- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі
- •Қазақ гуманитарлық заң университеті
- •Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі
- •Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері кафедрасы
- •Дәріс, семинар, практикалық, тәжірбиелік сабақтардың тақырыптық жоспарлары (тәжірбиелік жұмыстар) Модуль атауы: Қазақстан тарихы. Қазақстанның экономикалық дамуы
- •Соөж және сөж тапсырмаларын орындаудың тақырыптық жоспарлары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Қосымша
- •Глоссарий
- •Білімдер бағалау жалпы шкаласы
- •Студенттердің білімін тексеру өлшемдері
- •Студенттер тарапынан түскен шағымның рәсімделуі.
- •Карта учебно-методической обеспеченности дисциплины
- •Дәріс сабақтарының курсы
- •№ 6 Дәріс. Қазақстан монғол жаулаушылығы дәуірінде (XIII ғасыр)
- •Монғолдардың Қазақстан территориясын жаулап алуы. Ұлыстық жүйенің қалыптасуы.
- •Ұлық-Ұлыс және Ақ-Орда тарихы.
- •Монғолдардың Қазақстан территориясын жаулап алуы. Ұлыстық жүйенің қалыптасуы.
- •Ұлық-Ұлыс және Ақ-Орда тарихы. Қазақстан территориясын монғолдардың жаулап алуы. Ұлыстардың қалыптасуы.
- •XVI ғасырда Қазақ хандығының нығаюы мен дамуы.
- •XVII-ші ғасыр мен XVIII басындағы Қазақ хандығының саяси тарихы.
- •XVIII ғасырдың аяғындағы Ресейдің қазақ жеріне жүргізген әскери-саяси жүйесі.
- •1822 Және 1824 жылдардағы Жарғылар.
- •XVIII-ші ғасыр мен XIX ғасырдың іі жартысындағы әскери-казактары мен шаруаларының Қазақстан жерлерін отарлауы.
- •Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы.
- •1886, 1891 Жж. Реформалар. Қазақстан территориясына алғаш қоныс аударушылар
- •XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан Экономикасы.
- •XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті.
- •Тесты к теме № 12
- •13 Дәріс. Хх ғ. Басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуы.
- •1916 Жылғы Ұлт-азаттық қозғалыс.
- •1917 Жылғы революция қарсаңындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай.
- •1916 Жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.
- •Тесты к теме № 13
- •№ 14 Дәріс. Қазақстанда кеңес билігінің орнауы
- •1917 Ж. Қазан төнкерісі және кеңес билігінің орнатылуы.
- •1917-1918 Жж. «Алаш» және «Үш жүз » партиялары.
- •Тесты к теме № 14
- •Жоспар:
- •1946-1964 Жылдардағы Қазақстанның экономикалық дамуы. Тың игеру жылдары.
- •1946-1964 Жылдардағы саяси жағдай.
- •Семинар №1 Семинар сабағының тақырыбы Қазақстан тарихына кіріспе
- •Семинар № 2 Семинар сабағының тақырыбы
- •Семинар № 3 Семинар сабағының тақырыбы
- •3.5.Түркі мәдениеті
- •Семинар № 4 Семинар сабағының тақырыбы
- •Семинар № 5 Семинар сабағының тақырыбы
- •Семинар № 6 Семинар сабағының тақырыбы
- •Семинар № 7 Семинар сабағының тақырыбы
- •Семинар № 8 Семинар сабағының тақырыбы
- •XiXғ. 22-24, 60-90 жылдардағы реформалар Отарлаудың аяқталуы.
- •Семинар № 9 Семинар сабағының тақырыбы
- •XiXғ. II жартысындағы Қазақстандағы экономикалық жағдай. Капиталистік қатынастардың дамуы.
- •Семинар № 10 Семинар сабағының тақырыбы
- •10.3. Алаш-Орда автономиясы тарихы
- •Семинар № 11 Семинар сабағының тақырыбы
- •Семинар № 12 Семинар сабағының тақырыбы Қазақстандағы бұқаралық Қуғын-сүргін
- •Семинар № 13 Семинар сабағының тақырыбы
- •Семинар № 14 Семинар сабағының тақырыбы
- •1965-1991 Жж. Қазақстан. Қайта құру жылдарындағы қазақстан.
- •Семинар № 15 Семинар сабағының тақырыбы
- •1991-2007Жж. Тәуелсіз Қазақстанның тарихы
- •Гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы пәндерді өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулық
- •1.2. Білімді бақылауға арналған материалдар
- •1.3. Дәріс сабақтары бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •1.4. Семинар, сөож сабақтары бойынша және сөж тапсырмаларын орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулық
- •Гуманитарлық және жаратылыстану пәндер кафедрасында қолданылатын дәстүрлі әдістерге жалпы шолу
- •Оқытудың инновациялық-техникалық құралдарын қолданылуына шолу
- •Назарларыңызға рақмет!
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі Қазақ гуманитарлық заң университеті ЭКОНОМИКА, БИЗНЕС ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері кафедрасы
«БЕКІТЕМІН» Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар Жоғары мектебінің проректор-директоры т.ғ.к., доцент Л.К. Мұқатаева «___» _________________201 2ж
ПӘН МОДУЛІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Қазақстан тарихы. Қазақстанның экономикалық дамуы _____________ IK 1101 ______________________ (шифр модуля)
_______________ жалпы міндетті модуль ______________________ (модул типі )
5В050600- экономика, 5B050700 – Менеджмент, 5B050800 – есеп және аудит, 5B050900 –қаржы ___________________________________________ (модул деңгейі (ВА), мамандық шифрі)
Кредит саны 3 Оқыту нысаны күндізгі Семестр 1
Студенттердің саны ___93___________
Астана 2012 ж.
| ||
|
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі
Қазақ гуманитарлық заң университеті
Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі
Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері кафедрасы
«БЕКІТЕМІН»
Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар Жоғары мектебінің
проректор-директоры
т.ғ.к., доцент Л.К. Мұқатаева
«___» _________________ 201 2ж.
ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(syllabus)
Пән модулінің атауы: Қазақстан тарихы. Қазақстанның экономикалық дамуы
Барлығы ___3__ кредит
Курс ___1___
Семестр _1_________
Дәріс __30__ сағат
Практикалық, семинар__15__ сағат
Зертханалық сабақтар _______ сағат
СОӨЖ ___23___ сағат
СРС __67__ сағат
Аралық бақылау ______2_____
Жалпы сағат саны ____135____ сағат
Экзамен ___1___ семестр
А С Т А Н А – 2012 ж.
Оқытушылар жөнінде мәліметтер және байланыс ақпараттары:
Тарих ғылымының кандидаты, доцент Құсайынова Жәния Дауылбайқызы, тарих ғылымының магистрі, оқытушы Тлебалдиева Меруерт Доқтырханқызы.
Құсайынова Жәния Дауылбайқызы - Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих факультеті, ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің аспиратурасын бітірген, «Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалысының тарихнамасы» тақырыбынан кандидат диссертациясын қорғады. Қазақ гуманитарлық заң университетінде «Қазақстан тарихы» пәнінен 2001 жылдан бастап дәріс оқиды.
Тлебалдиева Меруерт Доқтырханқызы –Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің әлеуметтік ғылымдар факультетінің магистратурасын бітірген, «Сталиндік тоталитарлық саясат және Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы (ХХғ. 20-50 жж.)» тақырыбынан магистрлік диссертациясын қорғаған. Қазақ гуманитарлық заң университетінде «Қазақстан тарихы» пәнінен 2010 жылдан бастап семинар, СОӨЖ жүргізеді және СӨЖ тапсырмаларын құрастыруға басшылық етеді.
Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері кафедрасы: тел: 70-30-52
Пререквизиттер:
Аталған пән бойынша нақтылық білімді алу үшін студенттер дүние жүзі тарихы, Қазақстан тарихы, философия, география, деректану, әлеуметтану, саясаттану, этнология және этнография пәндері бойынша білімдері болуы қажет. Қазақстан тарихын меңгеру барысында студент тарихи үрдістерді талқылауға, этникалық түсініктерін қалыптастыруға, мәдениет пен салт-дәстүрді сақтауға және әлем тарихындағы өзіндік орнымызды анықтауға машықтанып үйренеді.
Қазақстан тарихындағы ұлт-азаттық қозғалыстарға зерттеу жасау, өткенге шолу, қабылдау үрдісі, зерделеу, қазақ халқы тарапынан ғылыми пайымдау, сонымен қатар, басқа да қоғамдық-саяси жүйелер, инститтар, ғылыми бағыттаулар және мектептер Қазақстан Республикасының өткен тарихының маңызды беттерін қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.
Пән модулінің мазмұнының сипаттамасы:
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бері, қоғам алдындағы басты мәселе отандық тарихты бұрмалаудан арылту. Қазақстанның қазіргі әлеуметтік және саяси тарихындағы өзекті мәселелерінің бірі, мемлекеттік егемендіктің қалыптасуы мен дамуы, таным және қоғамдық-саяси мәселелері алдыңғы орында. Қазіргі заманғы ғылыми әдебиеттерде этникалық тарих, этникалық территория, мемлекеттіліктің шығу тарихы және Қазақстандағы азат ету күрестерінің сабақтастығы өзінің мазмұны жағынан өзекті болып отыр. Сондықтанда отарлау тарихи кезеңі тұсында орын алған азат ету қозғалыстары мен үрдістері ғылыми зерттеуді қажет ететін мәселелер.
Пән мақсаты:
Тарихи үрдістердің өзара байланысы мен мазмұнын ашып көрсету. «Historia est magistra vitae» - «Тарих – өмір оқытушысы» – деп ең көп таралған латын мақалы кездейсоқ айтылмаған.
Қазақстандағы XVIII – мен XX ғ. басындағы ұлт-азаттық қозғалыстардың орын алу мәселелері мен қазіргі заманғы ғалымдардың өлшемдері мен зерделеулерін қарастыру.
Пән міндеттері:
Тарих бір қатар міндеттерді атқарады. Бұл міндеттерсіз азаматты тәрбиелеу, жоғары білікті маманды дайындау мүмкінсіз болып табылады:
– гносеологиялық – отанымыздың өткені туралы білім беру;
– аксеологиялық - тарихқа тікелей қатысуының сезімін қалыптастыру;
– праксеологиялық-тарихи құбылыстарға жеке сараптама жасау, баға беру қабілеттерін қалыптастыру;
– прогностикалық - өз әрекеттерін анықтау, болашақтағы оқиғаларды болжап беру;
– қазақ халқының егемендік алу жолындағы азаттық қозғалыстары басымдылықтарын зерттеу, өткенге шолу; негізгі тарихи фактілерді келтіре отырып, XVIII – мен XX ғ. басындағы ұлт-азаттық қозғалыстарды отарлаудың ерекшеліктерімен Ресей империясының сыртқы саясатына талдау жасай отырып зерделеу;
Өз тарихын білмеген адам Қазақстан Республикасының азаматы бола ма? Табысты оны оқу үшін философия негіздерін, жалпы тарихты, географияны білу қажет, тарихи шығармалармен, құжаттармен, карталармен жұмыс істей білу.
Қазақстан тарихын зерттеу барысындағы студенттердің қосымша атқаратын міндеттері:
1. Қазақстан тарихын зерттеу жөнінде әр-түрлі тұрғыларды, адамзаттын тарихи дамуының тұжырымдарын білу.
2. Оқу процессінің басынан бастап жеке позициясын тудыру, сұрақтарды қою, сезіктену, сезіктерді шешу үшін тарихи дәлелдерді сөйлемше әдіс ретінде пайдалану.
3. Оқытушылармен, профессорлармен пікір таласты ұйымдастыру. Нақтылық пікір талас тудырады.
Пән компетенциялар:
Қазақстан тарихын меңгеру барысында студент тарихи үрдістерді талқылауға, этникалық түсініктерін қалыптастыруға, мәдениет пен салт-дәстүрді сақтауға және әлем тарихындағы өзіндік орнымызды анықтауға машықтанып үйренеді. Өзінің туған тарихын білмеген адам Қазақстан Республикасының азаматы болуы екіталай.
Пәнүстілік компетенциялар:
«Қазақстан тарихы. Қазақстан тарихындағы әлеуметтік қатынастар» пән модулі әлеуметтік ғылым саласындағы студенттерді дайындау барысында негізгі теоретикалық және жалпы дүниетанымдық түсінік қалыптастырады.