Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
makal matelder.docx
Скачиваний:
11
Добавлен:
22.02.2015
Размер:
167.02 Кб
Скачать

Ар, намыс, ұят

Ерді намыс өлтірер, Қоянды қамыс өлтірер.   Ер жігітке өлімнен ұят күшті.   Жігіттің құны жүз жылқы, ары мың жылқы.   Ақылың болса арыңды сақта: Ар-ұят керек әр уақытта.   Ел намысы — ер намысы.   Ер жігіт елінің ұлы, Намысының құлы.   Өлімнен ұят күшті.   Мал сақтама, ар сақта.   Малыңа сүйенбе, арыңа сүйен.   Үлкен пышақ ұялғанынан өтеді.   Ашу — ақылдың дұшпаны, Нәпсі — иманның дұшпаны.   Атты қамшы айдайды, Ерді намыс айдайды.   Қазаннан қақпақ кетсе, Иттің ұяты кетеді.   Ат аяған жерге қарар, Құс аяған көкке қарар.   Беттің арын белбеуге түйіп алып.   Арлы арына қараса, арсыз жеңдім дейді.   Тәнім — жаным садағасы, Жаным — арым садағасы.   Жақсы аттың жалын сақтағанша, Жақсы жігіттің арын сақта.   Қайталаған дерт жаман, Қайта бұзған серт жаман.   Арақпен достастым дегенше, Адамгершілікпен қоштастым де.   Жарлы болсаң да арлы бол.   Еңбек — өмірді ұзартады, Ұят — бетті қызартады.   Өз бетін аямаған кісінің бетін шиедей қылады.   Ер мойнында қыл арқан шірімес.   Жігітке жар қымбат, Намыс пен ар қымбат.   Бар барын жейді, Ұятсыз арын жейді.   Адам болам десең, Арынды ақшага сатпа.   Бетің қисық болса, Айнаға өкпелеме. Ниетің қисық болса, Ағайынға өкпелеме.   Қолыңмен істегеніңді мойныңмен көтер.

Қорқақтық, жасқаншақтық

Бөрікті тастап, бөріден кұтылуға болмайды.   Жау жоқта жарақ коп, Жау келгенде таяқ та табылмас.   У ішкен бір өледі, Ант ішкен мың өледі.   Өлі бураның басымен тірі атанды қорқытпа.   Қойға екі құлағынан басқаның бәрі жау.   Қашқан жауға қатын да ер.   Ер бір рет өледі, Ез мың рет өледі.   Қоян көлеңкесінен қорқады.   Ауылы жақын ит қасқырдан қорықпас.   Шегірткеден қорыққан егін екпес.   Ешкі қырыққан сайын бір өледі.   Сойылды соға білмеген, езіне тигізеді.   Сасқан үйрек артымен сүңгір.   Өлі бөріні ит аттамас.   Үргедек бұрын өледі.

Қорқақты қуа берсең батыр болады. Қорқақ қол бастамас.   Қорқақ тірідей өледі, Жолдастары күнде көмеді.   Жылан шаққан ала жіптен қорқады.   Қорқақтың қолы қысқа.   Қорыққанға қос көрінеді.   Қорқақтың сылтауы қойнында.   Опасызда Отан жоқ.   Өлімнен қорықсаң өлерсің.   Қорыққан бұрын жұдырықтар.   Қорқаққа құбыжық көп.   Алысқан жауға арқанды көрсетпе.   Батыр өлсе, аты қалады. Үргедек өлсе артында несі қалады?   Үріккен нт ұш күн үрсді.

Асығу, аптығу, асықпау

Шапшаңдықтан қашпа, аптығуға баспа.   Қойшы көп болса, қой арам өлер.   Түйе көп болса, жүк симас.   Құдай жүгіртпегенді бұзау жүгіртеді.   Қатын көп болса, шөмішті ит жалайды.   Асыққанның аяғы етегіне оралады.   Шабан үйрек бұрын ұшар.   Бүгін бітер істі ертеңге қалдырма.   Бір лақ екі адамды талтаңдатады.   Таз таранғанша той тарқар.   Той сылтауымен тон бітер.   Отырған қыз орнын табар.   Асыққан қалар ұятқа, Сарғайған жетер мұратқа.   Асыққан жолаушы, атына теріс мінеді.   Ойшы ой ойлағанша, тентек ісін бітірер.   Тоғыз қатынның толғағы бір келді.   Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.   Шапшаң жүрсең шаң жұқпас.

Қонақ, қонақжайлылық

Қонақ келсе құт келер.   Қонак қойдан да жуас. Май берсең де жей береді.   Қонақ аз отырып, көп сынайды.   Қонағым, жүре тоярсың.   Қонақты сөзбен тойғыза алмайсың.   Асыңа тойғызбасаң да ақ ниетіңе тойғыз.   Иесін сыйлағанның итіне сүйек сал.   Құтты қонаққа — тәтті тамақ.   Жақсы болса алғаның, Үйіңнен кісі кетпейді. Жаман болса алғаның, Шын досың да шеттейді.   Қонағын сыйламаған баласын ұрады, Я үйін сыпырады.   Құтты қонақ келсе, қой егіз табады.   Атың барда жер таны, Асың барда ел таны.   Қонақ бір күн қонса — құт, Екі күн қонса — жұт.   Шақырғанға бармасаң, шақырғанға зар боларсың.   Қонағын сыйласа төрге шық дейді.   Жолаушының азығы жолында.   Жаяу қонақ тыныш ұйыңтар.   Алдына ас қойдым, екі қолын бос қойдым.   Сыпайының итіне кет дегенің — өзіңе кет дегенің. Қонағым өз үйіңді де ойлай отыр. Бұрынғы қонақ соңғы қонаққа орын берер.

 

 

Қонаққа «кел» демек бар, «кет» демек жоқ.   Сыйлы қонақ босағада отырмайды.   Көңіл кең болса, үйдің тарлығы білінбес.   Шақырмаған қонаққа шайдан артық тамақ жоқ.   Тоқ қонақты сыйлау оңай.   Жаман үйдің қонағы билейді.   Жолаушыны сусындатпай тұрып Бұйымтайын сұрама.   От жағылмаған үй — қора, Кісі келмеген үй — мола.   Екі үйдің қонағы Емексіп жүріп аш қалар.   Құс жеткен жеріне қонар, Қонақ қалаған үйіне қонар.   Келгенше қонақ ұялар, Келген соң үй иесі ұялар.   Қонақ келсе ет пісер, ет піспесе бет пісер.   Сойса қозы өледі, соймаса езі өледі.   Қонағым, сен «ет» деме, мен «кет» демеймін.   Итті қонақ жараспас.   Қонағыңның алтынын алма, алғысын ал.   Сыйларға асың болмаса, Сыйпарға тілің болсын.   Сыпайы қонақ сыйынды жейді, Мылжың қонақ мыйынды жейді.   Үй-іші толған жансың, Бір-біріне мейман жансың.

Әр түрлі мақал-мәтелдер

Көрінген таудың алыстығы жоқ.   Ұйқы жастық талғамайды.   Ұйқы орын талғамайды.   Ұйқы оліммен тең.   Кеменің арбаға мінетін, арбаның кемеге мінетін кездері болады.   Түйменің инесіз күні жоқ.   Шоқ қайдан болса, жылу содан болады.   Өгіз өлгенше өседі.   Түлкі жатарында жер таңдамайды.   Тау бұлағымен сәнді, Көл құрағымен сәнді.   Иттің жатқан жері — төсегі.   Соқыр көргенінен жазбас.   Құс патшасы — бүркіт, Аң патшасы — арыстан.   Жел дауылды шақырады, Бұлт жауынды шақырады.   Ұйқы арыстанды да жығады.   Із жолга жеткізер, Жол елге жеткізер.   Дұшпан не демейді, Тұске не кірмейді.