Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
avtomat.DOC
Скачиваний:
10
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
238.59 Кб
Скачать

Есептің қойылымы

Программаға арналған негізгі шарттар және орындау жолдар

Бұл курстық жұмыстың мақсаты - деректер базасын құру және онымен

жұмыс істеу.Олардың қарым-қатынасын құрып,оларға қойылған талаптарды жүзеге асыру. Қатынастар құру барысында “Реляциялық алгебра”- операциясын қолдандық. Қатынастарда келесі шарттар орындалуы тиіс:

  1. Атрибуттарға есім берілуі керек және олардың құрылымы біртекті болуы тиіс.

  2. Жолдың реттілігі маңызды емес.

  3. Атрибуттардың реттілігі маңызды емес.

  4. Қайталанатын жолдары болмауы тиіс.

Сонымен қатар біз SQL-тілін қолдануымыз керек. Бір маңызды қасиет SQL-тілі тек “Реляциялық алгебра” оперциясында ғана істейді. Осы жұмысты іске асыру алдында, қатынас құру схемасын сызып ақиқатқа жақын жолын таңдадық. Оның ең тиімді жолы екі кестені қолдану болып табылады.

Кафедра жұмысын автоматтандырылған анықтаманы жасау – кафедра мұғалімдерінің базасын кішкентай ғана компьютерлік бағдарламаға сыйғызу десе де болады. Сол кафедра осыншама күрделі ақпарттарды осындай автоматтандырылған программалық қамтама арқылы реттеп отыр.Жасалынған жоба мұғалімдердің қандай да бір ретпен берілген тізімінен тұрады. Жобадағы берілген деректерді пайдаланып мұғалім жөнінде толық мағлұматтарды алуға болады.

Кафедра жұмысын автоматтандырудағы біздің мақсатымыз - өте аз уақыт ішінде мұғалімдер жайлы толық, нақты мәліметтерді алу.Сонымен қатар мәліметтер қорын пайдаланып, Delphi ортасында жұмыс жасай білу керек.

Кіру құжаттары

Программаны орындау барысы

Осы курстық жұмыста мен әрбір топтың студенттері жөнінде мәліметтер қорын жасадым.

1.Database Desktop – ты ашып, File – New командасын таңдаған кезде мынадай менюді көреміз:

QBE Query

Визуалды сұраныстарды құру және оларды файлға жазу.

SQL File

SQL-де сұраныстар жасау және оларды файлға жазу.

Table

Жаңа кесте құру.

Table алғаннан кейін бізге мынадай сұхбат терезесі ашылады. Сырғымалы тізімнен МҚБЖ таңдап алуға болады, содан кейін Paradox7-ні таңдап алдым.

Жоғарыдағы кестеде программаны іске қосудың жалпы кестесі көрсетілген. Яғни ең алдымен Delfi-6 Borland – Tools – Database Desktop- File – New – Table арқылы жаңа кесте құрамыз. Содан кейін келесі кестені толтырамыз. Ол үшін берілген есептің шарты бойынша керекті мәліметтерді жинаймыз.

Құрылып жатқан кестенің әрбір өрісіне бір жазба сәйкес келеді. Field Name бағанына өріс атын, Type – символ, өрісте сақталынатын мәліметтердің типін анықтайды. Size бағанына – сан қойылады, өрістің ұзындығын анықтайды, Key – “*”символы, егер бұл өріс бойынша біріншілікті кілт қою керек болса.

Әр өріске ең алдымен ат (Field Name) беріледі. Өріс идентификаторы. Ол 255 символдан тұрады. Осыдан кейін біз типін анықтаймыз.

Validity Checks - бұл қасиет кестенің мәндерінің дұрыстығын тексереді. Бұл бөлімнің оң жақ терезесі 1.2 – кестеде көрсетілген және өрістік типіне қарай өзгеріп отыруы мүмкін:

1.2-кесте

Required Field

Бұл идентикаторда әрбір жазбада керекті жолдар белгілену керек.

Minimum

мәннің минимумы. Бұл қасиетті сандық өріске берген тиімді.

Maximum

Мәннің максимумы. Бұл қасиетті сандық өріске берген тиімді.

Default

Бұл қасиетті сандық және логикалық өрістерге, ал кейбір жағдайда символдыққа қолдану тиімді.

Picture

Енгізілетін мәннің түрін көрсетуге болады. Мысалы, телефон номерінің шаблоны ( ##-##-## ).

Assist

Бұл батырма Picture түрін құруға көмектесетін диалогтық терезені шақырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]