Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

26

.pdf
Скачиваний:
2
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.15 Mб
Скачать

Ә. Келіннің отқа шақырған үйде тәрбиелі, көргенді қырларымен ерекшеле-

нуі

Б. Шақырған үйге сәнді киініп, әдемі келбетімен әсер қалдыру В. Шақырған үйдің үлкенін сыйлап, жастарымен сырласа білу Г. «Тесік түйме жерде қалмайтындығын» дәлелдеу

4. Мәтін бойынша келіннің сұлулығын бейнелейтін теңеулер ерекше қайталанған тұста сол арқылы бақытқа бөленгені бағаланатын тұлға:

А. Жас келін Ә. Келіннің шешесі

Б. Жас келінді қолына қондырған жігіт В. Отқа шақырған үйдің иесі Г. Келіннің енесі

Менің өмірбаяным

Мен 1897 жылдың 28 сентябрінде Семей облысы, Шыңғыс болысындағы Әуезов Омархан деген кісінің семьясында туыппын. Менің аталарым XIX ғасырдың бас кезінде Орта Азия жақтан кеп, Тобықты руына сіңіп кетіпті. Бұл – кәдімгі менің романымның қаһарманы Абай Құнанбаевтың руы...

Абай жайында материалдар жинағанда тарихи романдар авторларының талайы біле бермейтін өзге бір жәйттерге тап болдым. Ақынның өміріне байланысты деректер мен романның бүкіл оқиғаларын Абайды көзімен көрген, жақын білген жандардан ұзақ уақыт бойына ауызба-ауыз сұрау, әңгімелесу арқылы жинауға тура келді. Абайдың шәкірті Көкбаймен де әңгімелестім. Ақынның ең жақын достарының ішінен біздің заманымызға дейін көзі тірі жеткен сол ғана болатын. Көкбай 1927 жылы қайтыс болды. Ол Абайдан аттай он алты жас кіші еді. Сондықтан ақынның жастық шағы жайлы ештеңе айта алмады.

Роман жазам деген ойда жоқ, шәкірт кезімде атам Әуездің әңгімелерін тапжылмай, ұзақ тыңдайтын едім. Ол Абайдан біраз жас үлкен еді. Құнанбай жайын да жақсы білетін. Абайдың алғашқы әйелі Ділданы да сол жылдары көрдім. Мосқал тартып қалған болатын. Абайдан соң он жылдан кейін барып дүние салған, оның айнымас азбас жары Әйгерім небір қымбат жәйттерді әңгімелеп берді. Материал жинап жүріп, мен Абайдың достарымен, сыйластарымен, бұрын қысастық жасаған жауларымен де әңгімелесіп көрдім. Олардың ішінде Абайдың тұрғыластары да,

201

солардың ұрпақтары да бар еді... Абайдың әр алуан замандастарының айтқанын салғастыра отырып, көп нәрсені өз ойыммен топшыладым. Әлдеқашан бел асып кеткен көштің жұртына кешігіп жеткен жолаушы жылтыраған бір қызғылт шоқ тауып ап, тұтатпақ боп үрлемей ме – жаңағы естеліктерді шашау шығармай сақтаған менің халім де сондай еді. Сөйтіп мен қарт адамдардың көмескі жадында ұмыт болған көп нәрселерді қайта ойлатып, айтқызып алдым. Алпыстағы Әйгерімнің әжімді бетіне қарап, оның бір кезде Абайды ынтықтырған жас шырайлы сұлу жүзін көз алдыма елестетуім де солай еді...

Бірте-бірте өз халқының көкірек көзі болған Абаймен бірге мен де сол халықтың жан-жүрегін ұғуға және соны бір абзал қалпында ашып беруге, жайып салуға тырыстым. Жас Абайдың жалын атқан сезімі, жігіт ағасы болған Абайдың толғаулы ойлары мен әрекеті, кәрілік меңдеген шақтағы халық қамқоры, халық ұстазы болған Абайдың тартысы мен тақсіреті – міне осының бәрі сол дәуірдегі халықтың да жаны мен жүрегін ұғуға бастайтын жол еді. Халықтың көрер көзі, лүпіл қаққан жүрегі, дана ойы болған Абай менің ұғынуымда да халықтың қажырлы талабы мен асқақ ой-сезімінің, жан-жүрегінің, оның бойындағы ең абзал қасиеттің жиынтығы болып табылады. Абай бейнесіне мен осындай ойлармен ден қойып ем. «Абай» романының қос кітабы ақын және оның дәуірі туралы романдардың ішіне енеді. «Абай» – осы серияның бірінші романы. Одан кейін «Абай жолы» романының қос кітабы келеді (М. Әуезов).

1. Мәтіндегі «жылтыраған қызғылт шоқ тауып ап, тұтатпақ боп үрлеу» теңеуінің мәні:

А. Ақынның жақын достарының әңгімесін құлпырта жазу Ә. Абайға қысастық көрсетіп, жау болған адамдармен де сыр тартып, әңгі-

мелесу Б. Алпыстағы Әйгерімнің жүзінен жас, сұлу бейнесін іздеу

В. Қарт адамдардың жадында көмескіленіп, ұмыт болған жайларды қайта ойлантып, айтқызып алу

Г. Абайдың замандастары айтқан әңгімелердің жобасын өз ойымен топшылау

2. Жазушының «Абай жолы» эпопеясының бүкіл оқиғасын, Ұлы Абай туралы нақты деректерді жинау амалы:

А. Атасы Әуездің әңгімелерін тыңдап, соның негізінде роман жазуға кірісті Ә. Абайдың жары болған Ділдамен, Әйгеріммен сөйлесіп, солардың берген

деректеріне ғана сүйенді

202

Б. Абайды көзімен көріп, жақын білген адамдармен ауызба-ауыз сөйлесіп, әңгімелесу арқылы нақты деректерге жүгінді

В. Абай туралы жазылған ескі қолжазбаларға сүйеніп, соның негізінде роман жазуға отырды

Г. Ақынның жақын досы болған Көкбаймен әңгімелесіп, бала Абайдан дана Абайға дейінгі кезең оқиғаларын суреттеп шықты

3.Мәтіндегі Абайдың әкесі Құнанбай қажы туралы деректі әңгіме айтушы:

А. Құнанбайдың келіні Ділда Ә. Жазушының атасы Әуез

Б. Абайдың аяулы жары Әйгерім В. Абайдың жақын досы болған Көкбай ақын

Г. Құнанбайдың көзін көрген көненің көздері

4.Жазушы Мұхтар Әуезовтің ұғынуындағы Абай бейнесі:

А. Халықтың көрер көзі, ақыл-ойы, қуанышы мен қайғысы Ә. Халқының асыл қасиеті, ой-сезімі, қайрат-күші

Б. Елінің лүпіл қаққан жүрегі, асқақ ой-сезімі, жарқын болашағы В. Халқының асқақ арманы болған, көрер көзі мен ар-ожданы болған Абай

Г. Халқының қажырлы талабы, асқақ ой-сезімі мен жан-жүрегінің, оның бойындағы ең абзал қасиеттің жиынтығы

5. Абайдың өз өлеңдерінің көбісін досы Көкбайдың атынан елге таратқанын білеміз. Мәтіндегі сол Көкбайдың Абайдың жастық шағы туралы ештеңе білмеу себебі:

А. Абайдан біраз жас кіші болғандықтан Ә. Жазушы әңгімелескен кезде әбден қартайған жаста болуы

Б. Абаймен есейген кезде дос болғандығынан В. Абайдың «Ей, Көкбай өлеңімді өзіме қайтар!» деп бұның ақындығын

төмендеткеніне көңілі қалғандықтан Г. Көкбайдың елі Абай есейген кезде Орта Азиядан көшіп келгендіктен

6. Мәтіннен алынған күрделі баяндауышты жай сөйлем:

А. Абайдың алғашқы әйелі Ділданы да мен сол жылдары көрдім Ә. Абай бейнесіне мен осындай ойлармен ден қойып ем Б. Абайдың шәкірті Көкбаймен де әңгімелестім В. Құнанбай жайын да жақсы білетін

Г. Одан кейін «Абай жолы» романының қос кітабы келеді

Мың жасаған шипагер

Кезінде «Лұқпан әкімнің ілімі мың жасады, ендігі мың жыл менікі» деп асқақ үн тастаған асқаралы Әбу Әли Ибн Сина (Авиценна) – адамзат тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі. Ұлы ғұлама жөніндегі халық аңыздарының дені сұрақ және оған жауап түрінде болып келеді. «Адам өлетін күнін біле ме?» деген сауалға

203

шипагер: «оны өзінің туатын күнін білген адам ғана біледі» деп жауап беріпті дейді аңыз. «Соқыр мен кереңнің қайсысы ақылды?» деген сауалға данагөй алғашқысын атапты. Себебін сұрағандарға ол «ақылдың құлақтан кіретінін» айтыпты. Ибн Синаның дәрігерлік ақыл-ой парасаты мен емдеу тәсілдерінің айрықша болу себебі, ол тәуіпшілдіктің киелі күшін өз анасының аялы алақанынан, жібектей жұмсақ әуенінен білген екен дейді. Ананың алдына алған баласын арқасынан қағып, ыңылдап әуен салып отырып ұйықтата қоюы – дәрігерліктің басы депті. Орта ғасырлық шипагер сырқатты иландыру арқылы емдеу тәсілін көп қолданғанға ұқсайды. Ең алдымен ауру адамды кеселге қарсы қайраттандыруды қару етіп ұстайды екен. Бірде «Сіз маған бұдан он жыл бұрын өлетінімді айтып едіңіз, шүкір, аман-есен жүрмін» депті біреу шипагерге. «Менің арқамда аман жүрсіз, – депті сонда дәрігер, сізді күш-қайратыңыз бар кезде ауруға қарсы айқасқа шығарып кетіп едім, бәлені жеңген екенсіз ғой...».

Бір күні түнде шипагердің үйіне атты, түйелі екі адам келеді. Олар көлігін есік алдындағы қазыққа байлап, өздері керуен сарайға барып жатады. Ертеңгісін ерте тұрған Әбу Әли ибн Сина жолаушылардың түйесі мен атын жайылсын деп босатып жібергісі келеді. Аттың қазықбау шалынған шылбырын тез шешеді, түйенің бұйдасына келгенде әбден машақаттанады. Шеше алмайды. Со кезде қасына екі жолаушының бірі кеп қалады. Сәлем-сау- қаттан кейін шипагер оған түйенің иесі ақылынан қатты адасқан адам екенін айтады.

Тақсыр, оныңыз рас, бірақ ол кісінің өзін көрмей жатып кеселін қалай біле қойдыңыз? – деп сұрайды аң-таң болған жолаушы.

Есалаң байлаған жіпті ақылды адам шеше алмайды, – депті сонда Авиценна. Бір күні түнде кемеңгер дәрігер керуен сарайға келіп, ұйқыда жатқан адамдарды аралап көреді. Аяқ-қолын жанжаққа жіберіп, емін-еркін жатқан қонағын көргенде ол: «мынау күллі кеселін ұзақ жолына тастап келген екен» дегенді айтады. Оның қасында бүк түсіп жатқан кісіні көріп: «Мынау қайғықасіретке шерменде болып қалған бейшара» депті. Осы пайымдаулардан кейін қасына еріп жүрген шәкірті ұстазынан бәрін қалай білгенін сұрайды.

Көп жүрген адамға ауру ілесе алмайды, ондайлар сондықтан қаннен-қаперсіз ұйықтайды, ал шерменде алқынған өкпесін, маза-

204

сыз жанын басу үшін бүк түсіп жатады, – дейді шипагер. Мал жемейтін, құс шоқымайтын, адамның кәдесіне жарамайтын өсімдікте дәрулік қасиет болатындығын айтып кеткен. Оның сол болжамын бұрынғы-соңғы ғылым теріске шығара қоймағанын жақсы білеміз. Шынында да, шөп атаулының едәуір бөлігінде шипалық қасиет бар. Дәулетті бір кісінің баласы ауырып, Авиценна келгенше қайтыс болады. Баланың әкесі дерттің себебін білмекші болып, дәрігерге анықтап беруін сұрайды. Ұлы шипагер баланың денесіне ота жасап, бүйрегіндегі қатқан қабыршақты алып, өзен жағасындағы жалбыздың үстіне лақтырып тастайды. Бала осы қабыршақтың кесірінен өлген екен. Дәрігер қолын жумақ болып суға беттегенде жалбыз үстіне лақтырған әлгі қабыршақтың еріп кеткенін байқайды. Жалбыздың бүйректі емдеуге шипасы барын солай анықтаған. Халық арасында ғұлама дәрігер туралы аңыз жеткілікті. «Есуас маскүнемнен қорқады» дейтін Ибн Сина бір күні біріне-бірі еріп бара жатқан екі жындыны көреді. Қасындағылар одан «мына екеуінің ең сорақысы қайсысы?» деп сұрайды. «Соңғысы, – деп тез жауап қатады дәрігер, – жындының өзінен гөрі оған ергені жаман»...(«Ел аузынан», шешендік сөздер, аңыз әңгімелер).

1.Ибн Синаның пайымдауынша, ауру ілесе алмайтын адам:

А. Уайым-қайғысыз адам Ә. Көп жүретін адам

Б. Түнде алаңсыз ұйықтайтын адам В. Өзін өмір бойы күтетін адам Г. Өзіне сенімді адам

2.Авиценнаға дәрігерлік, шипагерлік, ерекше емдеу тәсілі мен тәуіпшілдік киесін білдірген адам:

А. Шипагерлікке баулыған ұстазы Ә. Лұқпан хакімнің ілімі

Б. Бойындағы қабілеті мен дәрігерлік зерттеулері В. Анасының аялы алақаны мен жұмсақ әуені

Г. Емделушілерінің ауруды жеңуге деген жігері мен сенімі

3.Шипагердің қайғы-қасіретке шерменде болған науқастың жай-күйін тану амалы:

А. Ұйықтағанда мазасызданып, дөңбекшіп жатуынан Ә. Отырғанда қабағын шытып, күйзелуінен Б. Жүргенде алқынып, демігуінен В. Бүк түсіп үйықтауынан

Г. Істеген ісінің сылбырлығы мен нәтижесіздігінен

205

4.Медицинаның атасы саналатын шипагердің бүйрек ауруына жалбыз шөбінің емдік қасиеті бар екендігін анықтау жолы:

А. Мал жемейтін, адамға қажеттілігі жоқ шөптің емдік қасиетін білетін болғандықтан

Ә. Жалбыздың құрамында адам ағзасын тазартатын дәрумендер болатынын білгендіктен

Б. Қайтыс болған адамның денесіне сараптама жасап, қатерлі санаған қабыршақты жалбыздың үстіне кездейсоқ тастаған сәтте

В. Науқастың бүйрегі қызметін тоқтатқан тұста жалбыз ерітіндісін жиі ішкізу арқылы

Г. Адам ағзасындағы сұйықтыққа жалбыз ерітіндісін қосу арқылы тәжірибе жасағаннан кейін

5.Мәтін бойынша шипагердің науқастарды емдеудегі басты қаруы:

А. Сынақтан өткен тәжірибелі ісі Ә. Науқастың ауыру себебін дәл анықтауы

Б. Науқастың емін шөптен жасалған дәрі-дәрмектермен белгілеуі В. Емделушінің ауру деңгейінің дауалы немесе бейдауа екендігін жасыр-

май айтуы Г. Емделушіні дертіне қарсы жігерлендіру арқылы емдеу тәсілі

6.Орта ғасырлық шипагердің пайымдауынша, дәрігерліктің басы:

А. Ананың әлдиі Ә. Ем болатын дәрмекті өзіңе сынап көру

Б. Науқастың көзі арқылы ем тағайындау В. Аурудың ұйықтаған қалпын қадағалай білу Г. Ананың аялы алақанынан қуат ала білу

7.Ибн Синаның науқастарды емдеу барысында жиі қолданған тәсілі:

А. Алдымен аурудың асқыну деңгейін анықтап алу

Ә. Науқасты өз ауруын жеңе алатындығына сендіре білу Б. Күйзелістен арылтып, көңіл-күйін көтеріп жіберу В. Алдымен аурудың басты себебін анықтап алу

Г. Шипагерлердің бәрі тани бермейтін дәрілік өсімдіктерді пайдалану

8. Берілген мақал-мәтелдердің шипагерлік (емдік) мәнге ие ерекшелігі барын анықтау:

А. Ауру – астан, дау – қарындастан Ә. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде

Б. Көзің ауырса, қолыңды тый, ішің ауырса, аузыңды тый В. Ауру батпандап кіріп, мысқалдап шығады Г. Жаны ашымастың қасында басың ауырмасын

206

ЖИЫРМА ТӨРТІНШІ НҰСҚА

Ғұлама мұраларының ғибраты

Әл-Фараби үлкен ізденістерінің арқасында Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанады. Ғұламаның 1150 жылдық мерейтойына арналған халықаралық бас қосу форумында әр тараптан қатысқан ғалымдар бабамыздың кемеңгерлігін тілге тиек етіп, өз ойларын ортаға салды. Көреген ғалым философия саласы бойынша Аристотельдің көптеген еңбектерін талдап түсіндіргені айтылды. Ол грек тілінде ғана дамып жатқан ғылымның араб, парсы, түрік тілдерінде тәпсірін жасайды. Аристотельдің әлеумет- тік-қоғамдық идеяларын түсіндіріп қана қоймай, оны дамыта білді. Жалпы саны 150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттар жазып қалдырғаны мәлім. Ғалымның еңбектеріне көз салсақ, философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономияны зерттегенін білеміз. Мемлекетті, елді басқару жөнінде ғажап тұжырымдар жасай білген.

Әл-Фарабидің бай ғылыми мұрасына философиялық көзқарас тұрғысында «парасатты ой» ретінде, бірінші кезекте, адамдардың теңдік мәселелеріне, әлеуметтік әділдік пен жалпы игілік проблемаларына арналған шығармалары іріктелді. Ұлы ғұлама, ойшыл ғалым әл-Фараби мұраларының қазақ даласына қайта оралуы және оның мемлекет басқару жөніндегі тұжырымдары әлеуметтік-этикалық, саяси, философиялық, діни көзқарастары қазіргі жаһандану аясындағы қоғамымыз үшін өте маңызды. Қазақ даласы Отырарда дүниеге келіп, түркілік дүниетанымның мүмкіндігін әлемге паш еткен Әбу Насыр әл-Фараби – адамзаттың кемелдікке деген үздіксіз ұмтылысы («Егемен Қазақстан» газеті, 17.06.2020).

1. Мәтін бойынша әл-Фараби бабамыздың қазіргі жаһандану дәуірінде ерекше маңызды болып саналатын еңбектері:

А. Философия, логика, әлеуметтік, саяси көзқарастары Ә. Әлеуметтік теңсіздік, саясат пен этика, түркілік дүниетаным көзқарас-

тары

207

Б. Мемлекеттік басқару тұжырымдары, философиялық, әлеуметтік және діни көзқарастарын білдіретін еңбектері

В. Ғылыми және философиялық трактаттары, діни көзқарастары Г. Әлеуметтік әділдік пен игілік проблемелерын шешу жолдары туралы

еңбектері

2. Мәтін бойынша Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған әлФарабидің түркі халқы үшін құдіреттілігін айқындайтын жетістігі:

А. Философияны араб, парсы, түркі тілдерінде сөйлетуі Ә. Түркілік дүниетанымның мүмкіндігін әлемге паш етуі Б. Мемлекетті басқару тұжырымдарын қалыптастыруы В. Аритотельдің ілімін одан әрі дамытып, жетілдіруі

Г. Ғылым мен өнердің барлық саласында 150-ге жуық трактат жазып қалдыруы

Айтылмаған бір әнім бар...

...Ес білгелі музыка менің әрдайым жанымда. Әкем қарапайым жұмысшы бола тұра, скрипкада керемет ойнайтын. Кәсіби білімі болмағанымен, жаны музыкаға ерекше жақын еді. Анам татар ұлтынан болғаннан кейін шығар, оған арнап үнемі татар әндерін айтатын. Анамның риза болған жүзіне қарап, ерекше шабыттанатын.Үнемі қасында отырып, ол кісінің скрипка тартып, татар әндерін нақышына келтіре шырқағанына қызығатынмын. Әлі дұрыс сөйлей алмасам да, әкемнің сол әндерін ыңылдап айнақатесіз өзіне қайта орындап беруші едім. Сондайда әкем: «Менің қызым атақты әнші болады» дейтін. Алла аузына салған шығар. Анам да әнді жақсы айтатын. Мендегі дауыс, бәлкім, сол анамның сыңғыр үнінен дарыған шығар. Әкем Ахмет 1921 жылы аштық кезінде ата-анасы қайтыс болып, ағасы екеуі Семейге көшіп келеді. Сол жерде нағашысынан пана табады. Соған риза болса керек, балаларын сол кісінің атына жаздырады. Шын мәнісінде, тегіміз Байқонысовтар болуы керек еді. Бірақ мен Төлегенова болдым. Әкем 1937 жылы тұтқындалып, сұрқай саясаттың бұйрығымен бір жылдан соң өлім жазасына кесілді. Ол кезде мен 7 жастамын... Әкем – мәңгілік сағынышым. Мен сол кісіге тартқанмын. Түр әлпетім де, көзім де әкеме ұқсайды. Әлі есімде, 18 жасымда Семейдің ет комбинатында жұмыс істеп жүргенімде ән байқауына қатыспақ болып, Алматыға алғаш рет келдім. Жолда тамағыма суық тигізіп алып, орындаған әнімнің лирикалық

208

бояуы солғындау шықса керек, комиссия мүшелері басқа ән орындауымды сұрап, біраз сұрақ қойды. «Әкең бар ма?» – деді. «Жоқ» деп жауап бердім. «Егер қазір әкең есіктен кіріп келсе, не істер едің?» – деп сұрады әлгі кісі. Бақырып жылап жібердім. Өйткені бұл менің жанды, жаралы жерім болатын. Мұндай әрекет күтпеген комиссия мүшелері жабылып жүріп жұбатты. Одан бері қаншама уақыт өтсе де, әкеме деген сағынышым бір сәт бәсеңдеген емес. Қазір де солай. Есімде еміс-еміс қалыпты, бала күнімде әкем:

Аққу едім-ай көлдегі, Сұңқар едім-ай шөлдегі, Амал бар ма-ау?

Әттең, Тәңірім, Шөлдедім...

деген әнді айтып жүретін. Толық мәтіні есімде жоқ. Тек осы қайырмасы мен әдемі әуені ғана ойымда жатталып қалыпты. Әке дегенде осы бір ән ойымнан кетпейді. Сахнада талай әнді шырқап жүрмін ғой. Бірақ менің өмірімде айтылмаған бір ән бар. Ол әкем салған ән еді... («Егемен Қазақстан» газеті, 19.06.2020. Бибігүл Төлегенова, Еңбек Ері, КСРО халық әртісі).

1. Қазақтың күміс көмей әншісі Бибігүл Төлегенованың Алматыға алғаш келгендегі мақсаты:

А. Әншілік өнерге баулитын оқу іздеп Ә. Әкесінің «Менің қызым атақты әнші болады» деген арманын орындау

үшін театрға жұмысқа тұруға Б. Айтылмаған бір әнін іздеп

В. Ән байқауына қатысып, бағын сынамақ үшін Г. Семей ет комбинаты өнерпаздарымен бірге концерт қою үшін

2. Жас әншінің «Қазір әкең есіктен кіріп келсе, не істер едің?» деген сұраққа берген жауабы:

А. Бұл – менің жанды, жаралы жерім Ә. Әкем – мәңгілік сағынышым Б. Бақырып жылап жібереді В. Әкем туралы ән айтамын

Г. Әкем орындайтын әнді айтар едім

3. Әлі дұрыс сөйлей алмайтын бала Бибігүлдің қызығатын дүниесі:

А. Әкесінің татар әндерін нақышына келтіре шырқап, скрипкада ойнауы

209

Ә. Әкесінің айтқан әндерін сол күйінде әуенімен қайталап беруі Б. Әкесінің «менің қызым атақты әнші болады» деген сөзін қайталатуға В. Анасының ән айтқандағы сыңғырлаған үні Г. Тарта алмаса да, скрипканы қолынан тастамауы

4. Өнер әлемінде аңызға айналған Бибігүл Төлегенованың айтылмаған

әні:

А. Әкесіне арнаған жеке әні Ә. Анасының шырқап кеткен әуезді әуені

Б. Әкесі секілді скрипканың сүйемелдеуіндегі татар халқының әні В. Еміс-еміс қайырмасы есінде қалған, әкесі ыңылдап айтып жүретін ән Г. Әкесі мен анасына деген мәңгілік сағыныш әні

Басқа пәле тілден

Ертеде бір данышпан өмір сүріпті. Оның үш ұлы, бір қызы болыпты. Қызы да, ұлдары да ақылды болыпты. Күндердің күнінде ол кісі қартайып, түнімен дөңбекшіп ұйықтай алмай жүріпті. Мұны сезген кемпірі мен қызы:

Сізге не болды, бір жеріңіз ауырып жүр ме, жоқ әлде алыс жүрген балаларыңызды сағынып жүрсіз бе? – дейді.

Иә, сағындым. Оның үстіне бір арманым ішімде кетіп барады. Сонда қызы:

Арманыңызды айтыңыз, мүмкін көмегіміз тиіп қалар, – дейді. Шал арманын айтады:

Ешқандай құпия жоқ. Менің үш ұлым да ақылды. Сонда да біреуінің ақылы артығырақ болуға тиісті. Соны білу – менің арманым. Қызы сәл ойланып:

Ой, әке, осыған да қиналасыз ба? Қыдырып барып, балаларыңызды сынап келіңіз, – деп қыз бен кемпір жол қамына кіріседі. Азығын, сусынын дайындап, атын ерттеп беріп, жолға салып жібереді...Бір күні үлкен ұлына жетеді. Баласы зор құрметпен қарсы алып, қолынан келгенше сыйлайды. Екі-үш күн жатып, мауқын басып, қайтпақшы болады. Баласы тағы да қой алдырып сойғызады. Тамақ піседі, етін қазаннан түсіріп қойып, нанын салып жатқанда, шал баласына қарап:

Қарағым, ана етіңнің жақсы жерінен бір кесіп берші, – дейді. Ұлы жақсы жері дәу де болса санның еті шығар деп, сан етінен кесіп береді. Шал аздап ауыз тиіп:

210

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]