- •1. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •Оқу жоспарының көшірмесі
- •1.6. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •1.7. Пәнді оқытудың міндеті:
- •1.8. Тапсырмалардың түрлері және оларды орындау мерзімі
- •1.9. Тапсырмаларды орындауға ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •1.10. Студенттердің білімін бағалау жүйесі
- •Аралық аттестацияға арналған сұрақтар
- •1.11 Курстың саясаты мен процедурасы
- •2. Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •2.1. Сабақ түрлері бойынша сағат бөлу
- •Дүниежүзілік тау-кен ісінің даму тарихы
- •Тау жынысы және пайдалы қазбалар Сұхбат
- •Ресей мемлекетіндегі тау-кен ісінің даму тарихы
- •Қазақстандағы тау-кен ісінің ғылыми даму жолдары
- •Инженер мамандығының қажеттілігі және оның салалары
- •Кен орындарын жерасты арқылы қазудың болашағы
- •Кен байыту саласында қолданылатын терминдер
- •Сұрақ-жауап
- •Пайдалы қазынды кен орындарының кен- геологиялық сипаттамасы
- •Маркшейдерлік істің даму тарихы
- •Металлургия саласының зерттелуі
- •Металлургия саласының зерттелуі
- •Түсті металдардың техникалық классификациясы
- •XVIII ғасырға дейінгі Ресейдегі металлургияның дамуы
- •3 Апта. 9-тәжірибелік сабақ
- •Қазақстандағы металлургияның дамуы
- •Геология ғылымы
- •Геологиялық зерттеу әдістері
- •Геологиялық зерттеу әдістері (жалғасы)
- •Геологияның халық шаруашылығындағы маңызы
- •Геологиялық зерттеу әдістері (жалғасы)
- •Полиграфияның пайда болу тарихы мен дамуы
- •Қазақстандағы баспалардың қысқаша тарихы
- •Полиграфиялық басылымдардың түпнұсқалары
- •Түпнұсқалар үш топқа бөлінеді:
- •Ақпараттық технологиялар
- •Ақпарат
- •Есептеуіш техниканың даму тарихы
- •Компьютерлік вирус
- •Билл Гейтс және оның компаниясы
- •Пайда болуы
- •Қазақстандағы мұнай өнеркәсібінің дамуы мен зерттелуі
- •336Тапсырма. Сөйлемдерден түбір мен қосымшаның аралығындағы кейінді ықпалға ұшыраған сөздерді табыңыздар.
- •337Тапсырма. Мәтінде кездесетін кейбір ұғымдардың анықтамасын тауып, дәптерлеріңізге жазыңыздар.
- •338Тапсырма. Сөйлемдердің мағынасын сақтай отырып, дұрыс орналастырыңыздар.
- •Мұнай мен газдың халық шаруашылығындағы маңызы
- •Сәулеттік құрылыс саласы
- •Ғимараттар мен имараттардың түрлері
- •Сәулеттік құрылыс жүйелері
- •Айша бибі кесенесі Қожа Ахмет Йассауи кесенесі
- •Құрылыс материалдарының өнеркәсібі
- •Құрылыс машиналары
- •Экономикалық дамудың жалпы негіздері
- •Өндіріс және оның ерекше формалары
- •Меншік – экономикалық категория
- •Меншік және иемдену заңдары
- •Экономиканы реформалау және ондағы меншіктің орны
- •Ресурстар
- •Өндіріс процесі мен тұтыну процесі
- •Қоғамдық өндірістің негізгі факторлары
- •Кәсіпкерлік және кәсіпорын
- •Экология ғылымы және оның құрылымы
- •Дүние жүзіндегі және Қазақстандағы қазіргі экологиялық мәселелер
- •Табиғат – тәңірдің сыйы
- •Табиғаттағы зат айналымдары
- •Машина жасау технологиясы негіздернiң даму тарихы
- •Машина жасау кешені
- •III. Аралық бақылау жұмысы.
- •Тапсырмалардың тізімі мен түрлері
- •2.3. Өздік бақылау үшін тест тапсыралары
Маркшейдерлік істің даму тарихы
«Маркшейдерлік іс» неміс сөзінен құралған die Marksheidenkunst: die Marke – шекара, белгі, sheiden – белгілеу және die Kunst – өнер.
Қазіргі кезде «Маркшейдер» маманының аты Германияда, Ресейде және шетел мемлекеттерінде сақталған. Басқа мемлекеттерде оларды көбінесе тау-кен геодезистері деп атайды.
Қазіргі кезде маркшейдерлік іс тау-кен ғылымы және техника саласы болып саналады. Маркшейдерлік қызмет пайдалы қазбалар кен орнын игерудің барлық сатыларына қатысады (барлау, жобалау, құрылыс салу, пайдалану), тау-кен өндірістерін жою және тау-кен жұмыстарымен бұзылған жерлерді қалпына келтіруге дейін.
Пайдалы қазбалар кен орнын барлау кезінде маркшейдер барлау учаскенің топографиялық түсіру және геологиялық жұмыстардың бекітілген жоба негізінде барлау өнімділігінің орнын белгілеп (ұңғыма, шурф, арық және т.б.), кейін түсіру жасап, олардың орналасу жоспарын құрастырады. Геологпен бірге жер қойнауында пайдалы қазбаның жату жағдайларын сипаттайтын графикалық құжаттарды құрастырады. Құрастырылған жоба және қима бойынша маркшейдер және геолог барлау учаскесінде пайдалы қазбаның қорын есептейді.
Масштабына қарамай әр шахта, кенді орын, карьер әдетте жеке өнімділік учаскесімен көрсетілетін маркшейдерлік қызметке ие. Мұндай арнайы қызметтің болуы тау-кен ісінің маңызды, күрделі сұрақтары маманды шешіммен байланысты. Маркшейдерлік жұмыстардың әдістері және нәтижелері тау-кен жұмыстарын өңдеу кезінде ғана емес, сонымен бірге пайдалы қазбалар кен орнын барлау кезінде, тау-кен өнеркәсіптерін жобалау және қайта құру кезінде, туннель, метрополитен, темір және авто жолдары, гидротехникалық және басқа да құрылыстарды салу кезінде кең қолданылады.
96-тапсырма. Маркшейдерлік іске берілген мәтіннің жалғасына жоспар құрып, жоспар бойынша әңгімелеп беріңіздер.
Маркшейдерлік істің көптеген сұрақтарын шешу үшін математикалық барлық бағыттарды қолданады. Аналитикалық және сызба геометриясын, дифференциалды теңеулерді, математикалық статистиканы және математика саласының басқа бөлімдерін білмей, маркшейдерлік іспен шешілетін мәселелерін практикада қолдануды жүзеге асыруға болмайды. Жүргізілетін өлшеулерді бағалау үшін маркшейдерлік қателіктер теориясын және ең аз шаршы әдістерін кең қолданады.
Маркшейдерлік іспен «Геометрия недр» пәні тығыз байланысты және де бұл пәнді құраушы бөлімі болады. Қазіргі кезде «Геометрия недр» жеке ғылыми пән ретінде қалыптасқан.
Маркшейдер үшін геология және тау-кен ісінің терең білімі қажет.
ХІХ ғасырдың басында М.В.Ломоносов еңбектерінің негізінде Ресейде маркшейдерия жоғары деңгейге жеткен, оған мысал ретінде Оралдағы Береза алтын кен орындарының маркшейдерлік жоспарларды және қазіргі кезге дейін сақталған тау-кен өндірістерін келтіруге болады.
1904 ж. профессор П.К.Соболевский Томскінің технологиялық институтына маркшейдер мамандығы бойынша студенттерді қабылдады. Оның басшылығымен Орал кен орнында кен орынның геометризациясы бойынша изо сызықтар әдісі кең қолданылды.
Бақылау сұрақтары:
Маркшейдерлік істің мақсаты мен мазмұны.
Маркшейдерлік істің басқа пәндермен курстық байланысы.
Маркшейдерлік істің даму тарихы.
Сөздік:
ұңғыма – проходка
қима – сечение
97-тапсырма. Мәтіннен мамандыққа қатысты терминдерді теріп жазып, оларға түсіндірме сөздіктің негізінде түсініктеме беріңіздер.
98-тапсырма. Маркшейдер мамандығын не себепті таңдадыңыздар? Сабақ барысында талқылаңыздар.
99-тапсырма. Есімдіктерді тауып (жіктеу және белгісіздік), оны түрлеріне қарай ажыратыңыздар.
Біздің университет бүгінде 75-тен астам мамандық бойынша инженер мамандарын дайындайды. Мен студентпін. Сен де болашақта тау-кен инженері боласың. Әрбір адамның өмірде өз таңдауы бар. Біреу маркшейдер болғанды қалайды, ал кейбіреулер мұнай-газ инженері болсам деп армандайды. Қалай болғанда да біз қазақстандықтармыз. Қазақстан – біздің Отанымыз. Олар біздің елімізге келіп-кетіп жүретін қонақтар. Әрқайсысының ойында әлденеше сұрау бар. Біз болып, сіз болып Отанымыз Қазақстанның гүлденуіне үлесімізді қосайық, ағайын!
100-тапсырма. Сөйлемдерден белгісіздік есімдіктерін тауып, белгісіздік есімдіктеріне жататын сөздерді атаңыздар.
Бір оржолмен бірнеше кемелер ашылғанда, күрделі оржолдың тереңдігі олардың биіктіктерінің қосындысына тең болады. Тау жыныстары деп тұрақты құрылымы мен құрамдары бар бір немесе бірнеше минералдардан түзіліп өзіндік жаралуымен жер қабыршығын құрайтын табиғи минералдық агрегаттарды айтады. Кеніш құрамына бір немесе бірнеше шақтылармен қатар түрлі цехтар және жер бетіндегі жалпы кешендермен орталықтандырып біріктірілген құрылымдар кіретін кен өндіретін тау-кен кәсіпорны. Кен қазу жүйесін классификациялау – тау-кен жұмыстарының негізгі бір не бірнеше өзгешеліктері бойынша кен қазып алу әдістерін жеке-жеке топтастыру.
101-тапсырма. Мәтіннен сілтеу есімдіктерін тауып, аударыңыздар.
1. Осынау маркшейдерлік түсіру деп тау-кен өнімдерінің жобасын, геодезиялық өлшеулерді, суреттер жинағын айтамыз. 2. Мына бастапқы бағытқа магниттік меридиан, географиялық меридиан және белдем меридианы жатады. 3. Бұл жерасты түсіру және оның квалификациясы болып есептелінеді. 4. Мынау тау-кен өнімдері. 5. Осы жерасты маркшейдерлік түсіру жұмыстары үш принципке сүйенеді. 6. Міне, жер беті түсірілді.
102-тапсырма. Мәтін бойынша алынған сөз тіркестерін қолдана отырып, сөйлемдер құрастырыңыздар.
Картаға түсіру, өлшемдерін анықтау, жұмыстарды сұрау, технологиясын зерттеу, жер қыртысының өзгеруі, планетааралық кемелерді бақылау, жұмыстарды шешу, планеталарды зерттеу, теңіз геодезиясымен шұғылдану, карталарды құрастыру, түсірулерді пайдалану.
103-тапсырма. Төмендегі мақал-мәтелдерді оқып, ондағы табыс септіктегі сөздің қандай етістікпен тіркесіп тұрғанын айтып, мақал-мәтелдерді жаттап алыңыздар.
Ашу жүйкені бұзады, Аяз, әліңді біл,
Жүйке ұйқыны бұзады. Құмырысқа, жолынды біл.
Шешен кісі сөз бастар, Алтыннан қымбат сөз айтсаң,
Адал кісі ел бастар. Ақымақ құлақ салмайды.
Біреудің ала жібін аттамайды. Өтірікшіні үйіне қуып тық.
Қалам ұстаған қол қайыр сұрамайды.
3-апта. 7-тәжірибелік сабақ
104-тапсырма. Мәтіннен металлургия саласындағы термин сөздерді теріп жазып, оларға түсіндірме сөздіктің негізінде түсініктеме беріңіздер.
105-тапсырма. Мәтіннен ашық рай формасында тұрған етістіктерді теріп жазып, олардың қай шақта тұрғанын ажыратыңыздар.
106-тапсырма. Мәтіннен он шақты етістікті теріп жазып, олардан шартты рай жасап, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.
Ү л г і: Күшейту; күшейт + се. Шығыстан жоңғарлықтар шабуылды күшейт + се, онда қазақ халқының сыртқы жағдайы шиеленісе түседі.
107-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, мағынасын түсініп, мазмұндаңыздар.
МЕТАЛЛУРГИЯ – ӨНЕРКӘСІПТІҢ БІР САЛАСЫ
* * * * *