Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бестау.doc
Скачиваний:
18
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
103.94 Кб
Скачать

2.2 Тектоникасы

Тектоникалық жағынан зерттелетін «Бестау ауданына» 2 құрылымдық этаж, яғни аудан аймағына 2 қатпарлы облыс бөліктері кіреді. Олар: Альпілік құрылымдық этаж, Кеммерийлік құрылымдық этаждар.

Альпілік құрылымдық этаж

Альпілік құрылымдық этаж ауданның оңтүстік – батыс және оңтүстік –шығыс пен орталық, солтүстік аймағында жақсы дамыған, шамамен ауданның 43%-ға жуығын алып жатыр. Бұл құрылымдық этажға Төрттік жүйесінің қазіргі және жоғарғы буыны; Палеоген жүйесінің Палеоцен, Эоцен, Олигоцен бөлімдері; Неоген жүйесінің таужыныстары, яғни аллювилі құмдармен, саздар және қызыл түсті құмтастар және алевролиттер араларында конгломераттар линзаларымен кездеседі. Альпілік құрылымдық этаж жыныстары кемерийлік құрылымдық этаж жыныстары үстінен кейн жамыла, бұрыштық үйлесімсіздік жасай қалыптасқан. Бұл қатпарлы облыс көлемінде синклинальді қатпарлар кездеседі.

Кемерийлік құрылымдық этаж

Кемерийлік құрылымдық этажға Бор(K1.2) жыныстары жатады. Аудан көлемінде бұл құрылымдық этажы жақсы дамыған, шамамен аймақтың 93%-ға жуығын алып жатыр. Бұл қатпарлы облыс ауданның солтүстік және шығыс, оңтүстік және батыс бөлігін жағалай тараған. Мұнда қанық түсті саздар, құмтастар, алевролиттер; Бестау құрлымдық қимасында құмтастар, Станов құрлымдық фациялы зонасында құмтастар, әксаздар, әктастар, аргилиттер кездеседі. Аудан аймағында жарылысты бұзылыстар бар, бірақ интрузивті денелер мүлде дамымаған.

ҚОРЫТЫНДЫ

Бұл курстық жұмыста «Бестау ауданынына» 1:100 000 масштабта карта түсіру үшін зерттеу жұмыстары жүргізілді. Курстық жұмыс барысында ауданның геологиялық құрылысына, жарылымды бұзылыстарға, қабат аралық үйлесімсіздіктерге толықтай сипаттама берілді. Сондай-ақ, геологиялық жапсарды ашу үшін, таужыныстардың құрамын, қалыңдығын, олардың жапсарындағы өзгерген жыныстар қабаттарын зерттеу үшін әртүрлі әдістер жүргізілді.

Зерттеліп отырған «Бестау ауданыны» терең қабаттарының геологиялық құрылысы күрделі болып келген. Қабаттардың жасын, қалыңдығын білу үшін АБ-ВГ сызығы бойынша қима жасалып, блок-диаграмма, стратиграфиялық бағана тұрғызылды.

Бұл курстық жұмыс «Құрылымдық геология» пәнін толық меңгеріп, өз білімімді шыңдай түсуге зор ықпалын тигізді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Жүнісов А.А. Қатпарлы құрылымдарды геологиялық картаға түсірудің кейбір әдістері. Әдістемелік нұсқау; ҚазҰТУ, 2008 ж.

2. Жүнісов А.А. Геологиялық карта түсіру және қашықтықтан зерттеу әдістері. Алматы, 2011 ж.

3. Курстық жобаны орындауға арналған әдістемелік нұсқау. ҚазҰТУ, 2000 ж.

4. Инструкция по организации и производству геологосъемочных работ и составлению Государственной геологической карты СССР масштаб 1:50 000. M. 1974 г.

14

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]