Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Materialtanu_era.doc
Скачиваний:
121
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
757.76 Кб
Скачать

6.8 – Сурет. Қорытпа қасиеттерінің күй – жай кесте сызба түрлерімен байланысы

Қатты қорытпалар түзілген жағдайда қасиеттер қысық сызықты тәуелділік бойынша өзгереді. Екінші компонентті аз мөлшерде қосқан кезде қаттылық, электр кедергісі және т.с.с. қасиеттері қорытпаны құрастыратын құралғыштың қасиеттеріне қарағанда жоғары болады, ал электр өткізгіштігі және магниттік қасиеттері төмендейді. Шекті қатты ерітінділер түзілген жағдайларда бір фазалы қатты ерітінділердің қасиеттері қисық сызық заңдылығымен, ал екі фазалы – түзу сызық бойынша өзгереді.

Химиялық қосылыс түзілген кезде қасиеттер секірмелі өзгереді. Химиялық қосылыс түзудегі максимум (немесе минимум) қасиеттерге жауап береді. Бұл химиялық қосылысқа сәйкес келетін қисаю нүктесі сингуляр нүктесі деп аталады. Күй – жай кесте сызбаны қолданып қортыпалардың технологиялық қасиеттерін (құйылғыштық, кесумен өңделгіштік және т.с.с.) анықтауға болады. Мысалы, қатты ерітінділер төмен құйылғыштық қасиетке, ал екі фазалы, әсересе эвтектикалық қортыпалар жақсы құйылғыштық қасиеттерге ие болады. Ыстық және суық күйінде бір фазалы қорытпалар жақсы деформацияланады. Екі фазалы қорытпалар бір фазалыға қарағанда кесумен жақсы өңделеді, коррозияға тұрақтылығы жағынан бір фазалы қорытпалар екі фазалыларға қарағанда қасиеті жоғары болады.

Жоғарыда қарастырылған күй – кесте сызбалардың барлығы тепе – теңдік (тұрақты) күйінде, себебі олар төмен салқындату жылдамдығында алынған. Салқындату жылдамдығы жоғары болған кезде тепе – теңдіксіз (метатұрақты) күй – жай кесте сызбалары алынады.

Нег. 2 [45 – 67]

Бақылау сұрақтары:

1. Күй – кесте сызбадағы ликвидус сызығы нені сипаттайды?

2. Күй – кесте сызбадағы солидус сызығы нені сипаттайды?

3. Эвтектика дегеніміз не?

4. Қандай қорытпалар жақсы сұйықаққыштыққа ие болады?

5. Қандай қорытпалар кесумен жақсы өңделеді?

Дәріс 7. Темір – көміртегі жүйесінің (Ғе – С) күй – кесте сызбасы. Fе – Fе3С жүйесіндегі фазалар.

Темір – көміртегі жүйесінің күй – кесте сызбасы қорытпа күйінің графикалық көрінісін көрсетеді. Барлық темір – көміртегі қорытпалар екі үлкен топқа бөлінеді: болаттар және шойындар, олар техникада кеңінен қолданылатын материалдар болып табылады. Сондықтан темір – көміртегі күй – кесте сызбасын (Ғе – С) тереңдетіп оқыту, қажетті болаттар немесе шойындардың ентаңбасын, сонымен қатар оларды термиялық және технологиялық өңдеу режимдерін дұрыс таңдауға мүмкіндік береді. 7.1 – суретте көрсетілген кесте – сызбадағы тұтас сызықтар темір – көміртекті қорытпалардың – көміртегі мөлшері 0 – ден 6,67 % дейін болатын болаттар мен шойындарды сипаттайды. Концентрациясы 6,67 % С бар қорытпа темір карбидіне Fе3С сәйкес келеді. Темір – күмістей – ақ түсті металл, периодтық жүйенің III тобында орналасқан ауыспалы металл болып табылады.

Атомдық номері 26, атомдық массасы 55,8, атомдық радиусы 0,127 нм. Темірдің балқу температурасы 1539 оС. Жоғары дәрежелі таза темірді дайындалу әдісі бойынша ғана емес, құрамы бойынша да арнайы болаттар ретінде қарастыруға болады. Таза темірдің қасиеттері және оларды өзгерту мүмкіндіктері, көптеген жағдайларда арнайы болаттардың қасиеттерін және оларды өңдеудің әдістерін таңдаумен анықталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]