Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

12

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
1.15 Mб
Скачать

ТІЛ, МƏДЕНИАРАЛЫҚ ҚАРЫМ ҚАТЫНАС ЖƏНЕ ҰЛТТЫҚ СƏЙКЕСТІЛІК: БОЛАШАҚҚА БАҒДАР

грамматикалық мағынаға ие болады. Үшіншіден, көмекші сөздердің көпшілігі (демеуліктерден басқалары) сөздердің тұлғалық тұтастығын сақтайды. Төртіншіден, сөйлемде сөйлеген кезде олар өз алдына бөлініп тұрады»[Оразов М. Атауыш сөздерден көмекшілерге. Алматы: Қазақстан мектебі. 1991,

№12].

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК САЛАСЫНЫҢ ТІЛДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Гүлназ Нәбиева әл-Фараби ат. ҚазҰУ gulnaznabyeva1@gmail.com

The thesis discusses the linguistic features of the real estate industry of Kazakhstan. The websites of Almaty real estate agencies have been analyzed. The dominance of the Russian language is observed.

Лингвистика ғылымы соңғы жылдары көптеген жаңа бағыттарды қамтып, ғылыми-теориялық және практикалық жағынан кең өріс алып, дамып келеді. Мұндай бағыттар қазіргі өмір талабы мен уақыт сұранысына сәйкес пайда болып отырғаны белгілі. Бұған дейін зерттеушілер бір тілге көңіл аударса, қазіргі кезде көптілділік, қостілділік құбылыстарына айрықша көңіл аударып келеді. Сондықтан, көптілді Қазақстандағы іскери қарым-қатынастың тілдік ерекшеліктерін зерттеу бүгінгі таңда аса маңызды.

Қостілділік, көптілділік айқын байқалатын еліміздегі іскерлік саланың бірі – жылжымайтын мүлік саласы. Жылжымайтын мүлік саласының қазақ тіліндегі метатілін толық қалыптасқан деу қиын. Сол себепті жылжымайтын мүлік саласымен кәсіби түрде айналысатын риелторлар орыс тіліне басымдық береді және еліміздегі риелторлық іскери келіссөздер мен әңгімелесулер кезінде қазақ тілінен орыс тіліне немесе

41

ТІЛ, МƏДЕНИАРАЛЫҚ ҚАРЫМ ҚАТЫНАС ЖƏНЕ ҰЛТТЫҚ СƏЙКЕСТІЛІК: БОЛАШАҚҚА БАҒДАР

керісінше орыс тілінен қазақ тіліне код ауыстырудың көптеп орын алатыны байқалады. Жылжымайтын мүлік саласындағы код ауыстыруларды төмендегідей сипаттауға болады:

1)код ауыстыру қостілді диалогтың коммуникативтік стратегиясын жүзеге асырудағы тілдік құрал;

2)кодауыстырудыңкеңтарағантүрі– фразааралықнемесе сөйлем ішіндегі код ауыстырулар;

3)лексика-семантикалық бірлік ретінде код ауыстырулар зат есімдер және сын есімдерде көбірек орын алады;

4)код ауыстырулар ақпаратты анықтау, түсіндіру, акценттеу, т.с.с. функциялар атқарады;

5)код ауыстырулар диалогтың прагматикалық жағына байланысты болып келеді.

Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлікті алыпсату, айырбастау және жалға беру операцияларымен айналысатын риелторлық компаниялардың сайттарына жасалған талдау да еліміздегі жылжымайтын мүлік саласында орыс тілінің үстемдікке ие екендігін дәлелдей түседі. Сайттардың көпшілігі орыс тілінде рәсімделіп, қазақ тілін таңдау функциясының жоқтығы анықталды. Керісінше, орыс тілімен қатар, ағылшын, испан, француз, неміс тілдерін таңдау мәзірінің болуы назарға ілінді. Риелторларбұндайерекшеліктіриелторлықагенттіктердің тұтынушылар базасын тек қазақстандықтар емес, шетелдіктердің де құрауымен түсіндірді. Еліміздегі мемлекеттік тұрғын-үй бағдарламалары мен жеке меншіктегі риелторлық компаниялар қызметінің басым түрде орыс тілінде жүргізілуі еліміздің көпэтносты екендігімен түсіндіріледі.

42

ТІЛ, МƏДЕНИАРАЛЫҚ ҚАРЫМ ҚАТЫНАС ЖƏНЕ ҰЛТТЫҚ СƏЙКЕСТІЛІК: БОЛАШАҚҚА БАҒДАР

ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ДАУЫССЫЗ ФОНЕМАЛАР

Оспангазиева Н.Б. А. Байтұрсынұлы ат. Тіл білімі институты 3 курс докторанты Ғылыми жетекші:Базарбаева З.М.

Қазіргі түркі тілдерінде барлық тілдерге ортақ болып келетін 23-25 дауыссыз фонема бар. Дауыссыздардың қазіргі тілдердегі мұншалық үлкен топ құрауы тілдердің ұзақ даму процесінің нәтижесі. Түркі тілдерінің көне ескерткіштері Орхон

Енисей жазбаларының тілдерінде арнаулы графикалық таңбамен белгіленген дауыссыз фонеалар саны 16-17-ден аспайды. Сонда, шамамен 7-8 дауыссыз фонеманың қалыптасуы

тілдердің даму барысында болған құбылыс. Жаңа фонеманың пайда болуы, әдетте тілдің іштей өзгеріс дамуының немесе басқа тілдермен қарым-қатынастың нәтижесі болуы мүмкін. Тілдің іштей өзгерісінің нәтижесі дегенде тілдің дыбыстық жүйесінің өзгерістері еске алынатыны белгілі. Түркі тілдерінде жаңа дауыссызфонеманыңпайдаболуынжоққашығаруға, әрине, негіз жоқ. Сол сияқты басқа тілдермен қарым-қатынасқа түсудің салдарынан сөз ауысады. Жаңа атауды, жаңа ұғымды білдіретін сөздердің ауысуымен бірге кейде жаңа фонема пайда болады. Тілдің кейінгі даму барысында ондай фонемалардың көпшілігі тіл құрамында орнығып қолтума фонемалармен оппозиция құрады немесе белгілі бір сөздер құрамында ғана орнығып қалады. Әйтсе де, мынадай бір ерекшелікті айту керек: бүкіл тілдердің барлығында ортақ болып келетін заңдылықтар бар да, жеке бір ғана тілге тән заңдылықтар немесе белгілер бар. Дауыссыз дыбыстар жүйесінің дамуында ондай ерекшеліктер де байқалады. Егер бүкіл консононтизм жүйесінің дамуы түркі тілдерінде дауыссыз дыбыстардың көп түрлілігіне, екінші сөзбен айтқанда, баюына алып келсе, бұл процес жеке тілдер тарихында бірыңғай, біртектес болған емес. Бірыңғай болмау себебі: жеке хаықтың этногенезі өзімен туыстас екінші бір халықтың этногенезімен бірдей бола бермеуінде ғана емес. Әлеуметтік,

43

ТІЛ, МƏДЕНИАРАЛЫҚ ҚАРЫМ ҚАТЫНАС ЖƏНЕ ҰЛТТЫҚ СƏЙКЕСТІЛІК: БОЛАШАҚҚА БАҒДАР

географиялық жағдайдың салдарынан жеке бір халықтың тарихы дамуы басқа туыстарынан өзгеше болып отырады. Әлеуметтік, географиялық жағдаймен байланысты ол халық бір халықтармен әр түрлі қатынасқа түседі. Осының бәрі оның тілінде өзінің іздерін қалдырады. Тіл білімінде экстралингвистикалық фактор деп аталатын жағдайлардың салдары тек тілдік лексикалық қорына ғана әсер етіп қоймайды, фонетикалық жүйесінде де белгілі дәрежеде ықпал жасайды. Жеке түркі тілдері құрамында дауыссыздар жайында осы тұжырымды айтуға болады.

Дауыссыз дыбыстардың жоғарыда келтірілген саны қазіргі түркі тілдерінің барлығында дерлік кездеседі. Егер жеке тілдер ыңғайында салыстыратын болсақ, дауыссыз дыбыстар саны бірдей болып келетін тілдерді түркі тілдерінің ішінен ұшырату қиын. Айталық, қазақ тілі грамматикасының авторлары 25 дауыссыз дыбысты атаса, оған ең жақын тілдің бірі – қарақалпақ тілінде 26 дауыссыз дыбыс бар дейді. Қазақстан ертеден шектес, аралас болған өзбек тілі 28 дауыссызды, ұйғыр тілі 24 дауыссызды қолданады. Түркмен тілінде 22 дауыссыз айтылады. Қазақтармен әрі шектес, әрі этникалық жағынан жақын болып саналатын башқұрт тілінде 28 дауыссыз дыбыс айтылса, көршілес қырғыз тіліне 22 дауыссыз дыбыс қолданылады. Ал, қиыр батыста орналасқан чуваш тілінде 24 дауыссыз фонема айтылады. Чуваштармен шектес, башқұрттармен этногенез біріңғай татарлардың әдеби тілінде 24 дауыссыз фонема қолданылады. Кіші Азиядағы түркмендердің әдеби тілінде 24 дауыссыз фонемалар қолданылатын көрінеді т.б. Осы қысқа шолудың өзінен түркі тілдеріндегі дауыссыз фонемалардың сан жағынан бір тілден екінші тілге ауысып отратындығын көруге боады. Алайда, бір нәрсені алдын ала ескерту керек: дауыссыздардың саны бір тілде аз, екінші тілде көп дегенде, жалпы түркілік дауыссыздардың кейбірі белгілі бір тілде сақталмаған, ізіжоқдегенқортындышықпауғатиіс. Түркітілдері арасындағы дыбыс сәйкестіктерін ескерсек, белгілі бір дыбыс кейде конвергенция құбылыстарына ұшыраған. Соның салдарынан екінші бір тілдегі екі дауыссыз бір ғана дыбысқа ұласқан.

44

ТІЛ, МƏДЕНИАРАЛЫҚ ҚАРЫМ ҚАТЫНАС ЖƏНЕ ҰЛТТЫҚ СƏЙКЕСТІЛІК: БОЛАШАҚҚА БАҒДАР

Ғ.Айдаров Орхон мәтініндегі дауыссыздарды 3 түрге бөліп қарастырады:

1)жалаң, дауыссыздар;

2)қос дауыссыздар;

3)дыбыс тіркестері.

Жалаң дауыссыздардың қатарына жуан буынды сөздерде де, жіңішке буынды сөздерде де таңбалық бейнесі өзгермейтін мынадай алты дыбысты жатқызады: З, М, Ң, П, Ч, Ш. Ал дәл осы дыбыстардың Енесей және Талас жазбаларында таңбалық түрлері де кездеседі.

SORROWFUL POETRY

Эльмира Пертаева, Рабиға Беркенова Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, Тараз қаласы auditor.59@mail.ru

Annotation

"Sorrowful poetry" is primarily literature. The definition of a new state of Kazakh poetry and unique expression of a special melody. Dulat and Shortanbai also creativity of Murat is a unique world of each of them. Their heritage can be viewed from all sides. One of them is an interpreter of the Kazakh poem who brings a new quality, the second is a preacher of Muslim conditions, the third is an improver of akyn aitys. But the flow of time is reflected in the creative union of these people.

Зерттеу мақсаты мен методологиясы. «Зар заман» атауын әдеби термин ретінде алғаш рет Мұхтар Әуезов қолданысқа енгізді. 1927 жылы жарық көрген «Әдебиет тарихы» атты еңбегінде зар заман ақындарына арнайы бөлім арнады. Зар заман поэзиясына жан-жақты талдау жасап, зар заманның өкілдерін атады, өз тарапынан тарихи және теориялық негіздемелерін ұсынды. «Зар заман деген –ХІХ ғасырда өмір

45

ТІЛ, МƏДЕНИАРАЛЫҚ ҚАРЫМ ҚАТЫНАС ЖƏНЕ ҰЛТТЫҚ СƏЙКЕСТІЛІК: БОЛАШАҚҚА БАҒДАР

сүрген Шортанбай ақынның заман халін айтқан бір өлеңінің аты. Шортанбайдың өлеңі ілгергі, соңғы ақындардың барлық күй сарынынбрарнағатұтастырғандайжиындықөлеңболғандықтан, бүкіл бір дәуірде бір сарынмен өлең айтқан ақындардың барлығына «зар заман» ақындары деген ат қойдық» – деген М.Әуезовтің тұжырымды сөзі кейін әдебиеттану ғылымында нақты ұғым ретінде қалыптасты [ Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991]. Бұл тарихи кезең туралы С.Мұқанов та: «Осындай қолдан күш, бастан ерік кеткен кезде, қайғыдан тұншыққан халықтың зарынан туған көркем әдебиетін «зар заман» әдебиеті», – деп жазған еді [Мұқанов С. Қазақтың ХYШХІХ ғасырлардағы әдебиетінің тарихынан очерктер. Алматы, 1942.]. Ғалым М.Мырзахметов «зар заман» әдебиетін орыс отаршылдығына қарсы туған сипатына қарап: «Отаршылдық дәуірдегі әдебиет» [Мырзахметов М. Отаршылдық дәуірдегі әдебиет // Жұлдыз. 1993. №7.] – деп атауды ұсынады. Халық әдебиетіндегі болжам өлендерден бастау алатын зар заман жырларының көп таралған кезі – отаршылдық дәуірі. Зар заман ақындарының (Дулат, Шортанбай, Мұрат) шығармаларында қазақ халқының басындағы дертті, мұңды, шерлі сарындар, тағдыр тауқыметі толғау-жырларында шынайы суреттеледі.

Қорытынды түйіндеме. Зар заман ағымы жоғалды, бірақ зар заман поэзиясы баға жетпес асыл қазынамызға айналды. Зар заман поэзиясын зерттеген Б.Омарұлы: «Абайды танып, Дулатты білмеу, Махамбетті жаттап, Мұратты даттау, Бұқарды дәріптеп, Шортанбайды аластау, Ыбырайды ұғып, Әбубәкірді түсінбеу, Жамбылға жақындап, Албан Асаннан алыстау – әдебиеттегі ақтаңдақтарды өз қолымызбен жасағанымыздың әсері» деген [Омарұлы Б. Бұғауға бағынбаған жырлар. Алматы, 1998]. Зар заман ақындарының туындылары біздің заманымызға құнын түсірмеген, бағасы төмендемеген күйінде жетті. Зар заман поэзиясы бүгінгі күнгі құбылыстардың қыр-сырын ашып көрсеткендігімен де ерекшеленеді. Қазақ қоғамының бүкіл болмысын бедерлеген, халықтың келешегіне алаңдап, ұрпақты қауіп-қатерден сақтандырған, ұлттың даму заңдылықтарын

46

ТІЛ, МƏДЕНИАРАЛЫҚ ҚАРЫМ ҚАТЫНАС ЖƏНЕ ҰЛТТЫҚ СƏЙКЕСТІЛІК: БОЛАШАҚҚА БАҒДАР

зерделеген зар заман поэзиясы әдебиетіміз үшін де маңызды құбылыс болып қала бермек.

Зар заман ақындарының әдеби мұрасы – мәңгілік мәнін жоймайтын, әр заманда да әсері азаймайтын, уақыт озған сайын терең сырлары ашыла түсетін, бүгінгі мен болашақтың сан буынын тәрбиелейтін ұлттық байлығымыз. Сондықтан да зар заман ақындарының әдеби мұрасын насихаттаудың жолдары өте көп. Әсіресе, Дулаттану, Мұраттану, Шортанбайтану курстарын барлық жоғары оқу орындарының «Филология», «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарында өткізетіндей жағдай жасау керек.

ПОНЯТИЕ КОПИРАЙТИНГА И ЕГО ОСОБЕННОСТИ

Сейдеханов Санатбек Азатбекович КазНУ им. аль-Фараби Докторант 1 курса Научный руководитель: Досанова А.М., PhD sanat.seidekhanov@gmail.com

Резюме: в данной статье рассматривается понятие копирайтинга как особого вида интернет-коммуникации, его виды и сферы применения.

Копирайтинг (англ. Copywriting от copy – текст и write –

писать) – это профессиональная деятельность по написанию рекламных и презентационных текстов, а также процесс написания таких текстов. Такие тексты прямо, либо косвенно рекламируют или популяризирует товар, услугу, человека или идею. Впервые должность копирайтера появилась в США в конце XIX века. Изначально под копирайтингом понимали написание текстов исключительно для рекламы. Однако с развитием Интернет-коммуникации копирайтерами стали называть авторов как рекламных, так и любых других текстов, от новостных до познавательных и информационных. Так,

47

ТІЛ, МƏДЕНИАРАЛЫҚ ҚАРЫМ ҚАТЫНАС ЖƏНЕ ҰЛТТЫҚ СƏЙКЕСТІЛІК: БОЛАШАҚҚА БАҒДАР

например, в профессиональной практике выделились весьма актуальные направления статейного копирайтинга для сайтов и SMM-копирайтинга для социальных сетей.

Видыкопирайтинга: сегоднякопирайтингподразделяютна имиджевый копирайтинг, копирайтинг прямого отклика, информационный копирайтинг, LSI-копирайтинг (LSI – от англ. Latent semantic indexing, т.е. латентно-семантическое индексирование, заменившее в последние годы понятие «SEOкопирайтинг»). Также принято разделять термины «копирайтинг» и «рерайтинг». Различие между ними состоит в том, что копирайтинг служит для написания оригинальных по структуре и содержанию текстов, а рерайтинг – для творческого переписывания оригинальных текстов до состояние оригинальных. Это важно с точки зрения поисковых систем, которые борются с так называемым «копипастом» (англ. copy – копировать и paste – вставлять).

Гдеприменяетсякопирайтинг: социальныесети(Instagram, Facebook и пр.), мессенджеры (Telegram, WhatsApp и пр.),

вебсайты (корпоративные сайты, тематические порталы), реклама на телевидении и видеореклама в Интернете, наружная реклама, реклама на радио, реклама по электронной почте и по классической почте, реклама в прессе, раздаточные рекламные материалы и пр.

Для исследователей-лингвистов важность изучения копирайтинга связана с развитием Интернет-технологий, меняющих формы передачи и распространения информации, а также привычки ее потребления у пользователей.

48

ТІЛ, МƏДЕНИАРАЛЫҚ ҚАРЫМ ҚАТЫНАС ЖƏНЕ ҰЛТТЫҚ СƏЙКЕСТІЛІК: БОЛАШАҚҚА БАҒДАР

THE PLACE OF THE INSCRIPTIONS IN THE LITERATURE

Семембаева Г., Әбілов М., Шормақова С. Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, Тараз қаласы

Shormakova71@mail.ru

Annotation: Undoubtedly, the writer`s place in the literature is now in the interest of scientists. This is because the fragments of an ancient stone can be fragments of a certain piece of art that have long been recorded in the past There are many such examples.

Зерттеудіңмақсатыменметодологиясы. Қазақәдебиеті тарихында жазба жәдігерліктер туралы аз айтылған жоқ. Соның ішінде қазақтың жазба әдебиетінің тарихы өте ежелгі көне дәуірлердің еншісіне кіретіні рас. Қазақ ғалымдары Ә. Марғұлан, Қ. Сәтбаев, Н. Келімбетов, Х. Сүйінішәлиев, А.С. Аманжоловт.б. тасқа қашап жазылған жазба жәдігерліктер туралы тұщымды еңбектержазды. Бұлеңбектердізерделейотырыпқазақтыңжазба әдебиетін қай дәуірлерден бастау керек деген мәселе туындайтыны рас. Ежелгі сақтардың қалған мәдени-рухани жәдігерліктер бізді осындай ойға жетелейді. Сақтар әлем өркениетінде жануарлар стиліндегі бейнелеу өнерін енгізді. Біздіңою-өрнектерімізбұдан2000-3000 жылбұрынғыжануарлар стиліндегі бейнелеу өнеріміздің жетілген түрі. Сақтар өздерінің дүниетанымын, ой арманын тас бетіне қашап, сызып қалдырған

[Қ.Сартқожаұлы, "Бабалар қалдырған өсиет", республикалық

"Ұлан" газеті, №50, 2013-жыл]. Шынында ою-өрнек болсын, тасқа қашап жазылған өсиет сөз болсын, шежіре болсын мұның әдебиетке қатысы бар.

Қорытынды түйіндеме. Жалпы, қазақ әдебиетінің тарихынан сөз қозғайтын болсақ жазба жәдігерліктерден айналып өтуге болмайды. Себебі, жазба жәдігерліктерден еліміздің тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрі мен әдебиетін, музыкасын байқауға болады. Осыған орай зерттелуі кенжелеп қалған осы саланың маңызы өте кең. Есіктен табылған алтын адамның жанындағы күміс тостағандағы жазудың қазақ жазба

49

ТІЛ, МƏДЕНИАРАЛЫҚ ҚАРЫМ ҚАТЫНАС ЖƏНЕ ҰЛТТЫҚ СƏЙКЕСТІЛІК: БОЛАШАҚҚА БАҒДАР

әдебиетінеқатысыбарекенібелгілі. "Аға, сағанбұлошақ. Жател адамы тізеңді бүк. Елімізде азық-түлік мол болғай" деген үш сөйлемнен көп нәрсені аңғаруға болады. Оқыған, сауаты бар адамның бұл өсиеттердіұғыпалатыны белгілі. Өситсөздер терең ойға жетелейді. Ошақ шағын мемлекет екені рас. Демек, бұл үш сөйлем-атамекенді жат жұрттықтардан сақтауды мегзеп тұрғаны белгілі. Сонымен бірге, бұл сөйлемдерде мемлекеттң экономикасы мен қорғаныс қуатын арттырудың жолдары сезіледі. Сонымен бірге жазба жәдігерліктердің маңызыолардыңәдебиеткеқатысыбарекені. Жамбылоблысындаастауға жазылған жазба жәдігерліктер көне заманда адамдардың жазуға деген құшынысын дәлелдеп тұр.

ЭТНОНИМДІ ТАҚЫРЫПАТТАР БАСПАСӨЗ ДИСКУРСЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ

Таусоғарова А.Қ. Қазақстан, Алматы, әл-Фараби ат. ҚазҰУ

Кез келген елдің баспасөз құралдарындағы басқа да ақпараттармен қатар этникалық ақпараттардың алатын үлесін, этнос атаулары – этнонимдердің масс-медиа өнімдерінде қолданылу контекстерін, этникалық жағымды / жағымсыз мәліметтердіңтілдікрәсімделуін, олардыңақпараттұтынушылар сана-сезіміне ықпал ету үдерісі мен қызметтерін жан-жақты қарастыру аса өзекті болып табылады. Өйткені сол қоғамдағы я сол елдегі этникааралық, сондай-ақ мәдениаралық қарымқатынастардың үйлесімді я қақтығысты сипат алуында басқа факторларменбіргемасс-медианыңрөліерекше. Түрліжағымсыз контекстерде этнос атауының жиі орын алуы сол этнос туралы жағымсыз ассоциациялардың тұтынушылар санасында орнығуына ықпал етуі мүмкін. Сондықтан масс медиа ұлт имиджінің оң немесе теріс насихатталуында, ұлттық бірегейлік,

50

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]