Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Metodichka_MKvSU_kaz_chast1.docx
Скачиваний:
47
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
27.43 Mб
Скачать

1.3 Теориялық негіздердің сипаттамасы

  1. Микропроцессордың командаларының типтері:

  • Жадыға хабарласатын командалар. Командада көрсетілген операция ЖЕсҚ-да белгіленген орынның мазмұнына жатады, яғни команда ЖЕсҚ-да жады ұяшығының адресін береді.

  • Регистрлерге хабарласу командалары. Орындалатын операция үшін ЖЕсҚ мекемдеу қажет емес. Операция регистрде тұрған бір операндамен орындалады.

  • ЕШБ-ға хабарлас командалары. Бұл командалар микропроцессор мен периферийлік құрылғылар арасында деректер тасымалдауын қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар командалардың орындалуы тиіс операциялар типі бойынша топтарға жіктейді:

  • Деректер сілтемесінің командалары. бұл командалар тасымалдау бағытын, бастау және ақпарат қабылдағышын беруі тиіс;

  • Арифметикалық-логикалық командалар. Бір операнд ЖЕсҚ-тұрады, ал екіншісі аккумуляторда болады.

  • Басқару командалары. Бұл командалар программаның бұтақтану механизмін жүзеге асырады.

  • Жүйелік командалар және т.б.

Олардың көмегімен кез-келген әмбебап есептеуіш машиналарын сипаттауға болады.

2 Бағдарламаланатын логикалық бақылағыштың жұмыс істеу режимдері:

  • RUN – жұмыстың орындалуын іске қосады және кірістерді сұрату, бағдарламаны орындау, шығыстарды жаңарту сияқты әрекеттерді орындайды;

  • STOP – жұмысты топтауға мүмкіндік береді, яғни сол қалпында қалады, ешқандай бағдарлама орындамайды;

  • RUN-P – бағдарламаны орындауға және оның параметрлерін өзгертуге мүмкіндік береді;

  • MRES.

1.4 Жұмыстың орындалу тәртібі

Алдымен негізгі терезені іске қосу үшін «SIMATIC Manager» бағдарламасын қосу қажет.

SIMATIC Manager [Администратор SIMATIC] – бұл Step7 іске қосқанда белсенді жұмыс жасайтын орталық терезе. Бағдарламаға кірген кезде Step7 Wizard местері шығады, ол жаңа жоба жасауға көмектеседі.

1. Бағдарламаға кіру. Жоба құру. Harware өңдеу.

2. File –> New project арқылы жаңа жоба құру. Атын өзгерту.

3. File –> New project –> SIMATIC400–>Hardware–>HW Configuration ашу. Бақылағыш таңдау.

Бақылағыш 18 модульден тұрады. Әрбір модульді рет-ретімен орналастыру қажет. Модульдерді алынған кодтарға сәйкес таңдаймыз.

4. Негізгі меню терезесі

5. Бағдарламаны компиляциялау және бағдарламалық блогтарды құру

6. S7 Program (1) –> Symbols кіреміз.

Тапсырма бойынша пайдаланылған деректер негізінде айнымалылар кестесін толтырамыз.

7. Бағдарламалық блогты өңдеу

7.1 Бағдарламаны шақыру

7.2 Берілген тапсырма бойынша FBD тілінде OB14 Network 1 блогында логикалық сұлбаны құрастыру

1.5 Бастапқы мәліметтердің нұсқалары

вариант №1

вариант №2

вариант №3

вариант №4

1.6 Бақылау сұрақтары

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №4

Тақырыбы: Техникалық үрдістің басқару бағдарламасын құру

1.1 Жұмыстың мақсаты

Техникалық үрдістің басқару бағдарламасын құруда орталық тіреуіштің пішіндеу әдісін игеру.

1.2 Тапсырма

  • Конфигурация құру;

  • ПЛК орнатылуы бар есептелген конфигурация;

  • Жұмыс бойынша қорытынды жазу;

  • Бақылау сұрақтарына жауап беру.

1.3 Теориялық негіздердің сипаттамасы

ПЛК S7-300 параметрлерімене желілік және иерархиялық жүйелер құрылымынан тұратын анықталған функциясы бар блоктар жатады.

ПЛК S7-300 өнеркәсіптік өндіріс саласында бұл машиналарды құруда, өнімді шығару үшін, қондырғыларды қайта баптау, керемет жобаларға, аз сериялы бұйымдар мен тәжірибелі ұлгілер үшін қолданылады.

ПЛК-сын пішіндеу үшін келесі нұсқауларды орындау қажет:\

- тіреуіштің бірінші қабатында тек қана қорек көзі (PS 3007 10A) таңдау немесе бос болады;

- тіреуіштің екінші қабатында тек қана орталық бағдарлама құрылғысын (CPU 315-2 DP) таңдау;

- интерфейсті модуль құру немесе мүлдем бос болуы да мүмкін; менің жағдайымда модульдер төртеу: дискретті кіріс модулі; аналогты кіріс модулі; дискретті шығыс модулі; аналогты шығыс модулі.

CPU 315-2 DP орталық процессордың конфигурациясы арқылы баптаулар диалогының негізгі терезесінде MPI адресін, модульдің кіріс-шығыс адрестерін өзгерте аламыз.

Кіріс және шығыс модульдерінің адрестері ешқашан бірдей мәнге ие бола алмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]