Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

26

.pdf
Скачиваний:
2
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.15 Mб
Скачать

ӘЛ-ФAРAБИ aтындaғы ҚAЗAҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ: МӘТІНДЕР МЕН

ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ

Оқу құралы

Aлмaты «Қaзaқ университеті»

2020

1

ӘОЖ 811.512.122

КБЖ 81.2 Қаз-923

О 14

Бaспaғa әл-Фaрaби aтындaғы Қaзaқ ұлттық университеті жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің Ғылыми кеңесі және Редaкциялық-бaспa кеңесі шешімімен ұсынылған

(№4 хaттaмa 19 маусым 2020 жыл)

Пікір жазғандар:

филология ғылымдарының докторы, профессор Ж.Ж. Есеналиева филология ғылымдарының кандидаты, доцент Р.К. Садықова филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ш.Ә. Рамазанова

Құрастырғандар:

Қайсар Қадырқұлов, Назина Қадырқұлова

О 14 Оқу сауаттылығы: мәтіндер мен тест тапсырмалары: оқу құралы / құраст.: Қ. Қадырқұлов, Н. Қадырқұлова.

– Aлмaты: Қaзaқ университеті, 2020. – 228 б.

ISBN 978-601-04-4685-4

Ұсынылып отырған оқу құралы жоғары оқу орындарына ұлттық бірыңғай тест тапсырушы талапкерлердің «Оқу сауаттылығы» пәнінен даярлығын жетілдіру мақсатында жазылған. Сауаттылық ұғымына қатысты мәселелердің шешімін табуды көздеген жинақ мазмұнды мәтін, мәтіннен өрбіген ойлы тапсырмалар, жеке тұлғаның стиль ерекшелігі, лексика-грамматикалық қағидаларды жадылау тәрізді құрамдас бөліктерді қамтиды. Жанрлық түрге жіктелген мәтіндердің тақырыптық деңгейі ұлттық болмысымыздың дүниетанымдық мүмкіндігін толығынан қамтыған. «Оқу сауаттылығы: мәтіндер мен тест тапсырмалары» оқу құралы мектеп бітіруші түлектерге, жоғары оқу орындарының дайындық факультеті тыңдаушыларына арналған.

 

ӘОЖ 811.512.122

 

КБЖ 81.2 Қаз-923

ISBN 978-601-04-4685-4

© құраст.: Қадырқұлов Қ., Қадырқұлова Н., 2020

 

© Әл-Фaрaби aтындaғы ҚaзҰУ, 2020

2

АЛҒЫ СӨЗ

Елімізде жоғары оқу орнына түсіп, белгілі мамандық алуға талаптанған түлектерге міндеттелген ұлттық бірыңғай тестілеу үдерісінде негізгі пәннің бірі – қазақ тілі пәні бойынша «Оқу сауаттылығы» деген атауды иеленгеніне де бірнеше жыл өтті. Бұл сынақ бойынша талапкер он бір жыл оқытылатын қазақ тілі пәнінің теориялық негізінен емес, арнайы ұсынылған мәтін мазмұнына сай тапсырмаларға жауап береді. «Оқу сауаттылығы» атауымен мектеп қабырғасында сабақ жүргізілмейді. Сондықтан оны пән ретінде емес, сынақ түрінде қабылдаймыз. Оқушының мәтін мазмұнын түсінуі, мәтін оқиғасының желісіндегі үдемелі үдерістерді пайымдай алуы, мәтіннің идеясы мен тақырыбын анықтауы, жазылу стилін ерекшелей білуі және кейбір грамматикалық тақырыптарды меңгеру деңгейі – бәрі осы оқу сауаттылығы ұғымын қамтиды. Оқу құралының басты мақсаты – оқушының сауаттылық деңгейін жетілдірумен қатар, олардың ұлттық болмысының айшықтала қалыптасуына ықпал ету. Сондықтан ұсынылған мәтіндердің бәрі қазақ халқының тарихы, салт-дәстү- рі, ділі мен діні, көркем табиғаты, қазба байлықтары тақырыбында іріктелген. Соған лайық жанрлық түрлері де оқшауланып, стильдік ерекшеліктерінің ыңғайына қарай бейімделген. Көлемі үдемелі түрде ұлғайып отыратын жүз мәтінді қамтып, жиырма бес нұсқаға топтастырылған жинақтың басты түйіні бес жүз тапсырманың дұрыс жауабын белгілегенде ғана шешіледі. Аптасына бір нұсқадан талдағанның өзінде бір жылдық курстың мерзімін қамти алады. Мектеп бітірушілер мен қатар, жоғары оқу орындарындағы дайындық факультетінің тыңдаушылары мәтін мазмұнына орай берілген тапсырмаларды «оқытушы – оқушы – оқулық» үштағандық үдерістерінің сабақтастығы арқылы орындай алады. Әрбір мәтіннің соңындағы ойландырар сұрақтар, тосын пайымдаулар, лексика-грамматикалық құбылыстар өзара пікірталастың, оқытушының біліктілігінің, оқулықтың дәлдігінің нәтижесінде дұрыс жауапқа ие болады. Сонымен қатар стильдік, пунктуациялық олқылықтар мәтіндегі қалпы бойынша сақталып,

3

тапсырмалар жүйесінде шешімін іздейді. Тілдік қолданыста жиі ұшырасатын «өкінішке қарай», «құлағына қыстырмайды» секілді өңінен айырылған тіркестер, сөйлемдегі шылаудан кейін жиі қайталанатын үтірлер ережені пысықтауға жетелейді. Мақал-мәтел- дердің тақырыптық нұсқалары, тұрақты сөз тіркестерінің варианттылығы мәтіннің мазмұнына сай салыстырмалы түрде ұсынылады. Оқушы біржақты тапсырманың жауабын ғана іздеу мүддесінен арылып, түсініп оқу, әсерлі баяндау, сөздердің мағыналық түрлерін ажырата білу, сөйлем құрылысының жүйелілігін саралау секілді міндеттерді толық атқаруы шарт. Ақпараттық мәндегі мәтіннен көркем әдебиет стиліндегі шығармаларға дейінгі аралықтағы көркемдегіш құралдардың қызметін ажырату мақсатында троп түрлері де назардан тыс қалдырылмады. Сауаттылық кепілі – түйсініп оқу, дұрыс жазу, мәтіннің идеясы мен стилін айшықтай білу, қазақ тілінің заңдылығына сай келмейтін тұсты дөп басып тану, өз ойыңды оқшаулай алу, мәтін иесінің ойы мен тіл шеберлігін орынды бағалау. Оқу сауаттылығы да осы талаптардың үдесінен шығып, әр тұлғаның оқу мен жазудағы, ойлау қабілеті мен пікірлесу деңгейіндегі, білім сапасы мен ұлттық дүниетанымындағы өзіндік ерекшелігінің өлшемі болуға тиіс.

4

БІРІНШІ НҰСҚА

Боралдай сақ қорғандары

Ашық аспан астында орналасқан археологиялық кешеннің тарихы екі жарым мың жылдан асып жығылады әрі Алматы аумағында ерте темір ғасырынан сақталып қалған жалғыз ескерткіш. Көне қорымға кірген адам кешеннен 47 сақ және үйсін қорғандарын аралап, көре алады... Мұндағы қорғандардың ең үлкенінің биіктігі 14 метр болса, диаметрі 100 метрден асады. Мұнда патшалар мен жауынгерлер жерленген. Айта кетейік, қорымдар ерте кезде тоналып кеткен, ал 1950 – 1960 жылдардағы Кеңес үкіметі кезінде бұл жер қоқыс төгетін үйіндіге айналған... «Игіліктің ерте-кеші жоқ» демекші, «Боралдай сақ қорғандары» кешені таяуда Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандарының тізіміне енгізілді («Алматы ақшамы» газеті, 13.03.2018).

1. Мәтін мазмұнының басты нысаны:

А. Алматы аумағындағы ескерткіш Ә. Сақ пен үйсін қорғаны

Б. Ашық аспан астындағы Боралдай қорғаны В. Патша мен жауынгерлер қорымы Г. Темір ғасырындағы сақ қорғаны

2. Сақ қорғандарының ең үлкенінің радиусы өлшемі:

А. 14 метрдей Ә. 100 метрден асады Б. 47 метрдей

В. 50 метрден асады Г. Белгісіз

Адалдық жоралғысы

XVIII ғасырда Жәнібек Бердәулетұлы дейтін батыр өмір сүрген. Шамамен 1714 жылдары туып, 1792 жылы дүниеден өткен. Осы кісі өзінің ұрпақ-жұрағатына қаратып:

5

Аумағың, ауылың, асың адал болсын, Адалдың қайыры бар, арамның зайыры бар, Ісің адал болса, тілегің қабыл болады, –

деп өсиет тастаған дейді.

Батырдың өсиетін орындау үшін кіндігінен тараған әулет «Адалдық жоралғысы» дейтін дәстүр белгілейді. Оның тәртібі былай: әр жылы мал төлдеп, қозы-лақ қарақұлақтанған, ағашы бүр жарып, шөп шалғындап, жер жасылданып, ақ молайып, мал төлденген маусым айында батырдың барлық үрім-бұтақтары жиналып жоғарыдағы дәстүрді атқарады.

Әуелі ақ дастархан үстіне жас шыбықтар әкелінеді. Алдымен әулеттің үлкені бас болып, батырдан қалған мұра кездікті қолына алып, көпшіліктің алдында: «Менің асым – адал, сөзім – адал, ісім – адал», – деп қолындағы кездікпен жас шыбықты кеседі екен.

Егер де біреуге өтірік айтып алдаған немесе өсек таратқан, ұрлық жасағандары болса, көптің алдында тәубеге келіп, күнәсін мойындап, кешірім сұрайды екен. Мұндайда әулеттің үлкендері шешім қабылдап, зияндалушы жақтан кешірім сұратып, тіпті шығыны болса, өтеткізген. Егер зиян келтіруші туыстың шығынды өтеуге шамасы келмесе, ағайындары көмектескен. Мұндай дәстүрден кейін әулеттің адамдары жыл бойы өзін, сөзін, ісін жамандықтан сақтап, жылына бір келетін жоралғыға бару үшін адалдық жолынан таймауға тырысып, өмір сүрген. Бұл дәстүр Алтай – Зайсан өңірінде жаңа низамға (қазақ төңкерісі) дейін сақталып келген. Осындай бір ғана дәстүр қаншама жыл, қаншама адамды жамандықтан сақтап келді. Қайран, қазағымның дәстүр- лері-ай! («Егемен Қазақстан» газеті, 06.03.2018).

1.Мәтін мазмұны бойынша «Адалдық жоралғысын» белгілеушілер:

А. Батырдың ұрпағы Ә. Сол кездегі ауыл ақсақалдары

Б. Сөзі – адал, ісі – адал, асы – адал әулеттер В. Қазақтың бұрыннан бар дәстүрі Г. Алтай-Зайсан өңірінің қазақтары

2.Жоралғыны өткізу барысында адал болуға тиісті зат пен құбылыс-

тар:

А. Сөздің, ауыл-аймақтың, іс-әрекеттің адалдығы

6

Ә. Ас пен істің, аймақтың адалдығы Б. Іс пен сөздің, ішер астың адалдығы

В. Жүрек пен істің, ауыл-аймақтың адалдығы Г. Істеген ісің, жеген асың, ауыл-аймағың адал болсын

3.«Адалдық жоралғысының» басты мақсаты:

А. Жасаған күнәсіне кешірім сұрату Ә. Істеген заңсыз істері үшін өзінен не ағайындарынан шығын өндірту

Б. Адалдық жолын мақтан тұттырып, мадақтау В. Жаман қылықтан сақтандырып, жақсылыққа баулу Г. Батыр бабалардың өсиетін қастерлеу

4.«Адалдық жоралғысы» өткізілетін мерзім:

А. Көктемнің орта тұсында Ә. Жаздың алғашқы айында

Б. Мал жетіліп, жер жайқалған жаз ортасында В. Жазғытұрым, көк майса шалғын болғанда Г. Ел жайлауға қонып, аққа ауыз тиген кезде

Жылжымалы көрме

Жылжымалы көрменің бір ерекшелігі – ол киіз үй ішінде өткізіледі. Осының өзі көрменің негізгі идеясын айшықтап тұрғандай. Көрмеге қазақ халқының төл мәдениетін паш ететін сан алуан заттар кешені ұсынылып, онда қазақтың мал шаруашылығында, өнерінде, күнделікті тұрмысында пайдаланылатын жүздеген бұйымдар топтастырылған. Зергерлік өнерді көрсететін бө-

лімде алуан түрлі сақина, білезік, жүзік, өңіржүйек, тана, алқа,

сырға, шолпы тәрізді ұлттық зергерлік туындыларды тамашалауға мүмкіндік жасалған. Сонымен қатар қазақ зергерлері мен ұсталары пайдаланған құрал-жабдықтар: көрік, балға, балта, біз, төс, қысқаш түрлері орналастырылыпты. Мал шаруашылығына қатысты бөлімде ер, жүген, ноқта, дорба, мұрындық, шылбыр,

қыл арқан, қайыс тартпа, қамшы секілді бұйымдардың бірнеше түрі көрсетілген. Әскери өнер мен саятшылықта пайдаланылатын қару-жарақ түрлері – семсер, қалқан, сауыт, дойыр қамшы, шоқпар, дулыға, садақ, жебе, адырна, қанжар мен аңшылық құралдар – қақпан, томаға, бау, кісе белбеу, тұғыр, биялай көрменің ажарын аша түскендей. Қазақтың күнделікті тұрмысында, әсіресе үй шаруасында қолданылатын ыдыс-аяқтарқазан, күбі, ке-

лі-келсап, үштаған, тостаған, мосы, тостақ, ожау, саба, тор-

7

сық, көнек, астауша, кездік; ұлттық аспаптар – домбыра, қобыз, жетіген, сазсырнай, дауылпаз, сыбызғы, шаңқобыз; ұлттық киімдер – шекпен, тымақ, бөрік, кимешек, сәукеле, ішік, тон, қамзол мен киіз үй жабдықтары – кебеже, сандық, сандықша, құрақ көрпе, адалбақан, майшамдар ұлттық нақышқа сай безен-

дірілген. Жылжымалы көрмеге қойылған заттар кешені қазақ халқының материалдық және рухани дүниесін жан-жақты таныстырып, мол мағлұмат береді («Ана тілі» газеті,18.04.2013).

1.Мәтін бойынша зергерлік өнерді паш ететін бұйымдар:

А. Өңіржүйек, ішік, сақина, білезік, шолпы, кісе Ә. Шашбау, жүзік, тана, сырға Б. Сырға, тана, білезік, шолпы, жүзік, сақина, алқа

В. Шолпы, білезік, жүзік, сырға, сандықша, қобдиша Г. Қос өңір, өңіржүйек, жүзік, сырға, шолпы, білезік

2.Мәтін бойынша киіз үй жабдықтары:

А. Кебеже, сандық, ожау, бақан, құрақ көрпе, адалбақан, майшам Ә. Сандықша, құрақ көрпе, шымылдық, адалбақан, күбі Б. Келі-келсап, сырмақ, құрақ көрпе, сандық, сандықша, майшам В. Майшам, құрақ көрпе, адалбақан, кебеже Г. Кебеже, сандық, сандықша, майшам, сырмақ

3. Көрменің басты мақсаты:

А. Жылжымалы түрде қызмет ету Ә. Киіз үйдің ішкі, сыртқы жабдықтарымен таныстыру

Б. Қазақтың мал шаруашылығына, тұрмысына қатысты бұйымдарынан мағлұмат беру

В. Ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін дәріптеу Г. Киіз үй мен жылжымалы көрменің үйлесімін көрсету

4.Мәтін бойынша мал шаруашылығына қатысты бұйымдар:

А. Ер, жүген , ноқта, арқан, қыл арқан, қамшы, шідер Ә. Қайыс тартпа, қыл арқан, ноқта, жүген, мұрындық Б. Мұрындық, қайыс, қыл арқан, шылбыр, жүген В. Қамшы, құрық, ноқта, шылбыр, ер, қыл арқан, жүген

Г. Шылбыр, ноқта, қыл бұрау, ер, жүген, қамшы, мұрындық, дорба

5.Қазақ халқының ұлттық киімдері мен әуездік аспаптары (мәтін бойынша):

А. Шаңқобыз, бөрік, жетіген, камзол, сазсырнай, дауылпаз, шекпен, мәсі,

домбыра Ә. Ішік, сәукеле, сыбызғы, қобыз, шаңқобыз, тымақ, дауылпаз

Б. Қылқобыз, сәукеле, шаңқобыз, қобыз, домбыра, бөрік, шекпен

8

В. Сазсырнай, кимешек, кебіс, жетіген, камзол, дауылпаз, даңғыра Г. Шапан, камзол, қобыз, домбыра, жетіген, етік, тақия, сазсырнай, сыл-

дырмақ

6. Қару-жараққа қатысты атауы бар сөйлем:

А. Үстіне киген ақ берен көбесінен сөгілді Ә. Жау үркітер зуылдан делебесі қозады

Б. Қақпан құрған сүрлеуден қақпақылмен өтіпті В. Кебенек киген ер еді, кебін киген жоқ еді Г. Қолындағы қаруын ырғай ырғай сүңгітті

Ектім егін – жидым өнім

Көктем – кетпені сайлаулы, шығыры майлаулы диқан қауымының жер жыртып, егін салуға асығатын мезгілі. Қазақтардың ер- теден-ақ мал шаруашылығымен қатар отырықшылық өмірге бейімделіп, жер жайын түсініп, егін салғаны ежелгі тарихтан белгілі. Археологиялық қазбалар барысында табылған темір дәуірінен қалған орақ, кетпен, елек, соқа тісі, шалғы, т.б. жәдігерлер осы сөзімізді айғақтайды. Темір, ағаш өңдеу технологиясын меңгерген ата-бабаларымыздың егін салу, оны суарып, баптау, бастыру, төкпей-шашпай жинап алуды ертеден-ақ білгенін пайымдаймыз.

Егін егуді құдіреттің несібі деп санайтын қазақтар Диқан баба аруағына сыйынып, егін егушіні диқаншы / диқан деп атаған. Қазақтар ежелден бидай, тары, арпа, сұлы сияқты дәнді дақылдарды егумен айналысқан. Бидай мен тарыны ақ егін, ал арпа мен сұлыны көк егін деп атаған. Жер жыртуды бастау күнін көпті көрген ақсақалдар ақылдасып шешетін болған. Әдетте сәтті күн сәрсенбі немесе дүние жаратылып біткен сенбі мен жексенбі күндері таңдалған.

Сәуірдің алғашқы онкүндігінде жер бірінші рет жыртылса, мамырдың екінші онкүндігінде екінші рет жыртылған. Ақ егін мен көк егінді суарудың өзіндік тәртібі болған. Күздік және жаздық бидай үш рет, тары алты-сегіз рет суарылған. Ол үшін өзенжылғалар мен тоған-көл сулары, кәріз арқылы шығарылатын жерасты сулары пайдаланылған. Өзеннің теңізге құяр тұсындағы қақ сулары да пайдаланылып отырған, оларды лиман деп атаған...

Егін егуге алдын ала дайындықпен кірісетін қазақтардың аузында «егін ексең, шығырыңды майла, мал өсірсең, қонысыңды сай-

9

ла» деген мақал сақталған. Ағаштан жасап, бірнеше дөңгелек қондырылатын шығыр көптің көмегімен орнатылатын болған. Егістік бірнеше рет суарылған: алғашқы суару жер суы, екінші суару желке су, үшінші суару мойын суы, ал төртінші суару орақ су деп аталады. Жаз бойы бапталған егін піскен кезде көп болып қорыған, егістік шетіне қарақшы орнатқан. Егіннің пісу мерзіміне сәйкес оны орып жинау шілденің ортасынан күзге дейін жалғасқан. Орылған астық бауланып, қырманға тасылады. Дақылдар бастыру арқылы сабағы мен қауызынан ажыратылған. Дәнді сабағынан ажырату үшін ірі қара мал пайдаланылып отырған. Одан әрі ұшырылып, майқандалған. Дайын болған астық бөліске түсіп, үлестірілген... Астыққа тіл-көз тимес үшін оны бөлісу жұмысы түнге қарай немесе сәтті күндері күндіз атқарылған... Осылайша, алты ай жаз бойы жер кеудесін сауып, бел шешпей еңбектенген диқандар қауымының зор еңбегімен шыққан өнімді ауыл-аймақ Тәңірінің сыйы деп қабыл алып, алты ай қыс азық еткен. Көптің күшімен, адал еңбекпен, маңдай термен келетін нанды – ас атасы деп қадірлеген («Ана тілі» газеті,

18.04.2013).

1. Халқымыз қай кезеңнен бастап отырықшылыққа бейімделе баста-

ған?

А. Темір дәуірінен Ә. Кеңес өкіметі орнаған соң

Б. VIII ғасырдан бастап

В. XVIII ғасырдың орта тұсында

Г. Көк тәңіріне сыйына бастағаннан бері

2. Мәтін бойынша ата-бабаларымыздың ерте дәуірде темір және ағаш өңдеу технологиясын меңгеруімен айғақталатын кәсіп:

А. Астық бөлу Ә. Мал бағу Б. Егін суару В. Қолөнер

Г. Қару-жарақ жасау

3. Диқандардың бел жазбай еңбек ететін мезгілі (мәтін бойынша):

А. Көктем айлары Ә. Жыл бойы Б. Жаз айлары

В. Көктем, жаз айлары Г. Алты ай қыста азық әзірлеу

10

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]