- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •Мазмұны
- •2. Пререквизиттер (өтілетін курсты игеру үшін қандай жаңалықтар мен білімдер қажат).
- •3. Постреквизиттері (курсты бітірген кезде қандай қандай жаңалықтар мен білім алады)
- •4 Пәннің мазмұны
- •4.1 Пәннің тақырыптық жоспары
- •4.2 «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы» пәні бойынша дәрістердің тақырыптық жоспары /20 сағат/
- •4.3 Тәжірибелік (семинар) сабақтардың тақырыптық жоспары /10 сағат/
- •4.4 Сөж жоспары мазмұны
- •4.5 Соөж тапсырмасы
- •17. 23 Каңтар 2001 ж. "Жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі баскару туралы" Қазақстан Республикасының заңы.
- •1. Оқытушы туралы ақпарат:
- •2. Пререквизиттер (өтілетін курсты игеру үшін қандай жаңалықтар мен білімдер қажат).
- •3. Постреквизиттері (курсты бітірген кезде қандай қандай жаңалықтар мен білім алады)
- •6. «Қр Конституциялық құқығы» пәні бойынша /20 сағат/ дәрістік сабақтардың жоспары
- •Сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •9. Соөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •17. 23 Каңтар 2001 ж. "Жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі баскару туралы" Қазақстан Республикасының заңы.
- •1.2. Конституциялық-құқықтық реттеу әдістері.
- •Тақырып 3. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Оның заңдылық қасиеттері.
- •1. Конституцияда бекітілген экономикалық саясаттың негізгі қағидалары қандай?
- •1. Адам мен азаматтың экономикалық құқықтарына жатады:
- •4. Депутаттық орындар сәйкестелген партиялық тізімдер бойынша олардың депутаттарының белгілі бір тәртіпте орналасуын қатаң сақтау негізінде беріліді.
- •1. Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы қағидаларына қайсы жатады:
- •1. Қазақстан Республикасында қарулы күштердің Жоғары Бас Қолбасшысы болып табылады:
- •2. Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттік мерзімі:
- •6. Президенттің конституциялық заңға сәйкес Үкіметтің орнынан кетуі туралы немесе оны қабылдамау туралы мәселелері қаралады:
- •7. “Қазақстан Республикасы Президенті туралы” қр-ның Конституциялық Заңы қашан қабылданды:
- •8. Қазақстанда Президент тағы алғаш рет қашан енгізілді:
- •10.2. Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарын сайлау.
- •1. Неше жастан бастап Қазақстан Республикасының азаматы Праламент Мәжілісіне сайлана алады:
- •1.Төменде аталған субъектілердің қайсы Үкіметтің мүшелерін лауазымына тағайындайды және босатады:
- •10. “Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы қашан қабылданды:
- •Жергілікті өзін-өзі басқарудың түсінігі.
«ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
Ұлттық құқық жоғары мектебі (әділ сот,адвокатура, және кәсіпкерлік құқық)
Конституциялық құқық және мемлекеттік басқару кафедрасы
БЕКІТЕМІН Ұлттық құқық жоғары мектебінің (әділ сот,адвокатура, және кәсіпкерлік құқық) директоры з.ғ.д., профессор _________У.Ш. Шапақ «___»____________20___ж.
|
|
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Пәннің атауы: «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы»
5В030100 – Құқықтану мамандығы студенттеріне арналған
Ұлттық құқық жоғары мектебінің (әділ сот,адвокатура, және кәсіпкерлік құқық)
Конституциялық құқық және мемлекеттік басқару кафедрасы
Астана – 2012 ж.
Пәннің оқу-әдістемелік кешенін Конституциялық құқық және мемлекеттік басқару кафедрасының аға оқытушысы Аяфов А.Т әзірледі.
Конституциялық құқық және мемлекеттік басқару кафедра отырысында талқыланды
Хаттама № _____ «_____»____________________ 20___ж.
Кафедра меңгерушісі __________ з.ғ.к., Жумадилова А.Б.
қолы
Ұлттық құқық жоғары мектебінің (әділ сот,адвокатура, және кәсіпкерлік құқық) оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған
Хаттама № _____ «_____»____________________ 20___ж.
Төраға ___________ з.ғ.д., профессор У.Ш. Шапақ
қолы
Мазмұны
Пәннің типтік оқу бағдарламасы (егер міндетті компонент болса);
Оқу жұмыс бағдарламасы (Syllabus);
Пәнді оқу әдістемелік қамтамасыз ету картасы;
Белсенді таратылатын материалдар (БТМ) – студенттің тақырыпты табысты шығармашылықпен меңгеруі үшін оқу сабағында таратылатын көрнекі безендірілген материалдар (дәріс тезисі, сілтемелер, слайдтар, мысалдар, глоссарий, практикалық және лабораториялық сабақтар үшін тапсырма);
Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқау;
Студенттің оқу жетістігін бағалау және бақылау бойынша материалдар (жазбаша бақылау тапсырмалары, тест тапсырмасы; өзіндік дайындалу үшін сұрақтар тізімі, емтихан сұрақтары және т.б.).
Пәннің мақсаты:
Аталған оқу пәнін қарастыруыдң өзіндік мақсаты бар: біріншіден, елдік ұлттық құқық жүйесіндегі конституциялық құқықтың жетекші рөлі: демократиялық қоғам туралы; құқықтық мемлекет, олардың органдары мен институттары туралы; адам және азаматтың құқықтық мәртебесі, оның құқығы, бостандығы, міндеті, кепілдігі, жауаптылығы туралы студенттердің ғылыми ұсыныстарын қалаптастыру, құқықтық категориялар мен терминдерді, түсініктерді игеруі.
Екіншіден, қоғамдық қатынастардағы жаңашылдықтарды игеру мен талдай білу, мемлекеттік – құқықтық қызметтегі құбылыстарды дұрыс бағалау, құқықты жүзеге асыру барысында кәсіби міндеттерді орындау кезінде конституциялық құқық нормаларын юридикалық тиянақты пайдалана және қолдана білу.
Пәннің міндеттері:
Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы курсын оқудың негізгі міндеттері:
1. Студеттерді қоғам мен мемлекеттің негізгі заңы ретінде Конституцияны оқыту, конституциялық құқық ғылымының негіз қалаушы ережелерін таныстыру;
2. Қазақстан конституциялық құқық дамуының ерекшеліктерін, негізгі конституциялық- құқықтық институттардың мәнін тану.
3. Өмірдің барлық саласыныдағы маңызды қоғамдық қатынастрды реттейтін конституция нормаларын терең меңгеру. Соның ішінде тұлғаның құқықтық жағдайының негіздерін, мемлекеттік органдардың ұйымдастырылуы мен қызметінің конституциялық қағидаларын, ҚР жергілікті өзін-өзі басқару негіздерін.
4. Конституциялық құқықтың маңызды қайнар көзі ҚР Конституциясынан туындайтын және мемлекеттік - құқықтық қатынастарды реттейтін, конституциялық заңдарды және заңдарды қарастыру.
5. Аталған пән бойынша оқу және ғылыми әдібиттерден жаңашыл жұмыстрды алу.
6. Конституциялық құқық бойынша алынған білімдерді болашақ тәжірибеде ( немесе ғылымда) қолдана білу.