Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Саяси режимдердi трлерi.doc
Скачиваний:
89
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
101.89 Кб
Скачать

3. Тоталитаризм

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Тоталитаризм(лат.totalіs– тұтастай, түгелдей) – деспотизмнің бір түрі. Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық құқықтары жойылады,оппозициямен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшыратылады. Тоталитаризмнің тарихи үлгілеріКСРО-даСталин,ҚытайдаМао Цзэ-дун,Солтүстік КореядаКим Ир Сенрежимі кезінде, фашистікИталияменГерманиядаорнады. 1) қоғамның, жеке адамдардың өмірін деспоттық, авторитарлық — бюрократиялык мемлекеттің күшімен басқаратын қоғамдық-саяси құрылыс. Тоталитарлы саяси жүйе ең сорақы түрі — фашистік тәртіп; 2) саяси ой-жүйедегі тоталитарлық тәртіпті атқарушы бағыт.[1]

Барлық тоталитарлық жүйелердің ортақ 8 белгісі бар: бюрократияның бір партияарқылы саяси, экономикалық, әскери және идеол. үстемдік жүргізуі; саясиланғаниерархиялықәлеуметтік құрылыс; міндетті түрде қолына жоғарғы саяси, экономикалық, әскери және идеололгиялық билік шоғырланған көсемнің болуы; қуыршақ парламенттің болуы; қоғамды қорқынышта және толық бағыныштылықта ұстау мақсатымен қуғын-сүргін науқанын жүргізіп тұратын қуатты қуғындау-жазалау органы; әскерилендірілгенэкономика, ішкі саясаттың әскери-өндірістік кешенге тәуелділігі; мәжбүрлеуші идеологияның болуы, оған мойынсұнбау ауыр қылмыс ретінде бағалануы; қоғамда жау бейнесінің қалыптастырылуы, сол жауға деген жек көрушілік режимнің мақсатына жету жолында бұқараның жұмылуына себепші болады. Кеңестер Одағында Тоталитаризм орныққан19201930ж. байлар мен кулактарды тап ретінде жою шаралары жәнеауылшаруашылығын коллективтендіру саясаты жүзеге асырылып, қазақ халқы алапат ашаршылық пен босқыншылықты бастан кешті. Кеңестік Тоталитаризм ұлттық зиялы қауым өкілдерінің бір бөлігін өзіндік саяси ұстанымдарына орай “тап жаулары”, “жат пікірдегілер” және “әлеуметтік қауіпті элементтер” ретінде қудалады.А.Байтұрсынов,Ә.Бөкейханов,М.Жұмабаев,Ж.Аймауытов,Ә.Байділдин,Д.Әбілов,М.Тынышбаев,Т.Рысқұлов, т.б. қазақ қайраткерлері кеңестік Тоталитаризмнің құрбаны болды (қ. Саяси қуғын-сүргін). 2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде де Тоталитаризм қысымшылығынЕ.Бекмаханов,Б.Сүлейменов,Б.Кенжебаев,М.Әуезов,Ә.Қоңыратбаев,Ә.Марғұлан,Қ.Сәтбаевсияқты қазақ зиялылары бастан кешті. Кеңестік Тоталитаризмге қарсы наразылық1960жылдан қарқын ала бастады. БұғанМәскеудеқазақстандық жастардың“Жас тұлпар”ұйымын құруы және1979ж.Целиноградтаболған оқиғаның бой көрсетуі дәлел бола алады.1986жылғы желтоқсан оқиғасы кеңестік Тоталитаризмге қарсылықтың айқын көрінісі болып табылады.

Тоталитарлы саяси жүйе

Тоталитарлы саясаттық жүйе- мемлекеттің қоғамға және жеке адамға толықтай, тұтас бақылау орнатуымен сипатталатын саяси жүйенің бір түрі. Оған тән ерекше белгілер: азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының барынша бұзылуы; барлық деңгейдегі биліктің жоғарыдан тағайындалуы; билік бөлінісі принципінің жойылуы, яғни, биліктің барлық - атқарушы, заңшығарушы, сот тармақтарының тұтасып кетуі; басында көсемі бар бір ғана билеуші партияның болуы және оның мемлекетпен тұтасып кетуі; басқапартиялардыңжәне ұйымдардың қызметінің ресми "қозғалыс" қызметімен алмастырылуы; қоғамның барлық мүшелеріне бір ресмиидеологиялықдоктринаның таңылуы; тек қана мемлекеттік нысандағы бұқаралық ақпарат құралдарының болуы, қандай да болмасын ақпараттың қатаң "сүзгіден" өткізілуі; үздіксіз әрі тұтастай зорлыққа негізделген мемлекеттік ұйымдасқанлаңкестік