Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2.doc
Скачиваний:
52
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.56 Mб
Скачать

2.2 Дәріс сабақтарының конспектісі

1-Дәріс.Кіріспе. Қалыптарды жіктеу және олардың құрылымдық орындалуы. Қалыпты жобалау үшін қажетті алғашқы деректер.

Ұсталық – қалыптау өндірісінің ерекшелігі ол қажетті тетікті дайындама пішінін механикалық өңдеудегідей жонып алып тастау арқылы емес сол дайындама металын оның қималарында қажетті мөлшерде жинақтау арқылы жасауда.

Ұсталық-қалыптау цехтарының шығарылым өнімдері- соғылмалар және қалыптарда алынған тетіктер, машина жабдықтары және т.б жасауда кең қолданылады. Бұлардың сапа көрсеткіштері (пішін дәлдігі және бетінің кедір-бұдырлығы) негізінен қалыптың шыдамдылығына байланысты.

Қалыптың шыдамдылығын жоғарылату мына жағдайларға байланысты:

  • қалыптарды оңтайлы құрылымдауға

  • қалыпты жасауда беріктігі жоғары, ыстыққа шыдамды және үйкеліске төзімді материалдар қолдануға

  • әсер деңгейі жоғары майлау және суыту сұйықтарын қолдануға

  • қалып қуысының беттерінің өңдеудің жаңа технологияларын пайдалануға

Қалыптаудың технологиялық үрдісін және құрылымдауын жобалауда электронды-есептеу машиналарын қолдану мына мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:

  • шығарылатын тетіктердің сапасын жақсартуєа

  • материалдар мен энергия шығынын азайтуға

  • қалыптаудың еңбек сиымдылығын азайтуға

  • қолданыстағы жабдықтар мен материалдарды тиімді пайдалануға

  • өндірісті дайындау мерзімін қысқартуға

  • арнайы программалар жасау негізінде қалып қуыстарын санды программалар арқылы басқарылатын станоктарды қолдана отырып өңдеуге

Қалыптаудың технологиялық үрдісін жобалаудың негізгі сатылары:

  • қалыптау тәсілін таңдау

  • соғылманың немесе қалыптау арқылы алынатын тетіктің сызбаларын жасау

  • қалыптау ережелерін анықтау

  • қалыптауға қажетті дайындаманың пішіні мен өлшемдерін анықтау.

  • ұсталық-қалыптау жабдықтарын таңдап алу

  • қалыптарды жобалау және оларды жасауда қолданылатын технологиялық үрдістерді таңдау (анықтау)

  • дайындаманы қыздыру әдісін ыстықтай қалыптауда анықтау. (таңдау)

  • тазалап өңдеу операцияларының түрлерін анықтау.

  • жасалған үрдістің технико-экономикалық көрсеткіштерін бағалау

Қалыптауды жобалау 3 сатыда жүргізіледі:

  • қалыптау түрін және оның жинақтау бөлімдерін таңдау

  • технологиялық есептеулерді жүргізу, және оның бөлімдерін қалыпты құрылымдау

  • ЕСКД (құрылымдық құжаттардың біртұтас жүйесі) талаптарына сәйкес қалыптың және оның элементтерінің сызбасын жасау.

Қалып – ол деформациялайтын құрал. Оның әсерінен материалдың немесе дайындаманың пішіні мен мөлшерлері қалыптастырылады және оларға сәйкес қалып қуысының беттері мен нұсқасы анықталады.

Өңдеу әдістері:

  1. еркін соғу және ыстықтай көлемді қалыптау

  2. табақшыны қыздырмай қалыптау

  3. қыздырмай көлемді қалыптау

Еркін соғу тоқпақтар мен гидравликалық баспақтарда жүргізіледі.

Ыстықтай көлемді қалыптау тоқпақтарда, қосынды ыстықтай қалыптау баспақтарында, гидравликалық және бұрандалы баспақтарда, горизонталь соғу машиналарында жүргізіледі.

Тоқпақ қалыптары мына түрде жіктеледі:

  • бекітілген қалыптар

  • бекітілмеген қалыптар

Бекітілген қалыптар ашық (қылау бунағы бар), жабық (қылаусыз), бір немесе көп жылғалы болып бөлінеді.

Қосынды баспақтардың қалыптары жинақталатын құрылым түрінде жасалады. Жинақтау үшін жылғалары бар өндірмелер (вставки) қолданылады, ал оларды орналастыру үшін тұтқыштар (державка) қолданылады.

Қалып құрылымы мыналарға байланысты:

  • қолдану аясына

  • деформациялау жағдайына

  • күшпен әсер ету тәсіліне

Қалып түрлері:

  1. әмбебап

  2. арнайыландырылған

  3. арнайы

Қалып құрылымы қамтамасыз етуі керек:

  • соғылма мен қалыпталынатын тетіктердің геометриялық пішіні мен мөлшерлерін белгіленген деңгейде қалыптастыруды

  • материалдың қажетті құрылымы мен механикалық қасиеттеріне қойылатын талаптарды орындауды

  • сыртқы және ішкі ақауларды болдырмауды

  • қажетті өнімділікті және жұмыс қауіпсіздігін жасауға технологиялық тұрғыдан дайын болуы

  • қолданысқа және жөндеуге ыңғайлы болуы

  • қажетті шыдамдылық деңгейін, яғни экономикалық тиімділігін.

Соғылма мен қалыптанған бөлшектердің сапасы (қажетті пішін дәлдігі мен бетінің кедір-бұдырлық деңгейі) негізінде қалыптың шыдамдылығына байланысты. Қалыптың шыдамдылық әсіресе жоғары өнімді процестерді қолданғанда өте маңызды.

Қалыптаудың технологиялық процесін және қалып құрамын жобалауда ЭЕМ қолдану қалыпталынатын бөлшектердің сапасын жақсартып, материал мен энергия шығынын азайтып, қалыптаудың еңбексыйымдылығын азайтып қана қоймай, сонымен қатар қолданыстағы жабдықтарды және материалдарды ұтымды пайдалануға, өндірісті дайындау мерзімін қысқартуға және қалыптың пішін бетін сандық басқару жүйесі арқылы өңдеуге қажетті программа жасауға мүмкіндік

береді.

Қалыптың құрылымдық түрі

Деформациялау қалыптарының негізгі бөлшектері мыналар:

  • үстіңгі және астыңғы қалыптар- тұтас немесе жиындықты (бекітілген) қалыптың үстіңгі және төменгі бөліктері

  • қалыптық немесе жылғалық ендірме

  • сотан

  • уяқалып және т.б

Қалып құрылымы оны қолдану жағдайына, деформациялау сипатына, жіктеу түріне, әсер ету принципіне және басқа факторларға байланысты. Мысалы, бөлшектеу операцияларында шабу, тесу, кесіп алу, қобылау және қию қалыптар, ал пішін өзгерту операцияларында-көлемді қалыптау, сығымдау, иілту, бүрлеу, жаю, жону, шөгу қалыптары қолданылады.

Ыстықтай көлемді қалыптауға қажетті қалыптарды жобалау үшін керекті алғашқы деректер:

  • техникалық талаптар келтірілген соғылманың немесе қалыпталынатын тетіктің жұмыс сызбалары

  • оларды жасаудың бекітілген технологиялық процестері (технологиялық жүйе және операциялық қатарлар)

  • пішін қалыптастыратын жабдықтардың (баспақ,тоқпақ және т.б) техникалық сипаттамалары

  • қалыптар жұмысының жылдамдық, температуралық және күштік режимі

  • қолданыс кезінде қалып көлемінде кернеу деңгейінің таралу заңдылықтары

  • қалыптың тозу түрі мен механизмдері

Бірінші кезеңде қалыптың құрылымын және типін дұрыс таңдау оның ұтымды жұмысын қамтамасыз етеді және қалып құнын және қалыпталған бұйымның өзіндік құнын анықтайтын басты фактор болып табылады. Қалыпты жобалаудың екінші кезеңінде қажетті күш мөлшері мен жұмысы есептеледі. Қалыптың құрылымдық элементтері таңдалып, қалыпқа әсер ету күштерінің ортасы анықталады. Олардың жұмысқа керекті мөлшерлері және шақтамалары белгіленеді, қалыптың негізгі тетіктерінің беріктігі есептеледі, қалып тетіктерін жасау үшін қолданылатын болаттың таңбалары анықталады, термиялық және басқа да беріктендіру процестерінің режимі тағайындалады, қалыптың тозуға шыдамдылығын және жылуға төзімділігін арттыру шаралары қарастырылады (мысалы, тозаңдату және т.б)

Бұл кезеңде қалып құрылымын жобалауға көп көңіл бөлінеді: ыстық қалыптауда оның дайындау, қара және таза жылғаларын жасау, суықтай қалыптауда және кенерікті кесуде сотан мен ұяқалыпты таңдау.

Үшінші кезеңде қалыптарды ЖҚБЖ-ның талаптарына сай сызады.

18. Қалыптық бағыттаушы түзілімі-қалып бөліктерін өзара қатар жылжыту үшін қажетті тірегі

19. Қалып денесі-қалып жиынтығында бекітілетін қалыптың жұмыс элементтерін орнықтыру және бекіту үшін қажетті түзілім.

20. Қалыптың бағыттаушы бағанасы-сыртқы бағыттаушы беті бар қалыптың цилиндр пішінді бағыттаушы бөлімінің тетігі.

21. Қалыптың бағыттаушы төлкесі-ішкі бағыттаушы беті бар қалыптың цилиндр пішінді бағыттаушы бөлімінің тетігі.

22. Қалып бекіткіші- қалыптың жоғарғы бөлігін баспақ сырғағына қажетті орталыққа сәйкестендіріп бекіту үшін қолданылатын қалып тірегі.

23. Қалыптың ұяқалыбы – қозғалмайтын материалды қамтитын қалыптың жұмыс элементі

24. Қалып ұяқалыбының бөлімі – ұяќқалыптың басқа бөлімдерімен қосылып ұяқалыптың жұмыс бөлігін құрайтын ұяқалыптың бөлігі.

25. Қалып ендіргіші- қалыптық жұмыс элементінің ауыстырмалы бөлігі

26. Қалып сотаны – қалыптау кезінде қалыпталынатын материалмен қамтылатын қалыптың қозғалмалы жұмыс элементі.

27. Қалып сотанының бөлімі – сотаның басқа бөлімдерімен қосылып, сотаның жұмыс бөлігін құрайтын қалып сатанының бөлігі.

28. Қалыптың сотан-ұяқалыбы – қалыптың сатанына және ұяқалыбына тән белгілері бар қалыптың жұмыс элементі.

29. Қалыптың сотан ұстағышы – қалыптың сотанын, сотан-ұяқалыбын қажетті орталыққа бағыттауға арналған қалып тетігі.

30. Қалыптың ұяқалып ұстағышы – ұяқалыпты қажетті орталыққа орнатып бекіту.

31. Қалып құрамасы – ұяқалып бөлімдерін, сотанды немесе сотан ұяқалыпты өзара бекітетін қалып тірегі.

32. Қалыптық бағыттаушы планкасы- дайындаманы қалыпта бағыттау үшін қажет тетік.

33. Қалыптың төсеніш табақшалары-қалыптың жоғарғы және төменгі табақшаларын деформациядан қорғау үшін қажетті қалып тірегі.

34. Қалыптың қадамды нышаны – жолақты немесе таспаны жылжыту дәлдігін қамтамасыз ететін қалып сотаны

35. Қалып реті – жекелеген дайындамаларды қалыптың ішкі қадамы бойынша бағдарлау үшін қажетті қалып тірегі.

36. Қалып орнықтырғышы – қалыпта дайындаманы алдын-ала жасалған тесіктер бойынша белгіленген ортаға келтіру үшін қажет қалып тірегі.

37. Қалып тірегі – қалыпта дайындаманы жылжытуды шектейтін қалып тірегі.

38.Қалып қыспағы – қалыпталынатын дайындаманы жұмыс беттеріне қосу үшін қажетті қалып тетігі.

39. Қалыптың ажыратықышы- бұйымды немесе қалдықты сотаннан немесе сотан-ұяқалыптан түсіріп алу үшін қажет қалып тетігі.

40. Қалыптың итеріп шығарғышы- бұйымды немесе қалдықты ұяқалыптан немесе қалыптың сотан-ұяқалыбынан итеріп шығару үшін қажетті қалып тірегі.

41. Қалып итергіші – күшті қалыптың орындаушы механизміне жеткізетін қалып тетігі.

42. Қалыптың маңдайшасы – күшті қалып итергіштеріне бөлу және жеткізу үшін қажетті қалып тетігі.

43. Қалыптың жабыстырмаушысы – қалыпталынатын тетіктің немесе қалдықтың жабысып қалуын болдырмау үшін қажетті қалып тетігі немесе түзілімі.

44. Қалыптың түсіргіші – қалыпталған бұйымды дайындаманы немесе қалдықты қалыптау аумағынан шығару үшін қажетті қалып тетігі немесе түзілімі.

45. Қайта тарту қыры – кермелеу кезінде табақша дайындаманы қалып ұяқалыбына тартқанда тежеу күшін туғызатын қалып тетігі.

46. Қалыптың қайта тарту табалдырығы – кермелеу кезінде табақша дайындаманы ұяқалыпқа тартқанда тежеуді күшейтуге лайықталған кермелеу жиегінде орналасқан қалып ұяқалыбының шығыңқы бөлігі немесе жекешеленуі.

Негізгі әдебиет 1 [52-63], Қоымша әдебиет.4 [4-28].

Бақылау сұрақтары:

1. Ыстықтай көлемді қалыптайтын қалыптар қалай жіктеледі?

2. Суықтай қаңылтыр қалыптайтын қалыптауіс-әрекетіне, бағытына,орындалатын операциларға қарай қалай белгіленіледі?

3. Қалыпты типтік құрылымдаудағы бөлшектің неігзгі тобын атаңыз

4. Қалыпты жобалағанда қандай мәліметтер беріледі?

2-Дәріс. Тоқпақта ыстықтай қалыптауға арналған қалыптың құрылымдық орындалуы.

Жылғалардың қалып арнасында орналасуы көлемдік қалыптау – бұл металды қысыммен өңдеудегі көптүрлердің негізгісіне жатады. Көлемдік қалыптаудағы дайындама әртүрлі машинканың жауапкерлік тетіктерін жасайды. Тоқпақта қалыптау орташа сериялы әдірісте шығаратын соғылма коменклатурасы бойынша бастағы орын алды. Бұл тоқпақ әмбебаптағы мен оның қарапайым пайдаланудағы мен байланысты.

Тоқпақ қалып бекітілген мен бекітілмеген (төсенді) болып бөлінеді. Бекітілген қалыптар жаппай және үлкен сериялы өндірісте тоқпақты қалыптау соғылмаларының барлық түрін шығаруда қолданылады. Бекітілген қалыптар ашық және жабық болып бөлінеді.

Ашық қалыпты қалыптаған кезде, қалып деформация үрбісінде ашық қалады, соғылмада ажырама сызығында кенерік пайда болады. Деформациялық соңында кенеріктеп қуыста орналасқан металдың артықтары шығады. Ашық қалыпта қуыс ажырамасының ақырғы (қалыпталған) жалғасының қозғалу бағытына перпендикулярлы келеді. Ашық қалыпта қалыптау кеңінен тараған.

Жабық қалыпта қалыптау кезінде шамалы қалау пайда болады. Ол металдық саңылауына ағу, жоғарғы және төменгі қалып бөлінгенде шығады (саңылау шетке 0,1...0,15мм болады). Жабық қалыпта ақырғы ажырама жалғасы бұл рет ажырамасы. Ол жоғары және төмен ақырғы жылға қалып бөлінгінің түйіскен жерінде пайда болады. Ол жоғары қалып қозғалыс бағытына параллель болып келеді.

Бекітілген ашық қалыпта бірден алтыға дейін жылға болуы мүмкін, ал жабықта – бірден 3 жылғаға дейін.

Бекітілген қалыптар орташа немесе аз сериялы өндірісте тоқпақпен қалыптау соғылналарында қолданылады, төсемді ашық пен жабық қалыптар әдетте бір жылғалы деп қарастырады.

Тоқпақта қалыбын жобалау мен есептеу.

Қалыпты жобалауда қызмет ететін деректер жұмысы сызбалар мен тетіктер моделі технологиялық құжаттама жабдықтар туралы мағлұмат жұмысы сызбасынан тетіктің геометриялық өлшемін (ұзындығы,ені,биіктігі) материал соғылма массасы, техникалық жағдайын аламыз.

Қалыпты жасауға арналған соғылманың сызбасы келесі тәртіп бойынша жасалады:

  1. Қалыптың қалыптау жасау үшін ыстықтай соғылманың сызбасы суықтай соғылманың сызбасы негізінде 1:1 масштабымен жасалады.

  2. Шөгуді есептей отырып барлық өлшемдерді қойып шығамыз. Шөгуді есептей отырып ыстықтай соғылманың өлшемдері мына формуламен анықталады:

б)

а) открытый молотовой штамп; б) поковка

Рисунок 2.1 - Закрепленный, открытый, одноручьевой штамп

α=l(l+αt)

l- суықтай соғылманың өлшемі.

α- соғылма металының кеңею коэффициенті

t-қалыптау соңының температурасы

  1. Қалыпты және қима үлгіні өлшеген кезде фигураны тұрғызу қарапайымдылығын ескере отырып өлшемдерін қойып шыққан дұрыс.

  2. Таза бөлшектің қарамын тұрғызу қажет емес

  3. Соғылманың өлшеміне жіберілетін шақтаманы көрсету мүмкін емес.

  4. Сызбадағы ескертуде аталмаған қалыптау көлбеулері, радиустары және тағы басқа сызбаның оқылуын жеңілдететін жазулар көрсетілуі мүмкін.

  5. Сызба соғылманы түбегейлі тоқпақты қалыптың жылғасында алыңған күйінде көрсетуі мүмкін. Сондықтанда тоқпақта қалыптағаннан кейін көрсетілетін пішін өзгеруі көрсетілмейді.

  6. Қалыптың бөлек элементтерінің тозуын және толығымен қалыптанбағанын ескере отырып кейбір жерлерде өзгертулер болады. Олар соғылманың сызбасының талаптарын ескере отырып соғылманың алуын қамтамасыз етуі керек.

Кернеме бунағының құрылымы.

Кернеме бунағының өлшемі мен пішіні соғылманың пішінүлгісімен өлшемдеріне, сонымен қатар жылғаға түсетін дайындаманың өлшемі, пішіні және көлеміне байланысты. Геометриялық дұрыс салынған бұнақ қалыптың қуысын жіңішке шығу жолына, ал ол артық металды итеріп шығарады.

Негізгі әдебиет1 [62-73], Қоымша әдебиет. 4[32-58].

Бақылау сұрақтары:

  1. Тоқпақты қалыптар құрылымы бойынша қалай жүйеленеді?

  2. Тоқпақты қалыптар жылғалары бойынша қалай жүктеледі?

  3. Тоқпақты қалыптардың арасындағы жылғалардың орналасуы неге байланысты?

  4. Жылғаның центрі деп не аталады?

3-Дәріс. Жылғалардың арасындағы қашықтық. Қалып габаритін есептеу.

Жылғалардың қуыстарының және қалыптың бүйір қырларының арасындағы қалыңдық жылғаның нышанына, оның тереңдігіне, қабырғадан бастап қуыстың түбіне дейін өту радиусына байланысты.

Жылғаның арасындағы қашықтық, ол қабырғаның қалыңдығындай акторларға байланысты, Т қосалқы шамасының көмегімен анықталады. Т шамасы қабырғаны бұзу мүмкін жақтағы онша терең емес көршілес қуыстың параметрлеріне әсерін айқындайды. Сондықтан h, R және α мәндерін аз тереңдіктегі көршілес жылға үшін қабылдайды.

Қалып габаритін есептеу

Қабырғалардың қалындығына әсер ететін өлшемдер

Қалыптарды жоспардағы мөлшері жылғалардың санына және мөлшеріне , жылғалар арасындағы қабырғалардың қалыңдығына және жылғалар арасы және қалыптың беткі жақтарына байланысты текшелерден дайындайды.

Қалыптардың соғылысу ауданы ұйғарылғаннан аз болмауы тиіс. Оның шамасы тоқпақтың құлайтын бөліктерінің массасына және қалыптың массасына байланысты.

Ығыстырушы күшті теңестіру.

Кей жағдайда, мысалы, жазық емес ажыратпада, қалыптау процесінде қалыптың бір бөлігін екінші бөлігінен сырғытуға тырысатын күш пайда болады.

Ығыстырушы күшті теңестіру үшін ұсақ соғылмаларды біріктіру ұсынылады, ажыратпаның орналасуы және таңдау соғылма фигурасын көлбеу жүргізу арқылы ұсынылады.

Қалыпты жобалағанда, оны өтпелі жону арқылы дайындау ұсынылған. Болмаған жағдайда құлыпты жонған кезде кескіштің шығуын қарастыратын бунақ қарастыру қажет.

Қалыптың бұзылуынан сақтану үшін қалыптың жоғарғы және төменгі бөлігінің соқтығысу беті жылға ажырамасының қуысында қалады., ал басқа көлденең жызықтық бойынша 2-3мм саңылау жасалынады.

Бағыттаушы құлыптарды жобалаған кезде қалыптың төменгі бөлігіндегі құлыптың шығыңқылығын жасау отқабыршықты үрлеуді қиындатады, ал қалыптың жоғары бөлігінде аз саңылаумен жасау қалыптың төменгі бөлігіндегінің кеңеюінен және көп қыздырғандықтан қалыптың сыналуына әкеп соқтырады.

Құлыпты қолдану түбегейлі жылғаның қалыптың центріне байланысты дұрыс орналасуына себепші болады.

Қалыпты бекіту.

Тұғырда және жастықта қалыпты бекіту қарлығаш сағасы, кілтек және сынаның көмегімен іске асырылады. Қалыпты бекітуге арналған элементтердің өлшемдерін анқтамалық әдебиеттерде немесе осыған сәйкес МЕСТ табуға болады.

Соқтығысу қалыптарын бірқалыпты үлестірген кезде, қалыптың ортасы арқылы өтетін Р-Р еркін түзумен кесілген, кез келген телімде алынған , оның барынша аз жол берілген ауданы барлық барынша жол берілген ауданның жартысынан кем болуға тиіс.

Кубтың ортасының ығысуы (яғни ажырату жазықтығында қиылысу нүктесі) қалыптың центріне байланысты. Жылғалардың орналасуы арқылы оның орналасуы анықталады ығысу бағытына қарай куб габаритінен 0,1 жіберіледі.

Негізгі әдебиет 2 [72-85], Қоымша әдебиет. 6[41-68].

Бақылау сұрақтары:

  1. Тоқпақты қалыптардың жылғалары арасындағы қашықтық неге байланысты?

  2. Қалыптың қабырғаларының қалыңдығына жылға құсының тереңдігі мен пішіні қалай әсер етеді?

  3. Қалыптың габариті қалай анықталады?

  4. Соқтығысу ауданы дегеніміз не және ол неге байланысты.

  5. Жоғарғы қалып тоқпақтың тұғырына қалай бекітеді?

4-Дәріс. ҚЫҚБ қалыптарын құрылымдау. Әмбебап қалыптардың құрылымдық орындалуы.

ҚЫҚБ -ның тоқпақпен салыстырғандағы артықшылығы:

  • өндірілетін соғылманың жоғары дәлдігі

  • ығысуға тексерілмейді (сырғақтың тұғырлы бағытта қозғалуы, қалыпта бағыттаушы бағана мен төлке бар)

  • металды пайдалану коэффициенті жоғары. (қалып құрылымына байланысты, итеріп шығару мүмкіндігіне сәйкес қалып көлбеулерінің мөлшерлерінің азаюы)-182 бет

  • жұмыс жағдайының жақсаруы (шу,діріл және т.б)

  • дайындаманы автоматты түрде ауыстырып отыру мүмкіндігі

  • өнімнің жоғарылығы (1,4-2 есе)

Кемшіліктері:

  • қымбаттығы (бағасының жоғарылығы)

  • сыну және баспақтың сыну мүмкіндігі

  • әмбебаптың деңгейінің төмендігі (сырғақ қозғалысының шектеулігінен)

  • жылғалар санының көбеюі

  • қалып құрылымының күрделілігі

ҚЫҚБ -да қалыптауда тоқпақтаумен салыстырғанда қылау мөлшері ұлғайтылады. Соған сәйкес қалыптау жағдайы да өзгереді, қалыптағы терең жылғалар нашар қалыпталынады. Осыған байланысты қалыпта қажетті жылғалар саны артады.

ҚЫҚБ -да мынадай өтпелер орындалады: шөгу, жаншып айыру, ию, алдын-ала және таза қалыптау (ашық және жабық қалыптарда), бөліп сығымдап қалыптау, мөлшерлеу және кесу.

Дайындамаларды жіктеу

Пішін өзгерісіне және оған сәйкес металл ағымының өзгерісіне байланысты дайындамалар 2 топқа бөлінеді:

а) шөктіру процесі басым соғылма

б) жаншу процесі басым

Құрылым ерекшеліктеріне және өндіру күрделілігіне байланысты дайындамалар 5 негізгі топқа бөлінеді:

4.1. КГШП қалыптарын құрылымдау

Қосиінді ыстық қалыптау баспақтарының қалыптарын құрылымдау алдында жүйелі түрде мына жұмыстар жүргізілуі керек:

  1. Соғылма сызбасы жасау.

  2. Қалыптау әрекеттерін таңдау.

  3. Қылау мөлшерін анықтау.

  4. Қолданылатын дайындаманың мөлшерін анықтау

  5. Қалыптау әрекеттерін сызу.

  6. Қалыптауға қажетті күш мөлшерін анықтау.

  7. Баспақты таңдап алу.

Қалыптау әрекеттерін сызу кезінде мына мәселелер шешілуі керек: әрекеттеу бейнесінің (фигурасының) қай бөлігін жоғары бетте орналастыру қажет екенін анықтау.

2) әрбір әрекетте дайындаманы орнықты және сенімді орнату қарастырылуы керек. Сонымен қатар қай әрекеттерде итергіштердің қажеттілігін, олардың қаншасы және қандай түрлері керек екендігінжәне оларды жылғаларда қалай орналастыру керектігі шешіледі. Келесі кезеңде қажет: 1) жылға ендірмелердің түрлері. 2) жылға ендірмелерін өзара орналастыру мәселесін шешу. 3) жылға ендірмелерін құрылымдау.

Жылғалық ендірмелердің түрлері мен мөлшерлерін таңдағанда жылғаның көріністері пішіні мен мөлшерлерін, қылау жылғаларының және жылға қабырғаларының беріктігін ескеру қажет. Қосиінді-сырғақ механизмінің бөлшектеріне жүкті біркелкі түсіру үшін және бұл жағдайда итергіштер құрылымын қарапайым түрде жасауға болатынын ескере отырып соңғы жылға ортада орналастырады.

Бағыттаушы тіреулер болғанда жылғалардың ортада орналаспауы себепті соғылма бөліктерінің ығысуы болмайтынын ескере отырып қалыптау процесінің өнімділігін арттыру үшін барлық жылғаларын технологиялық ретпен бір қатарды орналастыруға болады.

Қалыптың ажырау беті жазық болмаса жылға ендірмелерінде құлып қолдану керек.

Осы сұрақтарды шешкеннен кейін: 1) қалып жиынтығының түрін таңдап алу керек. 2) оның габаритін анықтау керек. 3) қалыптың жабық биіктігін есептеу керек.

Қалып жиынтығының түрі жылға ендірмелерінің саны мен пішініне, оларды бекіту тәсілдеріне байланысты.

Қалып жиынтығының көріністегі мөлшерлері онда барлық жылғалық ендірмелерді және оларды бекіту бөлшектерін, бағыттаушы бағанашықтар мен төлкелерді орналастыруға мүмкіндік беруі керек. Сонымен қатар қалып жиынтығының мөлшерлері баспақтың қалыптау кеңістігінің сипаттамасына (мөлшерлеріне) сәйкес болуы керек.

Қосиінді баспақтардың қалыптары әдетте жылғалары бар ендірмелердің, оларды және қалыптың өзін бекітетін тетіктердің жиынтығы түрінде жасалады.

Баспақтың қалып аумағының биіктігі өзгертіліп тұруы керек. Осы себепті баспақтар арнайы құрылымдалған столмен жабдықталады. (4,1 сурет)

Столдың тіреу беті (2) көлбеу қылып жасалады. Қалыптың астындағы тақтада (3) көлбеу бетті етіп орналастырылады (12-140). Тақтаның бір бүйір бетінде көмекші сына (1) орналастырылады, ал ортасында тесік болады. (төменгі итергіштің сырығын өткізу үшін)

4.2. Қосиінді баспақтың әмбебап қалыбының құрылымы.

Баспақ қалыптары қолданыс жағдайына байланысты әмбебап және арнайы болып бөлінеді. Көбіне әмбебап қалыптар қолданылады, өйткені оларда қалыптың негізгі құрылым жиынтығы өзгертілмей, тек қана пішін өзгерті элементтері (ендірмелер, сотандар, ұяқалыптар) ауыстырылып отырады. Арнайы қалыптар тек қана жаппай өндіріс жағдайында күрделі пішінді соғылмаларды жасау үшін қолданылады.

4.2. сурет. 1-төменгі қалып жиынтығы

2-қалып астындағы тақта

3-жоғарғы қалып жиынтығы

4-бағыттаушы тіреу

5-бағыттаушы төлке

6-итергішті қозғау механизмі

7-итергіш «жоғары да және төменде орналасқан)

8,9- сына түріндегі бастырмалар

10-бұрандалы қақпақ

11-цилиндр пішінді жиынтық

12-бекіту болттары (бұрандалы ұзын темір)

13-призма

Қосиінді баспақтың жоғарғы жылжымалы бөлігі өзінің ең төменгі деңгейіне жеткенде онымен төменгі қалып бөлігінің арасында саңылау қондырылады. (4.3. сурет

4.4.сурет. 1-жоғарғы тақта

2- қорғаушы тығырық (шайба)

3-бағыттаушы тіреу

4-төлке

5-саңылауды қыздыруға арналған құрылғы

4.3. Ендірмелердің құрылымы

Әдетте әмбебап қалыптарда қос-қостан түзілген 3 топ ендірмелер қолданылады. Екі өтпелі қалыптарда олардың бір тобы бос болады. Қажет жағдайда төртінші топ ендірмелері (шөктіру операциясына) қолданылады.

Срңғы жылға қалып ортасында орналастырылады. Қалған топтардың орналасуы кейіннен қажет болатын кесіп алу баспағының орналасуына байланысты анықталады. (4.5.-сурет). Ендірмелердің мөлшері баспақтың мүмкіндігіне байланысты анықталады.

Ендірмелерді бекіту әдістері (призма түріндегі) 4.6-суретте келтірілген.

Цилиндр пішінді ендірмелер бұрын дөңгелек пішінді соғылмалар үшін қолданылатын. Бірақта соңғы кезде дөңгелек пішінді соғылмалар үшін де призма түріндегі ендірмелер қолданылып жүр, өйткені оларды реттеу ыңғайлы. (4.7-сурет)

4.4. Ендірмелердегі итергіштер.

4.8-сурет.

1-иінді құрал

2-баспақ итергішінің сырығы

3-стакан

4-бағыттаушы төлке

5-итеріп шығару механизмінің сырығы

6-серіппе

7-ажырамалы подшипник

8-қалып ендірмесінің итергіші

4.5. Жылғаларды құрылымдау.

КГШП қалыптарында дайындау және қалыптау жылғалары , ал кейде сонымен қатар қылау бунағын кесу және тесу жылғалары болады.

Дайындау жылғалары: жыншып айыру, пішіндеу, ию жылғалары және шөктіру алаңы.

Қалыптау жылғалары: алғашқы, соңғы және дайындама-алғашқы.

Қалып жылғалары баспақта ыстықтай қалыптаудың негізгі ерекшеліктерін ескере отырып құрылымдайды.

  • қалыптау кезінде ендірмелердің ажырау беттері түйіспей, жоғарғы және төменгі ендірмелердің арасында саңылау болуы керек.

  • бір ендірмеде бір ғана жылға жасалады.

  • соңғы жылғада деформация мүмкіндігінше шөктіру түрінде болғаны дұрыс.

Баспақтардың қылау бунағын тағайындау оны тоқпақтарға тағайындауға ұқсас. Бірақта баспақ қалыптарында көптеген жағдайда ашық өтпе (мостик) қолданылады. (4.9-сурет)

Қалыптың соңғы жылғасын ыстық соғылманың сызбасы бойынша жасайды. Қажет жағдайда металлдың қылауға өтуін тежеу мақсатында өтпенің қалыңдығын 40-50% кішірейтеді немесе оның енін 50-70% ұлғайтады. Соңғысы жақсырақ. Баспақта қалыптауда қалыптың ені аз және терең қуыстарында ауа немесе майдың жану заттары жиналып қалады. Осы себепті газдарды қалып кеңістігінен шығару үшін арнайы шағын мөлшерлі тесіктер жасалады (d=1,2-1,5мм), өйткені ол бұдан үлкенірек мөлшерде жасалса металмен бекітіліп қалады.

Негізгі әдебиет1[203-210], Қоымша әдебиет. 4[13-19].

Бақылау сұрақтары:

  1. ҚЫҚБ қалыптарының тоқпақты қалыптардан қандай айырмашылығы бар?

  2. Әмбебапты қалыптардың арнайы қалыптардан айырмашылығы қандай?

  3. Какие виды вставок штампов КП1Ш более надежно крепятся?

  4. Соғылма қалай ажыратылады?

  5. Газөтетін ойыққа қойылған қыстырма қандай қызмет атқарады?

5-Дәріс. Жабық қалыптарда соғымдап қалытау. Соғылмаларды КГШП-да ажыратылмалы ұяқалыпта жаншып қалыптау үшін қолданылатын арнайы қалыптардың құрылымы.

Жабық қалыптарда соғымдап қалыптау.

Бұл әдіс илемділігі төмен болаттар мен қорытпаларға қолданылады. Сығымдап өңдеудің бірнеше түрлері бар:

  • түзу бағытта

  • кері бағытта

  • көлденең

  • аралас

5 топ тетіктерінің сырықтарын осы сығымдау әдісі арқылы, ал оның жоғарғы бөліктерін шөктіру шөктіру арқылы жасайды. Сығымдау арқылы өндірілетін соғылмалардың әдістері және шақтамалары тетіктің жоғарғы бөлігінің элементтері мен мөлшерлеріне байланысты анықталады. (3кесте, 194 бет)

Сығымдап қалыптау технологиясын жасау.

Салыстырмалы қысу δ=(F-f)/F*100%

мұнда F- ұяқалыптың көлденең қимасының ауданы

f-сырықтың көлденең қимасының ауданы

Металдың жылжу жылдамдығы (м/с)

ω=F/f * υ

мұнда υ-сотанның жылжу жылдамдығы (м/с)

ω-мөлшерлері рекристалдану жылдамдығына және илемдеу аумағына сәйкес температура аралығына байланысты.

Бүтін және ішкі қуыс тетіктерді сығымдап қалыптаудың термомеханикалық режимін белгілеу үшін 4-кестеде келтірілген деректерге сүйенеді. (195 бет)

Соғылма пішініне және дайындама көлемінің өзгеруіне қарай сығымдау әдісімен әртүрлі соғылма алуға болады: бүйір беті жағында орналасқан қылау, жайылған жазық, көлденең жылғасы бар көлденең және бүйір бете қылауы бар. (22сурет, 195 бет)

Бүйір бетіндегі қылау және оның мөлшері меншікті әсер күшінің орта мәніне байланысты және созу коэффициенттерінің мәнімен анықталады:

λ=F/f; егер λдеңгейі аз болса, металл сырық бөлігіне жеңіл өтеді де, тетіктің жоғарғы бөлігі металға толмай қалады. Егер λ<7,8 болса, сығымдауда бүйір бетіндегі қылау болмайды, егер 7,8<π<15- онда қылау пайда болады. π>1,5 болса, сығымдап өңдеу жүргізіледі.

Сотан мен уяқалып аралығындағы саңылау тетіктің жоғарғы бөлігінің диаметріне байланысты белгіленеді. Бүйір бетінде қылауы жоқ соғылмалар үшін саңылау мөлшері тең:

Соғылманың

жоғарғы бөлігінің

диаметрі, мм 60 дейін 60-100

Саңылау мөлшерлері,мм 0,05-0,15 0,3-0,4

Егер бүйір беттегі қылау болса, онда саңылау мөлшері бір жаққа 1,2-1,4 мм деңгейінде белгіленеді. Сығмдап қалыптау үшін қажетті баспақтарды таңдауда мына қажеттілікті ескеру қажет: үлкен қалыптау биіктігі (шөктірумен салыстырғанда) және итергіштің қозғалыс арасының ұзындығы.

Дайындама мөлшері.

Бүйір беттік қылаудың көлемін анықтау үшін оның қалыңдығын соғылманың жоғарғы бөлігінің диаметріне сәйкестендіріп алады:

40дейін - 0

40-70 - 1

70-100 - 1,5

100 - 1,5 астам

Қылау биіктігі – 3-5мм. Көлденең қылаудың көлемі V3=π/4(D32 – Dn2)h

Мұнда D3-қылаудың сыртқы диаметрі, Dn-соғылма диаметрі, h-қылаудың қалыңдығы.

Дайындаманы ұзартуға кететін металл шығынын сырықтың қалыптағаннан кейінгі ұзындығы оның номиналды мөлшерінен 15-25мм артық болады деген тұрғыдан есептейді. Дайындама диаметрін таңдағанда ескеріледі

  • диаметр неғұрлым кіші болса, соғұрлым металдың жылжу жылдамдығы және қалыптау күші аз болады, дайындаманы кесу оңаймайды.

  • дайындама биіктігінің оның диаметріне қатынасы 2,0-2,5 аспауы керек, ал тиімді деңгейі 1,5-1,8.

  • Дайындама ұяқалыпқа орнықты орналастырылуы керек.

Қалыптау өтпелері.

Қалыптау күшін анықтау.

КГШП-да қалыптау күшін есептеу өте жоғары дәлдікпен жүргізілуі керек. V-топ соғылмаларын соғымдап қалыптау үшін қажетті күш мөлшері олардың пішінінебайланысты.

Мысалы, 32а суретте (202бет) келтірілген пішінге сәйкес келетін соғылманы сығымдау күші мына формула бойынша есептеледі (сыртқы үйкеліс күшінің ең үлкен мөлшері 0,5тең болғанда)

Р=σT 1 ﴾﴾ /2sinγ + 1/(1+cosγ) ) * ln + +) F;

мұнда σT – қалыптау температурасына сәйкес металдың ағу шегі.

Соғылма пішіні шеңберге немесе квадратқа жақын болса:

d= 1.13

Баспақты таңдауда келтірілген формула бойынша есептлеген күш мөлшері баспақта сығымдаудың алғашқы кезеңінде , яғни сырғақ жылдамдығының жоғары деңгейіне сәйкес.

КГШП-да жаншу процесін орындауға қажетті ұяқалыптар кеңінен қолданылады. 5.1-суретте жаншып өңдеу үшін қолданылатын біржылғалы қарапайым қалып көрсетілген.

Мұндағы белгілемелер:

1) Итергіш

2) Итергіш бағыттаушысы

3) Ұяқалып

4) Сығуға арналған жылға

5) Төсеніш

6) Қақпақ

7) Майға арналған жылға

8) Жоғарғы тақта

9) Тірек тақтасы

10) Қыспақ сақина

11) Сотан

12) Бұрандама

13) Контейнер

14) Контейнердің бекіткініші

15) Ұяқалыптың бекіткініші

Күрделі пішінді соғылмаларды жаншығанда соғылманы шығарып алу қиындайды. Мұндай соғылмалар үшін горизонталь (5.2а сурет) немесе вертикаль (5.2б сурет) бағыттарда жасалады. Жаншуға (баспақтауға) арналаған қалыптардың ұяқалыптары өте ауыр жағдайда жұмыс атқарады. Сондықтан ұяқалып тез сынып қалмас үшін оны құрастыруға (бандажға) тығыздап орнатады. Тіке жаншу үшін ұяқалыпты құрылымдағанда (5.3 сурет) дайындама биіктігі (контейнердің тереңдігін) hк ≤ 5dк алынады. Мұнда dк контейнер диаметрі.

Φ-бұрышы 35...500 , ал белдеушенің ұзындығы h ≤ 0,5d0 , мұнда d0 белдеуше диаметрі.

Ұяқалып ендірмелерін құрсауға тығыздап орналастырғанда керіле мына формула бойынша есептеледі: δ=12*10-6DT, мұнда D- ендірменің сыртқы диаметрі, T-құрсауды жинақтау алдындағы қыздыру температурасы, 0С

5.4 суретте жабық үш жылғалы қалып көрсетілген

I орнықтырушы жылға

II тазалаушы жылға

III басу жылғасы

1-сақина, 2-сырық (жалпы саны төртеу), 3-итергіштің тілімшесі, 4-жалғастырғыш (муфта), 5-тарелка түріндегі сеппе.

Негізгі әдебиет 1[201-218] Қоымша әдебиет. 4[17-19].

Бақылау сұрақтары:

  1. Қысу кезінде ұяқалыптың ашылу жазықтығы қалай орындалады?

  2. Ұяқалыпты қорамалау қалай қарастырылған?

  3. Қысу кезінде соғылма ұяқалыптан қалай ажыратылады?

  4. Ұяқалыпты қорамаға нықтағанда тартылым шамасы неге байланысты болады?

6-Дәріс. Кесу қалыптары. Кесу әдісін және қалып түрлерін таңдау. Қарапайым кесу қалыптары. Тесіп алу, Қобылау қалыптары. Бірізді, үйлесімді кесу қалыптары.

6.1. Кесу қалыптары. Кесу әдісін және қалып түрін таңдау.

Механикалық өңдеуге соғылма қылаусыз және қыйсаймаған түрде, кедір-бұдырсыз, белгіленген мөлшер дәлдігімен өткізілуі керек келіп түседі. Сондықтан суықтай қалыптау процесі тазалау операцияларымен аяқталады. Олар қылауды кесу, далдашаны кесіп алып тастау және т.б.

Қылау бунағын кесу. далдашаны кесу соғылманың салқын және ыстық күйлерінде жүргізіледі.

Суық күйде кесу кезінде ұяқалыппен сотанды қиылыстыру (подгонка) , қалыпты баптау және сотан мен ұяқалып арасындағы саңылауды реттеу оңай болады. Суықтай кесу әдісі баспақтардың жұмысын көлемді механикаландыруға және өнімділігін арттыруға, мөлшер дәлдігі жоғары және беттері тегіс соғылмалар алуға, қалыптың шыдамдылығын арттыруға мүмкіндік береді. Бірақта қылауды және далдашаны кесуді бұл әдіспен әрдайым жүзеге асыру мүмкін емес, өйткені суықтай қалыптауда ыстықтай қалыптаумен салыстырғанда болаттың кесуге кедергісі 3...6 есе көп болады.

Сондықтан үлкен габаритті және ауданы үлкен соғылмаларға қуатты баспақтарды пайдалану қажет болады. Сонымен қатар жоғары үстемеленген болаттардан жасалған соғылмаларды суық күйде кескенде оларда жарықтар пайда болуы мүмкін.

Құлау массасы 1...1,6 г. тоқпақтарда және күші 10000-16000 кН дейінгі КГШП-да қалыптарын көміртегі мөлшері 0,4% дейінгі көміртекті болаттан және төмен устемеленген болаттардан шағын және орта соғылмалар жасағанда және соғылманы кескеннен кейін оны ыстық күйде өңдеу операциялары қарастырылмаса, онда қылауды кесуді және далдашаны қабылдауды суық күйде жүргізген дұрыс.

Қылауды және далдашаны суық күйде кесуді бір баспақта орналастырылған екі бөлек қарапайым қалыптарда жүргізу немесе екі баспақта жүргізу керек.

Қылау мен дайындаманы ыстық күйде кесу мына жағдайларда жүргізіледі:

  • егер соғылмалар құлау массасы 1,6т жоғары тоқпақтарда және қысым күші 16000 кН жоғары КГШП-да жоғары үстемеленген және жоғары көміртекті болаттардан қалыпталса

  • егер кесу операциясынан кейін соғылманы ыстық күйде түзету , ию және мөлшерлеу операциялары көзделсе

Негізгі әдебиет 1[481-531], Қоымша әдебиет. 4[35-49].

Бақылау сұрақтары:

  1. Жайманы кесу қандай жабдық түрімен іске асырылады?

  2. Жайманы кескенде ұяқалып пен сотанның арасындағы саңлау неге байланысты? 3 Кескіш ұяқалып қалай бекітіледі?

  1. Сотан қандай жағдайда қысатын аспап, ал қандай жағдайда кесетін?

  2. Жаймамен соғылманы кесуден кейін шығару тәсілі қандай?

7- дәріс. ҚСМ ыстықтай қалыптауға арналған қалыптарды сәкес орналастыру.Ұяқалып жиынтығы және жұмысшы ендірмелер. Сотан жиынтығы және сотан бекітілу.

Көлденең – соғу машиналарында (ҚСМ) ашық және жабық қалыптарда қалыптайды. Қарапайым үрдіс – екі жақты ажырамалы көп жылғалы шөктіру. ҚСМ қалыптық аспап сотан жиынтығынан және қозғалмалы мен қозғалмайтын ұяқалып жиынтығынан тұрады. Негізгі ажыратпа сотан жиынтығында бекітілген сотан арасынан және ұяқалып жиынтығында орналасқан ажыратпалы ұяқалып жиынтығынан өтеді. Қалып аспабының ерекшелігі:көлденең деформацияланған ось; деформациялау осіне параллельді ажыратпалы ұяқалып; ұяқалыптағы жылғалар саны екеуден кем емес(жиі кездесетін3...5).

Негізгі пішін өзгертуші өтілімдер КСМ шөктіргеннен кейін – пішінтүзілуші және жинақты (тескішті және жартылай сығушы). Бөлу операциялары – тесу, кенермені кесу және шабу. Кесу алдында дайындама операциясын орындайды – дайындаманы қысу.

Жинақты жылғалардың мәні – бір операцияның ішінде соғылманы арығарай шөктіру үшін үлкен диаметрлі дайындаманы жасайды. КСМ қалыптарында мелалды сотанда, ұяқалыпта және бір уақытта ұяқалыпта және сотанда жинақтайды.

Жинақты, пішінтүзілімдеуші, қысушы және т.б. КСМ қалыптарының жылғаларының құрылымы және өлшемдерін соғылманың пішінүлгісіне қарай нормативті маьериалдармен байланысты таңдап және есептейді.

Құйылған жинақтың массасын азайту үшін оның ортаңғы бөлігінде тікбұрышты пішінді қуыс болады, бұл оның бүйір бетінің өңдеуін жеңілдетеді. Қарастырылған құрылымның жиынтығы жұмыс істегенде сенімді және қалыпты баптағанда, сотанды қондырудың дәлдігі қамтамасыз етеді. Бұндай жиынтық екі-, үш-, және төртжылғалы етіп жасалады. Ернемекті бекітілімнен басқа сотанды бұрамалы және тартпалы бекітпелер қолданылады. Жиынтықты сотандардың құрылымы кең таралған. Жиынтықты аспаптың негізгі артықшылықтары – жоғары легірленген болатты тиімді қолдану.

Ұяқалыптың бөлігі бекітілген жиынтықты конструкциялық болаттан тұтастай етіп жасайды. Оң жақтағы қозғалмайтын жиынтық тұғырдың ұяшығында болады, ал сол жақтағы қозғалмалы- бүйір жақтағы сырғақта орналасады.

Ең бірінші беріктігі бойынша таңдайды осыдан жиынты қатаға бектпе ұяшықтарын біріңғайлайды.

Қалыптардың жобалаудың тізбегі. Пеш қалыптарын келесі рет бойынша жобалайды:

  • тетік сызбасы мен прогрематикалық тапсырыс арқылы оған келетін соғылма мен техникалық талаптар сызбасын жасайды;

  • есептеу мен қалыптау әрекетін және дайындама диаметірін;

  • қалыптауға керек күшті анықтайды және ГКМ максималды қалыптау күші мен қалыптау кеңістігінің габаритті өлшемдерді анықтайды.

  • жасалған есептеулерге сәйкес қалыптау жылғаларының өлшемдері жеке тетік пен элементтердің құрылымын жасайды.

  • қалыптың жалпы көрінісін сызады, габаритті өлшемдері мен, жабық біліктігін, басқа талаптар мен өлшемдерін, қалыптауда керек өлшемді көрсетеді.

  • Материалдар ентаңбасы қалып тетіктерін көрсетіп, қателік жасау шақтамасы,бет кедр- бұдырлығын басқа деректерді, барлық тетіктерді жасау мен қалып элементтерін.

ГКМ қалып жылғаларын ереже бойынша 4 класты нақтылықпен бет кедір-бұырлығы 2,5 пен 1,25, сырты ішіндегі – қабылдағыш жылғалар мен қабылдағыш тетіктердің жылғалары (сотан мен ұяқалып) беттік бет кедір-юұдырлығы 1,25- ке тең болып жасалуы керек.

Негізгі әдебиет 1[234-336], Қоымша әдебиет. 4[19-21].

Бақылау сұрақтары:

  1. Көлденең соғу машинасындағы қалыптайтын аспап қандай негізгі бөліктерден тұрады?

  2. Ұзын шыбықтан дайындалған дайындама қалыптауға қалай отырғызылады?

  3. Түрөзгеру кезінде дайындама қалай ұстатылады?

  4. Жинақталған құрылымды сотанның жетістіктері қанадай?

8-дәріс. Ыстықтай көлемді қалыптайтын қалыптардың материалдары және олардың қасиеті.

    1. Ыстықтай көлемдік қалыптаудағы қалып материалы мен оның қасиеттері.

Құралды деформациялауға қолданылатын болаттар эксплуатионды мен технологиялық кешендері өзінде болу керек. Бұған қоса экономикалық сипаииа да қосылады еформациялайтын құрал эксплуатация үрдісі кезінде қиын кернеулікте болады, ол жоғары түйіспе қысымы, бірнеше ретті ауыспалы жүктеу, стационарлы жүктеу мен цикілді температурада өзгеріп және т.б. байланыста.

Ыстықтай қалыптауда дефориациялауда қолданылатын болаттар келесі эксплуатионды қасиеттерді игеру қажет. Керекті қалдық жоғары жылыға төзімділік пластикалық деформациялаудағы жоғарғы кедергілер морттық қарауға жоғары кедергілерінен.

Қалыптасуға арналған болаттардың экплуатация қасиеттері әртүрлі технологиялық үрдістерді ыстықтай деформациялауда қолданылады әртүрлі температура күш әсерінен қалып эксплуатионды ортақ болмауы ентаңбасын алу мен оның термиялық өңдеу (эксплуатация кешенінің қажеттеріне сәйкес)әртүрлі бөлшектері мен қалыптың біртектілігіне керек. Ұя қалып жұмысы ендішесі белгілері шеттерін шығарғыш және т.б. бұл керекті мамандандырылған қалыптау болаттарының әртүрлі технологиялық үрдістерге екенін көрсетеді.

Технологиялық қалыптау машиналарының қажетті деформацияланатын құралдың берілген эксплуатионды қасиеттер мен минималы шығындар мен мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Экономикалық талаптардан қалыптау болаттарына қоятындарға болаттың төмен бағасы мен оның жоқ болмауынан экномикалық әсерлік әр түрін қалыптау болаттардың ентаңбасы оның шыдамдылығы мен құрал құрылымы және соғылған шығару көлеміне байланысты.

8.2 Қалып жіктеріне болат ентаңбасын алу. Қалыптау болаттарының сипаттамасы мен оның негізгі ентаңбасы.

Тоқпақта қалыптау тоқпақта қалыптау көбінесе орташа легірлегн хромды никельді болаттардың қасиеттері 0,6% деңгейлері және мына ентаңбадағылар:5ХНМ, 5ХНВ, 5ХНВС қолданылады.кватар шынықтыру ,морт, бұзылуға беріктігі мен беріетік (орташа, беріктігіне НКС2 40...45) хромды никельді болаттар ұсақ және орташа тоқпақта қалыптасуда ( қимасы 300 хром) қолданған дұрыс.

Хромды никельді мен хромды марганецті болаттардың жылуға төзімділігі мен тозуға төзімділігі төмен болғандықтан ақырғы кезде ауыр жүктелген тоқпақта қалыптауда жаңа құралды хром қоспасы бар болаттар, қосымша молибден мен кремни және ванадиден, мысалы мына ентаңбалар: 5Х3СМ, 5Х2МФ және т,б.

Тағыда орташа легірленген көп компо кейітті болаттар ентаңбасы: 4ХМФС, 3ХГеВФ, 5ХГСМФ, 5Х2ВМНФ және т.б. оларды тұтас тоқпақ қалыптарында 5м-дан жоғары қарапайым нақышты салыстырмалы түрде қолданған дұрыс.Бұл мынаған байланысты болады. Жылуға төзімділігін жоғарлатқан сайын ыстықтай беріктік пен тозуға төзімділігін көп компанентті болаттарда технологиялық қасиеттері төмен, шынықтыру кезінде қатты қыздырып , төмендетілген түйреу мен кесумен өңдейді.

Кіші тұтас тоқпақ қалыптарын соғылманы қалыптағанда, қиын деформацияланатын материалдан жоғары легірленген хромды ентаңбасы 4Х3ФМФ, 4Х5В2ФС, 4Х5МФС, 4Х5МФІС мен 4Х4ВМФС қолданылады№ осы болаттар термиялық өңдеуде жоғары қаттылық (ИКС 45...50) жоғарғы төзімділік, беріктікпен мортсынғыштыққа тең болады. Оларды қысқасы 200мм делік толық шынықтырылады бірақ өңдеу төмендігі мен шынықтыру жоғары температурада өту қажет. Бұл мақсаттарға әсері болатын көп компанентті болат ентаңбасы 4ХМФС, 5ХГСВФ, 5ХГСВФ, 5Х2ВМНФ және т.б кіреді.

Тоқпақта қалыптауда жинақ ендіркесі қиып деформацияланатын материалдардан соғылма қалыптауға арналған. Оларды кескіді легірленген хромда болаттардан алу керек. Ал соғылма қалыптаудағы ендіркені көміртекті мен төмен ленгірленген құрылымды болаттан алюминий мен мыс қорытпалардан, хром никельді, хромды марганецті мен орташа легірленген көп компанентті болат ентаңбаларынан 5ХНМ, 5ХНВ, 5ХГМ,4ХМФС мен т.б жасайды. Тек ішпек қабылдағышты мен белгілеу – барлық жағдайларда жоғары легірленген болат ентаңбасы:4Х5В2ФС, 4Х4МВФС мен тіпті 4Х2В5ФМ немесе Р18 жасалады.

Ендірмеге жиынтық кіші қутты тоқпақта пайдаланатындарды құрылма болаттардан 40Х немесе 45Х, ал үлкен қуатты. Тоқпақта хромды никекльді мен хромды марганецті болаттан жасау керек. Бұл ереже деформацияланатын соғылмамен ешқандай түйіспейтін жинақтар жатады. Қаралы нақышты мен таза жылғалы жиынтыықта қалыптау болаттарын жоғарыда көрсетілген тұтас тоқпақ қалыптарында қолданылатын болат ентаңбаларын алу қажет.

Төлемді қалыптар- төмен легірленген құрылымды немесе көміртекті құралды болат ентаңбасынан 40Х, 65Г, У7 немесе У8 жасалады. Сотанды жасау үшін жылу әсерінен болатындарға орташа легірленген болат ентаңбалары 5ХНГМ, 5ХНВ немесе 5ХГМ қолданылады, қосымша бетіне тетіктеріне қалып ұстағыш сыналар кілтектер және т.б. Құрылымды 45 нен 40Х болат ентаңбаларынан жасалады.

Шөгетін баспақ қалыптарын болаттармен ГКМ.

Шөгетін баспақ ентаңбалары болаттар хромды вольфрамды 4ХВ2С, 5ХВ2С, хромды 7Х3, 8Х3 ентаңбалы. Бұл болаттар мортсынғыштыққа берікті және жоғарыда жылуға төзімділікті( суды салқындатқыш қолданғанда) болады. Бірақ оның әсері шектеулі шөпке қалыптарында 4ХВ2С, 5ХВ2С- ұсақ сотан мен ұяқалыптарға (ыстықтай қалытаумен автоматты) 7Х3, 8Л3- ірі алынған сотандар, тұтас қыспақ пен формалы жарты қалыптығы ГКМ.

Шөкпелі қалыптардың әсерлі қолданыста мынандай болат ентаңбалы: 4Х5МФС, 4Х3ВМФ, 4Х4ВМФС мен 3Х3М3Ф, ыстыққа төзімділігі жоғары басқа жоғары өлшенген болаттарға қарағанда.бұдан 4Х5МФС пен 4Х3ВИМФ-ірі , ал 4Х4ВМФС мен 3Х3М3Ф- ұсақ шөпке ұралдарында қолданылады. Ендеріне бойы қыздырылған металмен орналасқандарға – жоғарыв вольфрамды болат ентаңбалары 4Х2В5ФМ мен 5ВВ3МФС, ал шөпке мыс қорытпасынан- 3Х2В8Ф қолданылады.

Ашық соғылма қалыптардың гидравликалық баспақтары мен КГШП.

Ірі басапақ ендеріне , көбінеске жеңіл қорытпа мен аз көміртекті болаттан қалыптағанда кеңінен хром никельді мен хром марганецті мына болаттар кіреді.

5НВ, 5ХНМ, 5ХГМ,5ХГСВФ және т,бжақсы және ашық баспақ қалыптароында орташа легірленген қалыптау болаттары 4ХМФС мен 5Х2ВМНФ, ал жоғары легірленген қалыптау болаттары 4Х5В2ФС, 4Х3ВМФ, 4Х4ВМФС мен т,б бұл болаттардан жасалған қалыптар жоғары тұрақтылықты тіпті соғылма пеш легірленген құрылымды болат пен тастап қорытпасынан жасалғандарды қалыптағанда қолданылады.

Негізгі әдебиет 1[254-366], Қоымша әдебиет. 4 ( 63-98,115-141).

Бақылау сұрақтары:

1.Тұтастай тоқпақты қалыптардың ұсынылатын болаттардың таңбасы?

2.ҚЫҚБ қалыптарының ендірмелеріне ұсынылатын болаттардың таңбасы?

3.Тоқпақты қалыптар термиялық өңдеуге жатама?

4.Деформациялаушы аспапты бетін нығыздаушы өңдеудің түрлері?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]