұн, мақсатын

көрсететін

бөлігі. Кей

жағдайда негізгі мəтіннен бұрын хаттың жалпы мазмұнын, мақсатын білдіру үшін қысқаша мəлімет жазылады. Мысалы: № 20 тапсырманың орындалуы

жайлы; К.Т. Садықовтың ісіне байланысты; Жазғы сессияның қорытындысы жайлы, т.б. Сілтемелер қысқа, əрі нақты болуы керек.

4. Негізгі мəтін. Негізгі мəтінді үш бөлікке бөледі. Бірінші – кіріспе бөлім, екінші – негізгі фактілер берілетін бөлім, үшінші – қорытынды. Қорытындыда негізгі ұсыныс, шешім, нұсқаулар айтылады.

5. Жіберушінің қызметі, қолы, аты-жөні. Хаттың бұл бөлігінде жіберушінің ресми қызметі, аты-жөні жазылады жəне қолы қойылады. Егер қол қоятын адам бірнешеу болса, лауазым дəрежесіне қарай тəртіппен жазылады. Мысалы:

№ 26 гимназияның

директоры

___________

К.Б.Жақсылықова

қолы

 

 

 

№ 32 гимназияның меңгерушісі ___________

Г.А.Аужанова

 

қолы

 

6. Қосымшаларға сілтеме (егер бар болса). Егер құжатта қосымша болса, ол хаттың соңында ескертіледі. Мысалы: Көлемі 6 беттен тұратын

қосымша бөлек жіберіліп отыр немесе бұл құжаттан бөлек 10 беттік қосымшаны қоса жіберіп отырмыз, т.б. Қосымшаларды міндетті түрде

қосымша деп жазу керек. Мысалы: қосымша – 1, қосымша – 2, қосымша – 2а, т.б.

7. Құжатты дайындаушы туралы мəлімет. Бұл мəлімет қосымшалар туралы мəліметтен кейін көрсетіледі. Мысалы: 1. Орындаушы; Құжатты дайындаушы. 2. Құжатты дайындаушының аты-жөні; 3. Жұмыс

телефоны; 4. Құжаттың дайындалған мерзімі. Құжатты дайындаушы туралы мəлімет, мысалы:

Орындаушы: Аяулым

Аңламасова

Құжатты

дайындаған:

 

Əлия Қалықова

Тел. 284-30-56

 

15.02.2011

 

тел. 371-05-42

 

14.04.2011

Компьютерде терген:

 

Қосымшаларды

дайындаған:

 

 

Əсел Абилмажинова

 

Айгүл Бакиева

тел. 369-21-80

 

тел: 292-65-58

25.05.2011

 

10.06.2011

Қызметтік хаттың мəтіні жеңіл, қысқа, нақты, сауатты жазылып, оңай оқылатындай болуы керек.

91-тапсырма. Қызметтік хатқа берілген мəтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Қызметтік хат қандай мақсаттарда жазылатын іс қағазы? 2. Қызметтік хаттар не үшін қолданылады? 3. Оның негізгі мақсаты не? 4. Хат қандай құрылымдардан тұрады? 5. Хаттың кіріспе бөлімінде не жазылады? 6. Жеке тұлғаның назарын аудару керек болғанда не жазылады? 7. Хаттың нақты мазмұнын, мақсатын білдіру үшін не жазылады? 8. Мəтінді неше бөлікке бөледі? 9. Қосымшалар қандай тəртіппен жазылады? 10. Құжатты дайындаушы туралы айтып беріңіздер.

92-тапсырма. Тест тапсырмаларын орындаңыздар.

1.Бетті бастым. Бетті сөзі сөйлемнің қай мүшесі?

А) Бастауыш В) Баяндауыш С) Анықтауыш Д) Толықтауыш

Е) Пысықтауыш

2.Қай сөйлемнің бастауышы мен баяндауышының

арасына сызықша қойылады?

А) Көп оқу білім алудың негізгі шарты. В) Мынау өзі аттатар емес.

С) Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол. Д) Екі күймек бір жанға əділет пе? Е) Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі.

3. Қысқарған сөздердің қатарын табыңыздар.

А) Аққу, əкел В) Аспан, анар

С) Қарақұс, шекара Д) Өмірзақ Е) Бегəлі

4. Сөйлемнен іс қағазының қай түрін анықтауға болады?

Мені қазақ тілі курсына тыңдаушы етіп қабылдауыңызды сұраймын.

А) Сенімхат В) Қолхат С) Өтініш Д) Хаттама

Е) Мінездеме

6-апта 12-сабақ

93-тапсырма. Қызметтік хаттың қанша түрін білесіздер? Берілген мəтіннен мəлімет алыңыздар.

94-тапсырма. Əр қызметтік хаттың қызметімен танысып, олардың жасалу формаларын біліп алыңыздар.

95-тапсырма. Қызметтік хаттардың түрлеріне берілген түсініктемелерді меңгеріп, есте сақтаңыздар.

Қызметтік хаттардың түрлері

Жазылу мақсатына, хатта қамтылатын мəселенің ерекшелігіне байланысты қызметтік хаттардың бірнеше түрлері болады:

1.Ресми хат – официальное письмо. Менің атыма ресми хат келді– на мое имя поступило официальное письмо.

Ресми хаттар. Белгілі бір ортаның атқаратын жұмысына байланысты мəселелер жазбаша қарастырылады. Олар ресми түрде мекеменің атынан жазылады жəне қызметтен тыс мəселені қозғамайды.

2.Қызметтік жеке хаттар– официальные личные письма. Мекеме жетекшісі қызметтік жеке хат алды– руководитель учереждения получил официальное личное письмо.

Қызметтік жеке хаттарқызметтен

тыс мəселелерге арналады.

Қызметтен тыс мəселелер адамның өз

қызметімен, ұйымның

атқаратын

қызметімен шеше алатын мəселелерімен

тікелей байланыста

болады. Бұл

хаттар тұлға атынан жазылады.

 

 

3.Ұсыныс хат – письмо-предложение. Мен ұсыныс хатпен таныстым. –

яознакомился с письмомпредложением.

Ұсыныс хаттар. Бұл хатта қызметкерді белгілі бір орынға, қызметке ұсыну туралы басшыға ұсыныс жасайды. Аталған қызметкердің сол орынға лайық екендігіне кепілдеме береді. Бұл хатқа ұсыныс жасаған тұлға ғана қол қояды.

4. Шағым хат – письмо-жалоба. Жасалған қылмыстық іске шағым хат келіп түсті – Поступило письмо-жалоба за совершенное уголовное дело.

Шағым хаттар. Белгілі бір мекеменің немесе мекеме қызметкерлерінің, жеке тұлғалардың заңсыз іс-əрекеттерін көрсетіп, соған орай шара қолдануды сұрау мақсатында жазады. Хат мазмұнының құндылығы хатта көрсетілген нақты, заңды, дəл фактілерге байланысты. Шағым хатқа шағымданушы адам,

кейде

хат мазмұнына байланысты

мекеменің

жауапты

қызметкері де

қол

қояды.

 

 

 

 

 

5. Бұйрық-жарлық хат – циркулярное письмо.

 

 

Циркуляр хаттар. Əкімшілік жағынан бағынышты барлық мекемелерге

 

бір мерзімде жіберілетін хат. Олар негізінен тапсырма беру сипатында болады.

 

6.

Сұраныс хаттары. Бұл

хаттар да

белгілі

бір мақсатпен

ғана

жазылады. Мекемеден керекті ақпаратты немесе белгілі бір құжатты жіберуін сұрайды. Сұраныс хатқа мекеменің жауапты адамы қол қояды.

7.Жолдама хаттар. Жіберілген құжаттардың аттары, сол құжаттармен бірге жіберілген қосымша материалдардың құрамы, мазмұны, көлемі, саны жайлы мəліметтерді көрсету үшін жазылады. Жолдама хатқа мекеме басшысы қол қояды.

8.Өтініш хатта мекемелерден бір нəрсе жөніндемəлімет беру сұралады.

9.Хабарлама хат – анықтамалық сипатта жазылады.

Ол жұмыс барысында ескеру, басшылыққа алу үшін жоғарыдан төменгі бөлімшелерге жіберіледі.

10. Кепілдеме хат. Белгілі бір мекеменің іс-əрекеттің орындалуын өз мойнына алып, екінші мекемеге кепілдік бере жазатын хат.

11. Ілеспе хаттар – сопроводительные письма. Бұл хаттар адресатқа хатқа қоса жіберілген құжаттар туралы ақпарат беретін құжат. Ұсынылып отырған құжатқа түсінік береді, оның орындалу уақытын көрсетеді, кешіктіру себебін түсіндіреді.

12. Хабарлама хаттарда фактілер көрсетіліп, «хабарлаймыз», «хабардар етеміз» деген сөздер арқылы жазылады. Стиль бойынша шақыру хатына ұқсайды.

13. Жарнамалық хаттар – нақты адресатқа жіберіледі. Жарнамалап отырған тауарлар мен қызмет көрсетулердің бағасы көрсетіледі. Бұл хаттың негізгі мақсаты – ұсынылып отырған іске қызығушылықты арттыру.

14. Шақыру хатта (письмо-приглашение) адресатты, нақты тұлғаны, мекеме қызметкерлерін белгілі бір іс-шараға қатысуға шақыру. Шақыру хатында жүргізілетін іс-шараның сипаты беріліп, өтетін мерзімі, нақты уақыты көрсетіледі.

15. Коммерциялық хаттар – келісім-шарттар жасау жəне орындау кезінде жазылады. Сатып алушының өтініші бойынша тауарлар жəне өнімдер туралы ақпарат беруін өтіну немесе тауар жіберуге ұсыныстар, сатушылардың жауаптары, жарнамаға жауаптар болуы керек.

16.Бастама хаттар жауап беруді талап ететін хат. Бұл хаттар қандай да бір мəселені шешуді өтіну, ұсыныс жасау, сұрау мазмұнында болады.

17.Жауап хаттар бастама хаттардың сипаттамасына байланысты болады. Бастама хатта қойылған мəселелерді шешетінін, ұсыныс, өтінішті орындап қабылдайтындығын немесе бас тартатындығын, сұралған мəліметтің, іс-əрекеттің орындалған, орындалмағаны жөнінен хабар, мəлімет береді.

18. Ескертпе хаттар – жүргізілген іс-шаралардың, небір міндеттемелердің орындалу мерзімінің жақындағанын немесе өтіп кеткенін көрсетеді. Мұндай хаттар «Ескертеміз» деген сөзбен аяқталады.

96-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыздар.

 

 

Просим сообщить,

составляются

при

заключений и

выполнений

контрактов, обязательство, мероприятия, разновидность данных писем, принять

участие, мы рады пригласить вас, прошу принять.

 

 

97-тапсырма. Қызметтік хаттардың бір

түрі– Жолдама

хаттың

үлгісімен танысыңыздар.

 

 

 

 

 

Ж о л д а м а

х а т

 

 

 

Қазақ мемлекеттік ғылыми-

 

Ү л г і:

техникалық ақпарат ғылыми-зерттеу

институтының директорына

 

Абай атындағы Алматы мемлекеттік педагогикалық университетіндегі филология ғылымдарының докторы ғылыми дəрежесін алу үшін диссертация қорғайтын ДР 14.05.2010 диссертациялық кеңес 10.02.02 – қазақ тілі бойынша

Карамендина

Мағжан

Өміртайқызының«Қазақ тіліндегі көсемшенің

мағынасы мен

қызметінің

дамуы» атты кандидаттық диссертация жұмысын

жəне авторефераттың екі

данасын мемлекеттік тіркеу мен микрофильмнен

өткізу үшін жіберіп отыр.

 

Диссертацияның қорғалатын күні 11 маусым 2011 ж.

Диссертация кеңесінің

 

 

төрайымы, профессор

__________

Тұрсынова Гүлбаршын

 

қолы

Тұрсынқызы

98-тапсырма. Топтағы

студенттер қызметтік хаттардың18 түрін

өзара 3-4 хаттан бөліп алып, хат жазыңыздар.

7-апта. 13-сабақ

99-тапсырма. Іс қағазының бір түрі– мінездеме туралы мəлімет алып, оның қай жағдайда, қалай жазылатынын түсініп алыңыздар.

100-тапсырма. Мінездеменің қандай түрлері , баролардың əрқайсысын неге байланысты жазады? Өзара бір-біріңізбен ой бөлісіңіздер.

101-тапсырма. Мінездемеге берілген түсініктемемен мұқият танысып, оның құрылымын меңгеріп, есте сақтаңыздар.

М І Н Е З Д Е М Е

Мінездеме – түрлі мекеме, ұйым, бірлестік, оқу орны тарапынан берілетін, белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, кəсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттау мақсатында жазылатын анықтамалық-ақпараттық іс қағазының бір түрі.

* * * * *

Мінездеме белгілі бір адамды, қызметкерді оқу орнына, қызметке ұсыну, конкурстан өткізу, т.б. мақсатта жазылады. Мінездемеде ұсынылған адамның адамшылық қасиеттері, мінез-құлқы, кəсіптік шеберлігі, отбасы жағдайы жазылады.

Мінездеменің

екі

түрі

:

1бар. Қызметтік

мінездеме; 2.

Аттестациялық мінездеме.

 

 

 

 

 

Қызметтік мінездеме – мінездеменің айрықша кең

тараған

формасы.

Қызметкерді объективті, əрі нақты мінездеу қажет болған жағдайда жазылады.

Аттестациялық мінездеме белгілі бір адамның атқарыпотырған

қызмет орнына лайық, лайық еместігін тексеру мақсатында жүргізілетін

аттестация қорытындысына орай жазылады. Мұндай мінездеменің қорытынды

бөлігі міндетті түрде атап көрсетіледі.

 

 

 

 

Қорытындысында:

Атқарып

отырған қызметіне

лайық;

Атқарып

отырған қызмет

орнына

лайық

емес; Қызмет бабында

жоғары

қызметке

ұсынуға

лайық; Кəсіптік

дайындық

деңгейін,

басшылық

қызметтегі

 

тəжірибесін ескере отырып,

Қ.Т.Орынбаевты конкурстық

негізде

статистика

 

бөлімінің бастығы қызметіне ұсынуға болады, – деген нақты шешімі жазылады.

 

Мінездеме төмендегідей құрылымдардан тұрады:

 

 

 

1.

Құжат аты: Мінездеме.

 

 

 

 

 

 

 

2.

Мінездеме

берілетін

адам

туралы

қысқаша

анкета

мəліметтерге мыналар

кіреді: аты-жөні, туған

жылы,

білімі,

мекемедегі

 

жұмыс өтілі, қазіргі атқаратын қызметі, əскери қызметке қатысы, азаматтығы,

 

т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.

Негізгі

мəтінде

атқарып

 

жүрген

 

қызметін, өз

мамандығын

қаншалықты меңгергендігі, кəсіптік білім деңгейі, біліктілігі, қызмет бабында жеткен жетістіктері мен кемшіліктері, əріптестерімен қарым-қатынасы, отбасы жағдайы, ұжымдағы орны, сын көтеру қабілеттілігі жазылады. Мысалы:

Университетте қызмет істеген жылдары С.У.Омарбаев өзін өте білімді, сауатты, алға қойған мақсатына жете білетін, өзіне де, өзгеге де талап қоя білетін жауапты қызметкер, білгір маман ретінде көрсете біледі деген сияқты т.б. мəліметтер қамтылады.

4.Қорытынды. Қорытынды негізгі мəтіннің түйінделген, жинақталған бөлігі болып табылады.

5.Мінездемені талап етуші ұйымның . атыБұл бөлікте мінездеменің не мақсатпен жəне қай ұйымға берілгендігі жазылады. Мысалы:

Мінездеме

жеке

еңбек

шартын

ұзарту

үшін; Мінездемеберілді

диссертациялық кеңеске тапсыру үшін

берілді; Мінездеме Қ.И. Сəтбаев

атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің қабылдау комиссиясына құжат тапсыру үшін берілді, т.б.

6. Мінездеме беруші туралы мəлімет. Бұл бөлікте мінездеме беруші мекеме басшысының ресми қызметі, аты-жөні, фамилиясы жазылып, қолы қойылады. Мысалы:

Қ. Тұрысов атындағы Геологиялықбарлау институтының директоры,

профессор

_____________ Өмірсеріков М.Ш.

 

қолы

7.Мінездеме берілген күні, айы, жылы көрсетіледі.

8.Қосымша (егер бар болса).

102-тапсырма. Мінездеменің үлгілерімен танысыңыздар.

ҚР-сы Ғылым Академиясы А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының экспериментальды-фонетика бөлімінің кіші

ғылыми қызметкері Нұргүл Ержұманқызы Шаймерденоваға

М І Н Е З Д Е М Е

Ү л г і:

Н. Шаймерденова А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының экспериментальды-фонетика бөлімінде 1989 жылдан бері кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді. Жалпы тіл білімі мен фонетика саласында теориялық дайындығын жетілдіру үстінде. Сол уақыттан бері Н.Шаймерденова өзінің ұқыптылығымен, өзіне тапсырылған жұмысқа үлкен жауапкершілікпен қарайтындығымен, жұмысты мұқият орындайтындығымен көрініп келеді.

Бөлімнің

жоспарлы

жұмысын

 

уақытылы

орындап, фонетикалық

материалдарды

 

жинап, дайындады.

Бөлімнің

 

ұйымдастырған I-ші

Бүкілодақтық

«Түркі

фонетикасы»

атты

 

ғылыми-тəжірибелік

конференциясының

ұйымдастыру комитетінің

мүшесі болып, басқа да

ғылыми-теориялық

конференцияларға

қатынасып, бірнеше рет баяндама

жасады. Өзінің терең білімін, ғылыми-зерттеу жұмыстарына деген зор қабілетін көрсете білді.

Қоғам жұмысына, мəдени іс-шараларға, қазіргі қазақ тілі теориясы мен оқыту əдістемесі бағытындағы түрлі жұмыстарғабелсене араласып келеді. Ғылым кандидаты дəрежесін алуға қажетті талаптарды толық орындап, 1991 жылдың наурыз айында«Қазақ тіліндегі қосымшалардың ерін үндестігі» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Соңғы уақытта əр түрлі жоба тақырыптарымен шұғылдануда.

Мінезі жайдары, біртоға, сабырлы, көпшілікпен ортақ тіл табыса біледі, айтылған сынды дұрыс қабылдайды, ағылшын тіліне жетік, жолдастарына адал.

Бөлім Н.Шаймерденованы аға ғылыми қызметкер дəрежесіне көтеруге лайық, ғылыми жұмыс істеуге қабілеті бар деп есептейді.

Бөлім меңгерушісі,

п.ғ.д., профессор

___________

Жақсылықова Күлəй

 

қолы

Бəймендіқызы

Қ.И.Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті Ө.А.Байқоңыров атындағы Тау-кен институтының II курс студенті Жаманкеев Нұрлан Қамалұлына

М І Н Е З Д Е М Е

Ү л г і:

Жаманкеев

Нұрлан Қамалұлы1985 жылы 9

ақпанда

Алматы облысы,

 

Ұйғыр ауданы,

Шонжа

ауылында

дүниеге

келген. 1991-2001 жылдар

 

аралығында Шонжа орта мектебінде оқыды. Мектепті бітірген соң, 2001 жылы

 

ҚазҰТУ-дың I

курсына қабылданды.

 

 

 

 

Жаманкеев Нұрлан мінезі ашық, əрқашан көңілді жүреді, музыкаға əуес.

 

Достарына

адал, олардан

көмегін

аямайды. Қандай

тапсырмаға

да

жауапкершілікпен

қарайды. Өз қателерін түсініп,

түзетуге тырысады, сынды

 

дұрыс қабылдайды.

 

 

 

 

 

Университет қабырғасындағы қоғам жұмыстарына белсене араласады, спортпен шұғылданады. Университетте жылда өткізілетін «ҚазҰТУ көктемі»

атты конкурсқа қатысып, 2-ші орынға ие

болды. Базалық білімін жетілдіріп

отырады, əдебиеттерді көп оқиды.

 

Мінездеме Медеу ауданының əскери бөлімшесіне тапсыру үшін берілді.

Тау-кен институтының

 

директоры,

 

 

т.ғ.д., профессор

_____________

Искаков Б.И.

 

қолы

 

* * * * *

Қ.И.Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті Ə.Бүркітбаев атындағы Металлургия институтының

аға оқытушысы Қуаныш Өміртайұлы Əлихановқа

М І Н Е З Д Е М Е

Ү л г і:

Қ.Ө.Əлиханов 1963 жылы 5

қаңтарда

Семей

облысы, Аягөз

ауданы,

Баршатас

ауылында дүниеге келген. Ұлты –

қазақ, білімі – жоғары,

ҚР-ның

азаматы. Орта мектепті бітіргеннен кейін, 1980 жылы ҚазҰТУ компьютерлік

техника факультетіне түсіп, оны 1985 жылы үздік дипломмен бітірген.

 

1985-1988 жылдар аралығында – Ғылыми-жобалау

институтының аға

ғылыми қызметкері, ҚазҰТУ Металлургия институтының

аға оқытушысы.

Ол

Ғылыми-жобалау

иститутының

бақылау-өлшеу

аппараттар

бөлімінде аға инженер болып жұмыс істеген кезінде қабілетті, білімді,

ұқыпты

қызметкер ретінде

өзін жағымды жағынан көрсете білді. Өзі

жұмыс істеген

қызметтерінде

кəсіптік

шеберлікті

жақсы

меңгерген.

 

 

«Бақылау-өлшеу құралдарын автоматтандыру» бойынша дайындықтан өтті.

1988-1991

жылдар

аралығында

ҚазҰТУ-дың

күндізгі

бөлім

аспирантурасында оқып,

1991 жылы кандидаттық диссертация қорғады.

 

Қ.Ө.Əлиханов – өз

ісін

жетік

білетін

тəжірибелі

маман. Ол бірнеше

ғылыми еңбектердің авторы, оның «Металлургия өнеркəсібінің терминдері»

атты еңбегі Шоқан Уəлиханов атындағы сыйлыққа ие болды.

 

 

Қ.Əлиханов қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік біледі, компьютермен

жұмыс істеуде

тəжірибесі

.мол Спортқа

ынтасы

зор, республикалық

жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Ұйымдастырушылық

қабілеті жоғары, қиын жағдайда өз бетінше дұрыс шешім қабылдай алады.

Студенттер мен əріптестерінің арасында беделді, үлгілі отбасы иесі.

 

Жұмыстағы

əріптестерімен

іскерлік

қарым-қатынаста, өндірістік

мəселелерді

талқылағанда тік мінезділік көрсетеді, тым турашыл

.

Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзетуге тырысады.

 

 

Мінездеме

Ғылыми-техникалық орталықтың

бас

маманы

қызметіне

ұсыну үшін берілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ə.Бүркітбаев атындағы

 

 

 

 

 

 

 

Металлургия институтының

 

 

 

 

 

 

директоры, т.ғ.д., профессор

___________

Байымбетов Б.С.

 

 

 

 

 

 

қолы

 

 

 

 

103-тапсырма. Кафедрадағы профессорға қызметтік мінездеме, доцентке, аға оқытушыға аттестациялық мінездеме жазыңыздар.

104-тапсырма. Берілген сөздерді қазақ тіліне аударып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Характер, должность, грамотный, авторитетный, образованный, опытный, квалифицированный.

105-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Мінездеме не үшін беріледі? 2. Мінездеме мазмұнына қарай құжаттың қай түріне жатады? 3. Мінездеме құрылымына қандай мəліметтер кіреді? 4. Мінездемеге кім қол қояды?

106-тапсырма. Мінездемеге берілген тест тапсырмаларын орындаңыздар.

1. Мінездеме қандай стильде жазылады?

А) Ауызекі сөйлеу стилінде Ə) Ғылыми стильде

Б) Ресми іс қағаздары стилінде В) Көркем əдеби стильде

2. Мінездеме мəтінінде қолданылатын стандартты тілдік бірлікті көрсетіңіздер.

А) Жұмысы дұрыс Ə) Жұмысты жақсы істеп жүр

Б) Жұмысын əрі қарай жалғастыра берсін В) Атқарып отырған қызметіне лайық

3.Мінездеме қандай құжат?

А) Өкілеттік

Ə) Ұйымдық Б) Анықтамалық-ақпараттық В) Қоғамдық

4.

Мінездемедегі

мəлімет

нешінші

та

жақ

баяндалады?

 

 

 

А) Бірінші жақта

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ə) Екінші

жақта

 

 

 

 

 

 

 

)БҮшінші

жақта

 

 

 

7-апта. 14-сабақ

 

В) Бірінші, екінші жақтарда

 

 

 

 

 

 

 

107-тапсырма. Факс қандай қызмет атқарады? Сабақ барысында

 

талқылаңыздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

108-тапсырма. Факсты

қалай

пайдалануға

,боладыон ң

 

құрылымына не кіреді? Өзара пікір алмасыңыздар.

 

 

 

 

109-тапсырма.

Берілген

мəліметпен

мұқият

,

таныс

мазмұндаңыздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

Факс. Факс арқылы жіберілетін құжаттар

Факс – жазылған мəтіннің, суреттің, сызбаның жəне басқа да заттардың көшірмесін өзгеріссіз телефон байланысы арқылы жіберетін аппарат, яғни факс

– ұсынылатын құжаттың көшірмесі. Факс – аппарат, предназначенный для отправки копий написанного текста или рисунка по телефонной линии связи.

Факсимилле – көлемі үлкен суреттің, кестенің, мəтіннің, сызбаның, басқа да заттардың нақты, дəл сурет көшірмесі. Факсимилле – точная копия части рисунка или текста.

Факс байланыс түрінің ерекшеліктері:

1.Факстың ең құндылығы, ол неше түрлі құжаттарды тез арада екінші адамға немесе мекемеге жеткізеді.

2.Қазіргі факс – кең тараған байланыс түрі болып табылады.

3.Факсты алмастыратын басқа байланыс түрі əзірге жоқ.

4.Көптеген мекемелердегі қабылдау-хабарлау аппараттары факс аппаратымен жабдықталған.

5.

Сурет, сызба, үлгі

көшірмелері

үлкен

болған

жағдайда

олар

кішірейтіледі, не бөлшектенеді де сурет көшірмесі (фотокопия) беріледі.

 

6.

Факс арқылы жіберілетін құжаттардың

жеткізілуі қазіргі

уақытта

өте

жоғары, себебі факс арқылы жіберілген кез-келген құжат адресатқа санаулы минуттардан кейін-ақ жетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]