Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

21

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.04 Mб
Скачать

ƏЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТI

АБАЙТАНУ

ТАҢДАМАЛЫ ЕҢБЕКТЕР

IX том

Алматы «Қазақ университеті»

2016

ӘОЖ 821.512.122.0 КБЖ 83.3(5Қаз) А 13

Баспа­ ға­ әл-Фара­ би­ атында­ ғы­ Қазақ­ ұлттық­ универ­ си­ те­ ті­ фило­ ло­ гия­ , әдебиет­ та­ ну­ және­ әлем тілде­ рі­ факуль­ те­ ті­ нің­ Ғылы­ ми­ кеңе­ сі­ және Редакциялық-баспа кеңесі шеші­ мі­ мен­ ұсыныл­ ған­

(№1 хатта­ ма­ 6 қараша 2015 жыл) Әл-Фара­ би­ атында­ ғы­ Қазақ­ ұлттық­ универ­ си­ те­ ті­ жанын­ да­ ғы­

Абай ғылы­ ми­ -зерттеу­ инсти­ ту­ тын­ ­да дайын­ дал­ ған­

ҒЫЛЫМИ-РЕДАКЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС Ж. Дәдебаев (төраға), Ө. Әбдиманұлы, З. Бисенғали, Т. Есембеков,

Б. Жақып, А. Жақсылықов, Қ. Мәдібаева, Ж. Молдабеков, З. Сейітжанов, Ә. Тарақ, А. Темірболатова, Ж. Тілепов, Р. Тұрысбек,

П. Бисенбаев (хатшылар тобының жетекшісі), И. Әзімбаева (жауапты хатшы), Ә. Жапарова (хатшы)

Пікір­ жазған­

фило­ ­ло­гия ғылым­ ­да­ры­ның докто­ ­ры, профес­ ­сор Ә. Тарақ

Жалпы редакциясын басқарған

фило­ ­ло­гия ғылым­ ­да­ры­ның докто­ ­ры, профес­ ­сор Ж. Дәдебаев

Авторлар:

Ж. Дәде­ баев­ , Ә. Тарақ, А. Көпбасарова, М. Қожақанова Қ. Сандыбаева, А. Сайдажиева, А. Кіребаева, А. Түнкер

Жауапты редактор

фило­ ло­ гия­ ғылым­ да­ ры­ ның­ докто­ ры­ , профес­ сор­ З. Сейітжанов

А 13 Абайтану. Таңда­ ма­ лы­ еңбек­ тер­ . IХ том. Пәнаралық зерттеу / Ж. Дәде­ баев­ , Ә. Тарақ, А. Көпбасарова­ , М. Қожа­ қанова, Қ. Сандыбаева, А. Сайдажиева, А. Кіребаева­ , А. Түнкер; жауапты­ ред. З. Сейітжанов; жалпы­ ред. басқ.

Ж. Дәдебаев­ . – Алма­ ­ты: Қазақ­ универ­ ­си­те­ті, 2016. – 291 б.

ISBN 978-601-04-1617-8 (ортақ)

ISBN 978-601-04-1717-5 (IХ том)

Бұл томда Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын қабылдау, ақын шығармашылығының мәдениетаралық өрісі мен байланыстары, асыл нұсқа мен аударма мәселелері қарастырылған. Авторлық дүниетаным (түсіну, пайымдау, бағалау), мазмұн мен мағына, образ және образдылық, ұлт­ тық және жалпы адамзаттық құндылықтар, оларды қабылдау, пайымдау және аксиологиялық талдау бағыттарындағы жаңа ғылыми ойларға негізделген.

Кітап абайтанушыларға, магистранттар мен докторанттарға, Абай әлемін терең тануға талаптанған көпшілік оқырманға арналған.

Том 3979/ГФ4 – «Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын пәнаралық зерттеу» бағдарламасы аясында дайындалып, жарық көріп отыр.

 

ӘОЖ 821.512.122.0

 

КБЖ 83.3(5Қаз)

ISBN 978-601-04-1617-8 (ортақ)

© Авторлар ұжымы, 2016

© Әл-Фара­ ­би атында­ ­ғы ҚазҰУ жанындағы

ISBN 978-601-04-1717-5 (IХтом)

Абай ғылыми-зерттеу институты, 2016

2

КІРІСПЕ

Бұл том – Абайдың мəдениетаралық байланыстары, Абай шығармашылығының мəдениетаралық өрісі жəне Абай мұрасын түсіну, пайымдау, бағалау туралы. Абайдың мəдениетаралық байланыстары, Абай шығармашылығының мəдениетаралық өрісі – Абайдың шығармашылық мұрасымен ажырамас бірлікте көрініс тапқан құбылыс. Ақын шығармашылығының өзегіндегі ұлттық жəне жалпыадамзаттық құндылықтардың тамыр тартқан тереңін тануқандаймаңыздыболса, солқұндылықтардыңАбайдыңмəдениетаралық байланыстарындағы, Абай шығармашылығының мəдениетаралық өрісіндегі өнімін тану мен таразылау да сондай өзекті.

Абайдың мəдениетаралық байланыстары, Абай шығармашылығының мəдениетаралық өрісі мəселелерін зерттеу мен зерделеуде іргелі, арналы екі сала бар. Оның бірі – Абайдың өзінің қабылдауыменпайымдауыөрісіндегіқұндылықтарсаласы. Екіншісі – Абайдың шығармашылық мұрасын өзгелердің қабылдауы мен пайымдауы өрісіндегі құндылықтар саласы.

Зерттеуде Абай шығармашылығының мəдениетаралық өрісі, Абайдың мəдениетаралық байланыстары осындай екі сала бойынша сарапталып, қарастырылады.

Бірінші тарауда мəдениетаралық байланыстардың басты арнасы туралы сөз болады. М. Əуезовтің пікірлері мен қағидаларын саралау негізінде мəдениетаралық байланыстар өрісінде мынадай ойдың айқындалатыны көрсетіледі: а) аудармашының белгілі автордың белгілі шығармасын өз жанынан сарын қосып, «шабыттана əңгімелеуі» – нəзира үлгісі; ə) арғы-бергідегі «ауызша да, жазбаша да хикаялардың бəрінен құралып, қазақ халқы арасында ертегіше тарап кеткен», «белгілі бір автордың шығармасында пайдаланылған» «батыр жорықтарының жиынтық жырлары», аңыз-əңгімелер негізінде жазылған шығарма аудар-

3

ма емес, авторлық туынды болып табылады. Тарауда М. Əуезов сараптауларынан туатын екі пікірдің де ғылыми жəне практикалық маңызы зор екендігі пайымдалған. Осы бағыттағы ойлардың желісімен Низами, Науаи шығармашылығы негізінде мəдениетаралық байланыстардың дəстүрлі арналары, олардың Абай шығармашылығы арқылы жалғасу бағыттары жайында сөз болады.

«Классикалық үлгі» деп аталатын екінші тарау, негізінен, Абайдың нəр алған бастаулары, аудармашылық өнерінің асқан биіктігі хақында. Авторлар өз талдауларында Гетенің өлеңінің орыс тіліндегі аудармаларының бастыларын, ал қазақ тіліндегі аудармаларының бəрін толық қамтыған. Соңғыларының қатарында Гетенің өлеңінің поэтикалық аудармаларымен қатар қазақ, орыс тілдеріне жолма-жол аудармалары да, Абайдың аудармасының жолма-жол орыс жəне неміс тіліне тікелей кері аудармалары да ғылыми айналымға енгізілген. Соның нəтижесінде ГетеніңаталғанөлеңінқазақтілінеаударудағыАбайдыңтеңдессіз ақындық шеберлігінің бұған дейін белгісіз болып келген жаңа, жарқын қыры ашылады, Абайдың Батыс мəдениетіне қатысы пайымдалады. Табиғаттың тылсым қасиетін оның əсем көрінісіменұштастырыпшеберсуреттеуАбайаудармасынМ.Ю. Лермонтовтың орысша нұсқасынан асырып түсіретіні, аударманың түпнұсқа деңгейінен асып түсуі сирек кездесетін құбылыс екендігі туралы тұжырымдар жасалған.

Томның келесі тарауларында Абайдың ақындық өнері, авторлық дүниетанымы жəне олардың басқа тілдерге аударылу жайы, Абай шығармашылығын аудармашылардың түсіну, пайымдау, сараптау деңгейлері қарастырылады. Абайдың шығармашылық мұрасының, өзекті ойлары мен қағидаларының басқа тілдерге аударылуындағы ізденістер, жеткен жетістіктер мен кемшіліктер жан-жақты талданып, бағаланады. Ақынның өзекті ойлары мен образды бейнелеу құралдары, оларды басқа тілдерге (түркі халықтарының тілдеріне; орыс тіліне; алыс шетел тілдеріне) аудару мəселелері ақынның белгілі бір шығармасының басқа бір тілдегі бірнеше аударма нұсқалары негізінде де, бір емес,

4

бірнеше тілдердегі аударма нұсқалары негізінде де сарапталады. Абай шығармаларының басқа тілдерге аударылуы, басқа тілді оқырмандардың Абай шығармаларын қабылдауы бағытындағы жетістіктері лайықты сипатталады. Сонымен қатар мəдениетаралық өрісте Абай шығармаларын қабылдаудың деңгейлерітуралыбайсалдыойларайтылады. Абайөлеңдерініңасыл нұсқасындағы ұлттық сипаты қанық поэтикалық өрнектердің ешқайсысы да аудармада тиісті баламасын таппағаны жайында пікір ұсынылады.

Еңбек кіріспеден, тоғыз тараудан жəне қорытындыдан тұрады. «Кіріспе» мен«Қорытынды» бөлімдерін, «Мəдениетаралық байланыстар», «Авторлық дүниетаным» тарауларын – Жанғара Дəдебаев, «Классикалық үлгі» тарауын – Əнуар Тарақ пен Мəдина Қожақанова, «Көркемдік бейнелеу құралдары мен өзекті ойлар» тарауын – Айнұр Көпбасарова мен Мəдина Қожақанова, «Асыл нұсқа жəне аударма», «Мазмұн мен мағына» тарауларын – Айнұр Көпбасарова, «Образ жəне образдылық», «Қабылдау мен пайымдауарналары» тарауларын– МəдинаҚожақанова, «Көркем ақпарат: аңғару мен аудару» тарауын – Құралай Сандыбаева, Айдана Сайдажиева, Айдана Кіребаева, Айсұлу Түнкер жазған.

I тарау

МƏДЕНИЕТАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР

1

Мəдениетаралықбайланыстараясынданəзира, «сарынқосу», дəстүрлі сюжеттік желілерді жаңаша баяндау секілді шығармашылық үлгілерінің алатын орны үлкен. Нəзира дəстүрінің теориялық жəне практикалық мəселелерін қарастырып, оның түркі халықтары əдебиетінің ірі өкілдерінің шығармашылығында алатын орнын, маңызын анықтаудың өзектілігі зор.

Нəзираны нəзира үшін, сарын қосуды сарын қосу үшін, дəстүрлі сюжеттік желілерді дəстүрлі сюжеттік желілер үшін қарастырып, пайымдауғылымитұрғыдатұрлаулытұжырымдарғанегіз болаалмайды.Аталғанмəселелердімəдениетаралықбайланыстар, əдеби-шығармашылық қарым-қатынастар аясында қарастырған жағдайда ғылыми ойлаудың жаңа деңгейіне, ғылыми зерделеудің соны нəтижелеріне қол жеткізуге болады. Бұл ретте, əрине, ғылыми айналым қорындағы ойлар мен пікірлерді ғылымның бүгінгі күнгі жетістіктері тұрғысынан саралап шығудың маңызы үлкен екендігінде сөз жоқ. Осы тұрғыдан келгенде, Абайдың Лермонтовтан, Пушкиннен аудармалары жайында М. Əуезов айтқан ойларда ғылыми жəне əлеуметтік тұрғыда маңызды мəселелерді пайымдауға бастайтын терең негіз бары байқалады.

Абай ғұмырнамасының екінші нұсқасында (1940) М. Əуезов ақынның М.Ю. Лермонтовтан аудармалары туралы ойын бастапқықалпындасақтайдыда, үшіншінұсқада(1944) айтарлықтай толықтырады, жаңа тұжырымдар жасайды. Кейінгі нұсқада автор Абайдың бірқатар өлеңдерді дəл аударатынын, ал енді бірде, «əсіресе Пушкиннің «Евгений Онегинін» əдейі бір кең толғаумен

6

өзінше еркін жырлап жеткізетінін» [1, 327] атап өтеді. «Бұл тұстарында Абай Пушкиннен аударма жасамай, оның орнына Абай Пушкиннің ізімен, жаңа жайларды жырлап кетеді» [2, 9]. Сөйтіп автор Абайдың мұнысын аударма ғана емес, сарын қосу сияқты бір жол екендігіне назар аударады. Асыл нұсқа авторының «сезіміне, əңгімесіне, ой толғауына сүйсіне отырып, ақынның өз ішінен де соған үндес қоғамдық сыршылдық, эстетикалық сыр шығарып, қосыла күңіреніп қатар шабыттануын» [1, 327] М. Əуезов «сарын қосу» ретінде бағалайды.

М. Əуезовтің мəдениетаралық байланыстар, көркем аударманың тарихы мен теориясы, нəзира дəстүрі аясында айтқан осы кейінгі ойының айналасында əлі толастамай, тоқтамай келе жатқан ізденістер бар. Ғалымның тұжырымдары негізінде əдеби шығармашылықтың осы түрі туралы бірнеше ой түюге болады: а) Абайдың аудармасында Пушкиннің өзі жоқ, сарыны бар; ə) Абайдың аудармасында Пушкиннің сарыны бар, Абайдың сарыны бар; б) Абайдың «Егений Онегиннен» жасаған аудармасының асыл нұсқасы бар, бірақ Абайдың аудармасын Пушкин шығармасының аудармасы деу қиын; в) Пушкиннің «Евгений Онегинінен» Абайдың жасаған аудармасын Абайдың төл шығармасы деудің де қисыны келмейтін сияқты, т.б.

Абайдың сарын қосып аударған, асыл нұсқамен жарыса отырыпжасағаншығармаларынаудармаемесдеуойғақайшыкелетіні рас. СөйтетұраолардаАбайдыңөзініңшығармашылықдаралығы, авторлық тұрғысы, өзіндік өрнегі жоқ деп айтуға жəне болмайды. Қалай дегенде де осы бір ерекше шығармашылық құбылыстың мəнін дəл анықтау, оның ұғымын толық танытатын термин табу оңай емес. «Сарын қосу», «еліктеу» секілді бүгінде қолдануда бар сөздер бұл ұғымды көтере алмайтындай көрінеді. Айтылған ойлардың əрқайсысы айналасында арнайы пайымдаулар жасауға болады. Айналып келгенде, М. Əуезов анықтаған «сарын қосу» ұғымына қайта айналып соғуға тура келеді. Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы зерттеулерінде осы ойды басқа бір қырынан ашады: «Евгений Онегин» үзінділері аудармадан гөрі Пушкин романын шабыттана əңгімелеуге ұқсайды. Бұл ретте

7

Абай шығыс поэзиясында ертеден қалыптасқан «нəзира» үлгісін қолданып, өзінен бұрынғы ақындардың тақырыбы мен сюжетін жаңаша баяндайды» [2, 32], «өлең жазу дəстүрін («Нəзира») қолданып, өзініңұлыұстазыныңбұлтамашашығармасыныңбүкіл сюжетін (мазмұнын) өз сөзімен, өз тілімен қайта жазып шығады» [3, 168]. Осы айтылған пікірлерді жинақтап саралағанда, «сарын қосу» ұғымы«нəзира» ұғымыменбірекендігібелгіліболады. Бұл Абайдың «Евгений Онегиннен» жасаған аудармаларының нəзира үлгісі екендігі туралы тұжырылған маңызды пікір еді.

М. Əуезовтің аударма, нəзира дəстүрі туралы ойларының жүйесіндебіререкшеқағидабар. Оныңмəніжазушының«Рүстемдастан» поэмасына алғы сөз» деп аталатын еңбегінде ашылған. Автор Рүстем жайындағы əңгімелердің төркіні Фирдоусиден басталмайтынын, одан бұрын да Рүстем турасында көне аңыз, əңгімелер көп жайылғанын айта келіп, Тұрмағамбет Ізтілеуовтің «Рүстем-дастаны» арғы-бергідегі(соныңқатарындаФирдоусидің де еңбегінен ауысқан) «ауызша да, жазбаша да хикаялардың бəрінен құралып, қазақ халқы арасында ертегіше тарап кеткен батыржорықтарыныңжиынтықжыры»екендігіжөніндетұжырым жасайды. Осы ойын дəйектей түсу үшін, автор «қазақтың кейбір ақындары «Мың бір түн» ертегілерінен алып жыр-дастандар жазатынын, Т. Ізтілеуовтің тəжірибесінен сондай еңбек мысалы көрінетінін» еске салады. М. Əуезов, осылайша, Т. Ізтілеуовтің «Рүстем-дастанының» Фирдоусидің «Шаһнамасынан» тікелей жасалған аударма емес, сол Фирдоуси үлгісімен халық ақыны Тұрмағамбеттіңөзі өлеңетіп жазған Рүстемжөніндегі дастанның қазақша варианты» [4, 457] екендігі жөнінде тұжырымға келді. Бұл қағиданың мəні – терең. Т. Ізтілеуовтің «Рүстем-дастаны» негізінде қалыптасқан ғылыми ойлар қорында М. Əуезовтің осы қағидасының орны зор деп білгеніміз дұрыс. Т. Ізтілеуовтің «Рүстем-дастаны»: а) Фирдоуси«Шаһнамасынан» тікелейжасалған аударма емес; ə) Т. Ізтілеуовтің «Рүстем-дастаны» Фирдоуси үлгісімен халық ақыны Тұрмағамбеттің өзі өлең етіп жазған Рүстем жөніндегі дастанның қазақша варианты екені туралы осы пікірлерді дұрыс түсіну шарт. Екі пікірдің екеуі де – негізді.

8

Бірінші пікірге алып-қосатын ештеңе жоқ. Дəл. Тура. Дұрыс. Екінші пікір туралы да осыны айтуға болады, бірақ бұл пікірді түсіну мына ұғымдар айналасында терең ойлауды талап етеді: а) Т. Ізтілеуовтің «Рүстем-дастаны» – шығармашылық туынды; ə) Т. Ізтілеуовтің«Рүстем-дастаны» аударматуындыемес; б) Т. Ізтілеуовтің «Рүстем-дастаны» – «Рүстем жөніндегі дастанның қазақша варианты»; в) Т. Ізтілеуовтің «Рүстем-дастаны» – нəзира үлгісінде жазылған шығарма.

Біздің ойымызша, осы пікірлердің бəрі өзара шектес, өзара сабақтас, өзара мəндес, мағыналас. Т. Ізтілеуовтің «Рүстем-дас- танын» осы анықтамалардың біреуі негізінде сипаттағанның өзінде, оның мазмұнынан қалған анықтамалардың мəні ашылып тұрады. Т. Ізтілеуовтің дастанында нəзира дəстүрі жалғаспады деп айтуға болмайды.

Абайдың Пушкиннен аудармалары туралы М. Əуезовтің жоғарыда айтылған ойларынан екі нəрсенің жайы анықталады: а) А.С. Пушкиннің«ЕвгенийОнегині» – көркемəдебиеттіңүлгісі. Шығарманың тақырыбы, идеясы, сюжет, тартыс желісі, образдар жүйесі – бəрі де автордың шығармашылық еңбегінің жемісі. Сондықтан Абайдың оның үзінділерін аударуы нəзира үлгісінде жазылған шығарма болып табылады; ə) Т. Ізтілеуовтің «Рүстемдастанына» негіз болған тақырып, идея, сюжет, тартыс желісі, образдар жүйесі – бəрінің де төркіні Фирдоусиден басталмайды, одан бұрын да Рүстем турасында көне аңыз, əңгімелер көп жайылған. Т. Ізтілеуов «Рүстем-дастанын» арғы-бергідегі, Фирдоусидің де шығармасында пайдаланылған, «ауызша да, жазбаша да хикаялардың бəрінен құралып, қазақ халқы арасында ертегіше тарап кеткен батыр жорықтарының жиынтық жырлары», аңызəңгімелер негізінде жазған.

Анықталған осы екі жайдың негізінде автордың екі пікірінің өзегі байқалады: а) аудармашының белгілі автордың белгілі шығармасын өз жанынан сарын қосып, «шабыттана əңгімелеуі»

– нəзира үлгісі; ə) арғы-бергідегі, белгілі бір автордың шығармасындадапайдаланылған, «ауызшада, жазбашадахикаялардың бəрінен құралып, қазақ халқы арасында ертегіше тарап кеткен

9

батыр жорықтарының жиынтық жырлары», аңыз-əңгімелер негізінде жазылған шығарма аударма емес, нəзира емес, авторлық туынды болып табылады. Екі пікірдің де ғылыми жəне практикалық маңызы зор.

2

Түркі халықтары əдебиетінің мəдениетаралық өрісінде нəзира үлгісі, нəзира дəстүрі Низами (1141-1202), Науаи (14411501) тұсында ерекше кең қанат жайды. Осы орайда Низами шығармашылығы, оның хамса үлгісіндежазылған атақты шығармалары ерекше көзге түседі.

Түркі поэзиясының жарқын жұлдыздарының бірі Низами Əзірбайжанның Гянджа қаласында дүниеге келді. Əуелде азан шақырып қойған аты – Ілияс. Низами – лақаб аты, «сөз ұстасы» деген мағынаны білдіреді.

Ақынның өмірі, туысқандық айналасы туралы оның өз заманындахатқатүскенмəліметтержоққатəн. Низамитанушылар ақынныңөмірбаяныноныңөзшығармаларынегізіндебаяндайды. «Лəйлі-Мəжнүн» поэмасында автор өзінің əкесі Жүсіп, атасы Зəки, тегі көне күрдтер тұқымынан тараған анасы, нағашы ағасы Омар қажы жайында құрметпен еске алады [5, 53-54].

Гянджа қаласы ХІІ ғасырдың өркен жайған, қолөнері, саудасаттық, ғылым мен білім, ақындық өнер кең қанат жайған ірі мəдениет орталығы еді. Онда əлемнің көрнекті ғалымдары, зергерлері, сəулетшілері, ақындары мен жазушылары, ойшылдары əр жақтан келіп бас қосып жатты. Қаланың бай кітапханасында ғылымның бар саласы бойынша бағалы кітаптар мен көне дəуірлерде жазылған неше түрлі құнды қолжазбалар болды. Низами шəкірт шағында өз заманының талаптарына сай келісті білім алды. Арифметика, алгебра, геометрия, астрономия, астрология, химия, минерология, медицина, логика, философия, география, тарих, тіл, этика, əдебиет, өлең теориясы сияқты пəндерді оқыды. Өз заманының алдыңғы қатарлы ғұламасы болып қалыптасты. Жаратылыстану, əлем жаратылысы туралы өзіне дейінгі ғылыми ойларға сын көзімен қарады. Аспан əлемі

10

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]