Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
makroekonomika.docx
Скачиваний:
29
Добавлен:
08.05.2017
Размер:
94.44 Кб
Скачать

Семинар сабағы

Талдау сұрақтары:

1.     Тауар және ақша рыноктарындағы тепе-теңдік.

2.     Жиынтық сұраныс қисығы.

3.     IS-LM үлгісіндегі қазыналық және монетарлық саясат.

 

Негізгі түсініктер:

IS  қисығы.LM қисығы.IS – LM қос тепе-теңдігі.Кейнстің жеткізбелі механизмі. Инвестицияны ығыстыру әсері.Ынталандыратын ақша-несие саясаты. Ынталандыратын қазыналық саясат.

 

Тест сұрақтары:

1. LM қисығы нені көрсетеді:

A)   Ақша қалдығының берілген деңгейіне сәйкес, жиынтық сұраныс пен пайыз мөлшерлемесі арасындағы байланысты.

B)   Ақша ұсынысының берілген деңгейіне сәйкес, жиынтық сұраныс пен табыс арасындағы байланысты.

C)   Айнымалы ақша базасына сәйкес, пайыз мөлшерлемесі мен қолда бар табыс арасындағы байланысты.

D)   Номиналды ақша массасына сәйкес, жиынтық сұраныс пен пайыз мөлшерлемесі арасындағы байланысты.

E)    Нақты ақша қалдығының берілген деңгейіне сәйкес, жиынтық ұсыныс пен пайыз мөлшерлемесі арасындағы байланысты.

 

2. Қай айнымалының өзгерісі IS қисығын солға қарай жылжытады:

A)   Салықтардың өсуі.

B)   Қолда бар табыстың өсуі.

C)   Мемлекеттік шығындардың өсуі.

D)   Инвестицияның өсуі.

E)    Салықтардың азаюы.

 

3. IS қисығы қандай өзара байланысты көрсетеді:

A)   Мемлекеттік шығындар мен салықтар тұрақты болған жағдайдағы сұраныс пен пайыз мөлшерлемесі арасындағы байланысты.

B)   Мемлекеттік шығындардың берілген деңгейіне сәйкес, жиынтық ұсыныс пен табыс арасындағы байланысты.

C)   Айнымалы ақша базасына сәйкес, пайыз мөлшерлемесі мен қолда бар табыс арасындағы байланысты.

D)   Номиналды ақша массасына сәйкес, жиынтық сұраныс пен пайыз мөлшерлемесі арасындағы байланысты.

E)    Нақты салықтардың берілген деңгейіне сәйкес, жиынтық ұсыныс пен пайыз мөлшерлемесі арасындағы байланысты.

 

4. Егер инвестициялардың проценттік мөлшерлемеге тәуелділігі артса, онда:

A)   IS қисығы көлбеу болады.

B)   IS қисығы тік болады.

C)   IS және LM қисықтары өзгереді.

D)   LM қисығы тік болады.

E)    LM қисығы көлбеу болады.

 

5. LM қисығының көлбеуі мынаған байланысты:

A)   Ақшаның айналым жылдамдығына.

B)   Инвестициялық мультипликатор шамасына.

C)   Ақша  мультипликаторының шамасына.

D)   Ақшаға мүлік ретінде артықшылық білдірудің шекті бейімділігіне.

E)    Автономды шығындар мультипликаторының шамасына.

 

6. ІS – LM үлгісінен мынадай тұжырым жасауға болады, пайыз мөлшерлемесі төмендегілердің өзара байланысы нәтижесінде анықталады:

A)   Тауар нарығының еңбек нарығымен.

B)   Тауар нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың.

C)   Ақша нарығының тауар нарығымен.

D)   Ақша нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың.

E)    Ақша нарығының құнды қағаздар нарығымен.

 

7. Ақша ұсынысының молаюы:

A)   LM қисығын жоғары (солға) жылжытады.

B)   LM қисығын төмен (оңға) жылжытады.

C)   IS қисығын оңға жылжытады.

D)   IS қисығын солға жылжытады.

E)    IS пен LM  қисықтарына әсер етпейді.

 

8. Инвестицияларды ығыстыру әсері жағдайында:

A)   Мемлекеттік шығындардың өсуі пайыз мөлшерлемесін арттырып, инвестиция көлемін азайтады.

B)   Мемлекеттік шығындардың азаюы пайыз мөлшерлемесін арттырып, инвестиция көлемін азайтады.

C)   Мемлекеттік шығындардың өсуі пайыз мөлшерлемесін азайтып, инвестиция көлемін азайтады.

D)   Мемлекеттік шығындардың өсуі пайыз мөлшерлемесі мен инвестиция көлемін арттырады.

E)    Мемлекеттік шығындардың кемуі пайыз мөлшерлемесін азайтады, инвестиция көлемін азайтады.

 

Есептер:

1.     Экономика келесі мәліметтермен берілген:

C=300+0.8d

I=200-1500r

Xn=100-0.4Y-500r

Md=(0.5Y-2000r)Р, мұндағы

М – атаулы ақша ұсынысы

Р=1 – бағаның шекті деңгейі

Т=0,2 (салық салу ставкасы)

G=200 (мемлекеттік шығындар)

Анықтау керек:

А) Пайыз мөлшерлемесінің және табыстың тепе-тең деңгейлерін;

Б) Жиынтық сұраныс қисығының теңдеуін.

 

2.     Мемлекеттік сатып алу 500, салық функциясы Т=0,4Y, трансферт функциясы F=0.2Y,баға деңгейі: P=1.Пайыз мөлшерлемесі R=0.1 болғандағы қарыз D=1000. Нақты өндіріс көлемі 2000, ал әлуеті өндіріскөлемі 2500-ге тең.

а) мемлекеттік бюджет сальдосы оң мән бе, әлде теріс мән бе?

б) мемлекеттік бюджеттік циклдік тапшылығы қанша?

 

3.     Экономика келесідей мәліметтермен берілген:

C=20+0.8 (Y-N+F) (тұтыну)

     I=60 (инвестиция)

     T=40 (салықтар)

     F=10 (трансферттер)

     G=30 (мемлекеттік шығын).

а) тепе-теңдік кіріс деңгейін есептеңдер;

б) мемлекеттік салық деңгейін 40-тан 50-ге дейін жоғарылатты (мемлекеттік шығындар G=30).

 

Студенттердің өзіндік жұмысы

Өздігінен оқуға арналған сұрақтар:

1. IS және LM қисықтары және олардың жылжуының факторлары.

1.      IS және LM қисықтарын алгебралық жолмен шешу

2.      «Өтімділік қақпаны» құбылысының мәні.

3.      Ақша-несие және салық-бюджет саясаттарының салыстырмалы тиімділігі.

Бақылау түрі: ауызша сұрау, конспект тексеру, мәтінмен жұмыс істеу.

 

Әдебиеттер тізімі:

     1.Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика. Оқулық. – Алматы:       Экономика, 2003. 252 бет

2.Агапова Т.А., Серегина С.Ф. Макроэкономика/ под ред Сидоровича А.В..-М., 2004.- с. 70

4.     Тарасевич Л.С., Гальперин В.М., Гребенников П.И., Леусский А.И. Макроэкономика: учебник / Общая ред Тарасевича Л.С..- СПб: 1999. с. 173, 71, 179

5.     Макроэкономика / под ред Яковлевой Е.Б. СПб: Поиск, 1997.

6.     Кенжеболатова М.Ш. Макроэкономика. Оқу құралы, Астана, 2005ж.

6-шы тақырып. Жиынтық ұсыныс. AD-AS үлгісі