Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

21

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.04 Mб
Скачать

тілінің бай қазынасынан, сан түспен құлпырып жайнаған гүлбақшасынан ақын қалағанын табады. Ол көзіне түсіп, көңіліне көшкен осы қазына-байлықтың игілігін елге көрсетеді. Осы игіліктердің қатарында ақынның қаламынан «Балалық базары» (Гаройбус-сигар»), «Жастық жарқылы» («Наводируш-шабоб»), «Жігіттік жемістері» («Бадоеул-васат»), «Қарттық ғибраттары» («Фавоидул-кибар») секілді жыр жинақтары туады. Төрт жинақ ақынның атын шығарды, түркі пэзиясының жарығы мен жарқылының салтанатын əлемге танытты. Осыдан кейін ақын, «Екі тілдің сыны» трактатында көрсеткеніндей, Низами мен Дехлевидің хамсаларына жауап ретінде нəзира дəстүрінде өз «Хамсасын» жазуға ниет етеді. Бұл белгілі бір тақырыпта, белгілі сюжеттер мен образдар негізінде ақындық өнер жарыстырудың дəстүрлі үлгісі еді. «Хамсаның» бірінші дастанының («Хайратулаброр») жазылуына Низамидің шығармашылығы («Махзануласрор») əсер етеді, екінші дастанының жазылуына («Фарход ва Ширин») Мир-Хұсырау Дехлевидің өнегесі («Ширин ва Хосров») түрткі болады, үшінші дастанының («Лайли ва Мажнун») жазылуында да осы авторлардың көркемдік кестелерінің өрнегі өнеге береді, төртінші дастанды («Сабъаи-Сайёра») жазарда автордың көзі Ашрафтың «Жеті кереметіне» түседі, бесінші дастанды («Садд-и Искандари») жазарда Жəмидің «Даналық кітабынан» («Хираднома») қолдау табады. Осы əсердің кең арнасы нəзира дəстүріне келіп саяды. «Хамса» құрамындағы əр дастанның жазылуын белгілі бір автордың белгілі бір шығармасының айрықша қасиетінің əсерімен байланыстырғанмен, ақын Низами мен Дехлеви көрсеткен бағыттан жаңылмайды. Жас кезінде өзі қатты сүйсініп, қызығып оқыған Ф. Аттардың «Құстар тілі» кітабынан алған əсерінің ізімен «Құстар тілі» деген кітабын аяқтайды. Автор Низами, Дехлеви, Ашраф, Аттар, Сағди, Жəми, Хафиз секілді алуаналуан жүйріктердің шығармаларында көрініс тапқан сюжеттер мен образдарды, сарындарды жетілдіріп, дамытып, жаңаша пайымдап, нəтижесінде мазмұн жағынан да, пішін жағынан да теңдесі жоқ ғажап поэзиялық туындыларды дүниеге алып келді.

31

Олар нəзира дəстүрінде жазыла тұра, автордың шығармашылық тұлғасына, шығармашылық ойлауына тəн даралықты да барынша жарқыратып көретті. Н.И. Конрад Науаидың шығармашылық өнерінің осы ерекшелігі негізінде мынадай пікір білдірді: «Біреудің шығармасын өзге тілде жазып шығу ол кездерде шығармашылық, тіпті еркін шығармашылықтың үлгісі еді» [25, 344]. Бұл пікірдің дұрыс жағы бары рас. Сонымен бірге бұл жерде М. Əуезовтің [26], И.В. Стеблеваның [27] пікірлерін ескеруге тура келеді: Науаидың басқалардың шығармаларын өз тілінде жырлағаны жайындағы пікірге абай болған дұрыс. Шындығында Науаидың «Хамсасында» көрініс тапқан образдарды, сюжет желілерін, оқиғалар тобын белгілі бір авторға телудің реті жоқ. Өйткені олар əуелі ел ішінде ауызша айтылып, тараған. Олардыбелгілібіравторөзшығармасындаөзтұрғысына сай пайдаланған. Осындай ел ішінде кең тараған сюжеттік желілерді жазбаша жырлаудың негізінде нəзира дəстүрі, белгілі бір тақырып бойынша ақындардың шығармашылық жарысы, өнер жарыстыруы да бар еді. Науаидың өзіне дейінгі ақындармен өнер жарыстыруында ерекше шығармашылық ұстаным болды. Ол өзге тілде жазылған шығармалардағы белгілі, дəстүрлі тақырыпты, оқиғалар желісін, образдар жүйесін өз тарапынан жаңартып, толықтырып, байытып жырлады. Бұл нəзира дəстүрін жалғастырудағы нағыз жаңашылдық еді. Екіншіден, ақын белгілі бір тақырыпта хамса жүйесінде өзге тілде жазылған келісті шығармаларға қарағанда түркі тілінде олардан асып түспесе кем түспейтін, көркемдігі кемел туындылар жазуға болатынына көз жеткізуді мақсат еткен еді. Ақын бұл мақсатына жетті.

Автор екі тілдің сыны туралы трактатында «Хамса» атымен топтастырылған тамаша бес поэмасының өнер сүйер көпшіліктің ыстық ықыласына бөленгенін қанағат тұтып қала бермей, шығармашылық ізденістерінің өрісін кеңейте бергеніне назар аударады. Осы ізденістерінің нəтижесінде «Таңдаулы тауарихын» («Зубдатут-таварих») жазып, өмірден өткен сұлтандардың атын тірілтіп, көркембейнелерінжасады, «Махаббатсамалын» («Насо- имул-мухаббат») жазып, əлемді əділет жолында болғандардың

32

қасиетті рухының сəулетімен əрледі, заманының белгілі ақындарының шығармашылық өмірінің өнегесін «Зиялылармен мəжіліс» («Маджалис ан-нафа’ис») кітабында баяндады, «Сүйген жүрек» кітабындақоғамдық, əлеуметтікойларын, философиялық көзқарастарын жинақтады, өлең өлшемдерінің теориясы туралы «Өлең өлшемінің таразысы» («Мезонул-авзон») атты еңбегін, басқа да шығармаларын жазды. Аталған шығармалардың тобында ақынның «Қырық хадис» кітабы ерекше дараланады. Онда Мұхаммед пайғамбардың (Ғ.С.) хадистерінен таңдалып алынған қырық хадистің əрқайсысының ғибраты төрт жол өлеңде өрнектеледі.

Ақын өз шығармаларының көркемдік қасиетін жоғары бағалап, олардың жарығы мен жарқылы өнер көгінің ең биігінен көрінетіні туралы пікір түйеді. Автор бұл пікірінде ешқандай асыра сілтеудің жоқтығын арнайы ескертеді, өзінің түркі тілін құлай сүйіп, парсы тілін жетік білмейтіні себепті осындай пікір білдіргені туралы күдіктенушілер болуы мүмкіндігін де ескереді. Мұндай жандарға ол парсы тілін өзінен жетік білетін, парсы тілінің байлығы мен тазалығын ғана емес, оның ең бір нəзік қырларын да өзінен артық білетін адамның жоқтығын батыл айтады. Мұндай кемел деңгейге жетуінің сырын ақын өзінің сөз өнеріне жастайынан құмарлығымен, сөз өнерінің келісті үлгілерімен жасынан жете таныс болуымен сабақтастырады. Оқуға лайықты шығармалардың ішінде өзі зейін қойып оқымағандарының аздығын, ал Дехлевиден, Хафизден, Жəмиден көл-көсір саз бен сыр, ой мен сезім қазынасын, шеберлік үлгісін тапқанын жазады. Өз ойларының ажарын аша түсу мақсатында автор Дехлевидің мына бір даналық сөзіне назар аударады: «Егер менің жүз мыңнан астам бəйіттен тұратын жинағымдағы (диванымдағы) ғазалдар, бəйіттер, қасыдалар бақидың бетінен ғайып болып, дүниенің жүзінен жуылып кетіп, тек бір қасыдам қалса, онда соның толықсыған мəні ғылым адамдарының менің қадірқасиетімді лайықты бағалауына жеткілікті негіз болмақ». Ақын Дехлевидің шабытпен, сезім құшағында отырып айтқан осы сөзінен үлкен əсер алады. Сол əсердің түрткі болуымен

33

өзін-өзі сынға салады. Науаи Дехлевидің бір шығармасындағы қасыданың екі жолын мысалға келтіреді. Оның мағынасы мынадайболыпкеледі: Шахтыңбарабаныныңішібосқуыс, бірақоның даңғырынан бас ауырады. Кім азға қанағат ететін болса, жер мен судың қожайыны – сол. Наваи Дехлевидің қасыдасының осы екі жолына орай Жəмидің бір шығармасында тектес екі жол өлең барын көрсетеді. Оның мəнісі мынадай: Падишахтың сарайының төбесіндегі əшекей тістер Сатурн сарайынан биік, бірақ одан иман қамалының қабырғаларына жарықшақ түседі. Екі ақынның шығармаларының жүйесіндегі осы ойлардың маңызын аша отырып, ақын өзінің бір шығармасынан («Тухфатул-авкар») екі жол өлең келтіреді. Ол мынадай мағынада: Падишах киген тəжге сəнберіптұрғаншоқтайрубин– балқығанкөмір, оныңбасындағы шикі ойларды сол пісіреді.

Ақынның ой сарабынан өткен өлең жолдары, Дехлеви айтқандай, өлең біткен өшсе де өшпейтін ақындық даналық үлгісі туралы ойдың аясында пайымдалған. Ақындық өнердің өшпес жарығынавторосыжолдардағыойлардыңтеңдессізтереңдігімен шендестіріп сипаттайды.

Науаи өзінің қаламынан туған өлең жолдарын көкке көтеріп, оны мақтауда сыпайылық сақтағанын айтады. Негізі, өзінің қабілетін, ақындық артықшылығын тануға, бағалауға келгенде, ақын тартынып қалмайды, ашық айтады, бейнелеп, əсірелеп айтады. Бірақшындықтантаймайды, өзіайтыпотырғандай, сыпайылықты да сақтайды. Жақын туысқандарының өлең өнеріне жақындығы, дастархан басында, басқа жерлердегі басқосуларда олардың өзге ақындармен бірге жазған өлеңдерін жатқа оқулары оның сөз өнеріне деген құштарлығын ерте оятып, бойындағы ақындық қабілеттің ерте жетілуіне ықпал етті. Үш-төрт жасында-ақ қонақтардың алдында жатқа өлең айта бастағанын ескергенде, ақынның өз өнері жайында ашық айтқан сырларында ешқандай асыра сілтеушіліктің жоқтығына көз жеткізуге болады.

Науаидың екі тілдің сыны туралы трактатында түркі əдеби тілінің сөздік қорының байлығы, сөз тудыру тəсілдерінің көптігі, тіршілікте, тілдік қарым-қатынаста аңғарылған əрбір нəзік мағынаны білдіретін арнайы жаңа сөз жасау мүмкіншілігінің мол-

34

дығы жайында маңызды, ғылыми мəні терең пайымдаулар жасалды, жеткілікті деңгейде дəлелденген тұжырымдар негізделді.

Ақынөзініңғибратсөздеріндеəрбіриманұялағанжүректеарожданның болатынын, ар-ождан бар жерде иманның тұратынын айтты. Кімде иман болмаса, онда ар-ождан да болмайды, ал кімде бұлекеуібірдейболмаса, ондаадамшылықтаболмайдыдепбілді [28]. Осы ұстаным, осы тұрғы оның шығармашылығына да кемел қасиет дарытты. Мұндай биік көзқарас, шығармашылық даналық Науаидың иманы берік, ар-ожданы таза, адамгершілігі үлкен ұлы тұлға болғанын білдіреді.

Əлішер – кемел шығармашылық тұлға. Əлішер бектің түркі тілінде жазған теңдессіз тамаша шығармалары, ойлары мен толғаныстары – түркі халықтарының ортақ игілігі. Əлішер Науаи

– түркі тілі мен əдебиетін жаннан артық ардақтаған, аялаған, түркі тілі мен əдебиетінің дамуына өлшеусіз зор үлес қосқан данышпан ақын. Ол – түркі халықтарының ортақ мақтанышы.

Низами мен Науаи тұсында түркі халықтыры əдебиетінде нəзирашылық дəстүр дербес шығармашылық сала, ақындардың бір-бірімен өнер жарыстыратын, бір-бірінен шеберлік асыратын айрықша сала ретінде дамыды. Абай бұл дəстүрді өз заманының көркемдік танымына сай жаңа деңгейде дамытты.

Əдебиеттер

1.Абай ғұмырнамасы. Үшінші нұсқасы (1944) // Əуезов М. Абайды білмек парыз ойлы жасқа (Ибраһим Құнанбайұлының ғұмырнамасы) / құрастырған жəне алғы сөзін жазған М. Мырзахметұлы. – Алматы, 1997. – 272-350 бб.

2.Əуезов М. Абай Құнанбаев творчествосын зерттеудің маңызды мəселелері // Əуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. ХІХ том.

– Алматы, 1985. – 27-39 бб.

3.Абай(Ибраһим) Құнанбаев // ƏуезовМ. Жиырматомдықшығармалар жинағы. ХVІІІ том. – Алматы, 1985. – 143-173 бб.

4.Əуезов М. «Рүстем-дастан» поэмасына алғы сөз // Əуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. ХХ том. – Алматы, 1985. – 456-457 бб.

5.Низами Гянджеви. Собрание сочинений в трех томах. – Т. 2. – Баку: Азернешр, 1991.

6.Низами Гянджеви. Собрание сочинений в трех томах. – Т. 1. – Баку: Азернешр, 1991.

35

7.Алиев Р.М. Комментарии // Низами Гянджеви. Собрание сочинений в трех томах. – т. 1. – Баку: Азернешр, 1991. – С.735-826.

8.ƏуезовМ. Кавказхалықтарыныңəдебиеті// ƏуезовМ. Жиырматомдық шығармалар жинағы. XIX том. – Алматы, 1985. – 443-449-беттер.

9.Бертельс Е. Низами. – М., 1947 [ http://www.e-reading.org.ua/bookread- er.php/145315/Bertel’s_-_Nizami.html]

10.Жирмунский В.М. Литературные отношения Востока и Запада как

проблема сравнительного литературоведения // Жирмунский В.П. Сравнительное литературоведение. Восток и Запад. – Л., 1979.

– С. 18-45.

11.Мелетинский Е.М. Средневековый роман. – М., 1983.

12.Бертельс Е. Низами // Низами. Пять поэм. – М., 1968. – С. 5-21 [http:// www.philology.ru/literature4/bertels-68.htm]

13.Алиев Р.М. Низами Гянджеви // Низами Гянджеви. Собрание сочинений в трех томах. – т 1. – С. 5-59.

14.Гулизаде. Низами Гянджеви // http://feb-web.ru/feb/ivl/vl2/vl2-3282.htm

15.Алишер Навоий. Мукаммал асарлар туплами. 20 томлик (1987-2003) // http://navoi.natlib.uz/

16.http://www.alishernavoiy.ru/index.php

17.Наваи. Филологический трактат «Суждение о двух языках» / перевод А.Мелеховой // http://www.tyurk.ru

18.Бабур-наме. Записки Бабура. – Ташкент, 1993.

19.Бабыр Захир ад-дин Мұхаммед. Бабырнама / орыс тілінен аударған Б. Қожабеков.-Алматы, 1990.

20.Мырза Мұхаммад Хайдар. Тарих-и Рашиди / введение, перевод с

персидского А. Урунбаева, Р.П. Джалиловой, Л.М. Епифановой.

Ташкент, 2996.

21.Марджани Ш. Вафият аласлаф ва тахият ал ахлаф (Подробное о предшественниках и приветствие потомкам). – Т. 4. – // Очерки Марджани о восточных народах. – Казань, 2003.

22.Бертельс Е.Э. Навои //Бертельс Е.Э. Избранные труды. Навои и Джами. – М.: Наука,1965. – С.13-208.

23.Бертельс Е.Э. Роман об Александре и его главные версии на Востоке// Бертельс Е.Э. Избранные труды. – С. 283-416.

24.ЖирмунскийВ.М.АлишерНавоиипроблемаРенессансав литературах Востока // Жирмунский В.М. Сравнительное литературоведение.

Восток и Запад. – Л., 1979. – С. 174-184.

25.Конрад Н.И. Запад и Восток. – М., 1966.

26.Əуезов М. Əлішер Науаи // Əуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. – ХҮІІІ том. Зерттеулер, мақалалар. – Алматы, 1985. – 291301 б.

27.Стеблева И.В. О стабильности некоторых ритмических структур в тюркоязычной поэзии // Тюркологический сборник. 1972. – М., 1973.

С. 218-230.

28.http://www.pritchi.net/PRT/Main/rus_s.html

36

II тарау

КЛАССИКАЛЫҚ ҮЛГІ

1

Гетенің «Ночная песнь странника» – «Жолаушының түнгі жыры» 1780 жылы 7 қыркүйекте түнде Ильменау маңайындағы Кихельхан тауының басындағы ағаш үй қабырғасына қарындашпен жазылған.

М. Лермонтов аудармасында:

Горные вершины, Спят во тьме ночной. Тихие долины, Полны свежей мглой. Не пылит дорога, Не дрожат листы. Подожди немного, Отдохнешь и ты, –

деген поэтикалық көркем жолдармен берілген лирикада түнгі тыныштықтағы тамаша табиғат мезеті философиямен астастырылған. Сұлу да сырлы, ой-сезіммен үндескен ғажайып лирика. Гетенің сегіз жолдық кішкене жауһарында «бар табиғат, күллі əлем сыйып тұр», – деп бағалайды Гете шығармашылығын зерттеуші А. Аникст. Абай аудармасы төл туындыдай көңілде жатталып, шымырлап бойға енді. Абай əні болып тəтті əуеніне жан-жүректі ұйытты.

Қараңғы түнге тау қалғып, Ұйқыға кетер балбырап, Даланы жым-жырт дел-сал ғып, Түн басады салбырап.

37

Шаң шығармас жол-дағы, Сілкіне алмас жапырақ. Тыншығарсың сен-дағы, Сабыр қылсаң азырақ.

1890 жылы Абай Лермонтов поэзиясын құштарлықпен аударды. Тамаша тəржімаланған туындылар шоғырында «Қараңғы түнде тау қалғып» атты философиялық лирика да əсем əуезімен көңілді баурап, жүректі əлдилеп əкетті. Абай Гете өлеңінің поэтикалық ырғағын, сөзін, əдемі əуезін, ішкі ойының терең мəнін көңіл көрегендігімен дəл жеткізе білді. Гете ақын, ойшыл ғана емес, суретші, ал Абай – ақын, философ, композитор.

Гете табиғатты сан түрлі бояулармен, кескіндеумен бірге, сол сезімді жүрек сəулесімен нұрландырып, керемет жырға айналдырса, Абай сонау алыс елдегі классик ақынның бір ғасыр бұрын жазылған лирикасынан рухани нəр, тамаша əсер алып, поэзиясындағы рухты жүрек лүпілін, көңіл тебіренісін қазақ оқырмандарының көкейіне шуақтандырды. Сыршыл сезімнен туған сұлу əуезді өлеңнің ырғақ-интонациясына, философиялық ой əлеміне бойлап ұлттық поэзиямызға əдемі үйлестірді.

Гете поэзия туралы пайымдауында: «Əлем қаншалықты ұлы жəне бай, өмір қаншалықты көп қырлы. Менің өлеңдерімнің бəрі жағдайдан туған. Олар шындықтан шабыт алған, соған негізделген, соған құштарланған», – депті.

Лермонтов аудармасын біреулер еркін аударма, екінші біреулер Гете поэзиясына еліктеу түрінде жазылған десе де, Б. Эйханбаум мен В. Брюсов тура аударма деген ой айтады. Əрине, бұл ешқандай еліктеу де, бейімдеу де емес. Гете лирикасының ақындық құштарлықпен, шабытпен аударылған орысша нұсқасы. Гетеніңөлеңінқаншамааудармашықайтааударуғаталпынғанмен, М.Ю. Лермонтовтан аса алмаған. Ал, Абай болса, Лермонтовтан асып түсті. Лермонтовтың сурет салғаны, музыкаға құштарлығы жырдың ойы мен тілін əуезділікке жеткізуге мүмкіндік берсе, Абай көркем тілмен сурет салып, əдемі əуезбен мəңгілік əнге айналдырды. Талант кереметтілігі осында!

38

М. Құрмановтың немісшеден жолма-жол аудармасы:

Барлық шыңдардың басында Тыныштық Ағаштардың басында Болар болмас Леп байқалады,

Ормандағы құстардың үні өшкен Тек сабыр ет, сəлден кейін Сен де тыншығарсың.

«Зер салып үңіле қараған адам тіпті неміс тілін білмегеннің өзінде жырдың байсалдылығы мен жатықтығын, əсем де көркем əуезін сезіне алады», – дейді аудармашы. Өлеңнің қалай туғаны туралы Гетенің жолсерігінің пікірі тебіреністі сезімге толы: «Ол бөлмеге енді де: Мен баяғыда қылшылдаған жас кезімде, осында болған едім. Қабырғасына қарындашпен өлең жазған болатынмын. Сол өлең өшпесе, сақталса игі еді. Жазылған уақытына қарап бір оқысам – деді. Өлең қаз-қалпында сақталған екен. Тебірене оқып шықты. Екі бетін ыстық жас жуып кетті. Бір кезде дірілдеген дауыспен: Иə! Тыншығарсың сен-дағы, сабыр етсең азырақ! – деді де біраз үнсіз қалды».

Тауды балбырап ұйқыға кетті деп бейнелеу – бала шағынан табиғаттыңсұлулығынжүрегіменсезінгенақынныңтапқырлығы. Алайда желмен сыбдырлаған жапырақ үніне, сыңғырлаған бұлақ тіліне үйренген көңіл оның тыншып қалуына алаңдайды. Түннің салбырап басуы да жан тыныштығы, рахаты емес. Думанды да дүбірлі тірліктің байқатпай келмеске кетуі іспетті. Ақын өмір қызығы мен қуанышынан түбі бір тыншып тынарын, тірліктің ақыры да таянып келетіндігін түнгі табиғаттағы өзінің ойымен аңдатады.

Жалпы ұлы ақындардың дүниетанымы, өмірге көзқарасы ұқсас болады. Мысалы, американың ұлы ақыны У. Уитменде «Ты отдохнешь в могильной тишине» деген жол бар: Əдетте, Уитмен Гетеден алмағаны белгілі. Бірақ ақындық қиял, тебірену, ойлау жүйесінде кейде осындай үйлесімділік ұшырасады. Бұл – табиғи заңдылық.

39

Үш тілді керемет меңгерген, аудармашы əрі аударма зерттеуші Г. Бельгер Гете өлеңінің неміс тіліндегі түпнұсқасымен қоса оның жолма-жол аудармасын да берген.

«Жолаушының түнгі жыры» Лермонтовты өзінің ғажайыптылығымен қалай тамсантса, Абайды да таңдандырған. Лирика

– қазақ даласын шарлап кеткен аударманың озық үлгісі. Лириканың алғашқы нұсқасы Гетенің 27 жасында жазылған.

Екінші өлең 4 жылдан кейін дүниеге келді. Гете өзінің жастық шағымен қоштасып, махаббат сезімі шарпыған жалынды жылдарын артта қалдырады. Ғашықтың дертінен жапа шеккен ақынның қаяу көңілі достарынан да қол үздіреді. Жалғыздықты сезінген Гете енді жанына тыныштық тіледі. Аруларға деген сүйіспеншілігінен жан дүниесіне жара салған көңілі қаяу еді. Жабырқау жүзіне Тəңірден медет іздеді. Жанын жұбандырар жыр ғана. Сол жыр жан тыныштығын іздеген ақын сырын сыртқа, жұртқа жайды. Клауэрдің Гетенің дəл осы шағындағы салған мүсіні отыз жасар ақынның əбден шаршап, қалжырап, жабығып, беттері əжімделіп, уайым мен мұң басқан келбеткескінін бейнелеген. «Қапырық күннен кейінгі түннің қандай тыныш, жанға жайлы сезімі Гетенің осынау шағын пьесасында еседі. Біздің ақындарымыз соны керемет жеткізген», – деп В.Б. Белинский де терең пайымдаған.

Сонау б.д.д. 340-278 жылдары өмір сүрген Қытай классигі ЦюйЮанның«Горномудуху» («Таурухы») өлеңіналыпқарайық. Қытай тілінен аударған Г. Днепрова.

Как одиноко.

Стою я на вершине горной! Вниз уплывают облако, Кружась, клубятся, Все глубже сумерки,

Ночная тьма сменяет день Восточный ветер поднимается, И боги посылают дождь. Останься, милый, Меня печаль томит.

К закату годы клоняется, О кто же меня заставит зацсвести?!

40

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]