Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛАБОР. ЖУМ. ЭТ.docx
Скачиваний:
967
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.05 Mб
Скачать

1.3 Тәжірибелік жұмысқа тапсырма және оның орындау тәртібі

1.3.1 Тәжірибе УЛК ТОЕ стендінде орындалады. Стендпен, қорек көздерімен және оларды қосып- ажырататын аспаптармен танысыңыз.

1.3.2 1.7-суретте көрсетілген тізбекті жинаңыздар.Кернеулерді, токтарды, қуаттарды өлшеу үшін коннектордың каналдарын тізбекке қосыңыздар.

1.3.3 УЛК ТОЕ стендінде қорек көзі ретінде тұрақты кернеулер блогындагы екі кернеу көзі алынады. Оның бірі сан мәні 15 В-ке тең кернеу берсе, екіншісінің кернеуі реттелмелі (Е=5÷15 В).

1.3.4 Тармақтардағы токтар мен кернеулерді өлшеу үшін қолдану керек виртуалды аспаптарды V0 мен А1.

1.3.5 Тізбекке кернеу беріп, ЭҚК-терді және тармақтардың токтары мен сыртқы өнбой бойынша көрсетілген нүктелердің потенциалдарын өлшеңіз. Өлшенген шамаларын 2 және 3 кестелерге жазыңыз.

1.7-сурет. зерттелетін тізбектің сұлбасы.

1.2 кесте

E1,B

E2,B

I1,mA

I2,mA

I3,mA

UR1,B

UR2,B

UR3,B

UR4,B

UR5,B

φ,B

φ1,B

φ2,B

φ3,B

φ4,B

φ5,B

φ6,B

φ1,B

φөлшен.

0

φесепт.

0

1.4 Бақылау сұрақтары:

1. Тізбектегі түйін, тармақ және контур дегеніміз не?

2. Тәуелсіз контурлардың санын қалай анықтайды?

3. Қандай тізбектерге қолданамыз Ом заңын?

4. Кирхгофтың бірінші заңы қандай заңдылықты тағайындайды? Өрнегін жазып, түсіндіріңіз.

5. Кирхгофтың екінші заңы қандай заңдылықты тағайындайды? Өрнегін жазып, түсіндіріңіз.

6. Потенциалдық диаграмма деген не және ол не үшін түрғызылады?

7. Вольтметірдің көрсету мәндерін анықтаңыз, егер Е1=10 В, Е2=20 В, Е3=80 В, R1 = R2 = R3 = 10 Ом.

8. Кирхгофтың бірінші және екінші заңының теңдеулерін құрып, тармақтардағы токтарды есептеңіз, егер E1=100 B, E2=130 В, I=8A, R1=5 Ом, R2=5 Ом, Uca=80 В тең болған жағдайда.

9. Потенциалдық «В»-нүктенің потенциалын есептеңіз, егер «А»-нүктенің потенциалы φА=15 В, R=10 Ом, I=2 А, Е=5 В.тең болса.

2 Зертханалық жұмыс

Сызықтық электр тізбектерін беттестіру әдісімен зерттеу

Жұмыстың мақсаты:

  1. Сызықты электр тізбектерінің негізгі қасиеттерін тәжірибе арқылы зерттеу.

  2. Беттестіру әдісін қолданып, тізбектерді шешуді үйрену.

  1. Қысқаша мағлұматтар

Күрделі сызықты электр тізбектеріндегі токтармен кернеулерді есептеу үшін беттестіру әдісін қолдануға болады.

Ол әдістің негізінде қорек көздерінің токтарының тәуелсіздігі көрсетілген. Сызықты электр тізбектерінің элементтеріндегі токтар мен кернеулер қорек көздері тудыратын жекеше токтар мен кернеулердің қабаттасуын нәтиже ретінде белгілейді.

Беттестіру әдісімен дәлелдеу үшін:

а) сызықты тізбекте бір ЭҚК-ті қалтырып қалғандарын тізбектен алып тастау керек, мұнда тармақтардағы токтармен кернеулер жекеше токтар мен кернеулер арқылы есептелінеді;

б) сол сияқты қалған ЭҚК-тер өздерінің жекеше токтар мен кернеулерін беру тиісті;

в) жекеше токтар мен кернеулерін пайдаланып тізбектерді шешу әдісі беттестіру әдісі деп аталады. Тізбектегі негізгі токтар мен кернеулер жекеше токтар мен кернеулердің алгебралық қосындысына тең.

Егер қарастырылып отырған тармақта жекеше токтар немесе жекеше кернеулер қарама-қарсы бағытта болса, онда сан мәні ұлкен шамадан сан мәні кіші шама шегеріледі де, ұлкен шаманың бағыты қойылады, ал бағыттас болса, онда олар қосылады.

Мысалы, берілген сызықты тізбектің (2.1-сурет) тармақтарындағы негізгі токтарды есептеу үшін тізбекті екі қарапайым тізбекке бөліп жіберу керек.

2.1-сурет.күрделі тізбекті қарапайым тізбектерге түрлендіру.

Беттестіру әдісімен негізгі токтарды келесі формулар арқылы есептеуге болады:

I1=I1/-I1//

I2=I2//-I2/

I3=I3/+I3//

мұнда I1/, I1//, I2/, I2//, I3/, I3// – жекеше токтар.